Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын өңдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 06:42, курсовая работа

Краткое описание

Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметкерлері Елбасы Жолдауына қолдау білдірді. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын кеңінен насихаттау және түсіндіру жиыны өткізілді. Қаладағы медициналық жедел жәрдем көрсету стансасында ұйымдастырылған шараға Еңбекші ауданының әкімі Ә. Құртаев және ақпараттық-насихаттық топ, медицина қызметкерлерімен кездесіп, Жолдаудың басымдықтары аясында келелі ой қозғалды. Жиын барысында еліміздің соңғы жылдары қоғамның барлық салаларында толағай жетістіктерге қол жеткізгендігі, дей тұрғанмен алдағы уақыт еншісінде де атқарылар міндеттің ауқымды екендігі сөз болды.

Содержание

Нормативті сілтемелер................................................................................................5
Анықтамалар................................................................................................................6
Белгілеулер мен қысқартулар.....................................................................................7
Кіріспе……...................................................................................................................8
1 Аналитикалық бөлім................................................................................................9
1.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсетуі жайлы мағлұмат................9
1.2 Жедел жәрдем жеделділігі..................................................................................12
1.3 Жеке тұлғаларға арналған медициналық сақтандыру.....................................15
1.4 Диспетчерлік қызмет...........................................................................................16
1.5 Емхананың негізгі міндеті..................................................................................18
1.6 Тіркеу орны..........................................................................................................18
1.7 Медициналық мекеме қызметі жайлы...............................................................19
1.8 Delphi – де жұмыс істеу.....................................................................................20
1.9 Бағдарлама кодының есептелуі……………………………………………......25
2 Жобалық бөлім.....................................................................................................26
2.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының
диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын құру.............................26
2.2 Программаны іске қосу.......................................................................................31
Қорытынды.................................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................37
Қосымша А.................................................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ Улжан.doc

— 3.48 Мб (Скачать документ)

Оқырмандарға  салыстырмалы түрде  дамыған Еуропа елдерiндегi бүгiнгi жедел жәрдем қызметi туралы мағлұмат бере кетейiк. Германияда «Жедел жәрдем» норматив бойынша  шақыру түскеннен соң кемi 7 минутта  жетiп баруы тиiс екен. Қоңырау шалу кезiнде медициналық сақтандыру нөмiрi мiндеттi түрде сұралады. Бұл дегенiмiз, үй-жайсыз адам немесе заңсыз  мигранттар ауыр жағдайда немесе соқыр iшек болған кезiнде жәрдемсiз қалады деген сөз емес. Ақшасы жоқ және сақтандырылмаған адамдар ауруханалардың кассасы, қайырымдылық ұйымдары мен жеке адамдардың ақшалай көмегi арқылы жәрдем алады. Бұл елде «жедел жәрдем» көлiгiнiң жол қозғалысына ешкiм кедергi жасамайды. Барлығы оларға құрмет көрсетiп, жол ұсынады.

Германияда  мемлекеттiк «Нотдинс», сондай-ақ жекеменшiк «Жұмысшы самариттер қоғамы», «Мальта крестi» немесе «Иониттер орденi» жедел жәрдем көлiктерi үздiксiз қызмет атқарады. Олар алдын ала келiсiм бойынша және жақсы ойластырылған кесте бойынша науқастардың мекенжайларына жол тартады.

Сонымен қатар, немiстер елiнде практикант студенттер мен орта медициналық бiлiмi бар  мамандар жұмыс iстейтiн «Амбуланц» — медициналық ұйымының қызметiне де жүгiнуге болады. Бұл ұйымның мiндетi — хәлi аса ауыр емес науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету мен оларды емдеу мекемесiне жеткiзiп салу.

Ендi дамыған 50 елдiң қатарына кiремiз деп отырмыз  ғой. ЕҚЫҰ-ға төрағалықты бастадық. Бiзде де «Жедел жәрдемге» деген  құрмет, ынта-ықылас күшейер. Бүгінде адам өміріне араша түсу үшін жедел жететін қызметті әжуа етіп, ермек үшін шақыратындар көбейіп барады. Мұндай арзан әзілдің қазына қаржысын желге ұшыратынын біреу білсе, біреу білмейді. Жыл басынан бері оңтүстікте 103-тің жәр­деміне жүгінгендердің саны 250 мыңнан асып жығылыпты. Оның ішінде түскен қоңыраудың 7 683-і жалған боп шыққан. Шымкент қаласындағы «Жедел жәрдем» стансысының қызметкерлеріне 153 қоңыраудың иесі «ешқандай «скорыйды» шақырған жоқпыз» деп жалтарған. 363 адам дәрігердің көмегінен бас тартқан. 49-ының ешқандай да ауру емес екені анықталды. 70 жағдайда шақырған жандар есігін ашпай қойған. 2 077-сі шақыруын шақырып алып, орта жолда ойланып, қайта бас тартқан.

«Жедел жәрдемді»  бір рет шақыру республика бойынша  қазынаға 4 500 теңгеге түссе, ал оңтүстіктің  орталығында 3 400 теңгеге түседі. Әрине, жеті мыңнан асқан жалған шақыртуды осыншаға көбейтіп кеп жіберсеңіз, пәлен дөңгелегі бар санға айналары сөзсіз. Жауапкершіліктен жұрдай жандар осылайша, «Жедел жәрдемді» ойыншыққа айналдырғанына қарның ашады.

Денсаулық сақтау министрлігінің №793 бұйрығы бойынша, әр 10 мың халыққа бір «Жедел жәрдем» бригадасы қызмет көрсетуі тиіс. Бүгінде оңтүстіктің орталығында 668 мың адам бар деп есептеп жүр. Яғни соған сәйкес қалада 66 «жедел жәрдем» бригадасы болуы керек. Бүгінде стансыда 59 бригада бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын мұнда 32 ғана көлік бар болатын. Науқасқа уақытында жете алмай, түрлі айқай-шулар орын алып жататын. Бүгінде бұл стансы заманауи үлгідегі жедел көліктермен жаңартылды... Жалған шақыртулар бұрын да көп болатын, бүгінгі күні де жалғасын тауып отыр. 2007 жылы аталмыш стансыға ABS жүйесі ендірілген болатын. Шақыртулардың бәрі автоматты түрде жазылып алынады.

1.2 Жедел жәрдемнің жеделдігі

 

Қәзіргі уақытта  жаңа келген Мерседес маркалы автакөліктердің  арқасында қаламыздағы жедел  жәрдем қызметі біршама жақсарғанын қала тұрғындары байқаған, шақыртуға жету  уақыты біршама жақсарған. Алдыңғы жылдары халыққа  30-дан аса жедел жәрдем  автокөліктері  қызмет қылса, қәзіргі уақытта  50-ден асып жығылады. Соның өзінде шақыртулар саны күннен күнге көбею үстінде, брингадалар қызмет көрсетіп улгермейді. Өткен жылдары шақыртулар саны тәулігіне 400-ге барса, қәзіргі уақытта 800-ден асып жығылады( бұл жазғы маусымдылық басталмай жатып, жазғы маусымда 1000-ға жетеді ). Бұл неден,  халық арасында аурулар саны шынымен өсіп кеткенбе, әлде жедел жәрдем қызметі нің көмегін халық енді байқап сезіне бастадыма?. Жедел жәрдемді шақырту себебін анықтап көрелік.

Жаңа бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі енгелі  ауруханаға тек жедел жәрдем арқылы жылдам жату ғана  мүмкін болып қалды (машақаты аз). Кейбір бас дәрігерлердің  өздері науқастарын жедел жәрдем көмегі арқылы жатқызады.  Енді  жедел  жәрдем інің  кунделікті шығып жүрген шақыртуларына тоқталайық.  Жұмыстан шаршап келіп,  басы ауырдыма жедел жәрдем, әйелі мен куйеуі ұрсып қалып, әйелі куйеуіне қаншалықты өзіне зиян келтіргенін көрсету үшін жедел жәрдем  шақырады, студенттер таңертен тамақтанбай шығып 3-4 парларда бастары ауырдыма жедел жәрдем, кешкі тамақ алдында кока-кола сусынын ішіп алып,  кекіре бастадыма жедел жәрдем , емхана қойған диагнозға  сенбейме жедел жәрдем,  дәрігер жазып берген  дәрілерінің тиімділігін білгісі келеме жедел жәрдем шақырады. Ал біздің тұрақты  «клиентеріміз» қаншама..., Жібек жолы көшесінің тұрғыны Қ есімді азаматшаға жедел жәрдем тәулігіне екі рет барады. Клиникалық диагнозы: «Бронх демікпесі,  инфекциялық-аллергиялық түрі, гормон тәуелді варианты». Ол азаматша есік алдындағы базардын шаңын айына 5000 теңгеге сыпырады, тәулігіне екі рет сыпырып,  екі рет бронх демікпесі ұстайды, немесе 17 мөлтек аудан тұрғыны С есімді азамат, клиникалық диагнозы: «Паркинсон ауруы, регидті дірілдейтін түрі», тәулігіне жедел жәрдем 3-4 рет барады, себебі қария  жалғыз қалуға қорқады, кемпірі қайтыс болған, қаладағы екі қызы әкесіне қараудан үзілді кесілді бас тартуда;  Алтынсарин көшесіндегі Қ есімді азаматқа мен түнгі 3 шамасында 14-ші болып бардым, қатерлі ісік ауруымен ауыратын азаматқа жедел жәрдем әр 1-2 сағатта иньекция жасауға барады. Төменгі Отырар м/а тұрғыны жағдайын айтып жылап жіберді, жұмыс үстінде жыныс мүшелерінен қан кеткенін көрген соң, қасындағы Облыстық клиникалық ауруханаға барады, ол жердегі гинеколог дәрігері  жедел гинекология  Жедел жәрдем ауруханасында деп, сол жаққа жібереді, ол жердің кезекші дерігері көріп үйіне барып, жедел-жәрдеммен кел, әйтпесе қарамаймыз  деп қайтарады, байғұс әйел қаланы аралап аққан қанымен 2 сағаттан астам уақыт жүрген. Біз қаланың бір шетінде куйеуімен ұрысқан әйелдерді жұбатып отырғанымызда , екінші шетінде жедел-жәрдем жетпей қалып кардио ауруларымыз, бронх ентікпесі ұстамасымен ауруларымыз қиналып жатады. Оның үстіне  қаладағы жаңа аудандарда үй номерлері белгіленбеген  (Самал 1-2-3, Пахтакор, Сәуле, Достық) аудандарында түнде түгілі, күндіз іздеген үйінді таппайсын, қаладағы ескі мөлтек аудандарда үй номерлері көшіп тек іздері қалған.Үй номерлері тек жедел жәрдемге керек пе екен, өрт сөндіру, газ, свет барлығына үй номерлері керек болар. Бұл жайды көтеріп  «Нұр -отан»  ХДП-ға дейін бардық, жауап жоқ. Мекен-жай іздеп, адасып, сол жүргеннен жүрміз. Бізде орнатылған GPS –навигаторы бар, бірақ осы уақытқа дейін сол навигатордын бір рет те мекен-жай табуға көмектескенін көрмедік және естімедік. Себебі,  монитор біреу, машиналар 50-ден асады. Ол навигаторға жеке көмек көрсету үшін және 50 адамға 50 монитор қажет, ол  жағынан Алматылық әріптестеріміздің оқ бойы алда келеді.  Өйткені, олардын навигаторлары әр машинада жеке борткомпьютер, монитор бар. Оның үстіне МАЙ қызметкерлері науқасқа асығып фотоапаратқа түскен жүргізушілерімізге айыппұл қағазын үстін-үстіне жіберуде, енді науқастарымыз қаншалықты ауыр халде болмасын,  жүргізушілеріміз асықпайды, содан жедел жәрдемінің «жедел» сөзі түсіп қалып тек жәрдем ететін мекеме боламыз.

Бізде ҚР ДСМ  № 756 16.08.2001 бұйрығымен бекіткен жедел  медициналық жәрдем қызмет көрсететін шақыртулар категориясы бекітілген.  Олар мыналар:

1. Қайғылы жағдай, жарақаттану, уланып қалу;

2. Науқастын жағдайы нашарлап өміріне қауіп төну;

3. Босану және жүктіліктің асқынуы.

Жедел медициналық  жәрдем Қазақстан азаматтарына, шетелдіктерге  және азаматтығы жоқ тұлғаларға мелекет ішінде тегін көмек көрсетіледі.

Жедел медициналық  жәрдем қызмет көрсетпейтін жағдайлар:

1) АМСК (емхана , дәрігерлік, амбулатория) ұйымдарының жұмыс уақытында;

2) Үйде ем жасауға ( тамырға, бұлшық етке, тері астына егуге ), қанның қант деңгейін белгілеуге;

3) Шұғыл ауруханаға жатқызуды талап етпейтін науқастарды тасымалдауға;

4)  Соттық  наркологиялық және басқа сараптау түрлерін өткізуге ;

5)  Медициналық мекемелерге кеңестік көмек көрсетуге;

6)  Науқастарды ауруханадан үйіне жеткізуге ;

7) Алкогольге, есірткіге мас болуды куәләндыру актісін беру, өлу туралы актісін жасау, соттық медициналық қорытынды беру, еңбекке жарамысыздық парағын және анықтама  беру.

Жедел жәрдем көмегіне жүгінерде қоңырау салушы келесі ережелерді сақтау керек:

1-ереже:

Нақты мекен-жайын, есіктің кодын, үйге тез жету жолын  және «103» диспетчерінің сұрақтарына  нақты жауап беру, өйткені одан жедел жәрдемнің тез жетуі және қажетті бригаданы кардиологиялық, балалар, дәрігерлік, фельдшерлік жіберу мүмкіндігін береді.

2-ереже:

Жедел жәрдем шақыртқаннан бірнеше минуттан кейін көшеге шығып  жедел жәрдемді күтіп алуы керек, әсіресе кешкі және түнгі уақытта  өйткені ол бригаданың тез жетуіне  және медициналық жұмыскерлерінің  кепілдік  береді.

3-ереже:

Жедел жәрдем келгенде бригадаға қажетті мүмкіндік жасау керек, ол көмектің сапасына әсер етеді.

     Біріншіден, бөтен адамдарды науқастан алыстату және жедел жәрдем келгенше науқастың амбулаториялық картасын, тағы басқа құжаттарды дайындап қою.

4-ереже:

Науқасты ауруханаға жеткізгенде тек бір адамға ілесуге болады.

Жедел жәрдемге негізсіз, қасақана жалған мәлімет  берген тұлға Қазақстан Республикасының  заңнамалары бойынша жауапкершілікке  тартылады.

Облыс әкімі  Бергей Рысқалиев медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында қалалық жедел жәрдем бекеті ұжымына арнайы келіп, бекетке осы заманғы медициналық құрылғылармен жабдықталған 6 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.

Сонымен бірге  облыс басшысы бекет ғимаратының  ішін аралап, ішкі тынысымен танысты. Ұжым мүшелерімен кездесіп, олардың арыз-шағымдары мен мәселелерін тыңдауға уақыт бөлді.

     Бергей Сәулебайұлы медицина саласының материалдық-техникалық базасының жыл санап жақсарып отырғанын, мамандармен толықтырылып, олардың әлеуметтік жағдайларын шешуде облыс әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан оң істердің барын айтты.

Алайда, қалалық  жедел жәрдем бекеті қызметінің халық  көңілінен шықпай отырғанына қынжылыс білдірді.

Бұл саланың  қызметіне тұрғындар тарапынан  арыз- шағымдардың көптеп түсетінін, жедел жәрдемнің шақыруларға уақытылы жетпейтінін, бекет бойынша 13 бригада қызмет көрсеткенмен олардың жұмыстары қанағаттанарлықтай болмай отырғанына ренішін жасырмады. Егер денсаулық саласынан мұның жағдайы қандай деп сұрсаңыз: «қаржыға байланысты, қаржы керек…» деп емеурін танытатындығын айтпасқа болмайды.

Кездесуде әкім қалалық жедел жәрдем бекеті қызметкерлерінің арыз- шағымдарына орай жоғары білікті  мамандарға кезектен тыс пәтер берілетінін, орта буын мамандардың әлеуметтік жағдайын шешу ойластырылатынын, бекетішілік асфальт жол төсеп беруге көмектесетінін де қаперге берді.

Ал қалалық  жедел жәрдем бекетінің бас дәрігерінің  орынбасары Әлия Қуанова облыс әкімінің ұжымға осы заманғы медициналық  құрылғылармен жабдықталған автокөліктерді алып беруіне ризашылығын жеткізді. «Бұл жедел жәрдем көліктерінің ерекшелігі: ішінде науқастың жүрегін тексеретін аппарат, қан қысымын анықтау, жасанды тыныс алуға, оттегі беруге, жедел система құюға, басқа да жан- жақты емдеу қызметі қарастырылған. Енді облыс әкімінің көрсетіп отырған бұл қамқорлығына жауап ретінде озық технологиямен жарақтандырылған жедел жәрдем көліктері арқылы халыққа сапалы қызмет көрсететін боламыз» деді.

 

 

1.3 Жеке тұлғаларға арналған медициналық сақтандыру   

 

Жеке тұлғаларға арналған Бағдарлама аясындағы медициналық қызмет көрсетулер жанұялық дәрігер арқылы жүзеге асырылады, ол кеңес береді, диагностика жасайды, сонымен бірге емделу процесіндегі медициналық қызметтер жұмысының үйлестірушісі болады.

Жеке тұлғаларға арналған медициналық сақтандырудың  стандартты бағдарламасы мыналарды қамтиды:

- Жанұялық дәрігердің кеңестері;

- Амбулаторлық емдеу;

- Стационарлық емдеу;

- Жедел медициналық жәрдем;

- Тәулік бойғы кеңес беруші диспетчерлік қызмет.

Клиенттің қалауына сәйкес бағдарламаға қосымша медициналық  қызмет көрсетулер таңдалады:

- тұмауға қарсы вакциналау, ол вакциналау алдындағы дәрігердің кеңесін және вакциналаудан кейінгі бақылауды қамтиды;

- жыл сайынғы медициналық тексеру, жекелеген мамандардың тексерісін, флюорографияны, сондай-ақ талдаулар мен зерттеулерді қамтиды;

- стоматология, медициналық көрсетімдер бойынша қызметтерді қамтитын шектемесі бар;

- нәрестені  бақылау және патронаж;

- акушер-гинекологқа бекітіп қою;

- жүктілікті бақылау және жүкті әйелдерге дәрігерлік жәрдем көрсету;

- шетелге шығушыларды медициналық сақтандыру;

- Қазақстан аумағы және бүкіл әлем бойынша шұғыл медициналық эвакуация және репатриация.

Базалық бағдарлама мыналарды қамтиды:

- Жедел медициналық жәрдем;

- Тәулік бойғы кеңес беруші диспетчерлік қызмет;

- Жанұялық дәрігердің кеңес беруі;

Базалық бағдарламаға сәйкес жанұялық дәрігер медициналық  жәрдемді ұйымдастыру мен басқаруды  жүзеге асырады. Жанұялық дәрігер кеңес  береді, диагностика жасайды, және амбулаторлық немесе стационарлық емделуге жолдама  береді. Сондай-ақ мамандардың кеңес беруін, лабораториялық және диагностикалық зерттеулерді, профилактикалық тексерулерді, вакциналауды және стоматологиялық тексерулер мен емдеуді ұйымдастырады. Егер Сіз «Интертич» Медициналық орталықтарында ем қабылдайтын болсаңыз, 30% жеңілдік беріледі.

Бағдарламалар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат  алу үшін сату бөліміне хабарласуыңызды  сұраймыз. Компания өкілі Сіздің тілектеріңіз бен қаржылық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып, Сізге жеке сақтандыру бағдарламасын  құруға көмектеседі.

      Ұйымның толық құрылымы – мынадай құрамда құрылған:

Қала халқынан шақыртулар кеңейтілген телефон  желілерінен қабылданады.

Санитарлық  автокөліктерде екі жақты радиобайланыс.

Емдеу мекемелерімен  тікелей байланыс.

Анық ұйымдастырылған  диспетчерлік қызмет.

Қажетті құралдармен жабдықталған әдейі санитарлық автокөлік емханаға жатқызуға көмек көрсетеді.

Арнайы дайындалған медицина қызметкерлері.

     Жинақталған,жетекші қызмет көрсететін көшпелі бригада, медициналық бөлім.

Звено құрылымында ерекше жедел бөлім бар.

Оның қызметі:тұрғындардан шақыртулар қабылдау,оны көшпелі бригадаға хабарлау,көшпелі бригадаларды басқару,қосалқы станцияға және тұрғындарға анықтама ақпараттарын беру.

Станцияда негізгі  құрылым көшпелі бригада болып  саналады.

Информация о работе Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын өңдеу