Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 16:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.
Курстық жұмысымның міндеті:
пассивтік операциялардың және олардың құрылымының экономикалық мазмұны;;
коммерциялық банктің меншікті қаражаттары және оларды құру мен қолданылуы;
коммерциялық банктің тартылған ресурстары;
коммерциялық банк пассивтерінің талдауын жасау;
депозиттерді ынталандыру мүмкіндіктерін зерттеу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Пассивтік курстык жумыс.doc

— 242.00 Кб (Скачать документ)

6.  Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және балансқа кірмейтін операциялар бойынша тәуекел.    

7.  Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері. Бұл жерде тәуекелдер реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша шектеулер енгізілетін жабық тәуекелдерге бөлінеді.     

Сонымен, банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қолданған элементтердің сипаттамасы бойынша банкте тәуекелдердің бүкіл түрлерін бағалау жүйесі құрылып, оларды туғызатын себептер мен жиынтық түрдегі барлық тәуекелдерді басқару мүмкіндіктері айқындалуы тиіс деген қорытынды жа-сауға болады. Банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (клас-сификациясы) өзінің негізі мен банк қызметіне тереңдеп енуіне қарай алуан түрлі болып саналады.                   

 1.4   Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.     

Коммерциялық  кәсіпорынның  бір  түрі  ретінде  банк  мекемесінің  өзіндік  ерекшелігі  мынада:  оның  көптеген  ресурстары  өзіндік  қаражаттың  есебінен  емес,  қарыз  қаражатының  есебінен  қалыптасады.  Банк  қаражатының  құрамы  әр  түрлі.  Оның  негізгі  түріне  банктің  өз  клиентурасымен  жұмыс  істеу  процесінде  тартқан  (депозит  деп  аталатын)  қаражат  және  өзге  несие  мекемелерінен  қарызға  (банкаралық  несие  арқылы)  алған  қаражат   жатады.    

Депозиттік  операция  (латынша  depozitum – сақтауға  берілген  зат) -  клиент  қаражатының  банкке -  оның  уақытша  пайдалануына  берілетінін білдіретін  экономикалық  қатынас.             

 Депозит  тек  салымшыға  ғана  емес,  сонымен  бірге,  банкке  де  пайдалы.  Депозиттердің   көбісі  ссудалық  капиталды  құра  алады,  содан  кейін, ол  пайдалы  жолмен  кез келген  шаруашылық  саласына  орналастырылады.  Депозит  бойынша  проценттегі  және  қарыз  алушыдан  алынған  капитал  процентіндегі  айырмашылық  банктің  еркін  бос  ақшалай  қаражатты  тарту  бойынша  және  ссудалық  капиталды  орналастыру  бойынша  жүргізген  жұмысының  сыйақысы  болып  табылады.   Банктер  бұл  сыйақының  мөлшерін  арттыру  үшін  «жалған  салым  ақшаны»  құру  арқылы  өзінің  ресурстық  базасын  ұлғайтуға  ұмтылады.  Ал  бұл  «жалған  салым  ақшаның»  пайда  болуына  талап етілмелі  шот  өз  септігін  тигізеді.        

 Депозит  шоттары  әр  түрлі   болуы  мүмкін.  Оларды  жіктеуді  негізінде  салым  ақшаның  көздері,  олардың  мақсатты  тағайындауы, табыстылық  деңгейі  және  т.б.  секілді  өлшемдер  болады,  алайда  өлшем  ретінде  көбінесе  салымшының  категориясы  мен  салым  ақшаны   алудың  формалары  алға  шығады.    

Салымшының  категорияларына  қарай  депозиттер   былайша  бөліп  көрсетіледі:

  • заңды  тұлға (кәсіпорын,  ұйым, өзге де  банктер);
  • жеке  тұлға.

 

              Халықаралық тәжірбиеде қолданылатын  депозиттердің   түрлері:

  • талап  еткенге дейінгі депозиттер
  • мерзімді депозиттер
  • жинақ салымдары
  • бағалы қағаздар

 

    Талап  еткенге дейінгі депозиттер -  клиент  тарапынан  банкке  алдын  ала  хабарлаусыз  кез  келген  сәтте  талап  етілуі  мүмкін  қаражат.  Оған  ағымдық,  есеп  айырысу,  бюджет  шоттарындағы  қаражат  және  есеп  айырысуды орындаумен  немесе  қаражаттың  мақсатты  пайдаланылуымен байланысты  өзге  шоттардағы  қаражат кіреді.  Талап етілмелі  депозит ағымдағы есеп  айырысуға арналған.  Клиенттер есеп  айырысуды жүргізу,  төлемдерді  төлеу және  банк  делдалдары  арқылы  ақшалай  қаражатқа  ие  болу  үшін  мұндай  шотты  ашу  туралы  бастаманы  өздері   көтереді.  Қаражаттың  бұл  шот  бойынша  қозғалысы  (түсуі  және  есептен  шығарылуы)  қолма –қол  ақшамен,  чекпен,  аударыммен,  басқадай  есеп  айырысу құжаттарымен  рәсімделуі  мүмкін.     

Банк  өтімділігін  басқару  тұрғысынан  алғанда  банктер  үшін  ағымдағы  және  бюджеттік  шоттар,  капитал  салымын  қаржыландыру  жөніндегі  шот,  арнайы  тағайындау  шоты  пайдалы  болып  табылады,  өйткені  қаражаттың  осылар  бойынша  қозғалыс  сипаты  (жүзеге  асырылатын  немесе  келіп  түсетін  аударымдардың  сомасы,  мерзімі,  кезеңділігі)  банкке  алдын  ала  белгілі  болуы  мүмкін.    

Талап еткенге дейінгі депозиттердің  түрлері:     

Контокоррент  (итальянша conto  corrente -  ағымдағы  шот) -  бұл бірыңғай  шот.  Онда  банктің клиентпен жүргізген барлық  операциялары  ескеріледі.  Контокоррентте,  бір жағынан, банк  ссудасы мен клиенттің тапсырмасы  бойынша шоттан  төленетін барлық  төлемдер,  екінші  жағынан,  аударымдар,  салым ақшалар,  қайтарылған ссуда түрінде шотқа түскен  қаражат көрініс табады.  Осылайша,  бұл есеп  айырысу мен ссуда шоттарының  қосындысын  білдіретін  активті- пассивтік шот болып табылады.  Несие сальдосы  клиенттің өзіндік  қаражатқа  ие  екенін  білдірсе,  ал  дебет  сальдосы  айналымға қарыз  қаражатының  тартылғанын әрі  шот  иесінің  несие  бойынша  банктің  борышкері  болып  табылатынын  білдіреді.  Несие  сальдосы  бойынша  банк  клиенттің  пайдасына  процентті  есептейді,  ал  дебет  сальдосы  бойынша  берген  ссудасы  үшін  өз  пайдасына  процентті  өндіріп  алады.  Әрі –беріден  соң,  процент  шот  иесінің  пайдасына  қарағанда  банктің  пайдасына  ең  жоғары  мөлшерлеме  бойынша  есептеледі.  Контокорренттік  шот  ерекше  сенімділік  танытудың  белгісі  ретінде  сенімді  клиентке  бірінші  класты  қарыз  алушыға  ашылады.  Қаражаттың  түсуіне  жұмсалатын  шығын  артатын  болса,  шот  иесі  әрбір  жеке  жағдайда  несиені  арнайы  рәсімдеусіз  келісімшартта  белгіленген  сомада  ала  алады.     

Контокорренттік  шотқа  овердрафтық  ағымдағы  шот  ұқсас  болады.  Бұл  шот  клиент  пен  банктің  арасындағы  келісімнің  негізінде  несиенің  қарызға  алынғанын  білдіретін  қаражат  қалдығының  шамасынан  асып  түскен  соманы  белгілі  бір  мөлшерде  есептен  шығаруды  ұйғарады.  Алайда  бұл  шотты  ажырата  білу  керек.  Овердрафтіде  (контокорренттіге қарағанда)  мұндай  қарыз  алу  жағдайдан  жағдайға  қарай  жүзеге  асырылады,  яғни  сипаты  тұрақты  емес.    

Нау шоттары пайыздық мөлшерінің жоғарғы шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін.    

Супернаушоттары қолма қол ақшаны қолдану шоттары.      

 «Мерзімді»  депозит  шотына  аударуға  (банкке  қаражатын   орналастырған  клиенттің   табысын  арттыру  және  банктердің  несиеге  беретін тұрақты ресурстарын қалыптастыру  мақсатында  болатын талап етілмелі  шоттағы қаражат үлесінің  есеп айырысуы  мына  формула бойынша жүргізіледі:    

Мерзімді  салым  ақша – бұл  банктің  белгілі  бір  мерзімге  тартқан  депозиті.  Өзіндік  мерзімді  салым  ақша  мен  алдын ала  хабарда  етілетін  мерзімді  салым  ақша  бөліп  көрсетіледі.     

Өзіндік  мерзімді  салым  ақшада  қаражат  банктің  иелігіне  келісімшарт  бойынша  белгілі  бір  мерзімге  және  белгілі  бір  шарттармен  беріледі,  ал  оны  мерзімі  толған  сң  иесі  кез  келген   уақытта  өндіріп  ала  алады.  Мерзімді  салым ақша  бойынша  клиентке  төленетін  сыйақының  мөлшері  депозиттің  сомасына,  мерзіміне  және  салымшының  келісімшарт  шарттарын  қалай  орындағанына  қарай  белгіленеді.  Салымшы  салым  ақшасын  неғұрлым  ұзақ  мерзімге,  әрі  көп   сомаға  салатын  болса,  оның  сыйақы  мөлшері  де  неғұрлым  жоғары болады.  Қолданыстағы  іс- тәжірибе  мерзімді  салым  ақшаны  1, 3, 6, 9 , 12  айға  немесе  одан  да  ұзақ  мерзімге  рәсімдеуді  қарастырады.  Мұндай  детальдық  градация  (бірте –бірте)  салымшыларды  өз  қаражатын  ұтымды  ұйымдастыруға  және  орналастыруға  ынталандырады,  сондай-ақ  банктің  өз  өтімділігін  басқаруына  жағдай  жасайды.    

Алынатын  мерзімі  алдын- ала хабарланатын  салым ақшада  клиент  өз  қаражатын келісімшартта белгіленген мерзімде  (1-3,  3-6,  6-12  және  одан  да  көп айларға тең)  өндіріп алатынын  банкіге алдын –ала  хабарлап  қояды.  Салым ақшаның проценттік  мөлшерлемесі  алдын –ала  хабарланған  мерзімге  қарай  анықталады.    

Мерзімді  салым  ақшаның  сомасы  қомақты  сомамен анықталады,  әрі  келісімшарттың  әрекет  ету  мерзімі  ішінде  өзгеріссіз  қалады.  Мерзімді  салым  ақша  ағымдағы  төлемдер  үшін  пайдаланылмайды.  Егер салымшы салым ақшаның сомасын өзгерткісі  келсе,  яғни  оны кеміткісі немесе  көбейткісі  келсе,  онда  ол  қолданыстағы келісімшартты бұзып,  өз  салым ақшасын алып,  оны жаңа  шарттармен  қайта рәсімдеуіне болады.   Алайда,  ол  салым ақша бойынша қаражатын мерзімінен  бұрын алатын  болса,  келісімшартта қарастырылған проценттің  бір бөлігінен немесе одан  толық айырылуы  мүмкін.  әдеттегіше,  мұндай  жағдайларда проценттер   талап етілмелі  салым ақша  бойынша төленетін проценттің  мөлшеріне  дейін  кеміп  кетеді.     

Мерзімді  салым  ақшалар  банк  басшысы  мен  клиенттің  (салымшының)  арасындағы  келісімшартпен  рәсімделеді.  Банктер  әрбір  салым  ақша  бойынша  типтік  сипаты  болатын  депозиттік   келісімшарттың  формасын  дербес  әзірлейді.  Келісімшарт  екі  дана  етіліп  жасалады:  біреуі  салымшыда,  екіншісі  банктің  несие  немесе  депозит  бөлігінде  (банкте  бұл  жұмыс  кімге  тапсырылғанына  қарай)  сақталады.  Келісімшартта  салым  ақшаның  сомасы,  келісімшарттың  әрекет  ету  мерзімі  біткеннен  кейін  салымшының  алатын  проценті, салымшының міндеттері  мен  құқықтары,  келісімшартта  айтылған  шарттарды  сақтаудағы  тараптардың  жауапкершілігі,  дау- таласты  шешудің  тәртібі  қарастырылады.  Көптеген  банктер  өздерінің  ұсақ,  орташа  немесе  ірі  клиенттеріне  олардың  деңгейіне  қарай  анықтайтын  мерзімді  салым  ақшаың  ең  аз  шамадағы мөлшерін  белгілейді.  Ьанк  өз  тарапына  келісімшартта  қарастырылған  барлық   шарттарды  уақытында  орындауға  міндеттенеді.  Егер  келісімшарттағы  шарты  бұзатын  болса,  айталық,  иесі  қаражатын  немесе  ол  бойыша  процентті  уақытылы  қайтармаса,  айыппұл  немесе  өсімақы  төлейді.  Банк  пен  клиенттің  арасында  туындаған  дау –талас  төрелік  сот тәртібімен  шешіледі  (егер  салымшы  жеке  тұлға  болатын  болса).     

Мерзімді  депозит  пен талап  етілмелі  депозит  арасындағы  аралық  жағдайға  жинақ  ақша  салымы  ие.  Әдетте,  бұл  операцияны   Жинақ  ақша  банкісі  жүзеге  асыратын,  бүгінгі  таңда  ресурстар  үшін  жүріп  жатқан  қатаң  бәсекелестік  күрес  жағдайында  бұл  секторды  коммерциялық  банктердің  ссуда  нарығы  белсенді  түрде  игере  бастады.  Шетелдік  іс- тәжірибе  жинақ  ақша  операциясын  бөлек  қарастырады:  «Жинақ  ақша  салымын  айрықшалап  көрсететін  ерекшелікке  оның  иесіне  салым  ақшаның  бар  екендігін  куәліктің,  көбінесе – жинақ  кітапшасының  берілетіндігі  жатады.  Жинақ  ақша  депозиті  ақшаны  жинақтауға  қызмет  етеді.  Бұл  арада  төлемдер  шотына  орналастырылған  немесе  белгілі бір мерзімге  салынған  ақша  сомасы  жинақ ақша  салымына  қатысты болмайды».     

Салым  қаражатын  тарту  үшін  коммерциялық  банктер  шетелдік  тәжірибені  қосымша  пайдаланады,  оның  ішінде:

  • халықтың  қаражатын  тарту  бойынша  әр  түрлі  бағдарламаларды  әзірлеу;  салымшылар  мен  клиенттерге  кең  ауқымды,  оның  ішінде,  банк  сипатындағы  қызметті  (мәселен,  Медициналық  қызмет  көрсетудің  элементі  ұшырасатын)  көрсету;
  • «тыныш»  мақсатты   жарнаманы  (пошта,  телефон  арқылы)  пайдалану;
  • Салым  ақша  мерзімі  аяқталғанда  сыйлықақысы  төленетін  инвестиция  сипатындағы  салым  ақша  бойынша  жоғары  процент  мөлшерлемесін  пайдалану;
  • тұрақты  салымшыларға  «банкке  адалдығы  үшін»  сыйақы  төлеу;
  • банк  пен  клиенттің  экономикалық  мүдделерін  оңтайландыруға  мүмкіндік  беретін  НАУ  және  САПС  стпаттарындағы  аралас  шотты  пайдалану.

 

    Коммерциялық  банктердің  өзгешелігі  - олардың  өзгенің  қаражатымен  қызмет  жасауы.  Банк  капиталының  90%- ке жуығы  тартылған  қаражат. Тартылған  қаражаттың ең  үлкен  мөлшері  банктің өз  капиталына  байланысты  анықталады.  Әр  елде  өз  капиталы  мен  тартылған  капиталдың арақатынасы  әр түрлі  болады.  Ол  нормативтер 1:10 қатынасынан  1:100  қатынасына  дейін ауытқиды.  Мысалы, Швейцарияда  ол 1:12  қатынасы  болса,  ал  Жапонияда  1:83  қатынасына  тең.    

Коммерциялық  банк  кәсіпорындардың,  ұйымдардың. Мекемелердің,  халықтың  және  басқа  да  банктердің қаражаттарын  тартуы  мүмкін.  Тартылған  ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын  ресурстар және  ағымдағы  пассивтер болып бөлінеді.    

Басқарылатын  ресурстар  банкке  тартылған  мерзімдік депозиттерді  және  банкаралық  несиелерді  біріктіреді.    

Ағымдағы  пассивтер  есептесу,  ағымдағы  және  корреспонденттік  шоттардағы  қалдықтардан  құрылады.    

Салым (депозит) – ол  белгілі  бір  шартпен  иесінің  банкке  сақтауға  салған ақша  қаражаты. Ол  қолма- қол  ақша  немесе ақшаның  қолма- қол  емес  формасында,  ұлттық  немес  шетел  валютасында  салынуы  мүмкін.    

Ақша  қаражаттарын  салымға  тарту  депозиттік  операциялар деп  аталады.  Банктер  үшін  депозит  олардың  пассив  операцияларының  басты  түрі,  сондықтан ол  активтік  несие  операцияларын  жүргізудің  негізгі  ресурсы.               

 Салымдар  әр  түрлі  белгілерге  байланысты жіктеледі.  Салушысына  қарай  депозиттер  жеке және  заңды  тұлғалардың  депозиттері  болып  бөлінеді.  Банктен  алу  мерзіміне  қарай  мерзімді  және талап  бойынша  алынатын  депозиттер  болып  та  бөлінеді.  Талаппен  алынатын  депозиттерге қаражат толық  немесе  бөлікпен  салынып  және  иесінің  талабы  бойынша  дәл  сол  сияқты жолмен алынады.  Бұл  депозиттер клиент  ашқан  әр түрлі  шоттарда  орналастырылып,  қолма- қол  ақшасыз  есеп айырысуға  алынуы  мүмкін.     

Сонымен,  депозиттер -  коммерциялық  банктер ресурстарының маңызды  көзі.  Банктердегі  оның  құрылымы  ақша  нарығындағы  конъюнктураларға  қарай  әрдайым  өзгеріп  тұрады.  Дегенмен  банк  ресурстарын  құрудың  бұл  көзіне біраз  кемшіліктер  де  тән.  Банк  клиенттерден  қаражат  тартқанда  бірсыпыра  материалдық және  ақша  шығындарына  тап  болады.  Одан  басқа  салымға қаражат  тарту көп  жағдайда банкке  емес,  клиентке  байланысты.  Сондықтан  несие  ресурстары  нарығындағы  банктер  арасындағы  бәсекелестік  олардың  депозит  тартуға  мүмкіндік  беретін  қызмет  түрлерін  дамытатын шараларды  жүргізуге  мәжбүр  етеді.    

Информация о работе Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны