Жер басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 20:24, реферат

Краткое описание

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығының ең негізгі объектісі ретінде табиғи ресурс болып саналатын жер учаскесі болып табылады. Яғни табиғи ресурстардың белгілі бір түрлері келісім – шарт және мурагерлікпен берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жер баскару.docx

— 16.13 Кб (Скачать документ)

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығының ең негізгі объектісі ретінде табиғи ресурс болып саналатын жер учаскесі болып табылады. Яғни табиғи ресурстардың белгілі бір түрлері келісім – шарт және мурагерлікпен берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай - ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы. Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады. Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады. Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды: - меншік құқығын беру; - еншік құқығын басқаға беру; - меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі. Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды: 1. мемлекеттік органдардың актілері; 2. азаматтық-құқықтық мәмілелер; 3. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде. Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады: 1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы; 2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы; 3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында. Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар. Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.

Ғылыми зерттеулер табиғи ресурстарға жеке меншік құқығын реттейтін нормативті - құқықтық актілердің өрісін жетілдірумен қатар, еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына ықпал етуі тиіс. Ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен меншік түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері мен жерді пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын заңдармен қамтамасыз етуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызы зор. Жер - барлық тірі жан иелерінің мекені, өмір азығының негізі. Ал эволюциялық дамудың барысында “ішім - жем”өнімдерін өндіру ісіне шексіз дерлік үстем болуға барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана қолы жетті. Жер сияқты сол территорияда тұратын халықтардың өмірі мен іс әрекеті, қызметінің негізі болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы және қалпына келтірілуі мүмкін, жер қойнауларының энергетикалық қорлары қайта қалпына келмейді, бірақ бұл, жел, атом энергиясы сияқты баламалары бар. Бірақ жердің ең алдымен адамның тіршілік ету орны ретінде, орны толмайды. Жердің басты қасиеті — адам қоғамының тіршілігінен оның іс-әрекет қызметінің негізі болу қажеттілігін сақтап қалу. Сонымен қатар, жер өзіне деген субьективтік заттық құқықтардың іске асырылу ерекшеліктерін қатаң сақтауды талап етумен қатар, мемлекет пен оның органдарының жерді бөлу ұтымды пайдалану және қорғауға байланысты іс әрекетінің маңызын анықтайды. Жерге меншік қатынастарының құқықтық реттеу проблемасы маңызды болды және маңызды бола бермек Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан - 2030” деп аталатын Жолдауында: “Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім - шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады” деп атап көрсетті. “Ғылыми зерттеулер - деп жазады профессор Ә.Е.Бектұрғанов жер қатынастарын реттейтін нормалардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік - экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс”. Осы және басқа жағдайлар диплом жұмысы тақырыбының таңдалуына және онда зерттелетін мәселелер аумағының анықталуына себеп болды.


Информация о работе Жер басқару