Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 16:00, реферат
Краткое описание
1. Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары.
2. MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау.
3. MS Excel электрондық кестесінің функциялары.
4. Диаграммаларды өңдеу, көркемдеу және баспаға шығару жолдары.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Альфия.docx
— 391.04 Кб (Скачать документ)MS Excel электрондық кестесіндегі Функция шебері (Мастер
функций) дайын формулаларды есептеуге
арналған. Функцияны іске қосу үшін Вставка®Функция... командасын орындаймыз немесе
стандартты саймандар тақтасынан
батырмасын шертеміз. Функция шебері екі қадамнан
тұрады:
1) бірінші қадам – қажетті функцияны іздеу, категорияны және функцияны таңдау бөлімдерінен тұрады (10-сурет).
10-сурет. Функция шеберінің сұхбаттық терезесі.
2) 2-ші қадам – функцияны берілген аргументтері бойынша есептеу бөлімдерінен тұрады, мұндағы:
1 – аргумент енгізілетін функция аты;
2 – аргументтер енгізілетін өріс;
3 – аргументтер енгізілетін өрісті орау батырмасы. Егер өріс ораулы болса, осы батырманы қайта басу арқылы ашамыз;
4 – аргументтер мен функцияның ағымдағы мәні;
5 – функцияны бейнелеу аймағы;
6 – берілген функция
жөнінде анықтама алу батырмасы.
Функциялар есептеулердi ықшамды күйде жазу үшiн қолданылады және мынадай түрде жазылады. Мысалы:
=А9 + COS(D7), мұндағы А9 – ұяшықтың адресi; COS – функцияның аты, жай жақшаның iшiнде аргументi көрсетiледi; D7 – аргумент (сан, мәтiн, және т.б.), сан тұрған ұяшыққа сiлтеме болып тұр.
Функцияға аргументтерді келесі тәсілдермен енгізуге болады:
1)қажетті адресті немесе ұяшықтар блогын пернетақтадан теру арқылы;
2)жұмыс кітабындағы қажетті
ұяшықтарды немесе ұяшықтар блогын
белгілеу. Бұл кезде аргументтер
енгізілетін өрісті орап қоюға
немесе басқа жерге апарып
қоюға болады (3).
Кейде есептеулерді қандай да бір «тізім» арқылы жүргізуге тура келеді, яғни функция аргументі ретінде қандай да бір ішкі функция алынады. Мұндай кезде формула қатарындағы функция аттары көрсетілген ішкі тізімді қолдануға болады.
Мысалы: А1 ұяшығында х=1 мәні енгізілген, А2 ұяшығындағы ln(sin x) функциясын есептеу жолын қарастырайық.
А2 ұяшығында Функция шеберін шақырамыз. Шыққан сұхбаттық терезенің Математикалық категориясынан LN (натураль логарифм) функциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз. Функция аргументін енгізу үшін Функция Аттары бөлімінен қажетті функцияны көрсетеміз. Ішкі функцияның аргументі ретінде А1 ұяшығындағы мәнді белгілейміз. Жалпы функцияны есептеу формуласы 11-суретте көрсетілген.
11-сурет. Ln(sin x) функциясын есептеу жолы.
MS Excel кестесінде қолданылатын стандартты функциялар тізімі:
Дата и время функциясының құрамы:
Сегодня () – ағымдағы күнді мәтіндік форматта белгілейді;
Год(дата), Месяц(дата), День(дата), ДеньНед (Дата;2) – сәйкесінше, жыл, ай, күн, апта күндерін белгілейді. ДеньНед функциясындағы 2 аргументі – дүйсенбіден басталған апта күндерін есептеу үшін қажет. Мысалы: =ДеньНед(Сегодня();2) – ұяшыққа қажетті апта күнін шығару.
Математикалық функциялар категориясы:
ABS (число) – санның модулі;
ACOS (число) – бұрышы 0 мен p радиандар аралығында анықталатын санның арккосинусы;
ASIN (число) – бұрышы p/2 мен p/2 радиандар аралығында анықталатын санның арксинусы;
ATAN (число) – бұрышы -p/2 мен p/2 радиандар аралығында анықталатын санның арктангенсы;
SIN (число), COS(число), TAN (число) – берілген санның сәйкес тригонометриялық функциялары;
LN(число) – санның натураль логарифмі;
LOG(число; основание) – берілген негіз бойынша санның логарифмін анықтайды;
LOG10 (число) – ондық логарифм;
ГРАДУСЫ (угол) – радианды градусқа айналдырады;
ЗНАК (число) – санның таңбасын анықтайды: 1 – егер жұп сан болса; 0 – егер сан 0-ге тең болса; -1 – тақ сан болса;
КОРЕНЬ (число) – квадрат оң түбірді анықтайтын функция;
МОБР (массив) – берілген массивтегі квадрат матрицаға кері матрицаны анықтайды. Массив ұяшықтар блогы ретінде, мысалы, А1:С3 немесе тұрақтылыр массиві ретінде берілуі мүмкін (бұл кезде бағандағы сандар «:» символымен, ал қатар бойынша «;» символымен ажыратылады). CTRL + SHIFT +ENTER пернелдер комбинациясын шерту арқылы матрицалық формулаларды аяқтаймыз;
МОПРЕД (массив) – массивте берілген квадрат матрицаның анықтауышын анықтайды;
МУМНОЖ (массив1; массив2) – матрицалардың көбейтіндісін анықтайды;Нәтижесінде және бір матрица шығады;
ОКРУГЛ (число; число_разрядов) – ондық разряд бойынша дөңгелектейді;
СУММ (число1; число2; …) – аргументтер тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын анықтайды;
Статистикалық функциялар:
МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің максимумын анықтайды;
МИН(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің минимумын анықтайды;
СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орта мәнін есептейді;
СЧЕТЕСЛИ(диапазон; условие) – шартқа сәйкес келетін диапазон аралығындағы аргументтер санын есептейді;
Логикалық функцииялар қандай да бір шарттың орындалу нәтижесіне байланысты қызмет етеді. Бұл шарттарда салыстыру операциялары қолданылады: =, >, <, <>(тең емес), >= (үлкен немесе тең), <= (кіші немесе тең).
ЕГЕР (ЕCЛИ) (логикалық _ұғым; 1 мән; 2 мән) – 1 мән шешімі болса,онда логикалық ұғым ақиқат және керісінше жағдайда 2 мән ақиқат болады. Мысалы: A1 ұяшығында 30000 саны енгізілген, ал B1 ұяшығында =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы енгізілген. Шарттың орындалмауына байланысты нәтижесі 15 тең болады.
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ функциялары күрделі шарттарды құруға арналған;
ЖӘНЕ (И) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;....) – егер аргументтердің барлығы АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”),кері жағдайда ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;
НЕМЕСЕ (ИЛИ) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;...) – егер аргументтердің жоқ дегенде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”), кері жағдайда ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;
Мысалы: =ЕСЛИ (И(A1>=20000;A1<40000);15;18) – егер A1 20000 мен 40000 аралығында мән қабылдаса онда мәні 15 тең, кері жағдайда 18 тең.
Кірістірілген ЕГЕР функциясының көмегімен күрделі шарттарды құруға болады. Мысалы:
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) – егер А1 20000 кіші болса, есептелген мән 12 тең, егер А1 40000 кіші болса, онда мәні 15 тең, кері жағдайда 18 тең болады
Егер ұяшықтағы формуланы программа дұрыс анықтай алмаса, ұяшықта төмендегі қателіктердің бірі бейнеленеді:
Қате бейнесі |
Себебі |
# Дел/0! |
0 бөлу берілген |
# Знач! |
Дұрыс емес аргумент немесе дұрыс емес оператор енгізілген |
# Имя? |
Мүмкін емес мән көрсетілген |
# Н/Д |
Мән берілмеген |
# Пусто! |
Қиылыспайтын ұяшықтар аймағы көрсетілген |
#Ссылка! |
Дұрыс емес сілтеме берілген |
# Число! |
Мәнді алу барысындағы қателік |
4. Диаграммаларды өңдеу, көркемдеу және баспаға шығару жолдары.
Диаграмма – мәлiметтердi көрнекi түрде бейнелеудiң бiр тәсiлi болып табылады. Ол кесте iшiнде орналасқан сандық мәндердi диаграмма немесе график түрiнде көрсетедi. Кiтап беттерiндегi кестелерге мәлiметтердi енгiзу және есептеу жұмыстары өте жеңiл iске асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседi. Диаграммадағы мәлiметтер оның типiне қарай нүкте, сызық, сектор және басқада элементтер арқылы көрсетiледi.
Excel программасында диаграмма құру 4 қадамнан тұрады. Диаграмманы құру үшiн оған қажеттi мәлiметтердi белгiлеп алып, диаграмма шеберiн iске қосу жеткiлiктi. Диаграмма шеберi қажеттi параметрлер тағайындалғаннан кейiн сол ақпараттарға сәйкес диаграмма құру қызметiн атқарады. Диаграмма құру үшін:
1)Алдымен қажеттi аралықты белгiлеймiз;
2)Саймандар тақтасындағы Диаграмма шеберi
(Мастер диаграмм)
батырмасында тышқанды шертемiз.
Диаграмма шеберi (шебердің 1-шi қадамы) терезесiнде диаграмманың 14 стандартты типi көрсетiлген, ал стандартты диаграмманың әрбiр типiнiң бiр-бiрiне ұқсас бiрнеше түрлерi бар (12-сурет).
12-сурет. Диаграмма шеберінің 1 қадамы.
Диаграммалардың типiн Стандартты iшкi бетiндегi Тип өрiсiнде таңдаймыз. Диаграмманың типiн және түрiн таңдаған соң Нәтиженi көру (Просмотр результата) батырмасын басулы күйiнде ұстап тұрып, диаграмманы көруге болады.
Excel программасында стандартты емес диаграммалардың бiрнеше шаблондары қарастырылған. Стандартты емес диаграммалардың типiн Диаграмма шеберi (шебердің 1-шi қадамы) терезесiндегi Стандартты емес iшкi бетiнен таңдаймыз. Диаграмманың типi таңдалғаннан кейiн Үлгi (Образец) өрiсiнде диаграмманы көруге болады.
Диаграмма құрудың екiншi қадамы – диаграммада көрсетiлетiн мәлiметтердiң аралығын енгiзу болып табылады. Егер диаграммада жолдар және бағаналардың тақырыбын қолдану қажет болса, диаграммалар шеберiн iске қосар алдында оларды қоса белгiлеу қажет. Егер, белгiленген аймаққа өзгерiстер енгiзу қажет болса Диаграммалар шеберiнiң 2 қадамының терезелерінде көрсетемiз (13-сурет).
13-сурет. Диаграмма шеберінің 2 қадамы.
Аралық (Диапазон) өрiсiндегi сiлтемелер абсолюттi болатынына көңiл аударыңыз. Диаграммалар шеберi қатар орналаспаған мәндер аралығын да бейнелеу мүмкiндiгiн бередi.
Аралық өрісі бiрнеше жолдардан немесе бағаналардан тұруы мүмкiн. Егер диаграммада бейнеленетiн мәлiметтер жол немесе бағана бойынша жүйеге келтiрiлген болса, онда Қатарлар (Ряды в) өрiсiнiң жолдарда (строках) немесе бағаналарда (столбцах) қасиеттерінің бірін iске қосамыз. Кестеде мәлiметтер жол немесе бағана бойынша белгiленсе, олар диаграммада қатар бойынша бейнеленетiн болады.
Мәлiметтер қатары дегенiмiз – кестедегi диаграмма түрiнде көрсетiлетiн ақпараттар жиыны. Мәлiметтер қатарын Қатар (Ряды) iшкi бетiндегi Қосу (Добавить) немесе Өшiру (Удалить) батырмаларының көмегiмен оларды қосуға немесе өшiруге болады. Үнсiздік бойынша әрбiр мәлiметтер жиынына 1-қатар, 2-қатар (Ряд 1, Ряд2) т.с.с атаулар меншiктеледi. Бұл атауларды Аты (Имя) өрiсiне жаңа сөз енгiзу арқылы өзгертуге болады. Осы өрiсте көрсетiлген атаулар диаграмманың түсiнiктемесiнде (легенда) бейнеленетiн болады.
Тиiстi параметрлердi көрсеткен соң, Ары қарай (Далее) батырмасын шерту арқылы келесi қадамға көшемiз.
Диаграммалар шеберiнің 3-шi қадамында диаграмма параметрлерін, яғни диаграммаға түсiнiктеме (легенда) енгiзуге болады. Сондай-ақ, осьтердi белгiлеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәлiметтердi диаграммада көрсетiп жазып қоюға, диаграмма орналасқан жерге мәлiметтер кестесiн енгiзуге және тағы да басқа әрекеттер орындауға болады (14-сурет).
14-сурет. Диаграмма шеберінің 3 қадамы.
Егер диаграмма дұрыс құрылса, оның қандай мақсатта құрылғанын анықтау оңай болады. Ал диаграмма жақсы құрылуы үшiн, оған берiлген, енгiзiлген ақпараттар анық әрi түсiнiктi болуы керек.
Диаграммалар шеберiнің 4 қадамы – диаграмманы орналастыру терезесi болып табылады. Кiрiстiрiлген диаграмманы құру кезiнде ол орналастырылатын бет кiтап беттерiнiң тiзiмiнен қажеттiсiн таңдау арқылы жүзеге асады (15-сурет).
15-сурет. Диаграмма шеберінің 4 қадамы.