Қазақ тіліндегі сын есім категориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 22:38, дипломная работа

Краткое описание

Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі сын есімнің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты, мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның жалпы сөз таптарындағы және есім соз таптарының ішіндегі грамматикалық белгісін, қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі - шырай категориясы ғылыми тұрғыдан талданады. Осы негізде шырай категориясының ғылыми-грамматикалық теориясы ашылып, оның қалыптасу тарихы жүйеленеді. Шырай жүрнақтарын тиянақтау, зерттелу дәрежесін айқындау жолында ғылыми әдебиеттер сараланып, талданды.

Содержание

КІРІСПЕ БӨЛІМ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 СЫН ЕСІМНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай категориясы
Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі
Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде зерттелуі

2 ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Тілдегі «жай шырайлык» кызмет
Шырайдың жалпы категориялық мәні
Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

сын ес3м.doc

— 949.01 Кб (Скачать документ)

Мұны сын есімнің түрлері (виды) дейді. Шырай деп аты аталмайды. Бұдан шырайдың мақтыланбағанын көреміз. Ашық пікірі осы болып табылады. Бұларда шырай демесе, басқа шырай қайдан келмек.

Шығыс септік жалғауы арқылы аралас келген сын есімді «Образует сочетание сравнения, близкое к категории сравнительной степени русского языка» дейді. Оғаи мынадай-мысал келтіреді: «Аттан биік, иттен аласа». Дұрыс-ақ, солай болсын дейік. Басқа тұлғалар қайда? Ол туралы сөз қылмайды. Бұл кітап - мұнан әрі тереңдеп бармайды.

Бүкіл түркологтар бірауыздан қабылдаған үстеу сөз арқылы жасалатын таңдауды шырайға ғана мойындайды. Онда «бек, ең» сөздері аркылы ғана жасалады. Мысалы: бек игі -- очень хорошо, очень хороший; ең үлкен очень большой дегендерді айтады.

Қорыта келгенде - жалғыз «бек, ең» сөздері арқылы жасалған шырайлардан басқаның бәрін бекерге шығарады. Сөйтіп, сын есімнің шырай категориясы бекер болып табылуға бейімделеді.

Ал, осы кісінің өзі Баскаков Н. А. Қарақалпақ тілінің кыскаша грамматикасын жасағанда тілінде сын есімнің үш түрлі шырай бар деп жазды. 1) күшейту шырайы (усилительная степень) -рак/-рек; 2) Салыстырмалы шырай (сравнительная степень); 3) Таңдаулы шырай (превосходная степень) көп, жүдә, ең дейді.

Оның мына кітабында да екі жақтылығы көрінеді. Сөз жок, бұл бұрынырак жазылған еңбек кой. Сондықтан, «Ноғай тілі» кітабында сонғы кезде қорытылған көзқарасы болуға тиіс. Олай болса, шырай категориясын таныды деу де қиын. Оған факт жоғарыда айтылғандар. Оған қосымша осы «Қаракалпақ тілінің кыскаша грамматикасы».

Қырғыз тілінің маманы, И. Л. Батманов «Части речи в киргизском языке» деген еңбегінде кырғыз тіліндегі сын есімдердің спецификасы: « а) форму на -рак/-рек обладания  качества  ...  б) қап-қары, сап-сары.  в) превосходную степень, образуемую при помощи служебных слов - ең, өте, әбден» дейді. Бұл 1936 жыл еді. Ал, 1940 жылы жазған кітабында:

Основы независимо от их принадлежности к той или иной (промежуточной или стабилизовавшейся) части речи, выступает для выражения логической категории качествениых прилагательных, могут сочетаться со специфическими аффиксами, передающими различные качественные градации качества, заложенного в значении основы.

Таковы степени сравнении и образования:

  1. Приуменьшительно-приблизительная степень, образуемая при помощи сочетания нервого слога основы с аффиксом -ғылт, -ғылтым: қызыл - крисный, қызғылт, қызғылтым ~ красноватый, сары - желтый, сар,ылт, сарғылтым -желтоватый.
  2. Уселительная степень, образующаяся путем присоединения к основе особого, вида изменяющегося в каждом случае, префиксов... қызыл, қып-қызыл - очень красиый, красный-красный; синий -- көк, көп-көк -- очень синий, голубой-голубой; аппақ -- очень белый.
  3. Преувеличительная степень, образуемая при помощи аффикса -раак/-реек, рөөк, роок, ыраақ, ираақ, үрөөк: сулы - водянистый, сулыраақ водный, қызыл красный, қызылыраақ - более красный, ярко красный. Сравнительная степень передается при помощи форм исходного падежа от имени предмета, с качеством которого сравнивает качества другого предмета: ... қарындаш сиядан көгүрөөк -- караидаш посинее чернил.

5)Превосходная степень с русского языка на киргизский передается при помощи наречий -предлоғов: абдан, ең, өте - очень, .мүлде - самый дейді.

Бұл Батмановтың бұрынғы айтқанды қойып, қырғыз тілінің шындығына, оның ерекшелігіне бой ұрғандығы анық, мұнысы әбден дұрыс. Бұл туралы сөзді қырғыз зерттеушілеріне берейік.

«Қырғыз тілінің морфологиясын» жазған Бакеев, Бақтыбаев У. «Таңдаулы шырай жасайды» дейтін үстеу сөздерді «күшейтпе сын» дейді. Мұндағы бір мінезді факті шырай жұрнақтарын тізіп көрсету. Бұл форма бұрыңғы тіл кітаптарында көрінбейтін. Мысалы: "-ыш, -ғыл, -ғылтым, -сымал, -ылтым дегендер.; -ғыш (сарғыш), -мұк (бозомұк), -улдур (көгулдур)'". Бұлардың санға кіре алмай, көзге түспей, грамматикалардан орын алуға мүмкіндігі болмай келгені мәлім. Бұл барлық түрік системалы тілдердің көпшілігінде бар форма. Бірақ, ешқайсысында орнығып, шырай категориясының формалдық (тұлғалық) белгісі делініп, танылып жеткен жоқ. Ең еуелі -ақ, мұны ешбір тіл маманы шырай жұрнағы емес деп бекерге шығарғаны да жоқ. Сонымем қатар бұл формаларды нақты шырай жұрнағы деп санға да қосқандары жоқ (тек соңғы кездегі грамматикалардан басқасы, көбінесе, бұл формалар аталмай, көзге көрінбей бүктемеде, басқа формалардың көлеңкесінде қалып қоюмен келген).

Бұл сын есім шырайларының жұрнактары осы соңғы кезде тексеріліп, жиналып мектеп грамматикаларына ене бастады.

4.Шор тілінің грамматикасын жазған Дыренкова Н. К. шырай категориясы туралы жалаң айтылған. Онысы Дмитрев айткандай системасы баскасы. "Орыс тілінің типологиясын қуудан" шыққан, зат есім мен сын есімді басында айырмағандықтан, сын есімнің шырайына келгенде бәрі араласып кеткен. Сын есімніц шегін ажырата алмай қалған сияқты.

Сөйтіп, шырайды біресе «бар» деп, біресе «жоқ» деп, ылғи қайшылықта қалған. Оған мысал мыналар: «Последнее (прилагательные) хотя морфологически не отличается от первых (существительных), все же имеют некоторые особенности, заключающая в том, что они могут образовывать интенсив, сочетается с так называемыми усилительными словами (ән, ең) тым и другие. Образовывать сочетания типа ап-ақ, қып-қызыл» дейді Дыренкова ( 8, 121 б.). Бұдан керінетін түсінік: зат есімнен сын есімнің айырмашылығы жоқ болса да, біраз өзгешелігі бар. Онысы: 1) интенсив (күшейткіш буындар) ап-ақ, қып-қызыл. 2) күшейткіш сөздер ең, тын (тым) дегендер. Сол кітабында сын есім дегем параграфында осы пікірін қайталайды. Бірақ, шырай деп атай алмайды Ал, «сравнение» деген тақырыпта, «шығыс жалғауы аркылы теңестіру жасалады». Осының өзінде барлық шырайлар араласып жүреді. Онда да шырай категориясына жуықпайды. Мұнысы шырай категориясын шеттеткендіктің ізі болуы керек.

  1. Татар тілінде шырай категориясы туралы ашық айтылған. Оларда екі түрлі шырай бар дейді профессор Курбангалиев.
  2. Башкұрт тілінде де төрт түрлі шырай бар деп жазады Мансұров Ә. 1) Түп дәреже «жай шырай», қызыл флаг, көк ат. 2) Сағыштыру дәрежесі «салыстырмалы шырай», мысалы, таш ағаштан қатырақ. 3) Артықлық дәреже, қып-қызыл, һап-һары. 4) Азыту.дәреже (кішірейту шырайы), мысалы, қызғылт, яшһілт, ақһыл, көгелем.

7. Көп грамматиктердің ішінде сын есімдердің шырайы туралы дұрыс 
айтқан профессор Дмитрев. Бұл кісі шырай категорисы жөнінде өзі зерттеп 
отырған құмық тілінің конкрет фактілерін есепке алған. Осы тұрғыдан қарап, 
сын есімінің екі түрлі шырай бар дейді. 1) Салыстырмалы шырай 
(сравнительная етепень); 2) Талғаулы шырай (превосходная степень), мұның 
соңғысы (үстеу сөздері аркылы жасалады» дейді. Бірақ шығыс жалғау арқылы 
салыстырма шырай деуі логикалық жолды формамен байланыстырамын деп 
тырысқаны тиіс. Олай болмағанда, салыстыру болмаса, оны білу де қиын. 
Әрбір сын есімнің сөздерінің арнаулы мағынасы болады. Ол біріне бірі үйлес 
келеді. Әрқайсысын айтканымызда біріне бірін салыстыра айтады. Олар шығыс 
жалғауы болмаса, өзіне керекті шылаулық үстеулер арқылы жасалуы да 
мүмкін. Бұларсыз-ақ жасалуы да бола беретін іс. Сондықтан тек қана шығыс 
жалғауы критерий болмайтыны анық.

8. Түркмен тілінде сын есімнің төрт түрлі шырайы бар деседі. 1) Оларда (түп дәреже - жай шырай). Мұнда да басқа түрік тілдерінен баскашылығы жоқ. 2) Көмлік дәреже --рақ/-рек жұрнағымен -ымтил, -иттил, -үмтил, -ылт, -ғылт жұрнақтары жасайды. Мысалы, сарғылт, ғызғылт, қарарақ, гөгірек, ағымтыл, борымтыл. 3) Сөйгілік дәреже: ақ - акжа, ғара - ғаража. 4) Сыпытларының артықлық дәрежесі дегенде күшейту буындары арқылы, күшейткіні үстеулері арқылы жасалатын көрінеді. Мысалы, ақ - ап-ақ, ғызғыл - гым-ғызыл, ең, яқши, гөк, гөм-гөк.

Қысқасы шырай категориясы барлық түрік системалы тілдерде бар деуімізге болады, бірак бәрінде емес.

9. Мұнда мысал келтірмеген Османды түрік тілі мен әзербайжан, түрік тілдері. Оларда да шырай категориясы бар. Ол тілдерде (-рак/-рек) формасы ғана жоқ. Бұл жоқ емес, тек қана сирек қолданылады. Оның орнына басқа жұрнақтар қолданылады.

Барлық түрік системалы тілдерден шырай категориясының бір қалыпта, бір мөлшерде болуын талап етудің, әрине, орны жоқ. Тіл болған соң, оның үстіне ұлт тілі болғандықтан өзіне тән өзгешелігі болады. Сондықтан шырай категориясы әр түрлі болып кездесуі сол тілдердің нормасына байланысты. Ол өзгешелікті грамматиканың авторларына ескермей кетуге болмайтыны да анық. Сол үшін біраз түрік тілдерін қарастырдық. Сөйтіп, түрік тілдерінде шырай категориясының бар екендігіне көзіміз жеткендей болды. Қысқасы, қазақ тілінде сын есімнің шырай категориясы бар. Ол категорияның толып жатқан формалары бар. Бірак бұл формалар арнаулы сөздерге, оның ішінде нақты сын есімдерге жалғанады. Басқа сөз табынан сын есімге айналған сөздерге жалғанатындары өте шағын. Ал, сыр сын есім түбірлеріне жалғанып, басқа сөз таптарынап сын есімге айналғандарына сын есімнін сөз тудырғыш жұрнағының үстіне ғана жалғанады. Мысалы: мал-ды-рак, сүт-ті-рек, қаш-ық-ырақ, сыр-лы-рақ;

Бұл жұрнақ сын есімнің негізгі белгісі сияқты бұдан басқалары бірде оған, бірде бұған жалғана бермейтіндік мінез керсетеді. Мысалы, -лау/-леу, -тау/-теу; Бұлар да негізімен байырғы сын есімнің өзіне жалғанады да, кейде зат есімге де жалғанып тұрады. Онысы тым сирек ұшырайды. Сөзді талғал барып жалғанады. Мысалы: «көк» дегеннен «көкшіл» деп, «-шіл» жұрнағы арқылы шырай мағынасын тудырса, «-шіл» деген жұрнақ «жасыл» деген сын есімнен шырай тудыра алмайды. Осы сияқты қыз-ыл түбірі «қыз» «-ғылтым» формасын «көк» ке қосуға болмайды. «Көгілтім» деген сөз әдебиетте кездеспейді. Көгілдір дегенді  «қызыл» ға апарып қосуға болмайды.  «Қызылдыр» деп айтылмайды. «Сарғыш» дегендегі -ғыш жұрнағын қызыл, көк, жасыл деген сын есімдерге қосуға келмейді.

Сын есім біздің заманнан әлдеқайда бұрын бар екені бірен-саран ұшыраған материалдардан белгілі. Сын есімнің шырайын зерттуге көп үлес қосқан ғалым Ғайниден Мұсабаевтың мына бір зарттеуін осы жерге келтіріп кетейік: « ... сын есімнің барын хун, үйсін тілдерінен білеміз. Орта ғасырдың әдебиеттерінде сын есімнің түр-тұлғасынан асып кеткен өзгешелікті ұшыратпаймыз. Негізі осы күнгімен бірдей» дейді де, «қызлы - қызыл, ағы - ақ» деген мысал келтіреді. Көне түркі ескерткіштерінде, Талас-Орхон жазбаларында негізгі сапа сындары кездеседі. Мысалы: ақ ат, боз ат, яшыл өкүз (өзен), торығ ат (торы ат). Бұл мысалдарда стиль айырмашылығы, дыбыстық ерекшелігі бізді жатырқатады. Бұл жерде де ғалым «Бізге түсініксіз ештеңе жоқ. Осындағы сөздің бәрі қазіргі тілімізде бар.

Талуй - қазіргі казақ тілінде телегей (теңіз); -ка барыс жалғауы; кічіг - кіші;

тегмедім -тимедім (жетпедім);

Осыны стиль жағынан қайта құрса - теңізге аз-ақ жетпедім болар еді» деп дәлелдейді.

Яғни, сын есімнің бұрыннан өмір сүріп келе жатқанына дәлел көп екенім көреміз. Бұл сияқты қалып көне түркі тілі (үйсін, хун) тілдерінде де бар.

Түркі тілдерінің негізгі ерекшелігінің бірі - күшейткіш буын (интенсив). Бұл түркі халкының көне жазу ескерткіштерінде болмағанға ұқсайды. Бірақ орта ғасырдағы әдебиетте жиі ұшырауына карағанда, бұл да басынан талайды кешірген.

М. Қашғари күшейткіш буынның басқы дыбысы күшейтілетін сөздің басқы дыбысымен үндес келетінін айтады. Мысалы: көк деген сапа сынын күшейтетін буын к-ден басталуы керек, ақ сөзін күшейтетін буын, а-дан басталуы керек, күшейткіш буынның соңғы дыбысы п болады. Бұл қағида түркі тілдерінің бәріне де ортақ деп дұрыс көрсетеді. Сап-сарығ (сап-сары), яп-язы (жап-жазық), түп-тұғры (туп-тура), яп-яшыл (жап-жасыл) т. б.

Көне түркі тілінде сын-сапаның артықшылығын, толықтылығын білдіру үшін сын есімдер алдынан арнаулы күшейткіш сөздер тіркестіріліп айтылған. Ондай сөздердің мегізгілері мыналар: ән, ан (ен), анығ (анық), йиг (ең), бедүк (өте), джым (шым, шымқай), дүм (тым, аса). Осы жол, яғни, арнаулы күшейгкіш сөздер арқылы сын есімнің интенсив түлғаларын жасау тәсілі, кейінгі түркі тілдерінде де, соның бірі қазіргі қазақ тілінде де әбден орнықты. Көне түркі тілінде қолданылған ең, жым, дүм, аңығ сөздері қазақ тілінде кейбір фометикалық өзгерістермен сақталған: ең қазіргі казақ тілінде ең (сөз соңындағы -н кейде -ң-ға айналады) түрінде айтылса, джым шым (дж>ш), дүм>дым, тым пішінде дыбысталады. Әрине, бұлардың өзі көп. Бірақ, әрқайсысының еншісіне тиген, белгілі сөздері бар. Солармен ғана үйлеседі. Мұны қазақ тіліндегі сын есім шырайының спецификасы деуіміз керек.

Қорыта келіп айтарымыз"осы көп түрлі шырай жұрнағы басқа есімдерден сын есімді бөлектеудін жіктеудің негізгі бір белгісі.

Ғалым М. Томанов шырай формаларын тарихи тұрғыдан зерттеп, талдаған. «Сын есімнің шырай мәні редупликация жолымен және сын есімдерге -рак, -лау аффикстері жалғану арқылы немесе сын есімдердің алдынан тіркес айтылатын арнаулы сөздер арқылы беріледі» деп жазады [17, 197]. Тарихи тұрғыдан осы аталған тәсілдердің қайсысы да жаңа құбылыс емес, көне дәуірден-ак орнығып қалған жүйе. Көне түркі ескерткіштерінің материалдары осыны дәлелдейді. «Солай дегенмен де, олардың таралу шегі бірыңғай емес. Орхон-Енпсей жазбаларында редупликация құбылысы, сондай-ақ, аффикстер аркылы шырай мәнін беру ұшырамайды. Бірақ бұл тәсілдер ұйғыр жазбаларында, Манихей ескеркіштерінде бар» - дейді [17, 19]. С. Е. Маловтың ұйғыр ескерткіштерінін грамматикалық көрсеткішінде -рақ аффиксін көрсетеді де, оған артуқрақ сөзін мысалға келтіреді. М. Қашғари сөздігінде мынадай фактілер бар: «зп//еп//ап - күшейтіп айту, бір нәрсені өте асырып мақтаса, эп-эггү нең --    өте жақсы нәрсе дейді. Өте ақ, аппақ нөрсені ап-ак дейді.

«Қайталанатын буынның соңғы дыбысы көбінесе, казіргі қазақ тіліндегі сияқты, катаң дауыссыздарға бітеді. Алайда, A. М. Щербактың зерттеулеріне қарағанда, кейде қайталанатын буында -м, -б дыбыстары да ұшырасады. Бірақ мұндай ауытқулар бір тіл құрамында болатын дауыссыздардың ауысуы емес, әр тілге тән фонетикалық ерекшеліктермен байланысты» - деп жазады ғалым ( 17, 1976). -6 дыбысының қолданылуы, М. Қашғари зерттеуінде қыпшақ тіліне де тән болғандығы айтылады. Алайда, қазіргі қазақ тілінде редупликация құрамында мұндай құбылыс байқалмайды. Ғалым М. Томанов негізгі сын есімдерге қосылып сапа, сынның салыстырмалы артықшылығын не белсенділігін бідіретін ~рақ афиксінің көне түркілік ескерткіштер тілінде де сондай мәнде жұмсалғанын айтады. Ол кісінің зерттеуінен X-XI1I ғасыр жазбалары тілінде де бұл аффикс осы мәнде айтылған, кейде зат есімдерге де жалғанғанын байқаймыз. Зат есімдерге жалғану фактісі қазақ тілінде сирек те болса ұшырасады: бара-рақ. Бұл аффикстің әуелгі негізі «әрең» мағыналы шылау сөз екендігін айта келе,-Тува тіліндегі .қолданысқа мысал келтіреді, ақ арақ (ағырақ), көк арақ (көгірек), сарығ арақ (сарырақ) т. б. Яғни біз -рақ аффиксінің әуелгі сипаты да осындай болғанын анықтаймыз. Қазіргі қазақ тілінде сапаның бәсеңдігін, әлсіздігін білдіретін аффикстер бар. Олар да негізінен сапалық сын есімдерге қосылып, жаңағыдай мағына туғызады. Алайда бұл аффикстер аздаған сөздерге жалғанады. Сондай аффикстің бірі -қыш (-ғыш): сарғыш, қызғыш. Осы аффиксті -ғыл аффиксімен салыстырғанда, алдыңғы элементтері бірдей де (-кы, -ғы), соңғы элементтері ғана әр түрлі (-ш, -л). Бұған қарғанда -ғыш құранды аффикс (ғы-ш). Алдыңғы элемент қимыл есім тұлғасы да, соңғысы соған қабаттасқан есім жасайтын қосымша -ғыл аффиксін -ғылт -ғылтым (сарғылтым, ақшылтым) аффикстерімен орайластыруға болады, өйткені екеуі де сапанын бәсеңдігін, солғындығын білдіреді, бір-бірінен лексикалық мағына жағынан да, қолдану мәнері жағынан да ешбір ерекшеленбейді. Бұл аффикстер жөнінде Томанов былай деп жазған: «ХІІІ-XV ғасыр жазбаларында осыларға ұқсас, осы мәнде қолданылған -ғүл, -гүл, -л, -мтул аффикстері қолданылған. Қазақ тіліндегі -ғыл,-ғылт -ғылтым аффикстері солардың фонетикалык өзгеріске (л>м) түскен варианты. Бұны олардың мәндестігі ғана емес, қазақ тілінде аз ғана сөзғе жалғанып қолданылатыны да дәлелдейді» [17, 198].

Информация о работе Қазақ тіліндегі сын есім категориясы