Мүсін өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2014 в 15:20, реферат

Краткое описание

Мүсінді «скульптура» деп те атайды. Ол латынның – sculptura деген сөзі, «қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал – аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма кеңістікті көруге, жан-жағынан толық қарауға әбден мүмкіндік береді. Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст – кеуделік мүсін; статуя – адам денесін тұтастай тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы композиция – бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма. Рельеф – тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2.docx

— 19.01 Кб (Скачать документ)

2.1            Мүсін өнері.

Мүсінді «скульптура» деп те атайды. Ол латынның – sculptura деген сөзі, «қашап жасау»  деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал – аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма  кеңістікті көруге, жан-жағынан толық қарауға әбден мүмкіндік береді.  Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст – кеуделік мүсін; статуя – адам денесін тұтастай  тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы  композиция – бірнеше адам тобын  сомдаған мүсіндік көркем шығарма.  Рельеф – тек бір жағынан  қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі  мүсіндік  бейне.  Рельеф екі түрге бөлінеді: яғни жартылай сомдалған нәрсе жазықтың бетінен аз шығып тұрса , барльеф  деп аталады, ал жазықтың жартысынан көбірек, дөңестеу  шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады.  Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон  өнерлерінің ішіндегі  ең көрнекті, көзге түсер көркемдік  ықпалы мол өнер осы  мүсін болып  табылады. Мүсін – ең ежелгң өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған  жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек, шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Әр өнердің біздің қоршаған дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі – бояу, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады.  Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды.

2.2.  Тас мүсіні .Тағы бір қатты скульптуралық материал – тас – көптеген себептерге байланысты әуесқойға біршама қиын. Түрлі тас жыныстарының ішіндегі скульптура үшін ең жақсысы ақ мәрмәр (грекше mramoros – жарқыраған)  болып табылады, ол антикалық скульптура  өте кең тараған. Адамзат тарихының  сан ғасырлары ішіндегі бұл тас өзіне  лайықты бәсекелес тапқан. Антикалық әлем өзінің көркемдік деңгейі   жағынан маңдай алды мәрмәр мүсіндерді ғана емес, осы материалды өңдеу техникасындағы  барлық басты нәрселерді де береді. Қардай аппақ, ішінара жарық өткізетін, өзіне түскесн жарықты өзінің сыртқы  бетімен ғана емес, сондай-ақ  материалдың тереңінен де шағылыстыратын мәрмәр шебердің  қолымен натураның тынымсыз өміршеңдігі мен тыныс беруге қабілетті. Сондықтан да  ол әрдайым мүсіншілердің  сүйікті материалы болып келді.және солай болып қала береді.Атақты француз мүсіншісі ең жақсы материал деп есептеді. Мүсіншілер скульптураның сипаты мен атқаратын қызметіне қарай тастың басқа да көптеген жыныстарын пайдаланады.  Олардың іштеріндегі ең көп тарағаны – түрлі қаттылық пен құрылымға ие грани, құмай тас, әк тасы. Сондай-ақ көптеген неғұрлым сирек кездесетін және қымбат тас жыныстары қолданылады.

2.3.Қорытынды. Бектауата таулары баяғы заманда «Маяк» ретінде болған.  Аңшылар, жолаушылар жолды осы тауларға қарап тапқан екен.  Тау етегіндегі тастарды әшекецлеу туралы ой жаз мезгілінде «Факел» лагеріне барған кезде пайда болды.  Саяхатқа отрядпен барғанда түрлі  гранитті тастарды  тауып, пішінін ойлап, тастарға сурет салып боядым.  Ең бірінші тастың пішініне қарап, өз қиялыммен сурет салдым. Алғашқыда қарындашпен, көмірмен  суретін салдым да, содан кейін гуашьпен бояп, одан кейін түссіз лакпен лактадым.  Бұл тастар сәндік қолданбалы өнерге жатады, сувенир ретінде  әшекейледім.  Көркемдегі жағынан эстетикалық мәні зор,  ерекше құндық заттар болып табылады. Бұл тастар өзінің әдемілігімен , әсемдігімен көз тартады. Қандай нәрсенің болсын кескінін белгілегенде  ең алдымен оның шамамен болса да  жалпы пішінін белгілеп алып, сонан кейін  ұсақ-түйектерін кескіндеуге көшу.қажет. бұл бейнелеу  өнерінде  бүтіндік заңы деп аталады. Сурет салардығ алдында  ең алдымен салынатын суретті қағаз бетіне дүрыс орналастыру  керегін алдын ала ойластыру қажет.  Бұл жұмысты бастағанда әуелі суреттің  жоғарғы және төменгі (сол жағы мен оң жағындағы) шекараларын белгі алу керек. Бірақ, тастың жиектерінен ашық орын қалдырып отырған дұрыс.  Сонда сурет жинақы, әдемі болып көрінеді.  Негізгі пропорцияларды белгілегенде өте мұқият болған жөн. Суреттің жалпы биіктігі мен енін  анықтамас бұрын, бейнелейтін объектіні мұқият зерттеп, оның негізгі пропорцияларын белгілеуге  көшуге болады. Шығарманың жоспары үйлесімді, қисынды жетілдіру үшін эскиздер жасау керек. Кез келген пейзаждың басты элементтері – жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін  ең алдымен осы элементтерді, әсіресе ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әтпесе  пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады – барлық аңаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбейлігі сөзілмейтін болады, таулар мен бұлт өзіне тән формаларын жоғалтады. Пейзаждың суретін салған кезде  ең алдымен бейнеленген көріністің шегін анықтап алу керек. Сурет салуды жаңа бастаған суретші  алғашқы кезде көрсеткіш тетікті – ортасынан тік  бұрышты тесік кесіп алынған картонды немесе қағазды пайдалана алады. Әдетте көкжиек төмен  деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде (суретші, мысалы, таудан қарап тұрғанда), төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алса деген тілек пайда болады.

 


Информация о работе Мүсін өнері