А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 09:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 4
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................... 6
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар............................................................................................. 6
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні .................................................................... 14
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ...................................................................................................... 27

2А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫ НЫҢ МАҢЫЗЫ................................................................................................. 40
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі........................ 40
2.2 А.Байтұрсынов әдіскер, ғалым, ұстаз.......................................................... 44
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ....................... ........ 50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 55

Прикрепленные файлы: 1 файл

жубандыкова.doc

— 847.46 Кб (Скачать документ)

     Ж. Аймауытов пен А. Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерін саралағанда олардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдар бір-бірімен ұштасып жатады. Мәселен, Ж. Аймауытов балаға тілді үйрету үшін төмеңдегі шарттарды белгілейді:

      1) Басқа пәндерден тіл оқуында айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек етсін; 2) Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тындасын, жазсын, оқысын-тілге үйренсін; 3) Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда, белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу, тыңдау, сөйлеуден соң келеді, соңғы -лары тәжірибеден соң келеді. Соңдықтан әуелі баланың көрген білгені тура- лы әңгіме құрып, кейін оқуға, жазуға үйретілсін; 4) Бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін; 5) Әңгіме үшін берілетін мағлүмат кітаптағы даяр заттар бола бер- мей, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын.

       Ал, А. Байтұрсыновтың "Тіл жұмсар" атты әдістемелік еңбегінде: "Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек",-дейді. Сонымен қатар, оқыту теориясына байланысты да қос ғалымның идеясы бір-бірімен орайлас келеді. Ж. Аймауытов оқудың негізгі әдісте- мелік  ұстанымын былай деп береді:

1) Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; 2) тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 3) сабақта алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау; 4) қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету; 5) баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлүматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуды жандандыруға тырысу; 6) алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекті болу. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану; 7) өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталы, өзі де жақсы көруі, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.

     Ал, М. Жұмабаевтың "Бастауыш мектептегі ана тілі" еңбегін саралайтын болсақ, А. Байтұрсыновтың идеясын әрі қарай дамытушы екенін көреміз. М. Жұмабаев бастауыш мектептен бастап, әр берілген тапсырманың мағынасын түсініп оқуын талап етеді. Ол "баланы адам мектепке тоты бол деп бермейді",- деу арқылы түсініксіз жаттап алуға мүлдем қарсы болса, А.Байтұрсынов осылай оқытатын мұғалімдерге қарсы болған. М.Жұмабаев І-ІV сыныптың ана тілін қалыптастыру жүйесін ғылыми негіздеді. Ол ана тілін үйретудің негізгі бағыттарын төмендегіше белгілейді: 1) Оқу, жазуға үйрету; 2) емлеге дағдыландыру; 3) жазбаша сөзді өркендету; 4) баланың ұғымына лайық ауызша һәм жазба әдебиет түрлерімен таныстыру; 5) ұғып оқуға дағдыландыру.

     Сонымен қатар, М.Жұмабаев А.Байтұрсыновтың "Баяншы" һәм "Әлифба астары" еңбегін мұғалімдердің білімін жетілдіруде таптырмайтын еңбек деп аса жоғары бағалайды.

     Ағартушы ғалымдардың еңбектерін салыстыра келе, А.Байтұрсыновтың да М.Жұмабаевтың да бүгінгі күн тәртібіндегі жан-жақты дамыға шығармашыл өркениетті нарық қатынастарына сәйкес іскер, қаны мен жанында азаматтық сезімі ойнаған, дүниелік білімді меңгерген тұлға қалыптастыру міндетін ғасыр бұрын сезіп, мақсат-міңдетті дәп басып аңғарғанын байқадық. Себебі, оқытудың жаңа технологиясы деп аталынып жүрген дамыта оқыту, деңгейлік саралап оқыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары педагог-ғалым дарымыздың ғылыми еңбектерінде бұдан 70 жыл бұрын айтылғанын айқын аңғаруға болады.

     Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған ғалымдардың   бірі - Н. Құлжанова. "Оның "Мектептен бұрынғы тәрбие" (1923), "Ана мен бала" (1921) атты еңбектері бала тәрбиесінің мектепке дейінгі кезеңін қамтитын ұлттық негіздегі  құнды еңбектер. "Мектептен бұрынғы тәрбие"атты еңбегіне А.Байтұрсынов алғы сөз жазған. Алғы сөзінде: "Баланы бастан тәрбиелеу деген - баланы жас басынан дұрыс тәрбиемен өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбие- мен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс  тәрбиенің асылы-баланың жанымен, тәнімен керек деп танылған істерді бала табиғатының әуенімен істеу -сол дұрыс тәрбие болады", - деп бала тәрбиесі мен дамудың жас ерекшелік кезеңдерінің байланысын, мектепке дейінгі тәрбиенің маңызын аса жоғары бағалаған.

А. Байтұрсынов пен Н. Құлжанованың бала тәрбиесі туралы көзқарастар- ыңдағы ортақ ой, нақты мақсат- бала тәрбиесін салауатты өмір салтына негіз- деп ұйымдастыру. Баланың дамуына негізгі әсер ететін ойын әрекеті екендігіне тоқтала отырып: "Баланың ойыны қайсы "жұмысы" қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да ойын, "жұмысы" да ойын, бәрін де ойын үстінде, ойын үшін істейді... Жас балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде мектеп балаларына сабақ үйрету үлкендерге іс үйрету сияқты  емес, әлгі айтылған сияқты балалар табиғаты тілейтін жолмен үйрету айтылады. Яғни баланы ойынға үйрету, қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету деп білу керек",-деп А.Байтұрсынов мектепке дейінгі тәрбиенің өзіңдік ерекшелігін және жүргізілу тәсілін сөз етеді.

     Ол "Мектеп керектері" атты мақаласында "мектептің жаны - мұғалім" десе, Н. Құлжанова "балаға жұмсалатын тәрбие құралдарының ең күштісі - алдындағы үлкеннің өз үлгісі. Сондықтан, бала тәрбиешісі - жылы шырайлы -, сабырлы, шыншыл болуы керек. Бір сөзді де, жұмсақ та болғаны дұрыс",- дейді. Демек, олар тәрбиеші тұлғасының жас ұрпақ тәрбиесіне ықпалы мол деген пікір білдіреді. Ахмет пен Нәзипаның артына қалдырған мұрасын бүгінгі педагогикалық колледждердің бастауыш сыныпта оқыту, мектепке дейінгі тәрбие, отбасында білім беру бөлімдеріңде пайдалаңу арқылы қос ағартушы қалағаңдай мұғалім мен тәрбиеші дайыңдауға болады.

       XX ғасырдың басындағы педагогикалық ойпікірлердің бір-бірімен сабақ- тастығын саралайтын болсақ, біз шексіздікке кете беретінімізді байқадық. Сол сияқты А.Байтұрсынов, МДулатов, Ғ.Қарашов, Т.Шонанов, Е.Омаров және т.б. ғалым-педагогтармен ортақ ағартушыдық идеялары, мұрат-мудделері - ұлттық ағарту ісін жандандыру болғанына көптеген мысалдар келтіруге болады.

       1937 жылғы зұлмат оқиғалар Қазақстан педагогикалық ой- пікірлерінің, ұлттық негіздегі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен кедергі болды. Кеңестік дәуірдегі солақай саясаттың салдарынан ғұлама - ойшылдардың еңбектерін жарыққа шығаруға тыйым салып, шыққандарын жоқ етті.  Тек, 1960 жылы 37-жылы зұлмат оқиғаның салдарынан құрбан болған бір топ зиялы қауым ақталғанымен де, олардың еңбектерін жариялауға рұқсат болмады. Содан, 1988 жылдың 28-желтоқсанында ақырғы рет ақталып, олардың еңбектерімен танысуға мүмкіндік туды. Олардың еңбектеріңдегі педагогикалық мұраларды жинақтап, бір жүйеге келтіруде профессорлар Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев үлкен еңбек етті.

     Дегенмен де, А.Байтұрсыновтың халық ағарту, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына қосқан үлесі, педагогикалық ой-пікірлері әлі де болса талай ғылыми-зерттеу жұмысына арқау болары сөзсіз.

    Соңдай-ақ, ағартушының еңбектерімен бүгінгі танда жалпы орта білім беру саласындағы іс-шараларды, өзара сабақтастыра отырып жүргізу қажет.

    Өйткені, XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы және олардың бір-бірімен үндестігінің тарихи мәні зор, әрі жас ұрпақ тәрбиесіне берері мол.

 

 

КІРІСПЕ

 

    Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан революциясына дейін де, аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға.

    Сәбит Мұқанов айтқандай, Ахмет Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол. Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам -Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес  дегендей Ахмет Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.

    Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап-танытқан зерттеуші. Әрі сол зерттеулерінің негізінде "әліппе" мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов - өз халқының саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз тігіп, тікелей араласқан ірі публицист, қоғам қайраткері.

    Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісіне жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді, "Әліпби", "Тіл құрал" атты кітап- тары казақ тілінің табиғаты, өзгешелікгері, араб алфавитінің жайы, термин- дер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазуы 1926 жылы Бакуде болған түркологтардың Бүкілодақтық I Съезіне қатынасып, бірнеше комиссия жұмысын басқаруы, Қазақстан оқу-ағарту комиссариатын- дағы жұмысы - осының бәрі оның қоғамдық, мәдени, ағартушылық, ғалым- дық қызметінің алуан түрлі қомақтылығын аңғартады.

    Белгілі түрколог академик А.Н.Кононовтың Ахмет Байтұрсыновты көрнек- ті түркологтардың қатарыңда еске алып, оның казақ алфавитін жүйелеу, оқу құралдарын жасау, фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес.

    Ахмет Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан "Қазақ" газетінде (Байтұрсынов 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. Газет өзінің тұңғыш жарияланған санында-ақ былай деп жазды: "Бұл газеттің мақсаты жұрт пайдасына көз болу, қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсұттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұру, Государственный дума, һәм Государственный Совет жұмыстары турасында жете хабар беру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін-таран, мал-шаруасы жайынан кеңесу, оқу, оқыту, мектеп, медресе, адам үәм мал дәрігерлігі жайында жазу" ("Қазақ" №1, 1913, қаңтар).

    Ахмет Байтұрсынов "Қазақ" газетінің 1914 жылғы 62 санында "Мектеп керектері" деген мақаласында ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек кұралдар қолайлы үәм сыйлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі бегіленген Программа. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі балаларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс -солпы я артық, я кем шықпақшы - деп оқытудың дидактикалық принциптерін, тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді.

    Сонымен қатар ғалым ширек ғасырдай тер төккен осы еңбегін, яғни рефор- маланған қазақ жазуын ұлт мәдени талаптарын әбден өтей алады деген көз- қарасты ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, латын алфавитіне көшуге қарсы пікірде болды. Бұл мәселе Баку қаласында Бүкілодақтық бірінші Түркологиялық съезі өткізіліп, оның күн тәртібіне түркі халықтарының жазуы, орфография- лық негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні, терминология мәселе лері, осы халықтардың тарихы, этнографиясы, ана тілін оқыту әдістемесі тағы басқа көптеген көкейкесті мәселелері қойылды.

   Ахмет Байтұрсынов араб әрпін пайдаланудың тиімділігін жан-жақты дәлел- деп берді. Оның пікірінше, араб алфавиті тез оқуға, жылдам жазуға қолайлы, ал жастарды сауаттылыққа үйретуге мүмкіндік туғызады, баспахана техника- сы мен өнімнің құны жағынан алғанда араб әрпін қолдану өзінің сыйымды- лығымен әлдеқайда арзанға түседі. Үшіншіден араб әліппесінің әріп кұрамы қазақ тілінің орфографиялық қажетін толық қанағаттандырады. Төртіншіден, бүкіл Азия елдерінің мәдени мұрасы осы алфавит негізінде жазылғаны айтылды.

    Оның араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы жылы лебізбен қабылдады. Себебі, Байтұрсынов реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм зандылығына сүйе- ніп, ғылыми негізде жасалған еді. Өйткені, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындау ғалымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік берді. Оның 1912 жылдардан бастап ұсынылған жаңа жазуы ("Жаңа емле" деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады. Баспа беттерінде жарияланған мәліметтер бойын ша 1915 жылдың бір өзіңде ғана бұл емленің 15-тей кітап болып шыкқан. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов ұсынған "Жаңа емле" 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, орыс-қазақ мектептерінде де қолданыла бастағаны белгілі.

    1912 жылы мектеп балаларына казақша сауаттандыратын "Оқу құралын" жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1 бөлімі "Тіл құралы" деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді.

 

І ТАРАУ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТІЛ БІЛІМІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

 

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазір ғылымның жеке бір саласы. Ғылымның осы саласында көш басында Ахмет Байтұрсынов туған. Басқаша айтсақ, қазақ тілін қалай оқыту туралы ғылымда тұңғыш рет сөз қозғаған, ол туралы алғаш ғылыми еңбек жазған, мақалалар жазған ғалым да - Ахмет Байтұрсынов. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің ірге тасын қалаушы, негізін салушы деп айтуға толық болады.

    Ғалымның әдіскерлігі, әдістеме ілімінің негізін қалауға қосқан үлесі тура- сында жалпылама болса да, жазыла бастады. Алайда Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасы болған емес.

    Ахмет Байтұрсыновтың әдіскерлігі туралы тұңғыш ағартушылардың бірі -ғалым Р.Сыздықова 1990 жылы жарық көрген "Ахмет Байтұрсынов" атты кітабында: "Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасының ірге тасын қалаушы болып саналады. Ол - қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін "Баяншыны" жазған , - деп алғаш айтқанды.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі