Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 17:17, реферат

Краткое описание

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

BZH SOZH.docx

— 31.26 Кб (Скачать документ)

- инвестициялык жобаны жүзеге асыруға байланысты нәтижелер мен шығындардың қаржылай мәндерінің айырмасын табуға негізделген күрделі салымдардың салыстырмалы тиімділігін бағалау (ішкі табыстылык әдісі);

- бастапқы   инвестициялык   шығындар   жобаны   іске асырудан түскен табыспен толық ақталатын күрделі салымдардың қайтымдылық кезеңін бағалау (өтімділік әдісі).

Ағымдық кұн  әдісі инвестициялык жобадан  келетін ин-тегралды экономикалық нәтижені анықтауға негізделген. Шетелдің экономикалық әдебиеттерінде бұл көрсеткіш Net Present Value (NPV) - ағымдық таза құн деген  атауга ие.

Интегралдык экономикалық нәтиже - ағымдык таза кұн (NPV) бүкіл инвестициялық кезең  ішінде жобаны жүзеге асы-ру үдерісінде жүргізілген дисконттық ақша табыстар мен төлемдерінің айырмасы ретінде  есептеледі.

Ағымдық таза құнның (NPV) оң мәні жобаны қаржыландыру туралы шешімнің дұрыстығын куәландырады, ал баламалы жобаларды салыстыруда  экономикалық нәтиженің мәні ең жоғары болса, ол жоба тиімді болып табылады.

Аннуитет  әдісі (ағылшынша annuity - әр жылдық рен-та) - мәні тұрақты және жүйелі түрдегі  табыстар ретінде түс-індірілетін  жылдық экономикалық нәтижені бағалауда  пайдаланады, ол табыстар ағымдық уақыт  кезеңінде дисконттала отырып, талданып отырған инвестициялық жобаның  интегралдық экономикалық нәтижелік  мәніне тең нәтиже береді.

Табыс индексі (PI - Profitability index) инвестициялық кезең  ішінде дисконтталған ақша шығындары  мен табыстар қатынасын сипаттайтын  көрсеткіш түрінде анықталады.

Инвестициялық жоба жөнінде шешім қабылдау келесі шарттармен белгіленеді:

- егер табыс индексі РІ бірден көп болса, жоба кабылданады,

- егер табыс индексі РІ бірден кем болса, онда жоба

қабылданбайд  ы.

 Алдыңғы  көрсеткіштердің ерекшелігі, табыс индексі инвестициялық кезеңі ұзақ болып келетін инвестициялык жобалардың экономикалық тиімділігін салыстыру арқылы пайдалануға болады, дегенмен, салыстырылатын жобалардың ұзақтығы бірдей болу абсолюттік бағалау әдістері үшін міндетті болып табылмайды.

Табыстылық  әдісі жобаның ішкі рентабельділігін (Inter¬nal Rate of Return, IRR), яғни инвестицияланатын капиталдың өсу қарқын анықтайтын есептік пайыз мөлшерлемесін анықтауға пайдаланылады.

Егер ішкі табыстылық мөлшерлемесі осы жоба үшін бекітілген ең аз табыстылық деңгейінен асса және бірнеше баламалы жобаларды салыстыруда ішкі табыстылык шамасы жоғары болғанда, онда жоба үнемділік жағынан тиімді деп есептеледі.

Сонымен қатар, ішкі табыстылык (IRR) көрсеткіші жобаны несие арқылы қаражаттандыруды шығынсыз аткару үшін қажет қарыздық пайыздың мөлшерлемесінің ең жоғары мәнін анықтайды. Шығынсыз дегеніміз - несиелік төлем үш-ін меншікті инвестициялық капиталдан түскен пайданы пайдаланбай-ақ жобаны жүзеге асыру.

Тәжірибе  жүзінде ішкі табыстылық көрсеткішін анықтауды рәсімдеу белгілі бір қиындықтар тудырады. Әр түрлі дисконттау мөлшерлемелердің ағымдық таза құнының (NPV) бірнеше мәнін есептеп шығаруға негізделген графиктік әдісті пайдалануға болады. Бұл жағдайда график абциссалар осін киып өтетін дисконт (R) мәні ізделінеді және ол ішкі табыстылықты (IRR) береді.

Өтемділік әдісі  инвестицияны қайтару кезеңін (өтелу мер-зімін) анықтауға арналған. Қайтару кезеңі - жобаны бастапқы инвестиция сәтінен бастап, дисконтталған таза ақша ағыны бастапқы күрделі салымды толығымен өтеу кезеңіне дейінгі уақыт аралығы. Осы сәттен бастап жоба пайда әкеле бастайды деуге болады. Бұл кезде ағымдық таза құн (NPV) көрсеткішінің өспелі нәтижесі оң мәнге ие болып инвестицияның толық өтелу сәтіне Төт сәйкес келеді.

Кеңістіктік оңтайлығы - инвестордың колында бар қаржы ресурсынан құндылығы асып түсетін бірнеше дербес инвестициялық жобаларды іске асыруға капиталдың ең көп жиынтық өсімін алуға бағытталған мәселелерді шешу деп түсіну керек.

 


Информация о работе Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері