Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:39, автореферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектiлiгi. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек – ҮІI-ІХ ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштері тiлi түркi жазба тiлiнiң бiзге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт-бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кыпчакполовец язык2.doc

— 509.50 Кб (Скачать документ)

Түркi тiлдерiндегi түбiр морфемалардың фонетикалық құрылымын әр қырынан қарастырған Н.А.Баскаков түркi түбiрiнiң CVC тұлғалы болып келетiнi жайлы алғашқы ойын қарақалпақ тiлi деректерi негiзiнде көрсетiп, В.Котвичтің «Исследования по алтайским языкам» (1981) еңбегіне жазған алғы сөзінде түркi  түбiрiнiң екi дыбыстан тұратын ашық буынды болып келетiнiн негiздеген В.Котвич теориясына қарсы аргумент ретiнде созылыңқы дауыстыларды мысалға келтіру түркі  түбірінің шынайы табиғатын ашып бере алмайтынын айтады. Н.А.Баскаковтың көзқарасына қарсы А.Зайончковский орта ғасыр ескерткiштерi тiлiнде CV тұлғалы модельдердiң көп мөлшерде кездесетiнiн, тарихи түркi түбiрi V, VC, CV, CVC тұлғаларында қолданылғанын көрсетеді [14, 28-29]. Бұл пікір Б. М. Юнусалиев, А.Н.Кононов, Э.В.Севортян, А.А. Юлдашев т.б. ғалымдардан қолдау тауып, тереңдетіле түсті. СVС тұлғалы моносиллабтар құрамындағы соңғы дауыссызды аффикстiк деңгейде қарастырған А.Н.Кононов түркi түбiрiнiң ең шағын тұлғасы V, СV, VС модельдерi екенiн морфологиялық талдау нәтижелерi көрсетiп отырғанын айтады  [5,108]. Э.А.Макаев түркiлiк түбiр құрылымы жөнiндегi даулы пiкiрлердi шешудiң жолы ретiнде хронологиялық стратиграфия әдiсiн қолданудың қажеттiгiн ұсынса [15, 21-25], И.В.Кормушин СV тұлғасын тектiл дамуының алғашқы кезеңiне, (СV + С >) СVС екiншi кезеңiне сәйкес келсе, келесi кезеңiнде кейбiр түбiр құрамындағы соңғы дауыссыздар қайта түсiп қалуы мүмкiн деген болжам ұсынады  [16,11-13].

Қазақ тiлiндегi қарт, қария, кәрi; айт, айтыс, айқай т.б. сөздерiнiң құрамынан қар, ай тұлғаларын түбiр морфема ретiнде ажыратып, -т, -йа, -i, -т, -ыс, -қай тұлғаларын түбiр құрамына қатысы жоқ элементтер ретiнде таныған М. Томанов «осы азғана фактілер тобына жасалған талдаудың өзі де қазіргі тіл нормалары бойынша бөліп-жаруға келмейтін жалаң түбір деп қаралатын сөздердің недәуір тобы «мағынасыз» түбірлер мен белгісіз қосымшаларға ажырайтынын көрсетеді» деп қорытады [17,140].   Түркілік түбір табиғатын қазақ тілі аясында әр қырынан жан-жақты қарастырған академик Ә.Т. Қайдар ұзақ жылдар бойы түркі тілдеріндегі түбір, негіз терминдерінің ара-жігі толық ажыратылмай келгеніне ерекше мән беріп, аталған ұғымдардың өзіндік ерекшеліктерімен сараланатын ғылыми  анықтамасын ұсынады. Нақты тілдік деректер мен В.В.Радлов бастаған белгілі лингвист-түрколог ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, «... разложимость односложных корней-основ в тюркских языках ... вполне реальный факт» [18, 28] деген қорытындыға келеді. Түркі тілдері бойынша ғалым пікірінің негізділігіне дәлел бола алатын, дисиллабтармен қатар моносиллабтардың да біразы тіл дамуындағы ұзақ мерзімді қамтитын агглютинативтік процестің жемісі екенін көрсететін тілдік деректер қоры жинақталып, маңызды теориялық тұжырымдар жасалды. Е.Қажыбек түркі тілдеріндегі гомогенді моносиллабтарды етіс-есім омонимиясы тұрғысынан зерттеп, синкретизм құбылысының теориялық сипаттамасын ауқымды тілдік дерек негізінде дәйектеп берсе [19], қазақ тіліндегі етістік негіздерді морфемдiк-компоненттiк талдау барысында тілімізде қолданылып жүрген етiстiктер құрамындағы өлі түбірлердің мол қорын анықтаған ғалым Ж.Манкеева  қазақ тіліндегі айт, арт, кет императивтерінің құрамындағы т етістік тудырушы тарихи жұрнақ екенін көрсетеді [20,55]. Аса ежелгi дәуiрлерде қолданылған түбiрлер мен қосымшаларды мүмкiндiгiнше бастапқы қалпына келтiрудi өз зерттеуiнiң басты мақсаты етiп алған Б.Сағындықұлы қазiргi түркi сөздерiнiң ежелгi тұлғасын реконструкциялауда дәстүрлi салыстырмалы-тарихи әдiстер жиынтығымен қатар математикалық амал-тәсiлдерге де, атап айтқанда теңдеу теориясына жүгiнедi. Жалғамалылыққа дейінгі  флекциялық құрылымның басты ерекшелігі ретінде түркі түбірлерінің бір ғана дауысты мен бір ғана дауыссыздан  тұратынын дәйектеп көрсеткен ғалым,  жеке дауыссыздар заттардың,  қимыл-қозғалыстың, сын-сапа, қасиеттердің атауы болса, дауысты дыбыстар әртүрлі семантикалық өзгерістерді, реңктерді жеткізгенін айтады.  [21, 5]. Б.Сағындықұлының көзқарастары жалпылама алғанда лингвистикадағы фонология теориясының қағидаларымен, императив теориясындағы идеяфондық идеялармен үндесiп, жалпы лексикадағы фоно-семантикалық құбылыстарды нақтылай түседi. Түркi тiлдерi түбiртану мәселесiн зерттеуде дәстүрлi әдiс-тәсiлдермен қатар тың теориялық-методологиялық қағидаларды да ұстанудың қажеттiгiн көтерiп жүрген башқұрт ғалымы А.Шайхулов  түркi түбiрлерiнiң құрылымдық сипаттамасын жасау үш деңгейлi (фонологиялық, морфологиялық, семантикалық) зерттеу аясында жүргiзiлгенде ғана нәтижелi болатынын баса көрсетеді. Ғалым тұжырымдарынан түбiр табиғатын зерттеуде теориялық-танымдық бағытты да ұстанатынын, имманенттiк талдау мен когнитологиялық талдауды ұштастыра қарастыруды қолдайтынын байқаймыз [22].  Қазақ тiл бiлiмiнде түбiртану жайлы соңғы жылдары айтылған маңызды ой-пiкiрлер мен тұжырымдарды А.Салқынбайдың, Ш.Жалмахановтың, М.Сабырдың, Ұ.Исабекованың т.б. еңбектерiнен кездестiремiз.

Түркi лингвистикасындағы түбiртану  мәселесi бойынша айтылған ой-пiкiрлер, түбiрлер мен түбiр-негiздердiң жекелеген  аспектiлерiн қарастырған зерттеу  нәтижелерi де, кешендi түрде жүгiзiлген зерттеулер де тiлдегi түбiрлiк деңгейдiң  қалыптасуы мен дамуы фонетика-фонологиялық, морфологиялық, семантикалық, ономасиологиялық құбылыстардың өзара тығыз байланысына негiзделетiнiн, түбiр табиғатын тереңiрек тани түсу үшiн моносиллабтардың сыртқы тұлғасы мен iшкi мазмұнын сабақтастыра қарастырудың қажеттiлiгiн көрсетiп отыр. Себебi, жалпы лексикалық байлықтың өзегiн құрайтын моносиллабтар адамзат өмiрiндегi тiлдiң маңызын айқындайтын сан қырлы рухани-функционалдық сапаны қамтамасыз ететiн лингво-онтологиялық құрылым. Үнемi даму үстiнде болатын тiлдiк жүйенiң өзгермелi, икемдi табиғаты моносиллабтардың құрылымдық модельдерiнiң даму бағытымен, оның құрамындағы фоно-корреляттардың өзара сәйкестiк түзу мүмкiндiгiмен, таралу аясымен, фоно-морфологиялық, фоно-семантикалық, идеофондық, идеосегменттiк қырларымен сипатталады.

«Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық модельдері» деп аталатын ІІ тарау ескерткіштер тіліндегі бір буынды түбір негіздерді қыпшақ тілдеріндегі сәйкес нұсқаларымен салыстыра отырып, гомогенді моносиллабтар негізінде  бастапқы құрылымдық типтерді, олардың даму бағытын шамалауға бағытталған. Орхон, Енисей, Талас жазбаларында 350-дей ғана бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздер қолданылған. Аз ғана бiр буынды модельдер бабалар тiлiнiң лексикалық қорына негiз болған түбiрлер жүйесiн толық көрсете алмасы да анық. Көне мұралар тiлiндегi моносиллабтар көлемiнiң қазiргi түркi тiлдерiндегi моносиллабтарға қарағанда ықшам болуы, бiрiншiден жекелеген авторлар мен бедiзшiлердiң сөз қолданысына, тiл байлығына, дара стилiне байланысты болса, екiншiден арада өткен 1300 жылдық тiл дамуының табиғи заңдылығы да ықпал етпей қоймайды. Көне жазбалар тiлiнде сақталған моносиллабтар сандық көрсеткiшi шағын болса да,  көне тiлдiң басты ерекшелiктерiн, түбiр сөздер мен түбiр-негiздер жиынтығының сұлбасын анықтауға мүмкiндiк бередi әрi қазiргi түркi тiлдерiндегi түбiр табиғатын саралауда деректiк құндылығы аса жоғары.Түркi тiлдерiнiң түбiр және түбiр-негiздер жүйесiн құрайтын «классикалық алтылықтың» барлық модельдерi де көне түркi тiлiне тән болғанымен, олардың  қолданыс жиiлiгi, мағыналық дербестiгi, қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi нұсқаларымен тұлғалық сәйкестiгiнің  деңгейі де әртүрлi.

Дауысты дыбыстан тұратын бiр құрамды V моделi көне түркi жазбаларында алты-жеті сөздi ғана қамтитыны белгiлi [5,76.18,40.24,96]. Түркi тiлдерi дамуының бастапқы кезеңiнiң көрiнiсi болып табылатын бұл сөздер ҮII-IХ ғасырларда дербес мағыналы сөз түрiнде қолданылса, қазiргi қыпшақ тiлдерiнде е «быть» Тал. ІІІ етістігінен басқасы дербес лексикалық қабiлетiнен ажырап, түбiр-негiздер құрамында ғана сақталып отыр.

u «увеличивать» Эл. 1 (ДТД, 74). Көне  жазбалар тiлiнде «ұлғаю, өсу» мәнiн беретiн u түбiрiнiң дербес лексема ретiнде қолданылуы Тува аймағындағы Элегест елдi мекенi маңынан табылған ескерткiште ғана кездеседi. Өзге Орхон, Енисей, Талас жазбаларында осы түбiрден жасалған *ul түбiр-негiзi қолданылады: ulga «расти, сделаться большим» Е. 29, 7 (ДТД, 76); ulgat «вырастить» ХБ (ДТД, 76); uluγ/ulug «большой, важный, старший» Е. 47, Тон. 5, КЧ. 3, КТү. 28, 34 (ДТД, 76). Ескi қыпшақ тiлiнде ulaldur «увеличивать, умножать», ulu «большой» (Құрыш. 209); башқ. оlo; тат. оlï/olü; ққалп. ullï; қаз. ulï/ulïq «великий, большой». Қазiргi түркi тiлдерiндегi ülken «үлкен» сөзi де u тұлғасымен түбiрлес: ü → ül → ülken. Қыпшақ тiлдерi деректерi бойынша көне түркiлiк u түбiрiнiң u, ü, o нұсқалалары ажыратылады.

ï «растение» (ДТС, 603): ï bar bas asdïmïz «бұтасы бар шыңнан астық» Тон. 26 (Айд. II, 52). Н.А.Баскаков ï моносиллабы жайлы «... корень у, который встречается главным образом в парных словах типа y – yγač «всякая растительность», y – taryγ «посева злаковых культур», y – taš «заросли и скалы (камни)» и поэтому также  представляется либо заимствованным из других языков, либо графически ущербно оформленным, либо фонетически редуцированным» деп ï тұлғасының дербес лексемалық қабiлетiне, түркiлiк табиғатына күмәнмен қарайды [23, 41-42]. Тоникук ескерткiшiнде ï тұлғасының дербес қолданылуы: Atïγ ïqa bajur ertimiz «Атты бұтаға байладық» Тон. 27 (Айд. II, 109) аталған моносиллабтың көне түркiлер тiлiнде дербес мағыналы сөз екенiн көрсетедi, сондай-ақ ï дыбысын белгiлейтiн таңба айқын бедерленгiндiктен (екi сөйлемде де) графикалық көркемдеуден кеткен олқылық деуге де келмейдi. И.А.Батманов бастаған зерттеушiлер ï сөзiнiң «ағаш» мәнiн де көрсетедi (ДТД, 83). Сондықтан жалпы түркiлiк ïγaš/ïγač/aγaš/agač/jïγaš лексемаларының негiзiнде ï түбiрi жатқанын байқауға болады. Тониқук ескерткiшiнде қолданылған ïγač tutunu aγturtum «Ағаш ұстап шықтық (көтерiлдiк)» Тон. 25 (Айд. II, 109) сөзi қыпшақ тiлдерiнде а тұлғасымен қалыптасқан: е. қып. jïγač/aγas/aγač «дерево, древесина, лес» (Құрыш. 77); құм., тат., қар. аγač; ноғ., ққалп., қаз. aγaš; башқ. аγas. Махмұд Қашқари еңбегiнде ïγač сөзi jïγač түрiнде тұлғаланып «густое дерево» (МҚ. II, 25), «қалың жыныс, ну орман» мәнiн бередi. Ескерткiштер тiлiнде jïš «тау, орман, тоғай» (Айд. I, 163) лексемасы да қолданылады: Ötuken jïšqa jig idi joq ermis «Өтүкен жынысында игi (жақсы) ие жоқ едi» КТк. 4 (Сартқ. 259). *jï тұлғасы ï, ïγ моносиллабтарымен генетикалық жағынан туыс екенi анық аңғарылады. Гомогендi моносиллабтардың түркi тiлдерi дамуының көне түркiлiк кезеңiнде қатар қолданылуы олардың тарихи қалыптасуы әлдеқайда ертеден, түркiлiк тектiл, баба тiл кезеңдерiнен бастау алатынын аңғартады. Көне түркi тiлiндегi ï түбiрiнiң «ағаш» мағынасымен қатар «жалпы өсiмдiк» мәнiн беруi  қазiргi қазақ тiлiндегi arša, ïpγaj, arpa т.б. өсiмдiк атауларының этимологиялық негiзiн анықтауда есте ұстайтын мәселе.

Тiл де адами құндылықтардың негiзгiсi ретiнде саналы адамзат  өмiрiндегi маңыздылығы артқан сайын  күрделене бередi, жетiлген дыбыстық тiлде оның бастапқы жай-күйiнiң сiлемдерi мен болмашы iздерi ғана сақталады. Түркi тiлдерiндегi V модельдi моносиллабтарды да сондай реликт белгiлер, өте ежелгi лексикалық қордың сұлбасы ретiнде қабылдағанымыз жөн. Қазақ тiлiндегi ös, ön, ör (өрле, өрбi, өршi, өркенде) тәрiздi моносиллабтардың ортақ мазмұны мен тұрпатындағы ұқсастықтарды кездейсоқ құбылыс деуге келмейдi, ортақ мазмұнды арқалап тұрған ö дауыстысы екенi аңғарылады. «Даму, жетiлу, көбею, пайда болу» идеясы *ur (ұрпақ, ру, ұрық, ұрғашы) моносиллабында да сақталғаны белгiлi. ör, *ur тұлғаларын гомогендi моносиллабтар ретiнде қарастырылады [28, 111]. *Ur тұлғасының жалпы мазмұны *ür (үрiм-бұтақ, үрпi), ul ← oγul, um (Ұмай), *ul (ұлы, ұлғаю, ұласу), *ül (үлкен) т.б. моносиллабтарында сақталуы да u, ü дауыстыларының идеялық қабiлетiн танытады. Демек қазiргi түркi тiлдерiнде «пайда болу, даму, жетiлу, жалғасу, көбею» идеясын сақтаған u, ü, o, ö дыбыстарынан басталатын гомогендi сөздердiң гипотезалық iлкi түбiрi ретiнде V модельдi *u, *ü, *o, *ö моносиллабтарын ажыратуға мүмкiндiк бар. Мұндай мысалдар VІІ—ІХ ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі V модельді  моносиллабттардың тарихилығына күмәнмен қарауға болмайтынын, керісінше оларды жалпы түркілік моносилаб концепциясының өзегі ретінде тану қажеттігін көрсетеді.

 Ескерткiштер тiлiнде VС модельдi моносиллабтардың бiразы дербес лексема түрiнде қолданылса, бiразын дисиллабтар мен полисиллабтар құрамынан ажыратуға болады.

*aγ→aγït «отгонять, разгонять» (ДТС, 20): Oza kelmis süsin Kültegin aγïtïp, Toņra bir oγuš alpaγu on erig toņatigin joγïnta egirip ölürtimiz «Оза келген әскердi Күлтегiн қуып, Тоңра руынан шыққан он ердi Тоңатегiндi жерлегенде өлтiрдiк» КТү. 47 (Айд.І, 181). *aγ моносиллабы қазақ тiлiнде «босату, жiберу» мәнiн беретiн aγït етiстiгiнiң құрамында сақталған: құлынды, бұзауды ағыт; түймеңдi ағыт; суды ағыт т.б.; қырғ., ққалп. aγït. Көне түркiлiк aγït сөзiнiң «айыр, ағыт, босат, жiбер» мағыналарын Ғ.Айдаров көрсетедi (Айд. I, 206). *ad→adaγ/adaq «нога» (Лев. 43): Türk budun adaq qamaštdi «Түркi халқының аяғы әлсiредi» КТү. 47 (Айд. I, 181) ~ ескi қыпшақ тiлiнде – adaq/ajaq (Құрыш. 79); тат., башқ., құм., ноғ., ққал., қаз. ajaq. *ad→adïnčïγ «другой, иной» (ДТС, 10) «ерекше»: Aņar adïrčïγ barq jaraturdïm «Оларға ерекше жай салдырдым» КТк. 12 (Айд. 170) ~ е. қып. *aj/ej → ajruq/ejriki (Құрыш. 81); ққалп. ajrïq, қаз. ajrïqša/erekše. *ad→adiril «отделиться» (ДТД, 32): Qara Čur esiz ... özüge ujalarïna adïrïlmiš «Қайран Қара Чур өз ұяларынан, туыстарынан айырылды» Тал. 2 (Аманж. I, 44) ~ е. қып. aj→ajrïl (Құрыш. 81); башқ., ноғ., қар., ққалп., қаз. ajïrïl; тат. ajerïl: Көне түркiлiк *ad моносиллабы қазақ тiлiндегi adïra qal тiркесiнiң, adïr (адыр-адыр жер) лексемасының құрамында сақталған. *ad→adγïr «жеребец» (ДТД, 40): Kultegin Bajïrqunïņ aq adγïrïγ bïnïp oplaju tеgdi «Күлтегiн Байырғының ақ айғырын мiнiп шабуылға шықты» КТү. 35 (Айд. I, 179) ~ е. қып. *aj→ajγïr, *az→azγïr (Құрыш. 80); баш., ноғ., тат., құм., ққалп., қаз. ajγïr. Түркi-монғол тiлдерiне ортақ adγïr лексемасы жалпы алтай тiлдерi бойынша *ad ≈ *az ≈ *až ≈ *at ≈ *as ≈ *ax ≈ *aj ≈ *oj ≈ *öj түбiрлес моносиллабтар кешенiн құрайды. *az→azman «кличка лошади» (ДТС, 73) Kültegin azman aqïγ binip oр laju tegdi «Күлтегiн Азбан ағып мiнiп шабуылға шықты» КТү. 45 (Айд. I, 181) ~ қаз. az(ban); ққалп. az(man) «жеребец». *aγ «бөлiну», *ad «айақ», *ad «бөтен», *ad «бөлiну», *ad «айғыр», *az «азбан» моносиллабтары «қозғалу, қимыл, бөлiну» идеясын сақтаған жалпы түркiлiк aq ≈ аγ ≈ at ≈ ad ≈ az ≈ až ≈ aj ≈ aw т.б. гомогендi моносиллабтар кешенiне кiретiн туынды тұлғалар, гипотезалық iлкi түбiрi a/ï тұлғалы V моделi. ač «голод, голодный, голодать» (ДТД, 32): bir todsar ačsïq emezsen «бiр тойсаң аштықты ойламайсың сен» КТк. 8 (Айд. I, 169) ~ е. қып. ač; қар., құм., тат. аč; башқ. аs, ққалп., ноғ., қаз. aš. Жалпы түркiлiк aš/as «еда, пища» (ДТС, 61) сөзi көне түркi жазбаларында кеңiнен қолданылады, мысалы: Ičir ašsïz, tašra tonsïz «iшi ассыз, сырты тонсыз» КТү. 26 (Айд. I, 176) ~ (Құрыш. 89); башқ., тат., қар., құм. аš, қаз., ноғ., ққалп. аs. «Тамақ, ауқат» мәнiндегi as/aš моносиллабы мен «аштық, қарны ашу» мәнiндегi aš/ač синкретизмi де түркi түбiрлерiне тән антиномиялық қатынастағы гомогендi бiрлiктер. öņ «впереди»: öņr kün toγsïqda Bökli čöllig il, tabγač, tüpit, apar, nurum, qïrïq az, uč qurïqan, otuz tatar, qïtan, tatabï bunča budun kelipan ... «әуелi (алдымен) шығыстан Бөклi шөлiнiң есi, табғаш, тибет, авар, үрiм, қырық аз, үш құрықан, оғыз татар, қытан, татабылар сонша халық келiп ...» КТү. 4 (Айд. I, 172). Көне түркi тiлi сөздiгiнде öņ моносиллабының 1. «алдыңғы жақ (шығыс)»; 2. «алды, алдыңғы»; 3. «алдымен, бұрып, ерте» мағыналары көрсетiледi (ДТС, 385, 386). Орхон ескерткiштерi тiлiнде қолданылған öņ сөзiнiң «алды, алдыңғы жақ» мәнi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде кеңiнен қолданылатын oņ «оң жақ» (матаның, киiмнiң оң жағы), öņ «түр-түс», «жүз, бет», «оңу (өңi түсу)» сөздерiнде сақталған: қаз., ққалп., ноғ., қырғ. öņ/oņ; тат., башқ. öņ, joņ, oņ, uņ. Қазақ тiлiндегi өңмеңдеу, өңiр (киiмнiң алдыңғы жағы), өңгеру, өңдеу лексемалары құрамындағы oņ моносиллабы да аталған тұлғамен түбiрлес. Қазiргi түркi тiлдерi бойынша öņ моносиллабының «бояу», «ала», «жылтырақ» (полировка, глянец), «әдемiлiк» мағыналары да тiркелген (ЭСТЯ I, 534, 535). Орта ғасыр қыпшақ ескерткiштерiнде де öņ сөзiнiң «алдыңғы» мәнi қолданылған: öņ ajaqlarï «передние ноги (лошади)» (Құрыш. 179). *üz→üze «наверх, вверху» КТү. 1, 10, 16; Тон., 16; БҚ. 3; Е. 32 (ДТД, 78): Üze kök teņri, asra jaγïz jir qïlïntuqta ekin ara kisi qïlïnmïs «Жоғарыда көк тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда екеуiнiң арасында адам баласы жаралған» КТү. 1 (Айд. I, 171): қаз., ноғ., ққалп. üsti; қырғ. üstü, тат. üzre, öst; башқ. ös, östö. Э.Севортян üst лексемасын üs түбiр-негiзiнен жасалған туынды сөз ретiнде қарастыра отырып, «Более ранней формой үс является, по-видимому, үз, для которого ср. тур. диал. üz dermek «снимать сверху» (о посеве)...» деген ой айтады (ЭСТЯ I, 639). Орта ғасыр ескерткiштерi тiлiнде üzere, üct тұлғалары қатар қолданылады. Көне түркiлiк üze сөзiнiң «жоғарылау» мәнi қазiргi түркi тiлдерiндегi ер-тұрман жабдығы üzengi сөзiнде сақталған: қаз. üzengi; тат., башқ. özäņgi; ққалп. üzeņgj. Киiз үй жабдығы üzik «киiз үйдiң жоғарғы бөлiгiне, уыққа жабылатын киiз жамылғы» лексемасы құрамынан да üz моносиллабын ажыратуға болады. ҮII-IХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi деректерi жалпы түркi түбiрлерiнiң құрылымдық жүйесiнде дауысты, дауыссыздан тұратын VС тұлғалы моносиллабтардың кеңiнен қолданылатынын, олардың басым көпшiлiгi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде өзгерiссiз сақталғанын көрсетiп отыр. Мағыналары мен тұлғалары ұқсас VС модельдерiнiң негiзiнде олардың тек дауыстыдан немесе жартылай созылыңқы дауыстыдан тұратын V моделiнен дамығанын аңғаруға болады.

Сандық көрсеткiшi аз болғанымен түркi тiлдерiндегi СV модельді моносиллабтардың бәрi дерлiк синкретизмдер қатарынан табылуы аталған құрылымның етiстiк, есiм сөз таптары қалыптасуының тарихи кезеңдерiнен мағлұмат беретiн көне белгiлер қатарына жататынын көрсетедi. Ескерткiштер тiлiндегi дербес қолданылатын СV тұлғалары негiзiнен етiстiк мәнiн сақтаған, жалпытүркiлiк континуумда олардың есiм мәнiн ажырату қиындық тудырмайды.

kü «молва, слух» КТү. 12, 25, 26; БҚ. 36; Тон. 32 (ДТД, 55): Tašra jorïjur tijin kü esidep ... «Шетте жүр деген хабар есiтiп ...» КТү. 12 (Айд. I, 173). ku моносиллабы М.Қашқари шығармасында да кездеседi (МҚ. III, 212). Көне түркi тiлi сөздiгiнде kü «оберегать, охранять» мағынасы тiркелген (ДТС, 322). Көне түркiлiк kü «хабар, дыбыс» лексемасы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде дербес мағыналы сөз ретiнде кездеспейдi. Қазақ тiлiндегi kübir, küņkil сөздерiнiң мазмұны көне түркiлiк kü моносиллабының мазмұнына сәйкес келуiне қарағанда ортақ түбiр елiктеуiштен жасалуы мүмкiн.

sü «войско» КТү. 12, 28, 32; МЧ. I, 6; КЧ, 10, 20; БҚ. 25, 26 (ДТД, 66): birgerü tabγač tapa uluγ su eki jegirmi süņüšdim «Бергерi Табғашқа қарсы үлкен әскермен он екi (рет) соғыстым. КТү. 28 (Айд. I, 177). Орхон жазбаларында sü моносиллабы арқылы жасалған süle «соғысу, шайқасу», süņüš «соғыс» сөздерi де кездеседi. Ғ.Айдаров süņüš лексемасын қазақ тiлiндегi cüņgi сөзiмен байланыстыра отырып «сүңгiлес» деп аударады (Айд. I, 218).

СV тұлғалы моносиллабтардан СVС моделiн тарату түркi түбiрiнiң даму табиғатына қайшы келмейді.  Жалпы түркi тiлдерiндегi өзара семантикалық байланысы анық байқалатын СVС тұлғалы моносиллабтардың алғашқы екi компонентi тұлғалас — тұрпаттас болып келуi де әрдайым кездейсоқ сәйкестік бола бермейді. Мұндай құбылыстарды VII-VIII ғасыр жазба ескерткiштерi тiлiндегi СVС тұлғалы моносиллабтардан да аңғаруға болады. Түркi тiлдерiндегi СV тұлғалы моносиллабтар құрамынан о бастан-ақ дауыссыз + дауысты дыбыстардың тiркесiнен тұратын тарихи түбiрлердi де СVС моделiнiң соңғы дауыссызының ықшамдалуы негiзiнде жасалған түбiр-негiздердi де кездестiремiз. Сондықтан СV моделі кейде үшiншi дәрежелi процесс болуы да мүмкiн: СV → СVС → СV. Тiл де адами құндылықтардың бiрi болғандықтан тiлдiк жүйедегi құбылыстар арасындағы қарама-қайшылықтың болуы табиғи заңдылық. Синхронды тұрғыдан алғанда жалпы тiлдiк жүйеге жүйелiлiк тән болғанымен, оның құрамы үнемi қозғалыста, бұл процесс прогрессивтi де регрессивтi де болуы ықтимал.

Қазiргi түркi тiлдерi моносиллабтар  жүйесiнде саны жағынан басым СVС моделi көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiнде де ең көп қолданылатын дербес лексемалар қатарына жатады, ендi бiр тобын туынды сөздер құрамынан кездестiремiз.

*jab→jabuz – jablaq «дурной, плохой» (ДТД, 42), БҚ. 32; Он. I, 7, КТү. 26: Ičire ašcïz, tašra tonsïz, jabïz, jablaq budunta üze olurtim «Iшi ассыз, сырты тонсыз, әлсiз, нашар халыққа отырдым» (Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп. žawïz; қар. juυuz; тат. jaυïz; башқ. jawïz. Ескерткiштер тiлiнде қос сөз түрiнде де, жеке-дара да қолданылған jabuz, jablaq тұлғаларының түбiрлес екенiн байқауға болады. Көне түркi тiлi сөздiгiнде jaυuz сөзiнiң «жаман, әлсiз, бейшара», jaυlaq сөзiнiң «жаман, нашар, қаскөй» мағыналары көрсетiледi (ДТС, 222). Бiлге қаған жазбасында jabïr «әлсiрету, талқандау» (Сартқ. 196). Ортақ негiзi – *jab моносиллабы. Зерттеушiлер jaυuz, jablaq лексемаларын жалпы түркiлiк zaman/jaman сөзiмен байланыстырады (ЭСТЯ IҮ, 48). Қаз., ққалп. žaman; қар., қтат., құм., ноғ., тат., башқ. jaman. *jab≈jam моносиллабтарын генетикалық байланыста қарастыруға фонологиялық заңдылықтар да, семантикалық заңдылықтар да қайшы келмейдi. Қазақ тiлiндегi жабы «қазақ жылқысының қарабайыр тұқымы»: Жалы бар деп, жабыдан айғыр салма (мақал); Жабы болды «жүнi жығылды, жүнжiп кеттi» (ҚТТС. III, 482) сөзiнiң мазмұнынан да *jab моносиллабының семалық белгiлерi байқалады. *jab, jam моносиллабтарының жалпы мазмұны jaγ «жау» моносиллабының мазмұнына сәйкес келедi. Сондықтан jab/jaυ, jam моносиллабтарын да *ja тұлғасынан таратуға негiз бар.

Информация о работе Жұмыстың жалпы сипаттамасы