Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2014 в 19:29, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….3

1 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні……… 4-6
1.2 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі………………………………………………………. 6-12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолда 12-17
2.2 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары…………. 17-23

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру………….. 23-28
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары……………………………………………………………... 28-30

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 30-31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………. 31-32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 77.10 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ  
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру  
Шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі. 
Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы  
Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екенін көрсетті, маңыздылары келесілер табылады: 
- саяси тұрақтылық; 
- елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі; 
- қолайлы инвестициялық климат; 
- басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі мен мүмкін табыс көлемі; 
- құқықтық қорғалуы, ашықтығы және тұрақтылығы; 
- жарамды, қолайлы өндірістік және нарықтық инфрақұрылым; 
- табиғи ресурстардың баршылығы мен құны; 
- валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі. 
Теріс тенденциядан құтылып және тура шетел инвестицияларының өсуіне қол жеткізу үшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан үшін енуі қажет шаралар: 
- қызмет етуші шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін жеке салалар мен аймақтарда құру (жеке жағдайда өнім бөлу механизмін шыңдау және нақты жұмыс істеуші еркін экономикалық аймақтар құру); 
- жергілікті билік пен шаруашылық субъектілер арасында меншікті нақты айқын бөлу; 
- тұрақты экономикалық және сыртқы сауда заңнамасын құру, концессия және өнімді бөлу бойынша нормативті базаны қоса алғанда; 
- салық ауыртпалығын төмендету мен салық құрылымын оңайлату 
- жерге жекеменшік енгізу; 
- шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін құру; 
Инвестициялау процесінің негізін салымның басымды бағытын анықтау мен сәйкес қаржыландыру көзін табу құрайды. 
Приоритетті бағытты және бағдарламалық шараларды таңдау барысында мыналарды есте ұстаған жөн 
- бұрын құрылған материалды-техникалық базаны, өндірістік қуатты және жабдықты тиім қолдану мүмкіндігі; 
- қызмет етуші жұмыс орындарымен толықтыру және жаңа орындар құру; 
- экспортты-жарамды өнім үлесін ұлғайту; 
- инвестиция қайтарымдылығы және ең алдымен, жоғары қор қайтарымдылық есебінен капитал салымының мерзімін қысқарту; 
- әртүрлі көздерден инвестиция тарту мүмкіндігі. 
Бюджеттен тыс инвестициялар үшін мемлекеттік приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын басуы керек. Аталған мәселе бойынша макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады: мынадай жағдай қалыптасқан, инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатырғанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде.  
Инвестиция салу туралы шешім қабылдауны негізгі шарт инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау. Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де, жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады. 
Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген: 
- республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету; 
- халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; 
- инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау; 
- үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту; 
- әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет; 
- инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру; 
- есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу; 
- аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру. 
Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік ынталандыру: АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия тәжірибесі. 
Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді. 
Оңтүстік Шығыс Азия елдері мемлекеттің инвестициялық үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды нарықтық деңгейден төмен ұстау. 
Мемлекеттік несие және бағаларды бақылау. 
Фирмалардың инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда маңызды рөлді банктік несие ойынады. Мемлекет несие құны мен оның ағымының бағытына белсенді әсер етті. 
АҚШ тәжірибесі қызықты, өйткені 80 жылдардың басында инфляция мен өндіріс құлдырауы қатар келген жағдай, белгілі бір деңгейде 90 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстандағы жағдайға ұқсастығына байланысты. 
Әр елдің корпорация қызметін қаржыландырудағы айырмашылықтарына қарамастан, басты рөлді ішкі көздер (бөлінбеген пайда мен амортизациялық аударымдар) және банктік несиелер ойнайды. Сонымен бірге акционерлік капиталдың рөлі әлсіз болды (Тайваньді есептемегенде). Әлемдік Банк мамандарының айтуынша: “Тек экономиканың жетілуіне байланысты акция және облигация нарықтарын құру мен тиімділігін арттыруға күш салынды. Бұл нарықтардың маңызы өссе де, осы елдердің қарқынды даму кезеңінде инвестициялық ресурстарды мобилизациялаудың басты факторы болмады”. 
Дамушы елдердің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда мемлекеттік қаржылық институттар маңызды рөл ойнады. Мәселен, Оңтүстік Кореяның несие-қаржылық аясында мемлекеттік институттар басым болды, себебі жеке банктік несиелік институттар 80 жылдардың бірінші жартысында пайда болды және 90 жылдардың басында рудименттік күйде болды. 
Мемлекеттік несие-қаржылық институттар Жапонияның өнеркәсіптік құрылымын модернизациялауда маңызды орын алды, әсіресе алғашқы сатысында. 1955 жылы мемлекеттік қаржылық институттар займы арқылы жапон фирмаларындағы жаңа өнеркәсіптік жабдық сатып алуға 32%-ы қаржыландырылды, 1965 ж. – 16%, 1980 ж. – 17,6% және 1990 ж. – 8,1%. 
Жапония өнеркәсібінің дамуына үлкен әсер еткен үш мемлекеттік қаржылық институт болды. Олар – Даму Банкі, Экспорттық-импорттық Банк және шағын бизнесті қаржыландыру жөніндегі Корпорация. 80 жылдардың басында жапон фирмаларына ұсынылған займдар үлесі: металл бұйымдарының өндірісінде – 15,7%, қара металлургияда – 12,4%, құрылыс материалдары өндірісінде – 12,9%, жалпы машина жасауда – 8,4%, түсті металлургияда – 7,7%, химия өнеркәсібінде – 6,3%, электротехникалық машина жасауда – 5,7%. 
Мемлекеттік Даму Банкі берген займдар маңызды функция атқарды. Жоғары дәрежеде осы займ есебінде электроэнергетика, газ және сумен қамту қаржыландырылды (аталған сала компанияларының алған зайымдарының жартысынан көбі). Сонымен қоса мемлекет тұрғысынан басымды саналатын қызмет аясында жеке қаржылық ұйымдардың зайымдарының катализатор рөлін атқарды. 
Даму банкінің займдары әдетте инвестициялық жоба құнының 30-50%-ын жауып отырды және 5 жылдан 15 жылға дейін, сонымен бірге жеке банк несиелерінен гөрі төмен пайызға берілді. Осындай займ алатын фирмаларға банкте соманың 10%-ын құратын депозит ашу керек болмады. 
 
Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде инвестициялық үрдісті мемлекеттік ынталандырудың маңызды бағыты – пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу. 
Американдық экономист А. Амсден айтуынша, “Оңтүстік Кореялық 25 жылдық экономикалық дамуының көп бөлігінде ұзақ мерзімді несие таңдаулы фирмаларға белгілі салалалдың дамуын ынталандыру мақсатында теріс нақты пайыздық мөлшерлеме бойынша үкіметпен бөлінді”. 
Әлемдік Банк мамандары аталған елдерде салықтық, тарифтік және валюталық саясат инвестор-фирмалардың инвестициялық тәуекелділігінің бір бөлігін азайтты және қалыпта масштабта пайыздық мөлшерлемені түсіріп қоймай, капитал импортын бақылады және инвестициялық тауарларға төменгі баға ұстағанын айтады. 
А. Амсден есептеуінше, “Оңтүстік Корея тәжірибесі экономикалық даму инвестициялау бағытында экономикалық белсенділікті ынталандырушы бағалық диспропорцияны мемлекеттің жасау қабілетіне тәуелді”. 1986 жылы Оңтүстік Кореяда мемлекет 110 тауарға, оған қоса газ, болат, дәрі-дәрмектер, автомобиль, қағаз, теледидар бағаларын бақылады. Осыған байланысты тек дифференциаланған өнім өндіруші фирмалардың баға бәсекелестігін жасау мүмкіндігі болды. 
Тайваньда мемлекет жергілікті фирмаларды шығынды азайтуға ынталандыру үшін импорт алмастыратын өнім бағасын реттеді. 1960 ж. жергілікті импорт алмастырушы өнімді орташа әлемдік бағадан 25% жоғары сатуға рұқсат етілді, 1964 ж. – тек 15%, 1968 ж. – тек 10%, 1973 ж. - 5%. 
Мемлекеттің баға пропорциясына әсер ету масштабы туралы Малайзия мысалын келтіруге болады, 1987 ж. ішкі бағамен есептелген таза өнім құны әлемдік баға құнынан артық болды: қара металлургияда - 284%, пластмасса өндірісінде - 163%, ағаш өңдеу өнеркәсібінде - 82%, көлік-машина жасауда - 65%, целлюлозды-қағаз өнеркәсібінде - 29%, жалпы машина жасауда - 19%, электротехникалық машина жасауда - 12%. 
АҚШ-та бағаны мемлекеттік реттеудің әртүрлі формаларына тоқталды. 1960жж. Дж. Кеннеди әкімшілігі металлургия фирмаларының өніміне бағаның өсуін тоқтату мақсатында қысым көрсетті. Р. Никсон әкімшілігі де 1970 жж. бірінші жартысында бағаны бақылауда кең қанат жайды (қысқа мерзімге). Ұзақ уақыт табиғи газ бірнеше жылдар мұнай өнімдері бағасына мемлекеттік бақылау жүргізілді. 
1970 жж. екінші жартысында Канада үкіметі 3 жыл бағаны бақылады (жалақыны қоса). Сонымен қатар инвестициялық үрдіс пен елдің экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында мемлекеттік реттеу тудыратын бағалық диспропорцияны қолдану мүмкіндігі оның әлем шаруашылығына ену көлеміне байланысты азаюда.

 

 

 

 

3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы  индустриалды-инновацияық  
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 

 Қазақстан республикасының   2003-2015 жылға  дейінгі индустриалды-инновациялық  даму стратегиясы: оның мақсаттары, мазмұны, жүзеге асыру шаралары. Инвестицияға талдау жасау бағыттары. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің  стратегиясы: мәні және дайындау  қағидалары. Кәсіпорынның инвестициялық  тартымдылығын бағалау әдістемесі. Баламалы инвестициялық ұсыныстарды  бағалау көрсеткіштері. Инвестицияның  экономикалық тиімділігін анықтау  әдістемесі. Қазақстан Республикасының  ғылыми- техникалық саясаты. Инновация /жаңалық/: олардың табиғатының циклдығы  мен таралуы. Инновациялар мен  экономикалық мүдделердің өзара  әрекеттестігі. Жаңашылдықтарды инвестициялау. Инновациялық лизин Инвестиция  көзі ретінде қаржы сақтау  қорларында жатқызуға болады. Бірақ  қаржы сақтау қорларының инвестиция  ретіндегі қиындығы сол, сақтық  қорын тек бір ғана шаруашылық  субьектісі іске асырады,ал бірақ  инвестицияны жүзеге асырушы  мүлде басқа тап немесе шаруашылық  субьектісі. Сонымен бірге көптеген  тұрғындардың сақтау қорлары  да инвестиция көзі болып табылады  мысалы; (жұмысшының қаржы сақтау  қоры, мұғалімнің, дәрігердің, және  т.б.) бірақ бұлар капитал айналымын  іске асырмайды, немесе қоғамның  нақты капиталының өсуіне байланысты. Әрине сонымен қатар қоғамдағы  өндіріс қорлары ауылшаруашылықтары  және басқа да кәсіпорындар  инвестиция көзі бола алады. Бұл  жерде «Қор жинағы» мен «Инвестор»  үйлеседі. Бірақ жалдамалы еңбектің  қор жинаушы бір мезгілде кәсіпкер  болмаса өте маңызды және қор  жинағы мен инвестициялау арасындағы  үйлесімсіздік пен алшақтық экономика  жағдайын тепе-теңдік қалыптан  ауытқуы мүмкін.  
Сонымен «Инвестициялар» түсінігі көп түрлі құбылыс оның бірнеше мағыналы анықтамасы бар:  
- ең алдымен, инвестициялар жөнінде сөз еткенде құрал жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады;  
- соңғы кездегі бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз болады;  
- мұндай анықтама шеттеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада алғанда ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі бір процесс болып табылады.  
Осы процестің әлеуметтік – экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамассыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады.  
Қорта айтқанда инвестиция дегеніміз – ақша қорын сатып алу және оны өсіру үшін қажетті шығын:  
Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз - өз ақшаңды бір іске сала тұрып, одан қайтарым бола ма, болмай ма, оған мемелеке кепілдік бермейтін өз ішкі есебінің дұрыстығынан шығатын нәрсе. Ақшаны саласың, пайда өзіңе байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            ҚОРЫТЫНДЫ  
Дипломдық жұмысты зерттеу барысында келесідедей қорытынды шығаруға болады: 
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда 
(табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. 
Теориялық көзқарастан инвестиция екі топқа бөлінеді: 
тікелей (тура) 
портфельді. 
3. Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі: 
- минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін; 
- өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы; 
- амортизацияның жоғары қарқыны; 
- осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі; 
- республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы. 
Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары. 
4. Инвестицияның басым бөлігі тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, электроэнергия және су өндіру және бөлу, құрылысқа салынып отыр. Инвестициялық климатты жақсартуда республиканың банктік жүйесіннің рейтингін жоғарылату оң жағдай тудырды. Қазақстанның бәсеке қабілеті жоғары және банктік тәуекелі аз ірі банктері ат салысуда. Олар: “Казкоммерцбанк”, “ТұранӘлемБанкі”, “БанкЦентрКредит” және т.б. 
Қазақстан экономикасының нақты секторын мемлекеттік қолдау болашақта мемлекеттік инвестициялық ресурстардың ұтымды бөлінуіне байланысты тұрақты кеңиді. 
Қазіргі кезде инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу барысында келесі негізгі қиыншылықтар байқалады: 
- елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі; 
- тұрақтық құбылмалы және тиянақсыз заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы; 
- экологиялық норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде саясаттың жоқтығы; 
- транспорттық инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстан мен сыртқы әлем арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі; 
- Қазақстаннан сыртқы нарыққа құрлықпен тауар тасымалы үшін жер үсті тасымалы жүйесінің (мұнай құбыры мен газ қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі. 
Осы қиыншылықтарды шешу жолдары болып келесілерді келтіруге болады: 
Елдегі еркін экономикалық аймақтар санын ұлғайтып, 
инвесторларды қолдауды одан әрі жалғастыру; 
Заңдық базаны тұрақтандыру, олардың орындалуын бақылау; 
Мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе салық инспекторлары, құқық 
қорғау органдары қызметкерлерінің өз ісіне тиянақты, адал болуын қадағалау. Жоғары квалификациялы және компетентті мамандар дайындау. 
Инфрақұрылымды шетел фирмалары қажеттіліктеріне 
сәйкестендіру. Оларға тек қаржы көзі деп қарамай, басшыларының тәжірибесін, менеджерге тән біліктілігін отандық инвесторларының үйренуін алға қою қажет; 
Ақпараттық-таныстыру шараларын өткізумен қатар, ірі 
инвестициялық жобаларды бірігіп іске асыратын трансұлттық компанияларымен тығыз қарым-қатынасқа көшу қажет; 
Қаржылардың әділетті бөлінуі мен тағайындалу нүктесіне тұтастай 
жетуін мұқият қадағалау. 
Тізімделген шаралар уақытында, толығымен орындалуы экономикамыздың қарқынды дамуына әкелетіні анық және оған толық мүмкіндік бар. Еліміз жер асты, жер үсті байлығына өте бай. Шикізаттық сектормен қатар экономикамыздың ақсап тұрған салаларын дамыту арқылы қуатты серпіндер болатынына толық негіз бар

 

 

 

 

 

 

 

 
      ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

  1.  
    “Инвестициялар туралы” Қазақстан Респуликасы Заңы 2003 ж. 8 қаңтар. 
    Шетел инвестициярлары туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1994 жылы 27 желтоқсан № 226. 
    Мыльник Д.Г. Инновационный менеджмент - М.:2001 
    Қазақстан Респуликасы Конституциясы. Алматы, 1998 ж. 
    Қазақстан Респуликасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995 ж. 
    “Қазақстан-2030” Стратегиясы. Алматы, 1997 ж. 
    Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1997 жылы 28 ақпан. 
    Экономиканың басым салаларында инвестициялық іс-әрекетін жүзеге асырушы инвесторлармен елісімшартқа отыру барысында жеңілдіктер мен преференциялар беру процедураларын жеңілдеті туралы. Қазақстан Респуликасы Инвестиция жөніндегі Агенттігі төрағасының бұйрығы. 2000 ж. 14 сәуір. 
    Индустрия және сауда министрлігінің, инвестиция жөніндегі комитетінің статистикалық және аналитикалық мәліметтері. 
    Инвестицияны тиімді бағалау. / Саясат.-2003 -№ 10. 
    Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация. // МЭ и МО-2003-№2 б.42-47. 
    Сараев А. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері // Ақиқат.-2000-№4-72-75 б. 
    Доронина А.Г. Регулирование иностранных инвестиций. // проблемы международного частного права. – М:2000 
    Мороз С. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы // Қазақстан жоғары мектебі – 2003-№1 б. 161-166. 
    Инвестиционная активность как главный индикатор // Евразийское сообщество -2004-№1-б 1033-108. 
    Караваев В. Шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу // Проблема теории и практики управления.-2002-№2 
    Инвесторлар мүддесі мен мемлекет мүддесінің оңтайлы арақатынасы // Егемен Қазақстан.-2000 ж. 9 желтоқсан. 
    Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента - Алматы: Ғылым, 1999-264 б. 
    Каренов Р.С. Производственный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1996-232 б. 
    Каренов Р.С. Инновационный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1997-184 б. 

 

 

 

 


Информация о работе Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары