Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ракышева К.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында (басқа түркі тілдері оқулықтарында да) сын есімдердің етістік түбір-лерден қосымша арқылы жасалуы немесе етістіктерден сын есімдердің жасалуы жайлы айтылады. Дұрысында, жалпы түркі тілдерін тарихи салыстыру тұрғысынан қарағанда, етістіктерден сын есім жасалуы жайлы емес, етістік тұлғаларының трансформация жолымен сын есімдер құрамына ауысуы жайлы айту орынды. Трансформация арқылы сын есімдер құрамына енетіндер тек қана түбірлер емес, туынды түбірлер де. Трансформация арқылы енген тұынды түбірлер семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да өзгеріп, қалыптасады. Әрине, сөздің семантикалық, функциялық жаңа мәні оның бұрынғы, байырғы мәні мен қызметіне негізделеді, соның негізінде пайда болып, тұрақталады. Сын есімнің мәні мен қызметінде қалыптасқан түлғалар оның морфологиялық жүйесі ретінде ұғынылады. Қазіргі түркі тілдеріндегі «етістіктен жасалған сын есімдер» деп аталатын топтың қалыптасуын солай түсіну қажет. Әуелі сондай етістік тұлғалары сын есімдер құрамына ауысты да, солардың негізінде етістіктен сын есімнің морфологиялық тұлғалар жүйесі қалыптасты. Қазіргі түркі тілдерінде осы қызметте жиі қолданылатын тұлғалар деп мыналарды көрсетуге болар еді: -қын, -ғын: қазақ: сүргін, қырғын, солғын, өзбек: сөлгүн, әзірбайжан: кесгін (өткір), түрік: қырғын, тува: шапқын (шапқан, жарысқан), чуваш: сискэн (сезгіш) т. б., -ын, -ін, қазақ: бүтін, ұзын, түрік: бутүн, т. б.; -ар, -ер -ыр/-ір, түркімен: ақар (ағатын, ағым), әзірбайжан: йарар (жарамды), татар: қайнар (қайнаған), чуваш: хаээр (тар, тығыз); -қыр, -кар, -ғыр, -гир; алғыр, білгір, түркімен: алғыр, татар: безгир (сезгіш), қырғыз: тайқыр (тайқыш), алтай: билгир (білгір), -қан, -ген, -кен, -ған, ген түрік; довүшкен (төбелескіш), ырхан, (арық), чуваш: хыткан (қатқан), жүдеу; аған/еген: қабаған, сүзеген, тебеген, түркімен: өураған (бұрған), якут: умнуған (ұмыт-шақ), көреген, әзірбайжан: йатаған (жатағын); -ық, -ик, ту-ва: үзүк (үзік, үзілген), қырғыз: джабық (жабық), түрік: ачық, (ашық), әзірбайжан: чүрүк (шірік); -ма, -ме: өрме, бөсме, татар: кушма (қоспа).

Осыған дейін баяндалған сын есім тұлғалары — белгілі бір сапаның, сынның барлығын, тәндігін білдіретін топтары. Сын есімдер, сонымен қатар, белгілі бір сынның, қасиеттің жоқтығын білдіре алады. Түркі тілдерінде бұл мән, -соң/-сіз аффиксі арқылы беріледі. Бұл аффикс чуваш тілінде басқаша р-в сәйкестігінің негізінде -свер/сэр түрінде дыбысталады: әзірбайжан: йағсыз (майсыз), сусуз (сусыз), түрік: татсыз (дәмсіз), чуваш: утсыз (атсыз), тэпсэр (түнсіз). Бұл аффикс екі тілде — якут, шор тілдерінде жоқ. Ол тілдер сын-сапаның жоқтығын, тән еместігін синтаксистік конструкция арқылы білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы

 

Сын есімнің жалпы категориясы сапа, қасиет, белгі болып белгілінеді. Сны есімнің осы мағыналары синтактикалық қолданыста және морфологиялық ерекшеліктерінде білінеді. Осы сұрақтарды талдау үшін біз өзіміздің зерттеп отырған «good» сын есімінің синоним қатарын қолданамыз. Синтактикалық есепте бұл сын есімдер сапаны анықтау ретінде көп қолданылады.

 

It would be a good thing…[3.5, 428]

 

There was a good dinner…[3.6, 383]

 

Белгіні белгілегенде сын есім өзінің табиғатымен зат есімнің жанында анықтауыш болып тұруға бейімделген. Белгі әрқашанда бір нәрсенің тұсында тұрып оның сапасын анықтайды.

 

Look at those who are good…[3.4,126]

 

Those days were wonderful…[3.6,418]

 

Басқа дәрежедегі сөздермен синтактикалық байланысуы болса, сын есім белгісіз артикльмен байланыса алмайтындығымен сипатталады. Бұл өте маңызды белгі болып есептеледі, бұл белгі сын есімді зат есімнен ерекшелендіреді.

Линвистикалық жобада сын есімді зат есіммен салыстырғанда сын есім зат есімге қарағанда өзінің тұлғасының кемшілігімен сипатталады. Сын есімде септік категориясы және сандық категориялары жоқ болуымен сипатталады, бірақ осы категориялар зат есімге тән.

 

… a good idea….[3.6, 408]

 

…the good ideas…[3.1, 548]

 

Септік категориясы және сандық категориясы болмағанымен, сын есімдерде өзінің ерекше категориясы бар, салыстырмалы шырайлар категориясы.

Морфологиялық сипаттары

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).

 Синтаксистік қызметі

Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [3.1,258]

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы [3.1,852].

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді [3.1,615].

Семантикалық топтары

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Сапалық сын есімдер

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.

Қатыстық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

          Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.

Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем.

             Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс .

Тіл зерттеушілері салыстырмалы шырайларды грамматикалық категория деп есептеуден ой-пікірлері арылады. Good-better-the best жақсы, жақсырақ, ең жақсы деген сөздер бір сөздің  әр түрлі формалары емес бірақ әр түрлі сөздердің арақатынастары деген ой-пікір бар. Бірақ, А.И.Смирницскийдің пікірі бойынша бұл ой-пікірдің бұрыс екенін көптеген тілдік фактіларымен дәлелденетінін көрсетеді. [32, 156]. Грамматикалық жағынан, сөз құрылымының сипаттамасы салыстырмалы шырайлар категориясы салыстырмалы шырайлар категориясының әр түрлі формада болса да олардың сын есімнің лексикалық мәнін өзгертпейтінін дәлелдейді. Бірақ, бірінші көз көріністе салыстырмалы шырайлардың айырмашылықтары көп сияқты мысалы good және the best деген сөздер әр түрлі мағынаны білдіретін сияқты. Бұл көрініс тек қана бірінші көрініс, шынында good, better, the best  деген сөздер бір нақты белгіні білдіреді, нақты айтсақ, сапа белгісін білдіреді. Сапа белгісін білдіретін сын есімдердің синонимдік қатарында тек қана fine,  nice, good деген сын есімдердің салыстырмалы шырайлары синтетикалық әдіспен, яғни жұрнақ қосылуы арқылы – er, -est істеледі. Ал басқа сын есімдер wonderful, marvelous өзінің салыстырмалы шырайын аналитикалық әдіспен, яғни more, most қосылуымен жасайды.

Зерттелген барлық сын есімдер, грамматиканың көз қарасынан салыстырмалы шырайларды жасай алады. Бірақ, бір синонимдік қатарынан болғанынан сын есімдер бір белгіні ғана білдіреді, бірақ олардың шырайларына байланысты, үлкейтілген немесе кішірейтілген шырайларда. 

 

Шырай категориясының мәнін тану үшін А. Ысқақовтың мына пікірін келтіре кетейік: сын есімнің шырай деп аталатын категориясының мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі біркелкі белгілердің бір- бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл , біреуі қара, біреуі сары, я бірыңғай үлкен, я бірыңғай кіші делініп танылған әлденеше заттардың көлем- аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрине, ондай реңдер мен дәрежелер сан жағынан да, сапа жағынан да салыстырылады. Өйткені біркелкі белгінің осындай сандық я сапалық айырмашылықтары, сайып келгенде, шырайларды бір- бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз болып саналады.

Солай бола тұрса да, шырай қосымшалары сияқты оның түрлері туралы да қазақ тіл білімінде бірыңғай пікір жоқ. Ең алдымен, бірден көзге түсетін ерекшелік- грамматикалыр мен оқу құралдарында шырай түрлерін жасауға негіз болатын тұлға деп көрсетілетін жай шырай түрін жеке шырай деп бөліп көрсетеді. Тек шырай түрлеріне негіз болатын, ал өзі шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтын, сөйтіп басқа түрлермен тепе- тең парадигмалық жүйе жасай алмайтын тұлға ол категорияның ішіне, шеңберіне кіре алмайды. Дәл осындай жағдай етіс категориясындағы негізгі етіс деген ұғымға да қатысты. Сөйтіп, бұл жерде шырай деген ұғым сапалық сын есім деген ұңыммен барабар, ал жай шырай дегеннің ондай қасиеті бұл еңбектерде ашық көрсетіледі: заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сыр- сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептеледі. Сонда сапалық сын есім тұлғасы мен жай шырай деген ұғым бір болса, ол бір ұғымды, біріншіден екі түрлі атағаннан не тұрамыз? Екіншіден, категориялық түрлену тұлғаларына негіз болатын тұлға (сапалық сын есім деген ұғым да, тұлға да) ол категорияға (шырай түріне) енбейді. Мысалы, тәуелдік категориясына негіз тұлға болатын- зат есімнің түбірі. Бірақ зат есімнің түбірі тәуелдіктің ішінде бір түрі болып саналмайды. Осы ерекшелік академиялық грамматикада алғаш рет дұрыс көрсетілген: «Мектеп грамматикаларында жай шырай сын есімнің басқа шырай формаларын жасаудағы негіз, таяныш тұлға болатынын көрсеті үшін беріледі». Бірақ бұл атау формада ешбір салыстыру жоқ, ендеше шырай емес, ақ, қызыл, сары дегендерде бұл күйінде шырай мағынасы жоқ. Оның үстіне ешбір грамматикалық тұлғасыз- ақ аналитикалық тәсіл арқылы да кейде шырай (салыстырмалы шырай) мәнін жасауға, білдіруге болады. Атап айтқанда, субъект (атау септігіндегі сөз) пен салыстырылатын зат, заттық ұғымды сөз, сөз тіркесі, кейде жіктеу есімдігі шығыс септікте немесе шығыс септік пен гөрі шылауы тіркесіп, я көмектес септікте салыстырғанда немесе барыс септікте қарағанда сияқты сөздермен тіркесіп, сапалық сын есім анықтауыш қызметімен бірге көбіне предикат қызметінде қолданылады: Саған жар менен артық табылса да (Абай). Ескі қалаға қарағанда бұл ауданның үйлері биік. Бұрынғы құрылыстармен салыстырғанда жаңа құрылыстың ірге тасы да, қабырғасы да мықты т.б.

Академиялық грамматикада бұл- салыстырмалы шырайдың аналитикалық жолмен жасалатын бір түрі ретінде беріледі. Бұл- бір. Екіншіден, басқа шырай түрлері жайында да біо ортақ пікір жоқ. Жоғарыда талдағандай.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ағылшын тілінен қазақ тіліне сын есімдердің аудару ерекшеліктері»

 2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер.

 

             Сөздің дыбыстар жиынтығынан ерекшелігі сөздің мағынаға ие болатындығы. Сөздің мағынасынан болған оқиғадан іс- әрекет байқалады. Бірақ нақты іс - әрекеттегі заттың мағынасы ғана емес, белгілі тілдік жүйедегі сөздің орны да анықталады. Т.И.Арбекованың пікірінше сөздің мағынасы берілген тілдің мазмұнына қарай анықтауға болады [7, 52]. Сөздің лексикалық мағынасын жалпы және ерекше белгілерінен көруге болады. Сөздің лексикалық мағынасы белгілі бір затты және оның атауын сілтеу бағытында беріледі. Сөздің лексикалық мағынасы нақты және абстрактылы, жалпы және жалқы болып келеді [25, 188]. Сөздің лексикалық мағынасы сонымен қатар жалпы және жалқы семантикалық белгілер арқылы ажыратылады. Лексикалық мағынада ерекшелігі оның бірнеше мағынада ие болатындығында. Нәтижесінде қолданысқа көп түскен лексикалық сөздер компанетті қасиетке ие болады. В.И.Кодухов сөздің семантикалық құрылымы семантикалық компанеттердің саны мен түрлері арқылы құрылады дейді. Лексикалық мағыналардың негізгі типтері тура және ауыспалы мағынада, сонымен қатар заттарды айыру мақсатында әлеуметтік қолданысы да қарастырылады.

Лексикалық мағыналар зат атауы мен әлеуметтік қолданысына қарай стилистикалық және денотативтік болып бөлінеді. Денотативтік мағына дегеніміз бастапқы және анықтауыш мағынаны білдіреді. Бұдан денотат зат және құбылысты білдіретін тілдік құбылыс екенінтүсінуге болады. Стилистикалық мағына дегеніміз зат және құбылыс атауы сол сөздің қызметі арқылы білдіретін мағынаны атайды. Денотативтік лексикалық мағыналар арасында нақты және абстрактылы, жалпы және жалқы мағынаға ие. Канотативтік лексикалық мағынада синонимдік мағынаны білдіреді.

Стилистикалық лексикалық мағынаны білдіретін сын есімдер бірнеше стилистикалық топтарда және әр – түрлі қызметтерде қолданылады. Оладың ішінде , fine, nice, сияқты нитралды сын есімдер және magnificent, superb, perfect, ideal ауызша сөйлеуде сын есімдер пайдалынады.

Сөз топтары сияқты олар бір – бірімен әр – түрлі топтағы сөздерді құрайды. Бірақ олар мағынаға қарай біріктіріліп те айтылуы мүмкін. Лексико – семантикалық топтағы бір сөз табына жататын мағыналас сөздер жатады. Лексико – семантикалық топтардың бірнеше топтары болады. В.И.Кодухов оларды лексико – семантикалық топтары, терминологиялық топтар, синонимдік қатар және антонимдік жұптар деп бөледі [25, 205]. Аталған барлық топтар заттың мағынасы білдіреді. Бірақ олардың ішкі семантикалық құрылымы және қатынасы тілге қатысында әр – түрлі болып келеді.

Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері