Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын өңдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 06:42, курсовая работа

Краткое описание

Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметкерлері Елбасы Жолдауына қолдау білдірді. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын кеңінен насихаттау және түсіндіру жиыны өткізілді. Қаладағы медициналық жедел жәрдем көрсету стансасында ұйымдастырылған шараға Еңбекші ауданының әкімі Ә. Құртаев және ақпараттық-насихаттық топ, медицина қызметкерлерімен кездесіп, Жолдаудың басымдықтары аясында келелі ой қозғалды. Жиын барысында еліміздің соңғы жылдары қоғамның барлық салаларында толағай жетістіктерге қол жеткізгендігі, дей тұрғанмен алдағы уақыт еншісінде де атқарылар міндеттің ауқымды екендігі сөз болды.

Содержание

Нормативті сілтемелер................................................................................................5
Анықтамалар................................................................................................................6
Белгілеулер мен қысқартулар.....................................................................................7
Кіріспе……...................................................................................................................8
1 Аналитикалық бөлім................................................................................................9
1.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсетуі жайлы мағлұмат................9
1.2 Жедел жәрдем жеделділігі..................................................................................12
1.3 Жеке тұлғаларға арналған медициналық сақтандыру.....................................15
1.4 Диспетчерлік қызмет...........................................................................................16
1.5 Емхананың негізгі міндеті..................................................................................18
1.6 Тіркеу орны..........................................................................................................18
1.7 Медициналық мекеме қызметі жайлы...............................................................19
1.8 Delphi – де жұмыс істеу.....................................................................................20
1.9 Бағдарлама кодының есептелуі……………………………………………......25
2 Жобалық бөлім.....................................................................................................26
2.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының
диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын құру.............................26
2.2 Программаны іске қосу.......................................................................................31
Қорытынды.................................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................37
Қосымша А.................................................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ Улжан.doc

— 3.48 Мб (Скачать документ)

Аннотация 

Курстық жұмыстың тақырыбы Шымкент қалалық жедел  жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын өңдеу. Құрастырылған жоба Delphi 7 бағдарламалау ортасында орындалған. Бұл курстық жұмыстың көлемі 45 беттен, 3 кестеден, 17 бағдарламалық суреттен тұрады. Курстық жұмыс қазақ тілінде жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

 

Мазмұны

 

Нормативті  сілтемелер................................................................................................5

Анықтамалар................................................................................................................6

Белгілеулер мен  қысқартулар.....................................................................................7 
Кіріспе……...................................................................................................................8

1 Аналитикалық  бөлім................................................................................................9

1.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсетуі жайлы мағлұмат................9

1.2 Жедел жәрдем жеделділігі..................................................................................12

1.3 Жеке тұлғаларға арналған медициналық сақтандыру.....................................15

1.4 Диспетчерлік қызмет...........................................................................................16 

1.5 Емхананың негізгі міндеті..................................................................................18

1.6 Тіркеу орны..........................................................................................................18

1.7 Медициналық мекеме қызметі жайлы...............................................................19

1.8  Delphi –  де жұмыс істеу.....................................................................................20

1.9 Бағдарлама кодының есептелуі……………………………………………......25 2   Жобалық бөлім.....................................................................................................26

2.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының  

диспетчерлік  бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын құру.............................26  

2.2 Программаны іске қосу.......................................................................................31

Қорытынды.................................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................37

Қосымша А.................................................................................................................38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативті  сілтемелер

 

Бұл курстық жұмыста  келесі нормативті сілтемелер қолданылды:

 

СТРК 34.006 – 2002 – «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;

СанПиН 2.24.548-96, “Өндірістік орындардың гигиеналық талаптары”.

СНиП 2.04.05-86, “Жылыту, венитялция, салқындату”.

ДНАОП 0.03-3.01-71, “Өндірістік  орындардың санитарлық нормалары-

245-71”. 

ГОСТ 12.1.005-88, “Жұмыс зонасының ауасына жалпы талаптар”

ГОСТ 12.1.19-79, “Электр құрылғыларын орнату ережелері”.

МЕСТ 12717003-89 Шудың нармаланған параметрлері.

ҚР СТ 12.0.001 – 2005 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар  жүйісі.

Кәсіпорында еңбекті қорғау басқару жүйесі жалпы талаптар;

МЕСТ 28195 – 99 Бағдарламалық  құралдардың сапа бағасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар

Бұл курстық  жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

 

Индекстер –кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын механизм болып табылады

Image –  элементі экранда формаға бейнелерді  орналастыруға арналған.

DataSource – деректердің  басы 

Table – ДБ кестесіне  негізделген деректер жинағы 

Query – SQL –  сұранысқа негізделген деректер  жинағы 

StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру

DataBase – ДБ  қосылу 

Session – ДБ  жұмысының ағымды сеансы 

BatchMove – топ  жазбалармен операцияларды орындау 

Update – деректер  жиынтығын модификациялау 

NestedTable -  қойылған  кесте 

DCOMConnection – көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу

SocketConnection -  Windows сокеті арқылы қашық  сервермен  қосылу    

RvDataSetConnection –  мәліметтермен байланыстырады 

RvTableConnection –  Table компаненті бар мәліметтермен  байланыстырады 

TRvQueryConnection –  Query компоненті бар мәліметтермен

байланыстырады 

RvRenderPreview–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді 

экранда мүмкіндік  береді

RvRenderPrinter–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді 

баспа құрылғысына  жібереді

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белгілеулер мен  қысқартулар

 

ДҚБЖ–Деректер қорының басқару жүйесі.

ДҚ–Деректер қоры

АЖ –Ақпараттық  жүйе

БЖ – бағдарламалық  жабдықтама

ҚР – Қазақстан  Республикасы

ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы

ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы

АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны

АҚ-акционерлік  қоғам

ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік

МБ-мәліметтер базасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің халыққа қызмет көрсету деңгейінің жоғары болу мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

Жедел жәрдем көмегіне жүгінерде қоңырау салушы қандай ережелерді сақтау керектігі.

Жеке тұлғаларға арналған медициналық сақтандырудың  стандартты бағдарламасы айқындау. Ұйымның толық құрылымын келтіру.

Жұмыстың мақсаты. Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің даму тенденцияларын талдау. Және олардың қандай қызмет көрсететіндігі туралы зерттеу факторларын келтіру.

Шымкент қалалық  жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын Delphi ортасындағы мәліметтер қорында орындау болғандықтан, Delphi ортасы туралы толық мәлімет және осы курстық жұмыс жасау барысында, мәліметтер қорымен қалай жұмыс жасауға болатыны жайында көптеген мағлұмат алдым.

     Жұмыстың міндеті. Деректер базасындағы ақпараттарды мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылады. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімі таңдалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Аналитикалық бөлім

 

1.1 Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсетуі жайлы мағлұмат

 

Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметкерлері Елбасы Жолдауына қолдау білдірді. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын кеңінен насихаттау және түсіндіру жиыны өткізілді. Қаладағы медициналық жедел жәрдем көрсету стансасында ұйымдастырылған шараға Еңбекші ауданының әкімі Ә. Құртаев және ақпараттық-насихаттық топ, медицина қызметкерлерімен кездесіп, Жолдаудың басымдықтары аясында келелі ой қозғалды. Жиын барысында еліміздің соңғы жылдары қоғамның барлық салаларында толағай жетістіктерге қол жеткізгендігі, дей тұрғанмен алдағы уақыт еншісінде де атқарылар міндеттің ауқымды екендігі сөз болды.

Осы орайда, медицина саласына да үлкен басымдық беріліп отырғандығы жиналыс барысында айтылып, науқастарға шұғыл түрде қызмет көрсетуде жедел жәрдем саласының атқарар міндеті зор екендігі тілге тиек етілді. Ал ақ халаттылар мемлекет дамуының жаңа кезеңін бастаған Елбасы Жолдауына бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Шымкентте «Жедел жәрдем» шақыртушылардың саны артып  отыр.

Елімізде медициналық  жедел жәрдемнің көмегіне әрбір  төртінші адам жүгінеді екен. Өкініштісі, сол төтенше жағдайға тап болып, ауыр жарақат алғандардың оқиға орнында көз жұму жиі кездеседі бізде. Мұның басты себептерінің бірі ретінде жедел жәрдемнің оқиға орнына дер жетпеуі деп топшылдайтындар да жоқ емес. Бұған қала көшелеріндегі көлік кептелісі, көпқабатты үйлер ауласынан көліктердің жүруіне жағдайдың жоқтығын қосыңыз.Осындай тұжырымды саралай келе, «Жедел жәрдем» қызметін көзбен көріп, санадағы мәселені көңілге түюді жөн деп таптық.

Бірнеше сағат  мекенжай іздеп, уақыт өткізіп аламыз. Оның үстіне, жұдырық ала жүгіргендер  де кездеседі. Қайтыс болған адамға жедел жәрдем шақыртпайды. Біз ешқандай анықтама бере алмаймыз.

«Жедел жәрдем»  жеткенше облыс орталығындағы медициналық жедел жәрдем көрсету стансасы қазiргi таңда  700 мыңға жуық тұрғынға шұғыл жәрдем көрсетiп келедi. Қарамағында 6 қосалқы станса жұмыс iстейдi. Олар Толстой көшесiнiң бойында, Гидролиз зауыты елдi мекенiнде, Абай даңғылының бойында, Тұрлан елдi мекенiнде, «Отырар», «Қайтпас-1»  шағын аудандарында орналасқан. Сондай-ақ, бұл орталық Шымкент қаласының аймақтарын қамтып қана қоймай, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан түскен шақыртулар бойынша да қызмет көрсетедi.

 Осыдан екi жыл бұрын аталған мекемеде 36 бригада жұмыс iстесе, 2009 жылы ол 50-ге дейiн көбейген. Оған қоса заманауи үлгiдегi  «Mersedes Sprinter» маркалы жаңа санитарлық көлiкке қол жеткiзiп,  жұмыстары едәуiр жақсарып қалды. Мәселен, 2008 жылы Шымкент қаласындағы Еңбекшi аудандық прокуратурасының жүргiзген тексеруiнiң нәтижесiнде жедел жәрдем мекемесiнiң жұмысында бiрқатар кемшiлiк пен тәртiп бұзушылық анықталған болатын. Атап айтсақ, станса бригадаларының регламенттi сақтамауынан 100-ге жуық адам көз жұмып, 908  адам жедел жәрдем қызметi келгенше бұл өмiрмен қош айтысқан. Сол кездегi аудандық прокуратура тексеруiнiң қорытындысы бойынша жедел жәрдем стансасының басшылығы алдағы уақытта заңдылықты бұзбау туралы кешендi шаралар жасап, 14 адамды айыпты деп тауып жазалаған.

Ал, өткен жылы шұғыл жәрдем беретiн «03» көлiгi келгенше адамдардың қайтыс болуы — 0,5, ал жедел жәрдем көрсету кезеңiндегi өлiм көрсеткiшi 0,05 пайызды құраған. Бұл көрсеткiш республика көлемiнде — 1,1 пайыз.

Жалпы,  2009 жылы бас стансаға науқастардан 233564 шақырту  түскен болса, оларға дер кезiнде  жетiп бару  75,6 пайызға жоғарылаған.

Арнайы ережеге  сәйкес жедел жәрдем бригадасына  шақыртуды жеткiзу уақыты регламент бойынша 4 минуттан аспауы керек. Ал, «03» көлiгi болса аталған жерге 15 минуттың iшiнде жетiп баруы тиiс. Дегенмен, автокөлiк және магистральдық жолдардың жөнделуi, жол кептелiсi, әсiресе, түскi уақыт пен кешкi сағат  17.30 — 20.30 аралығындағы қарбалас сәт, мекенжайы көрсетiлмеген жаңа құрылыстар, үйдiң нөмiрi мен көшенiң ретсiздiгi, жарықтың жоқтығы, сонымен қатар бригадалардың жетiспеушiлiгi кешiгудiң басты себептерi болып отыр.  Талапқа сәйкес 10 мың тұрғынға 1 бригада қызмет көрсетуi тиiс. Сонда қазiргi таңда бiздiң стансада 50 бригада  емес, 67 бригада толық жұмыс iстеуi қажет. Алайда, қазiр олай болмай тұр.

 Сондай-ақ,  «03» қызметiн адам қайтыс болған кезде, яғни куәлендiру үшiн шақырып жататын жағдайлар да аз кездеспейдi. ҚР Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2001 жылы шыққан №756 бұйрығы бойынша жедел жәрдем стансасы өлiмдi конституциялауға және куәлендiру үшiн шақыруларды қабылдамайды және ондай шақыруларға бригада жiберiлмейдi.

 Рас, жедел жәрдем қызметiнiң де өзiндiк қиындықтары бар. Мәселен, шұғыл жәрдемге мұқтажбын деп телефон шалғандардың көбiсi мұндай көмекке зәру емес болып шығады екен. Яғни, саусағын қанатып алса, мұрнынан су кетсе, басы ауырса, көзiнен жас ақса да жедел жәрдем шақырып әуре ететiн көрiнедi. Осындай науқастарға көмек көрсетiп жүрген кезде, басқа бiр жерде көмекке нағыз зәру адам дүниемен қоштасып кетуi де ғажап емес. Сондай-ақ, жедел жәрдем шақырту оқиғаларының 3 пайызы жалған телефон шалу болып шығады. Мұны бiз өткен жылы кейiпкер кейпiне енiп, жедел жәрдем дәрiгерлерiмен бiрге болғанда көз жеткiзгенбiз. 

Информация о работе Шымкент қалалық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының диспетчерлік бөлімінің бағдарламалық жабдықтамасын өңдеу