Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ракышева К.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)

 

Қимыл- қозғалысқа қатысты сын есімдердің семантикасы

Қатыстық сын есімдердің қимыл- қозғалысқа қатысты мағыналық тобы адамның, заттың, жан- жануардың, табиғат құбылыстарының амал- әрекетіне, ішкі және сыртқы қарым- қатынасына, табиғи қалпына байланысты түрлі белгілерін білдіреді.

Белгілі  ғалым М.Томанов: « Қалай болғанда да, етістіктен сын есімнің жасалуына түбірге қосымшаның қосылуы нәтижесінде жаңа сөздің пайда болуы емес, түбір мен қосымшаның бірлесіп барып сын есім мәніне ие болуы деп қарау керек» дейді. Қатыстық сын есімдердің қимыл- қозғалысқа қатысты тобын семантикасына қарай топтастыруда олардың мағынасы осы топты жасаушы негіз- етістіктің мағынасымен өзара семантикалық қарм- қатынаста болады. Сондықтан қатыстық сын есімдердің қимыл- қозғалысқа қатысты тобын түбірдің мағыналық сипатына қарай бірнеше түрге бөлуге болады. Жиналған тілдік деректер негізінде қимыл- қозғалысқа қатысты сын есімдер семантикалық сипатына қарай мынандай топтарға жіктелді:

  1. Амал- әрекетке қатысты сын есімдер.
  2. Мінез- құлықтық сипатына қатысты сын есімдер.
  3. Мүшелік кемістікке, денсаулыққа қатысты сын есімдер.
  4. Белгілі бір әрекетке бейімділікке қатысты сын есімдер.
  5. Қозғалмалы күйге қатысты сын есімдер.
  6. Қозғалмалы күйге қатысты сын есімдер.
  7. Сыртқы болмысқа қатысты сын есімдер.

Амал- әрекетке қатысты сын есімдер адамның, заттың, болмыстың түрлі қозғалу сипатына ,әрекетіне қатысты белгілерін білдіреді. Бұл топқа айтулы, тастанды, асыранды, арнаулы, бұрама, т.б. қатыстық сын есімдерді жатқызуға болады. Мысалы: Бұрын озық жұмысшылардың көлеңкесінде жүре беретін керенауларға орын тар. Ойдан, қырдан жиылған осынау құрама көпте әкімдігінен ұстаздығы басым еді оның. Кешке тұнық ауада күлдіргі сөздермен қас қарайғанша отыра берді бұлар.

Берілген сөйлемдердегі озық, құрама, күлдіргі қатыстық сын есімдері озу, құрау, күлдіру әрекетіне қатысты белгіні білдіріп тұр. Мінез- құлықтық сипатына қатысты сын есімдер адамның мінез- құлқының белгілі- бір қимыл, әрекет негізінде қалыптасып кеткен түрлі белгісін білдіреді. Бұл топтағы қатыстық сын есімдердің семантикасы әр түрлі болып келеді. Мәселен, жылауық, зарлауық дегендер жылау, зарлау қимылына; бөспе, көпірме- көп, асыра сөйлеу; именшек, жасқаншақ- имену, жасқану, беті қайту; ұрысқақ, ашуланшақ- ұрысу, ашулану; көнбіс, көнгіш, көнімпаз- көну қимылына қатысты мінез- құлықтың белгілерін білдіреді.

Мысалы: Тұс- тұстан іліп- қаққан соң күйгелек Осиповта береке қалмады.[3.1,185]. Бір жақсы жері, Оқас қызғаншақ адам болып шықты [3.1,206]. Ақтан ақыл айтып тоқтау салмағында, қызба жігіттің анық бір соққан шығаруы сөзсіз еді [3.1,89]. Мұндағы күйгелек, қызғаншақ, қызба қатыстық  сын есімднрі мағыналық жағынан күйіп- пісу, қызғану, қызбалану тәрізді қимыл атауына қатысты белгілерді білдіреді.

Сөз таптарының эмоционалды- экспрессивті мағынада қолданылуы олардың семантикасымен тікелей байланысты. Бұл қатыстық сын есімдердің семантикалық топтарында мінез- құлықтың сипатына қатысты сын есімдер де кездеседі. Себебі сын есімдер заттың, құбылыстың не қимыл- әрекеттің түрлі белгілерін тікелей не екінші бір зат, құбылыстың қатысы арқылы білдіруде өз тарапынан бағалаушы сипат  та береді.

Ал ол сипат адамның түрлі көңіл- күйі, ішкі сезімімен байланысты.

Мысалы: Айналайын, кісіге жұғымды бала екен, -деп мақтады.[3.1,122]. Өзінен жоғарыға жағымпаз, өз құлқынын көбірек көздейтін жылпас жігіт. Берілген сөйлемдердегі жұғымды бала – адаммен араласып, тез тіл табыса білетін бала деген жағымды эмоцияны, ал жағымпаз жігіт- өзінен күштілерге жағынып жүретін деген жағымсыз эмоцияны білдіреді.

Мінез- құлықтың түрлі қимыл- әрекетке қатысты белгісін сипаттаушы қатыстық сын есімдер семантикасы олардың стильдік қолданысына да әсер етеді. Бұл, әсіресе, бір түбірден жасалған қатыстық сын есімдерге байланысты.

Мысалы: Мен қиындықтан именбейтін, көнбіс адаммын,- деді Елена ақырын [3.1,105].

Осы сөйлемдегі көнбіс қатыстық сыны мінез- құлықтың қимылға қатысты белгісін білдіреді. Оны көнгіш, көнімпаз қатыстық сын есімдерімен ауыстыруға болады.

Шығу негізі бір сөзге ( көну етістігіне) қатысты мұндай сын есімдер мағыналық жағынан өзара байланысты болып келгенімен, сол белгіні (мінездің көну қимылына қатысты белгісі) білдіру сипаты бірдей дәрежеде емес. Көнбіс, көнгіш сын есімдерінен көну қимылына қатысты дағдының әбден қалыптасқаны, тұрақталғаны айқын көрінсе, көнімпаз сын есімінде бұл белгінің сәл де болса солғындығы, әлсіздігі байқалады.

Мінез- құлықтың түрлі қимыл- әрекетке қатысты белгісін сипаттауда қатыстық сын есімдер бір- бірінен осындай семантикалық сипатымен ерекшеленеді.

Түрлі қимыл –әрекет, қозғалыс нәтижесінде пайда болған белгілі бір дене мүшесінің кемістігіне, болмаса адамның денсаулығына қатысты белгіні білдіретін сын есімдердің семантикалық тобы оның семантикалық басқа топтарынан сан жағынан әлдеқайда аз. Мүшелік кемістікке және денсаулыққа қатысты белгіні білдіретін қатыстық сын есімдер жүру, сөйлеу, есту, қабылдау әрекеттерінің кемшілігінен қалыптасады. Мысалы: Ақсақ кемпірдің соңғы сәлемі осы болсын. Девяткин... қазақ ауылдарына барып, сонда бір сүзек тәрізді жұқпалы аурумен ауырған әлденеше адамдарды емдеп қайтып келеді екен[3.1,82]. Сол сәт Бәдәуидің көз алдына шығарда жаны бөлек Шырынын шошымалы ауруға ұшыратып, қояншық атандырған бір сұмдық оқиға келе қалды.

Мұндағы ақсақ- жүру қимылының нәтижесіндегі ақсау белгісіне қатысты мүшелік кемістік белгісін, ал жұқпалы, шошымалы – жұғу, шошу әрекетіне қатысты аурудың белгілерін білдіреді.

Белгілі бір әрекетке адамның бейімділігі қатыстық сын есімдердің мағыналық бір тобы ретінде өз алдына жеке қарастырылады. Қатыстық сын есімдердің іс- әрекет, қимыл- қозғалысқа қатысты семантикалық тобы мағыналық сипатына қарай әр түрлі қозғалысқа әрекетке бейімділікті білдіреді.

Мәселен, байқау, болжау, сезу, аңғару, сұрау, тілеу, жирену сияқты таным, сезім мүшелері арқылы берілетін қимыл- әрекетке қатысты сындық белгі байқағыш, байқампаз, болжағыш, сезгіш, аңғарғыш, сұранғаш,т.с.с. қатыстық сын есімдер арқылы беріледі.

Мысалы: Әншейінде аса жүрдек қоңырды қазір жиі- жиі шарт- шұрт ұрып келеді. Көтергіш машинаны да бір қарап өткізіңдер (Ғ. Мұстафин). Тамыздың орта кезі, даланың ұшпалы шөбі қурап кеткен[3.1,165]. Бұл сөйлемдердегі жүрдек – аттың жүру қимылына, көтергіш- техниканың көтеру қимылына, ұшпалы- шөптің ұшу қимылына бейім белгісін танытады.

Адамның, заттың, құбылыстың қозғалуымен бірге қалыпты түрде әрекет ететін жағдайлары да болады. Тіл білімінде бұл мағына қалып етістіктері арқылы берілетіні белгілі. Ал семантикалық жағынан қалыпты күйге қатысты сипат кейбір қатыстық сын есімдер арқылы да беріледі. Мұндай жағдайда сын есімдердің бұл тобы зат не құбылыстың белгілі бір қалпын, жағдайын білдіретін қимыл атаулармен байланысты болады. Ондай топқа жабулы, бүгулі, доғарулы, жинаулы, салулы, байлаулы тәрізді сөздер жатады.

Мысалы: Екі қолы алдына созулы Ақбілек қалшиып қалды. Балалар етке қараған жоқ, бірер шыны сүт ішкен соң, салулы төсекке жантайды. Тілмаштар мен начальниктің аралығында сары барқытпен бүркеулі сандық тұр. [3.1,96].

Берілген сөйлемдердегі созулы, салулы, бүркелкі сын есімдері өзі анықтайтын сөзінің созу, салу, бүркеу қалыпты қимылына қатысты белгісін білдіріп тұр.

Қалыпты күйге қатысты сын есімдерге қозғалмалы күйге қатысты сын есімдердің семантикалық тобы мағыналық жағынан қарама- қарсы түрде келеді. Қатыстық сын есімдердің қозғалмалы күйге қатысты тобы адамның, зат не құбылыстың динамикалық, яғни қозғалыстағы күйіне қатысты белгісін, сипатын білдіреді. Қозғалмалы күйге қатысты сын есімдерге ашу, жабу, көшу, айналу, жылжу тәрізді қимылға қатысты түрлі белгіні сипаттайтын ашпалы, жаппалы, жылжымалы, шұбырынды, айналмалы, ауыспалы, т.с.с. сын есімдері жатады. Мұндай қатыстық сын есімдердің семантикалық негізі үзіліссіз қозғалысқа бағытталған белгіден қалыптасқан.

Зат есімдердің үстеулер тобына дайын единица күйінде ауысуы тілде аса қарқынды дамуға ие емес. Сөз немесе сөз тіркестерінің үстеулер тобына өз формасын еш өзгертпестен өтуі сол сөздің лексика-семантикалық ерекшелігінің әсері деп білуі шарт. Шындығында да мезгіл үстеулері уақыттың белгілі бір өлшемін, мезгілін білдіретін сөздермен байланысты, ал мекен үстеулері заттың мекенін, орнын білдіреді. Сөздердің мағыналық бөлшегіндегі осындай қасиеттерін қарастыра отырып, түрік тілін зерттеуші, профессор А.Н. Кононов зат есімдердің үстеулер қатарына өтуін төмендегіше сипаттайды: «Характерным признаком перехода имени существительного в наречие, точно так же, как и в русском языке, является следующее: имя существетельное утрачивает возможность сочетаться с определением» [1, 39].

      Аталмыш процесте  сөздің лексикалық мағынасы бастапқы  мағынасынан алшақтайды. Сөз өзінің нақтылығынан айырылып, жалпылық сипатқа ие бола бастайды. Сөз мағынасының өзгеруі оның семантикалық ерекшелігіне тән болады. Сөз жеке өзі ешбір қатынассыз үстеулер тобына ауыса алмайды. Бұл жерде белгілі бір дәрежеде байланыс бар. Ол байланыс сөздердің тiркесу қабілетіне байланысты. Яғни, сөз өзі тіркесетін сөзбен барлық заңдылықтарды сақтай отырып тіркесе алады. Белгілі бір сөздердің етістікпен тіркесі сол сөз мағынасын сөйлем ішінде ғана өзгертіп, қызмет аясына байланысты уақытша үстеулер қатарына өтуіне мумкіндік береді. Сөз сөйлем ішінде пысықтауыштық мәнге ие болады. Мұндай қатынас сөздердің үстеулер тобына өтуіне ықпал етеді. Тілде болатын мұндай лексика-семантикалық құбылыс баяу, ұзақ мерзімдік дамудан өтеді. Тілдің ішкі қатпарларында әбден сұрыпталады. Мағыналық жақтан да, функциялық жақтанда толық үстеулер қатарына өтуі үшін тұрақты пысықтауыш ретінде ұзақ мерзім қолданылуы керкен. Аталмыш процес түркі тілінде пассив құбылыс.

Сөз таптарының ішінде адвербиадану процесіне бейім сөздер сын есімдер. Тілдерде кездесетін көптеген үстеулер өздерінің шығу төркіні жағынан сын есімдермен негіздес, төркіндес болып келеді. Тілші Ж. Сарбалаев сын есім сөздердің үстеулер қатарынан орын алып, кейіннен толық үстеу болып қалыптасу тұрғысында мынадай дәләлдер мен сипаттамалар береді: Сын есімдер тобынан үстеулер қатарынан ауысқан сөздер, әсіресе, қимыл-сын және күшейіткіш үстеулердің құрамына жиі ұшырасады» [2, 35-39].

Ғылымның пікірін қолдай отырып, шынында да зат есімдер категориясынан ауысқан сөздер көбінесе мекендік, мезгілдік мағынаны білдірсе, адвербиалданған сын есімдер қимыл мен іс-әрекеттің сипатын, белгісін, мөлшері мен көлемін білдіруге бейім тұрады.Жекелеген түркі тілдері деректерін салыстыра отырғанда сын есімдердің үстеулерге айналуының басты белгілерінің бірі ретінде коверсия құбылысы ерекше сипатқа ие. Өйткені, көп жағдайда сын есім сөздер өздерінің тұлғалық сипатын сақтай отырып, контекстік мағынасына, функциясына байланысты үстеуге айналады. Мысалы, башқұрт тілінде кездесетін алыс, қыйын, йәтеш, яқшы т.б. тұлғалар кейде контекске байланысты үстеу болса, кей жағдайда сын есім ретінде қолданылады.      

Мұндай сөздер тек башқұрт тілі емес, барлық түркі тілдеріне тән құбылыс. Сөйлем ішінде ерекше қызметтеріне қарай кейде сөздерді сөз таптары арасындағы функциялық тұрғыдан аралық категориялы тұлғалар деп топтасада болады. Тек сөйлем ішінде ғана белгілі бір сөз табына телінгеннен соң біз мұндай сөздерді контекстік үстеулер деп атауымызға тура келді. 

Демек, мұндай аралық жағдайда қолданылып жүрген сөздердің жігін ажыратып, олардың мағыналық, қызмет аясына өлшемдер айтуға болады деп есептейміз. Аталмыш сөздердің сөйлемде екі жақтылық сипатқа ие болуы сөйлем ішіндегі қызметінің шартына тәуелді. Сөз сөйлем ішінде есіммен тіркесіп, анықтауыш ретінде заттың сапасын, сынын білдірсе, сын есімге телініп, ал етістікпен тіркесетін болса қимылдың белгісін білдіріп үстеу болады. Сын есімдер мен үстеулерді ажыратудың бірден-бір белгісі ретінде осы анықтаманы айтуға болады.

Үстеуге айналған сын есімдерді тұлғасына қарай төмендегіше сипаттауға болады. Қазіргі түркі тілдерінде мүлдем, біржолата үстеуге айналған үстеулер және әлі де болса өзінің бастапқы сөз табындық ерекшелігінен арыла алмай жүрген сөздер. Алғашқы топ сын есімдер әлдеқашан өзінің лексика-семантикалық категориясынан алшақтап, тілдің қазіргі тұрғысынан қарағанда қай жағынан алса да үстеулік мән мағынаға ие болған сөздер де, ал кейінгі топтағы үстеу деп танылып жүрген сөздер өздерінің алғашқы лексика-семантикалық белгілерінен толық ажырамаған, екі жақты қызметі мен сипаты бар, қолданылу ыңғайына қарай аралық жағдайда сипатталатын, толық адвербиалданған сөздер.

Үстеулердің қалыптасуына сын есімнің шырай формалары да көптеп кездеседі. Қазақ, өзбек, башқұрт тілдерінде шырай формаларымен адвербиалданған көптеген тілдік единицаларды кездестіреміз. Олар үстеу сөз табын қалыптастыруда ерекше сипатқа ие.

 

 

1.2 Қазіргі кездегі ағылшын  тіліндегі сын есімдердің семантикалық  тармақтары

 

Сын есімдердің семантикалық тармақтары жеке сындық мағынаны білдіреді.

Қазіргі ағылшын тіліндегі сын есімдер сөз табы ретіндегі адъектистену қабілетіне байланысты төрт семантикалық тармаққа бөлінеді. Ағылшын сын есім тармақтарының (сындық (сапа, қасиеті) семантикалық белгілері, динамикалық белгісі (іс- ірекет белгісі), қарым – қатынас белгісі, белгілі топқа қажеттілігі).

Сөз табындағы семантикалық құрамының лексико – семантикалық нұсқасы жоғарыда аталған төрт тармақтың біреуі ғана семантикалық белгіні білдіреді.  Семантикалық белгіні білдірмейтін сын – есім болмайды, кем дегенде біреуі аталған белгіні міндетті түрде білдіру қажет [15,118].

Ағылшын тіліндегі сын есімнің семантикалық тармақтары семантикалық сапа немесе өзіндік ерекшелігін білдіреді. Бұл тармақтарға статистикалық, өзгермейтін сапа немесе өзіндік ерекшелігі бар сын есімдер жатады. Атанған сын есімдердің бұл семантикалық тармағының сапасы немесе сыны анықтауыштық денотаталық белгісін білдіреді.    

Лексика - семантикалық топтың “беріктік” мағынасын білдіретін сын есімдер frail, flimsy, substantial, сөз тіркестері: frail chair, substantial desk, flimsy cafrdboard box. Осынысын есімдердің ішіндегі flimsy сын есімі өзінің семантикалық құрылымында, “easily injured and destroyed” – беріктік мағынасын білдіретіндіктен оның долданылу аясы басқаларға қарағанда өте кең.

Информация о работе Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері