Қосымша басқару элементтері
Лекция, 03 Декабря 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Visual Вasic құрал-саймандар тақтасы тағы да бірнеше стандартты басқару элементтерін қосады. Берілгендермен жұмыс істеуде сыртқы берілгендер қорында сақталған кейбірі пайдалы. Басқалары Windows файлдық жүйесіне шығу ретінде қолданылады.
Visual Basic-те әр түрлі тапсырмаларға арналған тағы бірнеше басқару элементтері бар.
Timer элементі қосымшада оқиғаны анықтау үшін қолданыла алады, яғни анықталған уақыт аралығында пайда болған. Бұл қолданушы қатысуынсыз кодты орындауда өте қажет болады.
OLE-контейнер элементі функцияның байланысуы мен құрылуын қамтамасыз етеді. Бұл басқару элементі арқылы Microsoft Excel, Word қосымшаларының функцияларын қолдануға болады.
Сұхбат элементтері – файлдарды іздеу үшін, түрлі түсті және қаріпті күйге келтіру үшін және де баспаға шығару үшін құрылған сұхбаттық тақта болып табылады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
№8.doc
— 49.50 Кб (Скачать документ)Лекция 8
Қосымша басқару элементтері
Visual Вasic құрал-саймандар тақтасы тағы да бірнеше стандартты басқару элементтерін қосады. Берілгендермен жұмыс істеуде сыртқы берілгендер қорында сақталған кейбірі пайдалы. Басқалары Windows файлдық жүйесіне шығу ретінде қолданылады.
Visual Basic-те әр түрлі тапсырмаларға арналған тағы бірнеше басқару элементтері бар.
- Timer элементі қосымшада оқиғаны анықтау үшін қолданыла алады, яғни анықталған уақыт аралығында пайда болған. Бұл қолданушы қатысуынсыз кодты орындауда өте қажет болады.
- OLE-контейнер элементі функцияның байланысуы мен құрылуын қамтамасыз етеді. Бұл басқару элементі арқылы Microsoft Excel, Word қосымшаларының функцияларын қолдануға болады.
- Сұхбат элементтері – файлдарды іздеу үшін, түрлі түсті және қаріпті күйге келтіру үшін және де баспаға шығару үшін құрылған сұхбаттық тақта болып табылады.
Visual Basic-те мәзір құру
Мәзір – бұл объект және соған сәйкес қасиетке ие бола алады. Қосымшамен жұмыс істеу кезінде және оны құруда Caption, Enabled, Visible, Checked және басқа да қасиеттерін қолдануға болады. Мәзірдің тек қана бір оқиғасы бар ол – Click. Ол мәзірді тышқан немесе перне тақта көмегімен шығарғанда пайда болады.
Формаға әр түрлі мәзірлер орнатып, әр мәзірге енгізілген командалық пункттер объектілерімен әдеттегідей жұмыс істеуге болады. Мәзірді құру үшін Menu Editor редакторы пайдаланылады. Оны пайдалану әдісі:
Форманы таңдап, Tools – Menu Editor (Құрал – Мәзір редакторы) командасын беру (аспаптар панелінің «Мәзір редакторы» түймешесін шертуге де болады). Редактор іске қосылып, оның екі бөлімді терезесі көрінеді. Оның жоғарғы бөлімі мәзір және мәзір командаларының атауларын енгзуге арналған. Енгізілген атаулар терезенің төменгі бөліміне жазылып қойылады.
Терезеде көрінген Caption, Name, Checked, Enabled, Visibled, WindowList – мәзір компоненттері (қасиеттері):
Caption – мәзір не оның командасы атауын анықтау.
Name – программада ажырату үшін Caption өрісіне енгізілген атауды арнайы түрде жазу.
Visibled (көрсету) – мәзір командасын жасыру не көрсету.
Enabled (қосылулы) – командаға True немесе False мәнін меншіктеу. Алғашқы кезде Enabled, Visible қасиеттері үшін логикалық True мәні орнатулы тұрады. Оны ерекше жағдайлардан басқа кезде өзгертпеу керек.
Index – мәзірді элементтер массивіне айналдыру. Ол, Windows-та пайдаланылатын тәсіл сияқты мәзір пункттерінің төменгі жағында ашылған файлдар тізімін көрсетіп қою үшін пайдаланылады.
Мысал. Формада Clock (Time, Date) мәзірін құру керек. Time (уақыт), Date (дата) – Clock (сағат) мәзірінің пункттері (жүйелік сағаттың ағымдық уақыты мен датаны көрсететін стандартты функциялар).
Мәзір құру тәсілі:
- Орталықты іске қосып, көрінген форманы ерекшелеу. Menu Editor терезесін экранға шығарып, Caption өрісіне мәзір атауын (Clock) енгізу, одан соң TAB клавишін басу (ол курсорды бір мәтіндік өрістен келесісіне орналастырып қояды). Атау төменгі бөлімге жазылады.
- Name өрісінің алдына mnu қосымшасы (префиксі) жазылған мәзір атауын енгізу: mnuClock. Ол программалық код терезесінің объектілер тізіміне кірістіріліп қойылады (mnu – тізімге жазылған атаудың мәзір екенін ажырату үшін пайдаланылатын префикс. Mnu орнына басқа префиксті жазу да мүмкін).
- Next (Келесі) түймесін шерту. Caption, Name өрістері тазаланады да, редактор келесі мәзір пунктін енгізуді күтеді. Курсор Caption өрісіне орналастырылып қойылады.
- Caption өрісіне Time, Name өрісіне TimeItem пункт атауын енгізу (item (пункт) – программада атаудың мәзір пункті екенін ажырату үшін пайдаланылған жалғау). Time терезенің төменгі бөліміне жазылып қойылады.
- Терезенің «Солдан оңға» ( ) түймесін шерту. Ол төменде жазылған Time атауының алдына көп нүкте (....) қойып кетеді. Көп нүкте – редактордың Time-ді мәзір пункті етіп белгілеуі.
- Next түймесін шертіп, Caption өрісіне Date, Name өрісіне DateItem пункт атауларын енгізу. Бұл жолы «Солдан оңға» түймесін шертудің қажеті жоқ, оны тек алғашқы пунктті енгізу кезінде шерту керек. Редактор Date сөзін мәзір пункті деп автоматты түрде қабылдайды да, алдына көп нүкте қойып кетеді.
Ескерту. Қажет болса, келесі мәзірлер мен олардың пункттерін де осылайша енгізуге болады. Редактор терезесінде Солға, Жоғары, Төмен, Кірістіру (Insert) , Жою (Delete) түймелері де бар. Оларды пайдаланып, құрылған мәзірді редакциялау қиын емес.
- ОК түймесін шерту. Редактор терезесі жабылып, Clock мәзірі енгізілген форма көрінеді. Мәзірді ашу үшін атауын әдеттегідей бір шертсе болғаны (3-сурет).
Form 1 |
|
Clock Time Date |
3- сурет. Clock мәзірі енгізілген форма модулі
Clock мәзірі пункттерімен жұмыс
- Формада Label1, Label2 объектілерін орнату. Label1 өрісіне уақытты, Label2 өрісіне датаны енгізуді жоспарлау.
- Clock мәзірін ашып, Time пунктін екі рет шерту. Код терезесі ашылып, процедура моделі көрінеді. Оны толтыру:
Private Sub TimeItem_Click ()
Label1. Caption = Time
End Sub
3. View – Object командасы арқылы форманы экранға қайта шығарып, мәзірдің Date пунктін екі рет шерту. Ашылған код терезесінде процедура моделін толтыру:
Private Sub DateItem_Click ()
Label2. Caption = Date
End Sub
Ескерту. Формада мәзір онатылған соң код терезесінде процедура модельдерін ашудың екінші әдісі:
- View – Object командасы арқылы код терезесін ашу;
- Терезенің сол жақ (General) бөліміне енгізілген тілсызық түймесін шертіп, объектілер тізімін ашу (4-сурет).
- Тізімнен TimeItem қатарын екі рет шерту. Процедура моделі көрінеді. Оған қажетті команданы енгізу.
- DateItem қатарымен де осы сияқты іс-әрекеттерді орындау.
4. Проектіні сақтау (мысалы, Form Clock, frm; Form Clock. -vbp).
5. Іске қосу командасын беру (F5). Форма көрінеді.
6. Оған енгізілген Clock мәзірін ашып, ретімен Time, Date пункттерін шерту. Label1, Label2 өрістеріне ағымдық уақыт пен дата жазылып қойылады, мысалы,
12:47:25 26:12:2000
- Программада жұмысын аяқтау командасын беру (End).
Ескерту. TimeItem объектісінің қасиеттер терезесі жоқ. Сол себепті
формада тек ағымдық уақыт көрінеді. (Жалпы, мәзір элементтерімен жұмыс істеу оқиғасы Click (басу) ғана).
General |
|
Form 1 Label1 Label2 MnuClock TimeItem DateItem |
4-сурет. Формаға енгізілген объектілер тізімі