Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 11:59, реферат

Краткое описание

Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі. Компьютерлік сауаттылық – өмір талабы
1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2. Ойды логикалы түрде дамыту;
3. Алгоритімдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелік;
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Осы мақсаттардан барып мынадай міндеттер туындайды:
* Оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру;
* Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру;
* Оқушылардың коммуникативтік (тілдік) ойлау қабілеті мен шығармашылыққа бейімділігін дамыту;
* Оқушылардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесі, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып қызмет субъектісі деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Компьютерлік сауаттылық.docx

— 17.87 Кб (Скачать документ)

Компьютерлік сауаттылық


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Компьютерлік сауаттылық (Компьютерная грамотность; computer literacy) — практикалық жұмыстарда компьютерді қолдану біліктілігі. Қазіргі кезде іскерлік пен білім салаларында міндеттілікке айналды; белгілі бір саладағы мәселелерді шашу жолында компьютерді қолдану үшін керекті мүмкіндіктер мен білімдер жиыны. Компьютерді пайдалана отырып, мвліметтер оку, жазу, есептеу, сүрет салу және де акпарат іздеу жолдары.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі. Компьютерлік сауаттылық – өмір талабы

Добавить комментарий

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы 
Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі 
Физика және информатика пәнінің мұғалімі 
Кусаинова Багдагул Максимовна

Баяндама: 
Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі. 
Компьютерлік сауаттылық – өмір талабы.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» деп аталатын 4-тарауының 3.1. тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. Елбасы жолдауы – «маңызды құжат», болашағымыздан айқын бағдары анық та мақсатты жарқын жоспары, өзіміздің балаларымыздың бақытты өмірінің бағдарламасы болып табылады. Сондықтан, заман талабына сай информатиканы бастауыш сыныптан бастап алғашқы дайындық курсы ретінде енгізу қажеттілігі қазіргі таңдағы мәселелердің бірі болып отыр.

Информатика дербес пән ретінде дамып келеді. Егер осыдан 5-6 жыл бұрын информатиканың базалық курсын алгоритмдеу мен программалау негіздерін, есептеуіш техника құрылғылары негіздерін және қазір адамдар компьютерді құрал ретінде пайдалану тиімділігін арттыру информатика курсының негізгі мақсаты болып табылады. Ол үшін ең бастысы оның мақсаты мен міндетін анықтап алып, әдістемелігін дұрыс құра білу.

Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсаты мен міндетін төмендегідей сипаттауға болады:

1. Компьютерлік  сауат ашудың бастау негізі;

2. Ойды логикалы  түрде дамыту;

3. Алгоритімдік  білімді жетілдіру мен мақсатты  шешудегі жүйелік;

4. Компьютерді үйренудің  оңай жолдарын іздеу.

Осы мақсаттардан барып мынадай міндеттер туындайды:

* Оқушылардың логикалық  және алгоритмдік ойлау қабілетін  жетілдіру;

* Компьютерлік сауаттылықты  қалыптастыру;

* Оқушылардың коммуникативтік (тілдік) ойлау қабілеті мен шығармашылыққа  бейімділігін дамыту;

* Оқушылардың әлемнің  жүйелік-ақпараттық бейнесі, ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру және  олардың өзін-өзі жетілдіре отырып  қызмет субъектісі деңгейіне  көтерілуін қамтамасыз ету.

Информатика пәнін оқыту әдістемелері

Жалпы педагогикада оқушының оқу қызметі мұғалім қызметі және олардың бірлескен қызметі. Мысалы, мұғалім қызметі – оқушыларға арнап

нұсқаулар дайындау, оқушы қызметі – комьютерде бағдарламамен диалогты түрде жұмыс істеу, нұсқау тапсырмаларын орындау.

Жалпы педагогикада да оқыту мақсаты білім беру мен тәрбиелеу, дамытудың бірлігі ретінде қарастырылады. Информатика математика ғылымы тәрізді практикаға, яғни компьютерлік қоғамға тән маман дайындау барысында бастауыштан бастап беретін білімнің маңызы зор.

Педагогикалық қызмет:

Оқушының міндеті: ЭЕМ-де бағдарламамен диалогты түрде жұмыс істеу, нұсқау тапсырмаларын орындау. Оқушы алдына мақсат қойып, берілген тапсырмаларды жұмыс дәптерінде және компьютерде өз бетінше жұмыс істеу.

Мұғалімнің мақсаты: оқушыларға арнап нұсқаулар дайындау, яғни күнделікті өткізілетін сабақтардың нұсқаулықтарын дайындау. Оқу барысында оқушыларға проблемалық жағдай туғызып, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар беріп, олардың қызметін басқарып отыру.

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

* Бастауыш мектеп  оқушысын ақпараттық қоғамға  бейімдеу;

* Ерте жастан  балалардың ақпараттық ойлау  қабілетін дамыту;

* Бастауыш мектеп  оқушыларының ақпараттық мәдениетін  қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық  білім кеңістігіне даярлау.

Ресей ғалымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей. Жалпы педагогикада оқыту мақсаты Білім беру: Қолданбалы білім беру. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Жалпы білім беру. Жалпы білім берудің негізі компьютердің мүмкіндіктерін, оның қолдану принциптерін жүйелі түрде оқыту болып табылады. Тәрбиелеу. Информатиканы оқытуда жеке тұлғаның компьютердің өзі және басқалар үшін қауіпсіз, әрі тиімді пайдалану жағын қарастыру Дамыту. Ойлау қабілетін дамыту, әсіресе бірін бірі толықтырып отыратын логика-алгоритімдік және жүйелік-комбинаторлық ойлау түрлеріне байланысты. Қазіргі уақытта бұл әдіс түрі сирек қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Ойын технологияларына қосымша логикалық тапсырмалар беруге болады. Тапсырмаларды орындай отырып оқушылардың ойлау қабілеті, шапшаңдығы және пікір бөлісулеріне болады. Тапсырмалар әр сыныптың тақырыптарына қосымша болуы тиіс.

Тапсырмалар ретін мына үлгіде алуға болады:

№1 тапсырма: Алфавиттегі әріптердің реттік номерін пайдаланып теңдіктерді тексер:

и + щ + ғ = н + у + е ___________________

ю + ң + һ = ф + ъ + у___________________

ө + 2 +37 = 6 +13 +6____________________

№2 тапсырма: Суретшінің салған қызықты суретін анықтап қара. Сен де өзіңнің ойлаған суретіңді сал.

№3 тапсырма: Суреттерді мұқият қара. Үш түрлі сурет болатындай етіп толықтырып сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№4 тапсырма: Қарындашты дәптерден көтермей, бір рет сыза отырып фигураны сызып көр.

 

 

 

 

 

 

 

 

№5 тапсырма: Ойды дұрыстап аяқтап жаз.

Барлық балық суда жүзе алады,

Алабұға – балық

Яғни ……………………………

Жеміс ағаштары көктемде гүлдейді Пропедевтикалық курс Қолданушылық Ақпаратты — логикалық Шығармашылық Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу

Шабдалы – жеміс

Яғни……………………………..

№6 тапсырма: логикалық сұрақтар

* Бір алмұрттың  салмағы төрт қара өріктің  салмағындай. Екі алмұрттың салмағы  неше қара өріктің салмағына  тең?

* 60 кг қағаз қалдығы  бір ағаштың өмірін қорғайды. Ал 420 кг қағаз қалдығы неше  ағаштың өмірін қорғайды?

№7 тапсырма: Жол жүру ережелерін сақтап өткен оқушының суретін боя. Боялмаған суретте оқушы қандай қате жіберді.

 

 

Қорыты келгенде информатика сабағында компьютердің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілетін дамыту және арттыру. Жас кезінен компьютермен жұмыс жасаған балаға зор мүмкіндік жолын ашу үшін сабақ үстіндегі, қосымша үй тапсырмалары дұрыс таңдалып, бастысы оқушының жас ерекшелігіне сай құрастырылған тапсырма болуы керек. Ұстаз міндеті оқушының қызығушылығын дамыту арқылы, тұлғаны жан-жақты, білімді, өнерлі азамат етіп оқытып тәрбиелеу.

 


Информация о работе Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі