А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

     Үшінші бөлім: "Негізгі құқық". Мүнда"Россия республикасында дінге, қан- ға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу, жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға -еркіншілік". Демек, адам құқығы мен еркінің неізгі идеялары туралы мәселелерді жан-жақты қамтылған.

      Төртінші бөлім: "Дін ісі." Мұңда: "Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы айты- лады. Дін біткенге тең құқық. Дін жолына ерік, кіру-шығу жағына бостандық",-дей келе "Муфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жана- за, балаға ат қою сияқты істер моллада болуы, жесір дауы сотта қаралуы" сөз болған.                                            

      Бесінші бөлім: "Билік һөм сот"

     Алтыншы бөлім: "Ел қорғау"

     Жетіншібөлім: "Салық"

     Сегізінші бөлім: "Жұмысшылар"

     Тоғызыншы бөлім: "Ғылым - білім үйрету"

     Оныншы бөлім: "Жер мәселесі"- деп аталды.

  Партия программасын жасау Петроградтағы Шорай Ислам комитетіндегі қа- зақтарға тапсырылды. Осы съезде Алаш партиясынан депутаттар сайланды.

Олар:

1) А.Байтұрсынов;

2) А. Бірімжанов;

3) С. Досжанов;

4) Теміров;

5) Т.Жаманмұрынов;

6) Е.Оразов;

7) Ә.Бөкейханов;

8) А.Тұрлыбаев;

9) Ә.Ермеков;

10) Х.Ғаббасов;

11) А.Сейітов;

12) М.Боштаев;

13) Я. Ақбаев;

14) С. Жанайдаров;

15) Р. Марсеков;

16) Ж.Тілеули;

17) Б. Сәрсенов;

18) Р. Дүйсенбаев;

19) А. Қозыбағаров;

20) М. Жұмабаев;

21) Ә.Сәтбаев;

22) С. Абылаев;

23) А. Райымбеков;

24) С. Мешенбаев;

25) Б. Өскенбаев;

26) С. Көсемесов;

27) Х. Досмұхамедов;

28) Ж. Досмұхамедов;

29) Н. Ипмағамбетов;

30) Ә. Әлібеков;

31) С. Қаратілеуов;

32) Ә. Есемғұлов;

33) Қашқынбаев;

34) У. Танашұлы;

35) С. Аманжолұлы;

36) М. Шоқайұлы;

37) М. Тынышпайұлы;

38) Б. Құлманұлы;

39) Б. Мәметұлы;

40) О.Әлжанұлы;

41) Т. Жақыпбайұлы

42) Е. Итбайұлы;   

43) С. Сабатайүлы;

44 )Е. Қасаболатұлы; '

45) Б. Ниязұлы;

46) С. Нұралыханұлы;

47) О. Алмасұлы;

48) С. Кедірбайұлы;

49) А. Кенжеұлы;

50) Штабс-капитан Бегімұлы;

51) Е. Тұрмағамбетұлы;

52) Ж.Сұлтанбайұлы

   Алаш партиясы лидерлері  М. Шоқай, Ә. Бөкейханов, М.Тынышпаевтар бастаған тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру туралы 3 түрлі ағым болды. Бірі - Түркістан халықтарымен бірігіп, біртұтас автономия құруды;  екіншісі-Сібір құрамына автономия алуды қалады; үшіншісі- қазақ ұлтының өзіндік дербес автономия болуын платформаларының негізі - автономиялы дербес үкімет құру болса да мақсаттарында түрлі қайшылықтар болды. Мәселен Алашордашылар өз алдына әскері бар, басқару органы бар қазақ мемлекетін құруды көздеді.Дәл сол кезде халқының сауаты төмен, өнеркәсібі дамымаған, ұлттық кадры пісіп жетілмеген, армиясы (кадры жоқ) қалыптаспаған, айналасында алпауыт (Ресей, Қытай) елдер қоршауындағы қазақ елі өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмас еді. Алаш партиясының  қателігі осы болды.

Алашорда мақсат-мүддесін жүзеге асыру жолындағы А. Байтұрсыновтың қажырлы еңбегі туралы белгілі ғалым К.Нұрпейіс: "Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен т.б.) одақтасты.

     Жауласушы күштердің (Қазақстандағы) ара салмағы 1919 жылдың басы -нан Кеңесөкіметі мен ҚызылАрмия жағына ауысуы Алаш Орданың жағдай- ын қиындатып жіберді. Соңдықтан 1919 жылы көктемде Алаш Орда, бір жа- ғынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағы- нан Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бұл жолы Алаш басшылығы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның Торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да, А.Байтұрсынов алдымен Қазақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жангелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясьшың ұлт істері жөніндегі халық комиссары министрі И.Сталинмен келіссөздер жүргізеді.

       1919 жылы сеуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайыңда қоғамның бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде А.Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп, жақындасуын күрделендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіссөз жүргізу үшін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А.Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі Қазақ халқының  Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттігін ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шідденің 10 күні В.ИЛенин "Қырғыз (қазақ-С.Қ.) өлкесін басқаратын рево- люциялық комитет" жөніндегі уақытша ережеге қол қойды",- деп А.Байтұрсыновтың білгір саясаткер екенін дәлелдейді. А.Байтұрсынов 1919 жылы құрылған Қазақ революциялық комитетінің мүшесі болды, 1920 жылы қазан айында құрылған Ресей құрамындағы автономиялы ҚАКСР- ның үкімет мүшесі, оқу ағарту комиссары болып  сайланды.

"Қазревкомның 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжілісі өтті. Қолда бар қазревком мәжілістерінің құжаттарына жүгінсек, А.Байтұрсынұлының сол мәжілістердің басым көпшілігінде баяндамалар жасағанына, жарыссөздерге қатысқанына, ұсыныстар енгізгендігіне, қабылдайтын шешімдердің жобасын дайыңдағанына, жекелеген мәжілістерге төрағалық жасағандығына көзіміз жетеді,-дей келе белгілі тарихшы ғалым К.Нұрпейіс "Алаштың күрескер ұлы" атты зерттеу мақаласында,- "А.Байтұрсынұлы Қазревкомның мәжіліс- терінде, көбінесе, Ресей құрамында құрылуы тиісті Қазақ автономиялық КСР-ның шекараларын анықтауға, оның әкімшілік-территориялық құрылы- мын қалыптастыруға, жергілікті басқару жүйесін қажетті жетекші кадрлар- мең жасақтауға, оқу-ағарту және мерзімді баспасөз жүйесін реттеуге, ұлттық-демоқратиялық интеллигенция тағдырын шешуге арналған мәселелерді талқылау ісінде үлкен белсенділік көрсетіп, оларға байланысты ұлттық мақсат-мүдделерге сай келетін қарарлар мен зандылық мәні бар құжаттарқабылдануына ат салысты,"- деп оны қоғамдағы әлеуметгік жағдайлардан ешуақытта тыс қалмаған, белсенді қоғам қайраткері ретінде көрсетеді. Яғни, А.Байтұрсынов қай жүйеде, қай салада жұмыс істесе де, алдына қойған -туған ұлтын алдыңғы қатарлы ел ету мақсатынан ешбір айнымаған.

      Осы пікірдің дәлелі ретінде, оның сол кездегі Сібір ревкомы құрамында болған Ақмола мен Семей облыстарын, Челябы губерниясына қараған Қостанай уезін, Түркістан автономиялы КСР-ның құрамында болған Сырдария мен Жетісу облыстарын құрылуы тиісті қазақ автономиялы КСР-ына қосу үшін жүргізген күресін айтуға 6олады. Белгілі тарихшы ғалым М. Қозыбаев А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі жайлы; "..оның реформаторлығы 1917 жылғы Қазан төңкерісі азаматтық, қарама-қайшылық дауылды-дабылды  жылдарда ол Алаш мемлекетін құрушылардың бірі болды, 1919 жылы 4 сәуірде Совет үкіметі, советтік платформаға көшкен Алашордаға кешірім жариялатып, ұлттық келісімге келді. Әрі В.И.Лениннің ұсынысымен Қазақ өлкесін басқаратын қазақ (қырғыз) революциялық комитеті төрағасының орынбасары болған А.Байтұрсынов болашақ қазақ автономиясы аясына барлық қазақ жерін біріктіруде ерекше қажырлылық танытты. Челябі губерниясына еніп кеткен Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару үшін М.Сералин мен бірге В.И.Ленин атына арнайы хат жазып қана қоймай, РКП(б) Орталық Комитетінде арнайы қаратып, қаулы қабылдаты",-дейді. Архивтегі мәліметтерге сүйенсек, А.Байтұрсыновтың осы баяндамасындағы көтерілген мәселелер дұрыс, яғни Қостанай уезін Торғай облысының құрамында қалдыру тиіс деп есептелінді. М.Қозыбаев сөзімен айтсақ, Ахаң Совет заманасында да ұлтқа қызмет етуді бір сәт тоқтатқан емес. Бұл жылдары Аханның Одақ көлеміндегі шет аймақтардағы халықтардың мұқтажын жоқтаған еңіреген ер екендігін, ұлт азаттық қозғалысы қайраткері екенін таныта білді.

       Ал, 1922 жылы ол Халық Ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми орталықты басқарды, бүкіл россиялық Орталық Атқару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комитетіне мүше болды. Бұдан шығатын қо- рытынды, А.Байтұрсыновтың Қазақстандағы қоғамдық - әлеуметтік жағдайларға өзіндік үнін қосып, ықпалын тигізгенін көреміз. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов Алаш қозғалысьшың басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметі тарапынан амнистия жасатып, олардың одан кейінгі уақытта қудаланбауы үшін де аянбай күресті.

    Париждегі шығыс тілдер мен өркениеттері институтының ректоры, шығыс- танушы Реми Дор өзінің "Қазақ әдебиеті" атты мақаласында қазақ әдебиеті мәселесінің сан қырына тоқтала отырып, А.Байтұрсынов мұралары туралы: "Ол-қазақтың зиялы қауымы бойында ұлт бірлігі және мәдени даму идеясын қалыптастыруға ұмтылды. "Ал, бұл идеялар Алашорда партиясының идеоло- гиялық жұмысының өзекті мәселелері болатын. Колчак бастаған ақтарға да, Қызыл армияға да қарсы болып, екі майданда  күрес жүргізген Алашорда ақырында тізе бүгуге мәжбүр болды, бірақ оның саяси және мәдени  идея-лары  қазақ даласында ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағында айрықша мәнді роль атқарды,»- дейді.

Француз  ғалымының А. Байтұрсынов еңбегін бұлай бағалауынан, ол тек  Азия халықтарының ғана мақтанышы емес, сонымен қатар Евразия үшін де үлкен мақтаныш, зор тұлға екеніне көзіміз жетеді.

      Ғалым қазақтың ұлт екеніне танытатын өзіндік мәдениеті мен әлуметтік жағдайын айқындайтын тіл екенін түсіндіре отырып, ұлттық тілді дамытуға барынша  үлес қосты.

     Белгілі тіл білімінің білгірі Р. Сыздық: «оқу - ағарту идеясы- А. Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық  платформасының тірегі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген- оның өз халқының тағдырын ойлаған қам қаракеті.

     Ол қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Осымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі.Қазақ графикасының негізін қазақтың мәдени түркі халықтары да пайдаланып  отырғаңдықтан, туыстық, жақындық сипатын және араб таңбаларын алады. Сөйтіп 24 таңбадан тұратын, өзі «қазақ жазуы » деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың графикасын тұрғызды.

     Осы жазуды үйрететін Әліппе жазады. Жоғарыда айттық, оқу-ағарту мұра- ты- үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мүдделердің ішіндегі ең бастысы болды. Сондықтан оқу-ағарту идеясына сол кезеңдегі қазақ интеллигенциясы жаппай мойын бұрды, әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуда, ол әрекетті  «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол себептен 1911-1912 жылдардан бастап, бірнеше «Әліпби» кітапшалары түзіліп олар Уфа, Орынбор қалалары баспа- ханаларында жарық көрді,» - деп тіл және оқулық мәселесіне сіңірген еңбектеріне жан- жақты тоқталды. А. Байтұрсынов қазақ елінің бостандығының негізгі көзі-ұлттық тіл, ұлттық негіздегі мектеп және сол мектептің сұранысына сай оқулықтар екенін жақсы түсіне білді. Оның алғашқы қозғалысты білім беру ісінен бастауын көрегендік деп білеміз.Атқарған елеулі қызметтері педагогикалық көзқарасының қалыптасуына есер етті, ағарту ісінің көшбасшысы, жадидизм лидері болуына әкелді. Халық Ағарту комиссары болып тұрған кезінде ол мемлекетті басқару жүйесін жергіліктеңдіру, комитеттің жұмысын жергілікті ұлт өкіметінің ана тіліне аудару, ұлттық мектепті жандандыру,төл оқулықтарды дүниеге келтіру, ұлттық кадр санын көбейту, олардың сапасын арттыру, тіл тазалығын сақтау, халқына дүние жүзілік білімді меңгерту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,тегін білім алу құқығын, мектептердің жаңа типін ашу, дамыта оқытуды жүзеге асыру, халықтық тәлім-тәрбиені дәріптеу, соның негізіңде болашақ жастарға адамгершілік, эстетикалық, азаматтық тәрбие беру мәселелерін шешумен айналысты.

     Осы кезендегі зиялы қауым көсемдерінің тоталитарлық режимге қарсы қарулы күреске шығып, халықтың  қанын төгу зиян, сондықтан рухани күресті тандауларынан саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайды терең түсініп, ұлтының санасын, дінін, тілін сақтап қалу мақсат-ниеттерін байқаймыз.

    А.Байтұрсынов халық ағарту комиссары болған тұста қазіргі ұлттық педагогиканың асыл мұрасына айналған көптеген төл оқулықтар дүниеге келді. Атап айтсақ,Ж.Аймауытовтың " Ана тілін қалай оқыту керек?", М.Дулатовтың  "Есеп құралы", А.Байтұрсыновтың "Оқу құралы", "Баяншы"және бұрынғы кезде басылған қырғыз қиссалары, татар тіліндегі оқулықтар, географиялық карталар, саяси кітапшалар барлығы 473028 дана Қазан баспасынан жарық көрді. Кейінірек, М.Дулатовтың "Қирағат" кітабы, Абай өлеңдері жинағы, А. Байтұрсыновтың "Қырық мысал" аудармасы, "Маса" жинағы, С.Торайғыровтың өлеңдері, қырғыз кеспе әліппесі, Т. Шонанұлының "Жаңа әліппесі","Орысша қазақ тілін үйретуші", " Кеспе   әліпбиі", Қ.Кемеңгерұлының "Европалықтар үшін екі жылдық оқу құралы", "Әліппесі", Н.Төреқұлұлының "Үлкендер үшін жана әліппесі", Ж. Аймауытұлының " Комплекспен оқыту жолдары"' атты еңбектері жарық көрді. Ол өзінің ағартушылық қызметінде сауат ашқызу, оқулықтар шығаруға қамқоршы ретіңде ғана емес, әлеуметтік-саяси мәні бар жазу (алфавит) мәселесінің шын жанашыры болып, ұрпақ пен ұрпақтың рухани қазынасының ара жігі ажырап қалмау қамын ойлаған ұлттық мүдденің жоқтаушысы, күрескері ретінде де танылды.

    А.Байтұрсыновтың араб графикасынан латынға көшуге үзілді-кесілді қарсы болып: "Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес,-деп бір алфавиттен екінші алфавитке көшуді Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік және экономикалық жағдай көтермейтінін: - "Латын әрпін бірден алып, бірден соған түсіп  кетуге, одан да көп  қаржы мен қайрат керек. Ондай  бірден табыла қоятын мол қаржы мен қайрат түркі жұртында тағы жоқ. Бірден мұғалімдердің бәрін латынша үйретіп, бірден баспаханалардағы әріптерді латынға айналдырып, адамдарын латынша үйретіп, оқу кітаптарын латынша бастырып, арабша сауаттыларды латынша сауаттандырып жіберу адамның керек қылуын  былай қоя тұрғаңда да, оншақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес",-деп дәлелдейді, араб әрпі мен латын   алфавитінің тиімділігін төмеңдегідей салыстыра таразылайды: "Араб әрпінің артықтығы жалғыз баспада ғана емес жазбада да артық болып тұрады. Өйткені, араб әрпімен басылған сөз бен жазылған сөздің арасында айырма аз болады, онда оңай айырма аз болады, оқылса  мұнда да оңай  болады" сондықтан, жазу барысында тиімдісі адамның қолына күш түсірмейтіні, ал латын алфавитінде қолдың бұлшық еттеріне елеулі күш түсетінін де дәлелдеп береді. Хат мәдениетін әлемдік өркениетті дамудың негізі деп түсініп, оны жетілдіруге зиялы қауым өзіндік үлесін қосуға міндетті деп санады, ол мақсатты жүзеге асыру үшін қажырлы да табанды күрес жүргізді.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі