1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июля 2014 в 14:38, реферат

Краткое описание

Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып, ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Отанымыз КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары
1.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының жаңа бағытының орнауы, кезеңдері...............................................................................................5
1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары..................................................................................................17
ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.........24
2.2.Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары..............40
Қорытынды .....................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................51

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа Қазақстан РЕСЕЙ.doc

— 248.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

1991-2000 жылдардағы  Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3 

І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары

1.1. Қазақстан және  Ресей қарым-қатынастарының жаңа  бағытының орнауы, кезеңдері...............................................................................................5

1.2. Қазақстан және  Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары..................................................................................................17

ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің  стратегиялық әріптестер.

2.1. Қазақстан және  Ресей  қарым-қатынастарының нәтижелері.........24

2.2.Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары..............40

Қорытынды .....................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып, ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Отанымыз КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды. Сонда бейресмиді қоспағанда ресми түрде Қазақстан 260 жылы бойы яғни 2 жарым ғасыр Ресеймен тығыз байланыста болды. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан кейін екі еліміздің стратегиялық түрде қарым-қатынас жүргізуінің жаңа бір жарқын кезеңі басталды.

Қазақстан мен Ресей бірге жүріп өткен өзгерістердің күрделі де қарама-қайшылықты жолының қорытындыларын шығару үшін он жыл көп пе, аз ба? Жаһанданудың қуатты үдерісіне тартылған біздің елдеріміз үшін қолайлы перспективалар туралы сұраққа кесімді жауап беруге осынау жылдар негіз бере ала ма?

Бұл әлемдік тарих үшін қысқа мерзім. Онда уақыт ауқымы басқаша және де дәуірлердің алмасуы кезіндегі ғаламат өзгерістердің нәтижелері өз бағасын ғасырлар бойы күтеді. Бұл орайда екі ел де егемен мемлекетке айналған, түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасалған, мемлекетаралық қатынастардың жаңа тұрпаты нақты мазмұн он жыл уақыт қас қағым сәт секілді.

Он жыл — адам ғұмырының елеулі кезеңі. Экономикалық қыспақтар, саяси- идеологиялық бағдарлардың өзгеруі, дағдарыстар мен оқтын-оқтын туындап жататын проблемалар сынынан өте келіп, Қазақстан мен Ресей соңғы жылдары: қоғамдық өмірдің нақты демократияландырылуына, экономикадағы түбегейлі өзгерістерге ғана қол жеткізіп қойған жоқ, тәуелсіз мемлекеттер ықпалдастығының мүлдем өзге; бұрындары мүмкін емес деңгейіне көтерілді, 1998 жылы шілдеде қабылданған, "XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы декларщия" атауы оның ең айшықты анықтамасы бола алады.

Біздің елдеріміздің серпінді де өзара тиімді ынтымақтастығының іргесін, қалауға, оның бүкіл содан былайғы барысына Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Ресейдің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин және Ресей мемлекетінің қазіргі басшысы В. В. Путин қосқан үлес өлшеусіз.

Қазақстан мен Ресей жаңа мыңжылдыққа сенімді әріптестер ретінде ғана емес сонымен бірге әлемдік экономикалық және саяси үдерістердің белсенді қатысушылары болып келді. Бүгіндері XXI ғасырдың бастауында Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясы халықаралық қоғамдастықтың тең және лайықты мүшелері болып табылады, және де олардың әлемдік кеңістікке тартылуының бүгінгі деңгейі екінші сауалға да орнықты жауап қайтаруға мумкіндік береді. Иә, Қазақстан да, Ресей де өздерінің бірлескен және біріккен күш-жігерімен әлемдік өркениет үдерісіне белсенді қатысушыларға айналды.

Мемлекеттер басшыларының берік саяси ерік-жігері мен қажыр-қайратының арқасында Қазақстан-Ресей қатынастары нақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне көтерілді. ынтымақтастықтың қуатты берік негізі мен серпінді үрдісі біздің мемлекеттеріміздің жан-жақты өзара қарым-қатынасы таяу және көз жетерлік болашақта да біздің елдеріміз халықтарының мызғымас достығы тиімді дамып, нығая беретініне сенеді.

 

 

 

І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары

1.1. Қазақстан және  Ресей қарым-қатынастарының

жаңа бағытының орнауы, кезеңдері.

Еуразия кеңістігінің бұдан оншақты жылдар бұрын Кеңес Одағы деп аталған бөлігінде қазіргі Қазақстан бұрынғысынша Ресей Федерациясынан кейінгі ең үлкен мемлекет дейтін орнын сақтап қалып отыр. КСРО шеңберінде біртұтас өмір сүрген жылдарда біздің елдеріміздің әрқайсысында құралған халық шарушылық кешені жалпы одақтық экономикалық әлуетті қалыптастыруда ұдайы маңызды рөл атқарып келген болатын. Дегенмен олардың мейлінше мәнді үлесі әсіресе ресейлік және қазақстандық үлестердің өзара әрекеттестігінен неғүрлым анық көрінетін еді.

Табиғи ресурстарға бай Қазақстан аумағы жергілікті тұрғындардан болсын, Ресейдің әр алуан өңірлерінен болсын елеулі мөлшерде еңбек ресурстарын тартатын. Мұның сыртында, белгілі бір себептермен басқа да одақтас республикалардан қоныс аударған көптеген; халықтардың өкілдері Қазақстан жерінде өздерінің екінші Отанын тапты. Шын мәнінде Қазақстандағы демографиялық жағдайдың әрдайым түрлі ұлттар өкілдері үлесінің мейлінше жоғары болуымен сипатталған тарихи ерекшелігімен қоса, бұл адамдардың өзара қарым-қатынасындағы өзіндік бір "қазақстандық" үлгіні тудырады. Сондықтан одақтық мемлекеттің ыдырауымен іле-шала келген орталықтан бекіту ұлтшылдық пен сепаратизм үрдістері белең алып тұрған жағдайда Қазақстан, басқа көптеген тәуелсіз жаңа мемлекеттердей емес өзін еш уақытта көршілес және аулақтау аймақтарға қарсы қойған жоқ. Қайта, керісінше, оның басшылығы бағы таймас құндылықтардан – өзара көмектен, экономикалық байланыстардан, мәдени барыс-келістен және басқалардан ада-күде көз жазып қалмау үшін барынша күш-жігерін жұмсап, жаңа жағдайда оларды сақтап қалуға тырысты.

Екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамытуды неғұрлым белсенді түрде жақтап, салмақты кірігушілік бастамаларын мақсаткерлікпен ұсынып, оларды жүзеге асыра бастаған дәл осы Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаев болатын.

Бүгінде нақты стратегиялық әріптестік ретінде сипатталып отырған мемлекетаралық қатынастардың берік іргетасы көбіне-көп Қазақстан мен Ресей президенттерінің өткен он жылдықтағы табанды саяси тынымсыз іс-әрекетінің арқасында қаланғанын атап айту керек.

Мемлекетаралық кұқықтық қатынастардың қалыптасуы (1991 жылғы желтоқсан - 1992 жылғы мамыр) Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болардың алдында Кеңес Одағы аса күрделі әлеуметтік-саяси сілкіністер мен өзгерістер кезеңінен өтті. КСРО өмір сүрген соңғы екі жыл бойынша одақтық мемлекетті жаңа саяси жағдайға сай реформалаудың ықтимал жолдарын іздестірудің қиын-қыстауы бастан өткені баршаға мәлім. Бұл бағыттагы негізгі күш-жігер "новоогаревтік келісімдер" дейтінді әзірлеуге топтастырылды, оның жұмысы КСРО президенті М. С. Горбачевтің тікелей басшылық етуімен жүргізілді. Әрі десе, "новоогарев үдерісіне", одақтас он бес республикамен коса, олардың құрамына кіретін автономиялар да қосылды, ал бұл оның онсыз да шектен асып кеткен "мүдделі тараптар" шеңберін одан әрі далитып жіберді.

Мұңдай жағдайда одақтық мемлекеттің жаңа принциптер негізінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және қалыптасқан саяси шындықты ескеретін өзара тиімді әрі келісімді құжат жасау аса қиынға соғып, сүйретіле түсті. Зерттеу үдерісінің негізінен «сынау мен құлау" әдісі арқылы жүргізілгенін дәстүрлі көзқарастардың кемістігі деуге болар еді. Бірақ ұзын арқан, кең тұсау сүйретпеге салу мен бітіп болмайтын келісім алудың жауапкершілігі келіссөз үдерісіне қатысушы базбіреулердің мойнында кетті. Ал бұл екі арада бұрынғы Одақты сақтап қалу немесе Еуразия кеңістігіндегі оның мұрагері есепті федерациялық яки конфедерациялық мемлекет құру мүмкіндігі барған сайын нақтылығын жоя берді.

1990-1991 жылдары  барлық одақтас рсспубликаларда әр түрлі қарқынмен өзін-өзі билеу үдерісі жүре бастады. Одақтық басшылық әуелгіде тек экономикалық дербестік туралы мәселе қойған Балтық жағалауы республикаларының бастамасын тым секемдікпен қабылдады. Ал ұлтаралық қатынастардың ушыққан проблемалары алға шыққан Күнгей Кавказ республикаларындағы үдерістер қоғамды реформалау мәселелерін дер кезінде әрі біліктілікпен шешуге одақтык биліктің дәрмснсіз екендігін көрсетті.

Одақ президентінде қалыптасқан жағдайдан шығудың ғылыми нсгізделген нақты жоспары болмады, ондай жоспар 1991 жылғы тамыз бүлігінің бастаушыларында да болған жоқ. Елдің жоғары басшылығындағы "тарландар жасағының" қатарында алмағайып сәтте тиісті шешім қабылдай алатын кең пішімді, кемел ойлы басшы болмай шықты.

Осындай жағдайда болмай қоймайтын орталықтан безіну үдерісі тасқынды сипат алғаны таңданарлық емес, ал жаңа демократиялық басшылық мұндай бұлтармас үдерісті бақылауға ынталы болған жоқ, тіпті бақылай алмайтын да еді, сөйтіп, нәтижесінде 1991 жылдың соңына қарай бұрынғы Кеңес Одағының қираған жүртында он бес жаңа, егемен мемлекет пайда болды.

Қазақстан өзін 1991 жылғы 16-желтоқсанда тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Қазақстан мен Ресейдің тәуелсіз мемлекеттер мен әріптестер ретіндегі екі жақты қарым-қатынасындағы жаңа үлгінің қалыптасуы мен дамуы сол кезден басталды деп есептеуге болады.

Алғашқы кезеңде Қазақстанда, кеңестік дәуірден кейінгі өзге де елдердегі сияқты, саяси, экономикалық салалар мен елдің ішкі өмірінің басқа да салаларын реформалаумен қатар, мемлекетаралық құқықтық қатынастардың сонарлы пошымдарын белсенді түрде іздестіру қолға алынды. Өздеріне таңсық жаңа жағдайға тап болған тәуелсіз жас мемлекеттер мемлекетаралық қатынастар саласында сақтық жасауды, әсіресе Одақ бойынша бұрыңғы көршілерімен абай болуды жөн санады, Олар: бір-біріне жақындасуды көбінесе күні кешегі ортақ мемлекет халықтары арасындағы дағдылы қарым-қатынасты ретке келтіруге мүмкіндік беретін кезек күттірмес, аса қажетті табиғи байланыстарды қалпына келтіруден бастады. Содан соң барып оларды құқықтық рәсімдеу сатысы басталды.

Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін іздестірудің немесе ажыратудың осы бастапқы кезеңін белгілі бір дәрежеде бұрынғы одақтас республикалардың бәрі де бастан өткерді. Қазақстан мен Ресейдің бағына қарай, бұлардың мысалында екі жақты қатынастардың алғашқы тұрпатын қалыптастыру үшін тиянақ-тұрақ бар болатын. Олардың негізіне атам заманнан бері ұлан-ғайыр еуразиялық кеңістікте қатар өмір сүрген бауырлас халықтардың ғасырлар бойғы тату көршілік, достық және өзара көмек дәстүрлері алынды.

Қазақ КСР мен РКФСР арасындағы 1990 жылғы 21-қарашада жасалған шартты еске алсақ та жетіп жатыр. Бір мемлекеттің құрамындағы одақтас екі республика арасында жасалғанымен, ол, соған қарамастан, өздерінің егемендігін жариялаған тәуелсіз мемлекеттер арасында қалыпты құқықтық қатынастар орнатудың арқау жіптей өзегіне айналды. Екі ел арасындағы құқықтық қатынастарды айқындаудың алғашқы қадамы болғандықтан, осы құжаттың негізгі принциптеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтейік. Бұл шарт Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарындағы құқықтық негіздердің сұлбасын жәй белгілеп қана қоймай, оны екі мемлекеттің де мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияларының қағидаларына толық сәйкес жоне соларды ескере отырып іске асырғанын атап айту керек.

Онда: Мәртебелі уағдаласушы тараптар Қазақстан мен Ресей Федерациясы халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан достық дәстүрлерін, тығыз экономикалық және мәдени байланыстарьш дамыта беруге ұмтылады, мемлекетаралық қатынастарын егемендік теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылык, аумақтық тұтастығын құрметтеушілік, даулы мәселелерді жалпы жұрт қабылдаған халықаралык құқық нормаларына сөйкес келісім жолдарымен реттеушілік негізінде дамытуды көздейді делінген.

Құжатқа сәйкес, Мәртебелі уағдаласушы тараптар бірін-бірі егемен мемлекеттер деп таниды және екінші жақтың мемлекеттік егемендігіне нұқсан келтіруі мүмкін іс-әрекеттерден тартынуға міндеттенеді.

Кейін барлық тәуелсіз мемлекеттердіц өзара қарым-қатынасындағы аса маңызды жағдайлардың біріне айыпталған азаматтық мәселелері сол кезеңдегі Қазақстан-Ресей қатынастарының мысалында Шарттың 2- және 3-баптарымен реттелді. Оларда тараптар, өз азаматтарының ұлттық және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, олардың іс құқықтары мен отандықтары болатынына кепілдік берді. Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Ресей аумағында тұратын барлық КСРО азаматтарына азаматтық туралы заңдарды қабылдағаннан кейін өздері тұратын тараптың азаматтығын сақтау құқығына кепілдік берді. Әр тарап шарт жасасушы басқа тараптың азаматтарына, сондай-ақ өз аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, олардың кай ұлтқа жататынына, қандай дінді ұстанатынына және басқа да айырмашылықтарына қарамастан, адам кұқықтары туралы жалпы жұрт мойындаған халықаралық нормаларға сөйкес азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар беруге кепілдік жасады.

Тараптар өз аумағын мекендейтін аз ұлттардың және қалыптасқан бірегей этномәдени аймақтардың этностық, мәдени және діни ерекшеліктерін дамыту меп сақтауға ықпал етуге міндеттелді.

Мазмұны жағынан алғанда шарттың 5-бабының неғұрлым дәйекті сипаты бар. Онда тараптар өз халықтары мен мемлекеттерінің саясат, экономика, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, ғылым, техника, сауда, гуманитарлық және басқа да салаларда тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып, кең ауқымды ақпарат алмасуға ықпалдастық жасайтыны және өзара міндеттемелерін мүлтіксіз орындайтыны айтылған.

Информация о работе 1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары