А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

     Қорыта келгеңде, Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық мұраларын зерделей келе, олардың идеяларының үш бірдей бағытта үңдесетінін байқауға болады. Біріншіден, екеуі де бар ғұмырларын ұлттық мектеп ашуға, қазақ балаларына дүниежүзілік білімді терең меңгертуге,өнерге, мәдениетке тартуға арнаған. Екіншіден, соңдай дәрежеде білім беретін төл оқу-құралдарын, сол  оқулықтарға дқрыс басшылық  жасауды үйрететін ғылыми-әдістемелік құралдар жазды. Үшіншіден, болашақ маман даярлау ісін жандандыру, ұлттық мектептер құрылымын анықтау, мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайту, оқу-білім арқылы қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді түсіндіріп, ұлттық сананы ояту үшін ұлттық баспасөзді насихаттау құралы ретіңде пайдаланған.

   Сол сияқты, А.Байтұрсынов Ыбырайдың рухани және тарихи ізбасары екен- ін Ә. Бөкейхановтың 1925 жылы 23 маусымда Мәскеуден А. Байтұрсыновқа жазған хатындағы:

                                                "Бауырым Ахмет!                                                                      ...Алтынсарының баласы Ыбырай хақында өзіңіз жазсаңыз жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе ?! Егер, ол қазір өмір сүрсе сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ...." - деген пікірден де анық байқаймыз.

     "Намыс -рух тамыры, яғни ыстық қайраттың ынтасы, сезім-қан, яғни жылы жүректің ісі, сана-ми, яғни нұрлы ақылдың сәулесі. Абай - ұлттық намысты ұлықтандырушы, Міржақып -ұлттық сезімді тудырушы, Ахмет ұлттық намыс пен ұлттық сезімді ұлттық санаға айналдырушы. Оқыған азаматтың тұңғышы алғашқы шыққан көсемі,-" деп М.Әуезов атап көрсеткендей А. Байтұрсынов XX ғасырдың басында ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің негізін салған,  халықтың сауатын ашуға бүкіл күш-қайратын жұмсаған қайраткерлердің     бірі  еді.

      А. Байтұрсыновтың еңбектері ең алғаш филология ғылымы тұрғысынан зерттелді. Оны ғылыми тұрғыда зерттеп, ғылымға қосқан үлесін айқындауда С. Сейфуллин мен М.Әуезов еңбектерін айрықша атаймыз.

М. Әуезов А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласына қосқан үлесін:"Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын",- деп бағалайды. Орталық мемлекетгік архив деректеріне сүйенсек, А. Байтұрсыновтың көзі тірі кезінің өзіңде, оның елу жылдық мерейтойын атап өту шараларына екі тұрғыдан қарағандар болғанын көреміз.

     1923 жылдың 18 қаңтарыңда Қырғыз Халық Ағарту комиссариатының мәжілісінде (төрағасы Тоқтабаев болған), А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойын тойлау туралы Мелков баяндама жасаған. Оңда мерейтойды атап өту қажеттігі, Академиялық Орталық ұсынған тойлану рәсімін ұйымдастыруды ерекше комиссияға тапсырған. Бұл комиссия құрамыңда Тоқтабаев, Арыстанбеков,  Шейнессон, Худзик болған. Тойлану жоспары  бойынша   ғалымға арнап жинақ  шығару, Орынбордағы Халық Ағарту институтына А. Байтұрсынов есімін беру, жергілікті баспасөзде ол туралы мақалалар жариялау, қаржылай сыйлық беру, мерекелік концерт т.б. ұйымдастыру және оған жауапты (Мелков,Е.Омаров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, Н.Құлжанова) 6 адам- нан тұратын комиссия құру ісі қамтылған еді, ал осы жылғы  23 қаңтарда РКП(б)-ның Қырғыз облыстық комитеті президиумының мәжілісінде осы   мәселе қайта қаралып, кеңестік мерейтойды өткізуге қарсы болғанын көреміз. Өйткені, "А. Байтұрсыновтың комиссарлықтан кетіп, партиядан шығуын даңғаза даурықпаға айналдырмаққа тырысқандар да аз болмады. Оған А.Байтұрсыновтың 1922 жылы қазақ жазушыларьшың съезін өткізбек әрекетінен ештеңе өнбегеніне ашыньш жазған "Қазақ қаламгерлері жайынан" деген мақаласы себепші болып, әр қилы түсінікке азық берді. Шындығын айту керек, мақалада артық-кем, екі үшты ойдың сілемдері бар. Осыны біреулер ақтап, дәлелдеуге ұмтылса, екінші біреулер қаралап даттауға пайдалаңды".

     Орынбор қаласындағы Свердлов атындағы клубта А.Байтұрсыновтың елуге толуының салтанатты жиналысын Қазақ ССР халық комиссарларының төрағасы С.Сейфуллин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған .

     С. Сейфуллин Ахаңның 50 жылдық мерейтойына орай "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды" атты мақаласыңда АБайтұрсыновтың қарапайым кісі емес, зиялы қауым ішіңдегі патшаның зорлық-зомбылығына түскен халықтың ар-ұятының тапталмауын, ұлтының намысының қорланбауын қалаған - қорғанышы, білімді, намысқой азамат, халқын топқа бөлмей, барлығын бірдей сүйген ұлтжаңды, абзал жан, жанқияр күрескер екендігіне тоқтала келе:

     Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

     Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

     Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

     Қоймастан құлағына ызындаса? - деп оның өз еңбегінен мысал келтіріп: "...рас айтады, Ахаң нәзік маса, ол ұйықтаған қазақ халқының үстінде қоймастан "ұйқысын аз да болса бөлуге ызыңдайды. Қалай болса да жазушысы аз, әдебиеті нашар қазақ жырларына "оқу һәм тіл құралдарымен" қылған қызметі таудай",- деп әділ бағасын береді.

    Ал, Ахаңның замандас-інісі, ақын М.Дулатов өзінің "Ахмет Байтурсынович Байтурсынов" атты орыс тілінде жазған зерттеу мақаласыңда А.Байтұрсыновтың туған өлкесіне, өміріне сипаттама береді. Оны халық ақыны, өзіндік ерекшелігі бар, қырғыз (қазақ) әдебиетіндегі басты тұлға, қаламымен күрескен, жалынды публицист, қырғыз (қазақ) көркем әдебиетінің негізін қалаушы, "Қазақ" газеті арқылы халқының жоғын жоқтаушы ретінде бағалайды.

Еліміз егемендік алғаннан кейін, А. Байтұрсынов мұрасын зерттеуге мол мүмкіндік туды. Ғалымның мұрасын терең зерттеушілердің бірі - Р.Сыздықова. Ол А.Байтұрсыновтың XX ғасырдың басындағы қазақ оқу-ағарту идеясын, ұлттық мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестерін жан-жақты талдай келе: "А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі "Байтұрсынов жазуы" дүниеге келген, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін "Оқу құралы" атты оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, мұны орындау үшін "Тіл құралды" жазған. Төртінші, тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін "Тіл жұмсарды" ұсынған; бесінші, сауат аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл үшін "Баяншы" мен "Әліп-би астарын" жазған. Міне, бұлар А.Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, А.Байтұрсынов қазақтың білім-ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мүра",-дейді.

    А. Байтұрсыновтың ақындық мұрасы белгілі ғалым С.Қирабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. Ол Ахметтің алғашқы ақыңдығы "Қырық мысалдан" (1909 ж, Петербург) басталатынын жазады. "Бұл еңбек Ахметтің мектептегі мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезіңде туындаған. Ол орыстың ағартушы лық дәстүрі рухыңца тербиеленген жас үстаздьщ балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуде әдебиеттің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мектеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту,оларды қараңғылықпен қарсы күресіп, білім жолына үгіттеу ниетін ұстанады",- деп жазады.

    Ал белгілі ғалым К.Құсайынов: "...тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес, өзінің үйлесімді сабақтастығын тауып, кейінгі маман қазақ лингвист-ғалымдарының еңбектерімен жалғасты. А.Байтұрсынұлы өз кезінде ешбір ғылыми дәреже, атаққа ие болмағанымен тіл білімі саласының іргетасын қалаушы ретіңде танылғаны еш дау туғызбайды", - дейді. Яғни, А. Байтұрсыновтың филология саласы бойынша айтылған ой-тұжырымдары, ғылыми-теориялық еңбектері жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда занды жалғасын тапқанын жоғарыдағы ғалымдар пікірлерінен аңғарамыз.

     А. Байтұрсыновтың қазақ тілі әдістемесі, әдебиеті, аудармашылығы, ақын- дығы жайлы филология саласы бойынша біраз ғылыми-зерттеу жұмыстарының  бар екендігіне көзіміз жетті. Ал, А. Байтұрсыновты мемлекет және қоғам қайраткері, тарихи тұлға ретінде айқындайтын арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы жоқ болғанымен ғылыми мақалалар бар.

     Мәселен, К. Нұрпейіс "Алаштың күрескер ұлы"атты мақаласыңда А.Байтұрсыновтың саяси қызметін, Алаш партиясыңдағы ролін жан-жақты саралап көрсетеді.

Академик М. Қозыбаев XX ғасырдың басыңдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының өзіндік ерекшеліктерін, соның ішінде сол қозғалыс көсемдерінің бірі - А. Байтұрсынов өмірінің тарихи келбетін ашып: "Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың ірі құбылысы, феномені. Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Соңдықтан да, Байтұрсыновтану шын мәнінде ғасыртану десе  де   болады.

    Ендеше, Ахаң болмысы жан-жақты ашылғанда ғана ұлттың ұлы перзентінің қырлары мен сырлары ашылады, әлемдік ұлт-азаттық қозғалысына қазақ халқының қосқан сүбелі үлесі сомдалады. Сөз жоқ, бұл болашақтың ісі.

    Ахаң, ең алдымен, Ресей шығысының ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі. Алаш қозғалысы ең алдымен XIX ғасырдағы ағартушылар қозғалысының жалғасы, оның жоғары сатысы. Абай заманында ағартушылық ұлтымызды өркениетке таныстыру кезеңі болды,-дейді. Белгілі тарихшы Т. Омарбеков  А. Байтұрсыновтың патша манифесі ықпалымен Қарқаралының Қояңды жәрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған, тарихымызда "Қарқаралы петициясы" деген атпен белгілі болған, 11 баптан тұратын құжатты жасауға белсене қатысқаңдығы жөніңдегі мәліметі жан-жақты талдайды. Осы мәселе жайлы М.Әуезов Ахметтің 50 жьілдық тойында сөйлеген сөзінде былай деп көрсетеді:

    " 1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек)жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: біріншіден - жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші - қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші - отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепшіі болған".

    Демек, А.Байтұрсыновтың қазақ елінің тәуелсіз дамуына алғаш талап еткен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі екен.

    Ал, А. Байтұрсыновтың еңбектеріңдегі философиялық көзқарастар әлі де болса жан-жақты зерттелмей келеді. Дегенмен де, А.Қасабеков, Ж.Алтаевтардың "Қазақ философиясының тарихына кіріспе","Философия және мәдениеттану"атты  еңбектерінде  қазақ философиясының тарихи даму ерекшеліктері, оның пайда болу, қалыптасу тарихы туралы айта келе, А. Байтұрсыновтың "Қазақ өкпесі", "Тәні саудың-жаны сау", "Қазақша оқу жайынан"   атты  мақалаларындағы  ағартушылық-философиялық пікірлер білдіргенін сөз етеді. Белгілі философ О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV начала ХХ вв" атты еңбегіңде А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш", "Маса" еңбектеріндегі философиялық көзқарастарына талдау жасай отырып: "А. Байтұрсынов сол кезенде жарыққа шыққан философиялық еңбектерді жақсы меңгерген. Әйтпесе, тіл, сөз өнерінің құдіретін философия ғылымын терең түсінбей соншалықты саралау мүмкін емес еді. Себебі, мұнда адамның табиғатқа қатынасы, табиғат әлемі мен адамның ішкі жан дүниесінің ара қатынасы философиялық тұрғыда терең талданған" - деп бағалайды.

Сондай-ақ, А.Х.Қасымжанов "Портреты" атты еңбегіңде А. Байтұрсыновтың философиялық ой-пікірлеріне жеке тоқталмағанымен оның   замандастарының философиялық көзқарастарын талдау барысында А. Байтұрсыновты да атап өтеді. Осы аталған еңбектерді зерделей келе, ол - ағартушылық философияны мақсат тұтқан, сол философияның дәстүріне орай адам мәселесін жан-жақты қарастырған деген пікірге келеміз. Ол қоғам өмірінде оқу-білімнің, тәрбиенің мәнін ерекше бағалап, ұлттық рухани байлықты сақтай отыр- ып, бірте-бірте бостандық, ғылым мен білім, тендік пен әділеттілік жолына түсуді уағыздаған. Ғалым таптық сыңар жақтылықтан ада, бүкіл адамзаттық гуманистік мәселелерді қарастырған. Оның пікірлерінің жалпыадамзаттық игіліктерге жақыңдығын аңғарамыз. Мақалаларыңдағы қоғамдық өмір құбылыстары мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі ойларынан ағартушылық философияның негізі байқалады. Қоғамның қаншама ғылыми жетістіктерге жеткенімен, табиғаттың тылсым күштерін игергенімен руханилық пен адамгершілік жетіспесе адамзаттың рахатқа кенелмейтінін ол "Тәні саудың - жаны сау" т.б. мақаласында және  "Маса"  еңбегіңде көрсете білген.

     Белгілі ғалым С.Қалиев Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамып қалыптасу кезеңіне тоқталып, жіктей келе педагогикалық ой-пікірдің дамуын шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырады. Және автор біз қарастырып отырған "Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретіңде дамып қалыптасу" кезеңіндегі педагогикалық ойдың ғылыми жүйесін жасаған, теориясын негіздеген педагогика ғылымының көшбасшысы деп А. Байтұрсыновты ерекше атайды.

     Бұл дәуір-ХХ ғасырдың басыңда патшалық Ресейдің отарлау саясатымен қатар келеді. Ресей өкіметі өзінің саясатын іске асыру үшін орыстандыру саясатын жүргізді.

     Дегенмен, осы кезде де ұлттық тәлім-тәрбиенің өзіңдік ерекшеліктерін айқыңдайтын төл туындылар жарыққа шықты. Олар: М.Жұмабаевтың "Педагогика", "Бастауыш мектептегі ана тілі", "Сауатты бол", Ж.Аймауытовтың "Тәрбиеге жетекші", "Психология", "Жан жүйесі және өнер тандау", "Дидактика", Н.Құлжанованың "Мектептен бұрынғы тәрбие", "Ана мен бала" т.б., А. Байтұрсыновтың "Оқу құралы", "Сауат ашқыш", "Тіл құралы", "Әліп-биі", "Маса", "Қырық мысал", "Баяншы", "23 жоқтау", "Ер Сайын", т.б. М.Дулатовтың "Есеп құралы", "Кирағат", Ә.Бөкейхановтың "Қырғыз географиясы", Ф. Ғалымжановтың "Жалпы қарапайым география", Б.Сәрсеновтың "Геометрия", Е.Омаровтың "Физика" т.б. Ш.Құдайбердиевтің "Түрік-қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі", "Қазақ айнасы", "Үш анық", т.б., Х.Досмұхамедовтың "Қазақ халық әдебиеті", "Адамның тән тірлігі", "Аламан", т.б, еңбектері қазақ жастарының білімін көтеруге зор пайдасын тигізіп, игі ықпал етеді. Бұл мәсе- лелер профессор С.Қалиевтің 1999 жылы "Білім" баспасынан жарық көрген "Қазақ этнопедагогикасының тарихы" атты еңбегіңде жүйелі түрде, ғылыми негізде сөз болған.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі