Ұлы Сүлейман сұлтанның қоғамдық – саяси қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 15:48, реферат

Краткое описание

Ұлы I Сүлеймен (Кануни Сұлтан Сулейман); 6 қараша 1494 — 6 қыркүйек 1566) — 1520 жылдан бастап өмірінің соңына дейін, яғни 1566 жылға дейін, басшылық еткен Османлы империясының оныншы сұлтаны. 1520 жылдың 22 қарашасынан бастап ел басқарып, 1538 жылдан бастап халиф атанған. Сүлеймен Османлылар әулетіндегі аса ұлы сұлтан болып табылады; оның кезінде Османлы Порты өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті. Батыста ол "Керемет Сүлеймен" атымен танымал, ал шығыста оны Осман ипериясының саяси істерін толықтай қайта құрғаны үшін Кануни деп атайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еуропалықтар оны Ұлы Сүлейман десе.docx

— 37.76 Кб (Скачать документ)

                                       Сүлейман, құрылысшы                                                                             Сүлейман Стамбулды Ислам өркениетінің орталығына айналдырғысы келді. Константинополда Сүлейман орасан зор сәулет өнері мен мәдени жобаларды жүзеге асырды. Стамбул  XVI ғасырдың ортасында сәулет өнер жағынан әлемдегі ең әсерлі және озық қалалардың біріне айналды.                                       Ол өзі жасаған бүкіл жобаның құрылысын бастаған еді, яғни солардың ішінен көпірлер мен сол ғасырда құрылыс жобаларымен бәсекеге түскен керемет, зәулім сарайлардың құрылысы еді. Тарихтағы ең тамаша және даңышпан жұмысшы ол Синан. Синанның қолымен салынған мешіттер ислам әлемінде, тіпті бүкіл әлем бойынша сәулет өнердің зор жеңісі болып есептелінеді. Оның дашпанды қасиетімен салған құрылыстары  үлкен құрметті қажет етеді.                                                                             Стамбулдағы оттомандардың ең зәулім және тамаша сәулет өнер туындыларының бірі Ұлы Сүлейманның мешіті «Сүлеймание».  Бұл мешіттің құрылысы 1550 – 1557 жылдар аралығында болды.  Ол тек қана Ұлы басшы Сүлейманның құрметіне арналып салынған ескерткіш емес, сонымен қатар Синанның дарындылығының белгісі. "Сулеймание" – Стамбулдағы аумақ жағынан екінші орынды алатын мешіт және Синанның Сүлейманға ұзақ уақыт бойы қызмет еткен кездегі салынған ең қымбат жауһар туындысы. Осы мешіттің құрылысымен байланысты аңыз әңгіме бар. Сол аңыз әңгіме бойынша мешіттің құрылы кезінде еуропалық бір монарх оған өзінің сыйластық көрсету мақсатымен Сүлейманның құрылысына үлкен көлемді алтын береді. Сүлейман болса оған өте қатты ызаланады. Соған қарамастан Сүлейман өзінің осы мешіттің және де басқа көптеген мешіттер салу үшін ақшасы жететіндігін көрсеткісі келген ол, сыйлаған сыйын мешіттің фундаментіне салуға бұйрық береді.                                                                  Ескі Стамбулдың ең биік жерінде тұрып, "Сулеймание" мешітінің өзіндік көркемділігін және ғажаптылығын көруге болады. Басқа да көп мешіттер сияқты ғибадатхана залының ішінде үлкен ауласы бар. Төрт мұнара ауланың бұрыштарында орналасқан. Төрт мұнара болу себебі оттомандардың ішіндегі Сүлейман төртінші билеуші болғандықтан. Тоғыз қылқима Осман әулетінің негізін қалағаннан бері Сүлейманның тоғызыншы билеуші болғандығын көрсетеді.                                                                                                                                 Ішіне 5000 адам сыйдырады. Мешіт қаланың Вефа ауданындағы көне бөлігінде орналасқан. Ол Заңшығарушы Сұлтан Сулейманның бұйрығы бойынша салынған. Құрылыс жұмыстары 1550-1557 жылдар аралығында болған. Жоба авторы – Синан. Мұнараның биіктігі – 53 м, диаметрі – 26,5 м, күн сәулесі 136 терезеден түседі. Мешітте төрт мұнара бар. Мешіттің ауласында бейіттер бар және көрші екі мазарда Сулейман мен оның әйелі Роксолана жерленген. Кейбір дерек көздерінің айтуы бойынша мешіт Алтын Мүйіз шығанағына қарай баяу жылжып бара жатыр.                                                                                                   "Сулеймание" – нің қонақ бөлмесі Стамбулдағы ең ашық және ақшыл. Ол өнерлі жолмен тандалынған боз мәрмәрдан жасалған. Мешіт тек қана ғибадатхана емес, сонымен қатар мұнда теологиялық мектеп, медициналық мектеп, асхана және төмен топтағы адамдарға арналған аурухана, түріктің моншасы мен караван – сарай болған.                                                          Сүлейман ұлы білімдар және өнерді аса қадірлеуші болды. Сонымен қатар Сүлейман поэзияға дарынды болды. Ол исламның ең дарынды ақыны болып есептеледі. Оның заманы кезінде өнер, музыка, поэзияның және философияның орталығына айналды. Сулейман суретшінің сау әскерін, діни ойшыл және Еуропадан келген философтарға қамқоршы болған. Сүлейман ел билеген кезде мәдениеттің қарқынды дамуы Осман тарихындағы ең креативті кезең болды. Осман империясына ұқсас бүкіл мәдениеттің формалары осы кезеңнен басталады.                                                                                             Осман империясын Сүлейман басқарған кезде, өнер және түріктердің өздері, Еуропа, Африка және Азия аумағында өмір сүретін халықтардың мәдениетін байланыстыратын Батыс және Шығыстың көпіріне айналды.      

                                        Ғадалатты Сүлейман                                                                                          Сүлейман ислам тарихындағы ең аса көрнекті мұсылман әмірші саналады. Ол ислам әміршісіне тиесілі барлық қадыр қасиетіне, соның ішінде ең маңызды әділдік қасиетіне ие. Құран Соломан патшаны әділдіктің үлгісі ретінде көрсетеді. Сүлейман Соломанның құрметіне арналып аталған, сонымен қатар оны Соломанның екінші ұлы ретінде қарайды.                   Сүлейман елді басқарған заманында Ислам әлеміндегі ұлы әділдік заманы болып есептелінді. 1525 жылы венициялық елші бұл адамдардың бақытты өмір сүретін орны деп жазған. Ол соғыс пен әлемді бақылап отырады. Ол жер алтынға, адамдарға, кемелер мен тәртіптілікке бай болып келеді. Ешбір ел онымен салыстыруға тұрмайды.                                                                           Осман империясындағы ең маңызды мемлекеттік лауазымдарды титулға емес, ақыл мен еңбек күшіне байланысты беріліп отырған. Еуропа көсемдері Осман империясының жылдам гүлденуіне таңғалып,  мұндай жетістіктің себебін білгілері келген.  Жай қойшы ұлы уәзір бола алады? – деп венециандық сенат қатты таңғалады. Олардың елшілері империядағы жағдайларды айтып береді. Тіпті әрбір құл сұлтанның құлы болғаны үшін мақтан ететін. Исламның күші екінші сорт адамдарының санымен артады. Сүлейманның сегіз ұлы уәзірлері христиан болды және Түркияға құл ретінде алып келген. Жерорта теңізін басқарушы теңіз қарақшысының патшасы Барбари – теңіз қарақшысы, еуропалықтарға Барборосса атымен танымал Сүлейманның жанында адмирал атанды және Италия, Испания, Солтүстік Африкамен шайқасқан теңіз флотын басқарды. Сүлейман сол заманның ең ақылды және дарында адамдарын өзіне тартқан. Ол лауазымға лайықты адамға ғана титулды берді, ал олар шексіз адалдықпен өздерінің ризашылығын білдірді. Алайда Улема, киелі заңның немесе Шерияның қамқоршысы, әділқазылар және мұғалімдер құранмен тәрбиеленген Түркияның ұлдары саналды.                                                                         Сүлейман жаулап алушы болды, алайда ең мейірбан және рақымшыл. Еуропада құрған оның заңдары күш пен зорлық – зомбылықтан гөрі, сабырлыққа негізделген. Тіпті әкелік қамқорлыққа негізделіп жазылған. Ол таңқаларлықтай төзімді адам болған. Қазіргі күнге дейін Венгрияның провинциясы туралы аңыз айтылады. Сол аңыз бойынша Сүлейман алманы рұқсатсыз жұлып алғандыда қылмыс деп санаған, сол себепті қылмысқерді жазалау үшін арнайы сарбазы да болған.                                                   Венгрияның патшасы Сүлейманға әкесі ретінде қараған, ал ол болса оған ұлындай болған. Чарльз V және Франсуа I бір – бірімен қайшылыққа келген кезде немесе екеуінің біреу бір бәлеге ұшырағанда Сүлейман оларға әрқашан көмекке келетін. Ал олар оған өздерінің өмірлерін қорықпай табыстаайды. Бұған ең басты себеп, Сұлтан Сүлейман заң шығарушы хан патшалардың ішіндегі ең әділеттілігімен ғана танымал емес, сонымен қатар оның бүкіл жанжалды шешуге күші жеткілікті болды. Сүлейман әділеттілікке және адылдыққа аса зор мән берді. Бір күні Египеттен келген салық төлеу құнынан жоғары болды. Сол себепті ол оның себебін анықтауға кірісті. Шын мәнінде Египетте халықтан тым жоғары салық алынған екен. Султан аз уақыттың ішінде әміршіні ауыстырды. Ол өте адал адам болғандықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығып, қылмыскерлерді жазалаған еді. Осындай жақсы қасиеттерге ие ел билеуші сол кезде өте аз болған.                                                                                                                                   Сүлейман Осман империясының тарихында үлкен із қалдырды. Осман империясын Ұлы Сүлейман басқарған кезде елдің гүлденуі шарықтау шегіне жеткен еді және мәдениет, қоғамды, саяси және әскери жоспарда ең құдіретті империяға айналды. Ұлы Сүлейман, Сұлтандардың Сұлтаны, үш континентті басып алған, XIV ғасырда бүкіл әлемді таңқалдырған және Осман империясын биік шыңдарға көтерген, бұл ерекше тұлға бүкіл әлемді өзіне қаратқан.                                                                                                   Еуропалықтарға «Керемет Сүлейман» атымен танымал ол стратегияны білгіш адам болған. Көпшіліктің айтуынша, оның заңдары батыстықтарға ең басты заң болып табылады. Библиялық Соломонның құрметіне аталған Сүлейман заң шығаруға данышпандық көрсетіп, елде тыныштық пен тәртіп орнатты.                                                                                                         Сүлейманның күнделікті өмірі туралы деректер өте аз. Ол барлығын басқарған, былай қарасан өзінің  қалағанын бәрін жасай алайтындай жағдайы бар. Бірақ күнделікте өмірде екі әмиянды пайдаланатын. Біреуінде алтын, екіншісінде күміс болатын. Күннің аяқталған кезіне дейін ақшаны пайдаланбаса, құлдарына беретін.                                                                     Сүлейман 71 жасқа дейін өмір сүрді, соның ішінде  46 жыл елді басқарды. Оның өмірі зор жеңіспен және қайғылы оқиғаларға толы болды. 1526 жылы Сүлейманның бірінші Гүлбахар әйелі мен мұрагері Мұстафа болды. Султанның уәзірі әрі досы оған қыз сыйлады, кейін оған Хюррем деген есім берді.  Қазіргі уақытқа дейін оның кім екені белгісіз, бірақ кейбір деректерге сүйенетін болсақ ол Украинадан келген және аты Роксалина болатын, сонымен қатар оның аты – жөні  Анастасия Лисовская болған дегенде пікір бар. Осылай ол қыз Сұлтанның сарайына келеді, сол кезде Сүлейман оған шын жүрекпен ғашық болып қалады. «Сүлейманның мінезіндегі жалғыз ақауы әйеліне деген адалдығы» - Габсбургтан келген елші жазған. 32 жыл бойы және өмірінің соңына дейін бұл әйел Сүлейманды басқарған.

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

Сүлейман патша өте ерекше адам болды.Ол тек соғысу шеберлігімен, әскер бастап соғысумен ғана емес, ең алдымен өз жерінде бейбітшілік орнатқан, діни қақтығыстарға жол бермеген өте сабырлы әрі керемет дипломат ретінде тарихта із қалдырды.Ол өзі мұсылман бола отырып, елде діни фанатизмнің жайылуын болдырмады.Сүлейман сұлтан билік еткен жылдары елде Жарты ай мен Крест қоғамдары бірлесіп өмір сүрді.Түрлі ұлттар мен дін өкілдері бейбіт өмір сүрді.Христиандықтар мен еврейлер Стамбулда өмір сүріп, өз сенімдерін, қағидалары мен салттарын еркін ұстанды.

        Батыс тарихшыларының қөбісі Сүлейманды тек жаулап алушы ретінде біледі.Себебі, ол Еуропа халқына қорқыныш сезімін әкелді.Басқа да салт-дәстүрлермен бірге жаулап алушылық та Осман империясына Орталық және Шығыс Азия, Персия, Монғолия, Месопотамия жерлерінен қанмен, мұрагерлікпен берілді.Еуропада олар Венгрияны, Родосты, Грекияның қөп бөлігін және Австрия империясының бір бөлігін жаулап алған.Австрияның Вена қаласына дейін кірді.

        Өзінің билік еткен жылдары Сүлейман патша барлығы 13 әскери жорық жасады.Әскери жорықтар жасаумен қатар сұлтан Еуропаның саяси өмірінде басты рөлдің бірін ойнады.Сұлтан Сүлейман Римдік католик шіркеуі мен Ұлы Рим империясын тұрақсыздандырды.Еуропалық христиандар материкті 2 ірі христиандық топқа: католиктер мен протестанттарға бөліп тастаған кезде патша протестанттық бағытты қолдады.Себебі, ол Еуропаның саяси және діни тұрақсыз болғанын қалады.Кейбір тарихшылардың айтуы бойынша, егер Осман империясының қаржылай салымдары болмағанда, протестанттық бағыт қазіргі кездегі деңгейге ешқашан көтеріле алмас еді.

         Сүлейман Еуропада өте қатыгездікпен экспансия жүргізді.Еуропалықтардың шығысқа жорықтары неге алып келетінін ол өте жақсы түсінді.Исламға үлкен қауіп ретінде көрді.Ресей мен Үндістанмен саудаға қысым жасау мақсатымен Португалия Шығыс Еуропадағы біраз қаланы жаулап алды.Еуропаны жаулап алу үшін Сүлейман Еуропалық экспансия жүрген барлық мұсылман елдерін қолдау саясатын ұстанды.Бұл Сүлейманның өзін Исламның жоғарғы Калифы атауына құқық берді.Ол тарихтағы ислам дінінің ең үздік қорғаушысы болды.

        Сұлтан Сүлейманның қолынан келгені қазіргі кезде, өкінішке орай, ешкімнің қолынан келмеуде.Еуропалық, американдық мәдениеттің мұсылман елдерінде таралуынан қорғайтын исламның қорғаушысы қазіргі кезде жоқ болып отыр.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века. — Л.: Издательство Ленинградского университета, 1958. — 390 с.
  2. История народов Северного Кавказа с древнейших времён до конца XVIII в.. — М.: Наука, 1988. — С. 313.
  3. Турция // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
  4. Турецкие войны // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
  5. И. Б Греков, Институт славяноведения и балканистики (Академия наук СССР) Османская империя и страны Центральной, Восточной и Юго-Восточной Европы в XV-XVI вв: главные тенденции политических взаимоотношений. — М.: Наука, 1984. — С. 165.                             

 


Информация о работе Ұлы Сүлейман сұлтанның қоғамдық – саяси қызметі