Мультимедиялық қосымша
Лекция, 21 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Мультимедианың әртүрлі ұғымдары қарастырылған:
• Мультимедиа - әртүрлі ақпараттарды өңдеу құралдарын жасау қызметі және оларды қолдану тәртібін суреттейтін технология;
• Мультимедиа – компьютерлік-аппараттық қамтамасыз ету (компьютерде компакт-дисктерді, дыбыстық және видеоплатаны оқитын құрылғы CD-ROM Drive болуы қажет, оның көмегімен дыбыстық және бейнеақпаратты, джойстикті және басқа арнайы құрылғылардың дыбысын шығарып, естіп, көруге болады);
• Мультимедиа – ақпаратты ұсынудың бірнеше құралдарын бір жүйеге біріктіру. Қарапайым түсінік бойынша мультимедиа дегеніміз - ақпаратты ұсынудың мәтін, дыбыс, графика, мультипликация, видеобейне және жазықтықтағы кескіндеме сияқты құралдарын компьютерлік жүйеде біріктіру. Құралдардың бұлай бірігуі ақпаратты қабылдау сапасының жаңа деңгейін қамтамасыз етеді: адам тек қана жай көріп отырмайды, болып жатқан оқиғаға белсенді қатысады. Мультимедиа құралдарын қолданатын бағдарламалар көпмодальды, яғни олар бірнеше сезім мүшелеріне бір уақытта әсер етеді, сондықтан ауд
Прикрепленные файлы: 1 файл
Тақырып 02 Мультимедиялық қосымша.doc
— 165.50 Кб (Скачать документ)G-041.07.01.13-2011 |
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР |
|
Бет тен 8 |
G-041.07.05.16-2013 |
Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар |
1.Бас |
Бет тен 10 |
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Мамандықтар 5B110100 «Мейірбикелік іс»
5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
5B110400 «Медициналық профилактикалық іс»
5B130100 «Жалпы медицина»
5B130200 «Стоматология»
Пән Информатика
Курс 1
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
АҚПАРАТТЫҚ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА
Тақырып: МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚОСЫМША
Семей 2013 жыл.
«Студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блок және әдістемелік нұсқаулар тәжірибелік сабаққа: Тақырып «Мультимедиялық қосымша».
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201___ж. № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі/оқу ісін меңгеруші ____________________ (Т.А.Ә., қолы)
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201___ж. № __ хаттама
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (Т.А.Ә., қолы)
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201___ж. № __ хаттама
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (Т.А.Ә., қолы)
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201___ж. № __ хаттама
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (Т.А.Ә., қолы)
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Кафедра отырысында бекітілген
«____»___________ 201___ж. № __ хаттама
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (әдістемелік нұсқаудың нөмірін көрсету)
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (Т.А.Ә., қолы)
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
1.Тақырыбы:«Мультимедиялық қосымша».
2.Оқу сағат саны: 3 академиялық сағат (135 мин)
3.Тақырып өзектілігі: презентацияларды, анимациялық роликтерді, ойындарды, бейнеқосымшаларды, мультимедиа – галереяларын, дыбыстық қосымшаларады, web-қа арналған қосымшаларды құру және өңдеу.
4.Сабақтың мақсаты: студенттерді мультимедиялық қосымшаның негізгі мүмкіндіктері және түрлерімен таныстыру.
5.Оқыту міндеті: студенттерге мультимедиялық қосымшаны құру, бейнесуреттерді және дыбыстық ақпараттарды өңдеу құралдарын үйрету.
6.Студент білуге тиіс:
1.«Мультимедиа» түсінігін.
2.Мультимедиялық қосымшаны құру технологиясын.
3.Мультимедиялық қосымшаның түрлерін.
4.Мультимедиялық қосымшаны құру құралдарын.
7.Студент істей алуға тиіс:
1. Презентация құруды үйрену.
2.Анимациялық роликтерді құруды үйрену.
3.Бейнефильмдерді құруды
4.Дайын бейнефильмдерді өңдеу және сақтай білу.
5.Web-қа арналған қосымшаны құруды үйрену.
6.Дыбыстық ойнатқыштарды
7.Үйренуші ойындарды құруды үйрену.
8.Сабаққа дайындалу сұрақтары:
-осы сабақ тақырыбы бойынша:
1.Мультимедиа деген не?
2.Мультимедиялық қосымша түрлері.
3.Мультимедияны қолдану облыстарын.
4.Мультимедиялық қосымша құралдарын.
5.Бейнесуреттер редакторын.
6.Гипермәтіндерді жүзеге асыратын бағдарламаларды.
7.Мультимедиялық технологияларды.
9.Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер тізімі:
- Вымятнин В.М., Демкин В.П., Можаева Г.В., Руденко Т.В. Мультимедиа-курсы: методология и технология разработки. http://www.ido.tsu.ru.
- Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Мультимедиа в образовании. http://www.ido.edu.ru.
10.Ақпараттық-дидактикалық блок.
Қазіргі уақытта көптеген компаниялар
мен фирмалардың жұмысында
Мультимедианың әртүрлі
- Мультимедиа - әртүрлі ақпараттарды өңдеу құралдарын жасау қызметі және оларды қолдану тәртібін суреттейтін технология;
- Мультимедиа – компьютерлік-аппараттық қамтамасыз ету (компьютерде компакт-дисктерді, дыбыстық және видеоплатаны оқитын құрылғы CD-ROM Drive болуы қажет, оның көмегімен дыбыстық және бейнеақпаратты, джойстикті және басқа арнайы құрылғылардың дыбысын шығарып, естіп, көруге болады);
- Мультимедиа – ақпаратты ұсынудың бірнеше құралдарын бір жүйеге біріктіру. Қарапайым түсінік бойынша мультимедиа дегеніміз - ақпаратты ұсынудың мәтін, дыбыс, графика, мультипликация, видеобейне және жазықтықтағы кескіндеме сияқты құралдарын компьютерлік жүйеде біріктіру. Құралдардың бұлай бірігуі ақпаратты қабылдау сапасының жаңа деңгейін қамтамасыз етеді: адам тек қана жай көріп отырмайды, болып жатқан оқиғаға белсенді қатысады. Мультимедиа құралдарын қолданатын бағдарламалар көпмодальды, яғни олар бірнеше сезім мүшелеріне бір уақытта әсер етеді, сондықтан аудиторияның барынша қызығушылығы мен назарын аударады.
Мультимедиа - қосымшалардың мазмұнын автор сценарий жасау кезеңінде ойластырады және технологиялық сценарий жасау кезінде нақтылайды. Көп ғасырлық тарихы бар мәтін және статикалық графика – оқу ақпаратын ұсынудың дәстүрлі құралдары болса, мультимедиа тәжірбиесі жылдармен өлшенеді.
Суреттері, кестелері мен схемалары анимация элементтерімен және дыбыстық сүйемелдеумен қоса берілген әдемі безендірілген мультимедиалық қосымшалар үйретілетін материалды қабылдауды жеңілдетеді, оны түсінуге және есте сақтауға ықпал етеді, оқушылардың оқуға деген белсенділігін ынталандырып заттар, құбылыстар, жағдайлар туралы мейлінше анық және ауқымды түсінік береді.
Сапалы мультимедиалық қосымшаларды
жасауға бағытталған әртүрлі
технологиялық тәсілдер бар. Мұндай
қосымшаларды жасап шығарғанда және
оларды пайдаланғанда бірнеше негізгі
технологиялық ұсыныстарды
Мультимедиалық қосымшаны
- Материал мазмұнын толық анықтауға;
- Материал мазмұнын көрнекі және шолуға болатын түрде ұсынуға;
- Мультимедиалық қосымшаның компоненттік құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
Психология жетістіктерін
- Экрандағы ақпарат құрылымды болуы қажет;
- Көзбен көруге болатын ақпарат кезеңді түрде аудиоақпаратқа ауысып отыруы тиіс;
- Кезеңді түрде қанық түс және/немесе дыбыс қаттылығы ауысып тұруы тиіс.
- Көрсетілетін материалдың мазмұны мүлде қарапайым немесе мүлде күрделі болмауы тиіс.
Экранда кадр форматын жасау және оны құрастыру кезінде нысандар арасында мағына мен қатынас болатынын есепке алу ұсынылады, олар көру аумағын ұйымдастырады. Нысандарды төмендегідей жинақтау ұсынылады.
- Бір біріне жақын, өйткені көру алаңында нысандар бір біріне қаншалықты жақын орналасса (басқа тең жағдайларда) соншалықты тез бір бүтін, біркелкі бейнеге жинақталады;
- Ұқсас үрдістер бойынша, бейнелер қаншалықты бір біріне ұқсас және бүтін болса, соншалықты тез жинақталады;
- Жалғасу қасиеттерін есепке ала отырып, өйткені барынша көп элементтер қаншалықты заңды түрде жалғасуы тиіс орындарда орналасса, соншалықты тез бүтін бір бейнеге тез жинақталады;
- Нысан қалыптарын, әріптер мен сандардың өлшемдерін, түс қанықтығын, мәтін орналасуын т.с.с. таңдау кезінде зат пен оның фонын айқындау ерекшелігін есепке ала отырып;
- Көрсетілетін ақпаратты детальдермен, қанық түстермен жүктемей;
- Есте сақталуы тиіс материалды түспен, астын сызумен, шрифт өлшемімен және стилімен айқындау.
Мультимедиалық қосымшаларды жасау кезінде әртүрлі түстермен және әртүрлі фонда берілген нысандарды адам әртүрлі қабылдайды.
Көзбен көретін ақпаратты
Ең дұрысы мультимедиа қоымшалардың
тікелей контрастта жұмыс істеуі.
Бұл жағдайларда түс қанықтығын
ұлғайту көрінушілікті жоғарыла
Компьютер экранында ақпаратты зерделеуді оңтайландыру үшін мультимедиалық қосымшаларды жасаушылар логикалық екпіндерді қолдануы тиіс. Логикалық екпін деп пайдаланушының назарын белгілі бір нысанға аудартуға бағытталған психологиялық-аппараттық тәсілдер аталады. Логикалық екпіндердің психологиялық әрекеті көзбен іздеу және көзді басты нысанның орталығына тоқтату уақытын азайтумен байланысты.
Логикалық екпіндері жасаудың мейлінше жиі қолданылатын әдістері: басты нысанды барынша қанық түспен бейнелеу, өлшемін, түсінің қанықтығын, орналасуын өзгерту немесе шағылмалы жарықпен айқындау болып табылады. Логикалық екпіннің сандық бағасы оның қарқындылығы. Қарқындылық нысан түсі мен қанықтығының фонға қатысты сәйкестігіне байланысты, нысанның салыстырмалы өлшемдерінің бейне фоны заттарының өлшемдеріне қатыстылығы. Ең жақсысы барынша қанық түспен немесе барынша контрастты түспен айқындау, жаманы - шағылмалы жарықпен айқындау, өлшемін немесе қанықтылығын өзгерту.
Мультимедиалық қосымшаларды жасау технологиялары бойынша отандық және шетелдік жүйелерді қарастыру және сараптаудан соң ең көп тараған мультимедиалық қосымшалардың жіктелуін және олардың ұғымдарын ұсынуға болады. Мультимедиалық қосымшалар келесі түрлерге бөлінеді:
- Презентациялар;
- Анимациалық роликтер;
- Ойындар;
- Бейне қосымшалар;
- Мультимедиа-галеереялар;
- Аудиоқосымшалар (дыбыстық файлды ойнатқыштар);
- Web-қа арналған қосымшалар.