Функция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 12:44, реферат

Краткое описание

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.Одан кейін программаның ішкі объектілерінің Сипатталу бөлімі жазылады және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.docx

— 76.44 Кб (Скачать документ)

 

      Есептеу кестесі (вычислительная таблица; calkulation table) — есептеу жылдамдығын арттыруға арналған арифметикалық амалдар кестесі.

Жүйелік кесте (системная таблица; system table) — жүйедегі ресурстар мен процестер қалып-күйін көрсететін мәліметтерден тұратын кесте.

Кодтау кестесі (кодировочная (кодовая) таблица; code table) — мәліметтерді кодтауға және кері айналдыруға арналған барлық кодтық комбинациялардың жиынтығы мен оларға сәйкес кодталатын мәндерден тұратын кесте.

 

     Құрылғылар атауларының кестесі (таблица . Имен устройств; device name table (dnt) — барлық мүмкін боларлық типтік және топтық құрылғылар атауларын қамтитын операциялық жүйені генерациялау барысында құрылатын басқару кестесі.

 

      Қызметтік кесте (функциональная таблица; functional table) — кодтарды аудару барысында қолданылатын кесте. Мұнда трансляцияланатын кодтың байты кестеден іздестірудің аргументі, ал трансляцияланған кодтың байты оның функциясы болады; бір жиынтыққа кіріс басқа жиынтықтардағы сәйкес кірістерді анықтайтындай етіп ұйымдастырылған мәліметтердің екі немесе одан көп жиынтығы.

 

    Логикалық байланыстар кестесі (таблица логических связей) — дескрипторлар арасындағы иерархиялық және ассо¬циативтік қатынастар айқындалған машиналық тезаурустың қосалқы бөлігі.

Маршруттау кестесі (таблица маршру¬тизации; routing table) — дестелер немесе хабарламаларды ұқсастыру желісінің торабымен байланысқан және әр адресатқа тиімді шығу арнаны көрсететін кесте.

    

 

Мәліметтерді кеңейту кестесі (таблица расширения данных) — файлды ашу кезінде операциялық жүйемен жасалатын кесте. Бұл кестенің өр элементі файлға балінген қатар жолдар топтарын анықтайды.

      

       Объектілер кестесі (таблица объектов) — бірінші кірісі объект (код, нөмір немесе атау), ал екіншісі объект сипаттамаларының атаулары болатын екі кірісті кесте.

 

        Операциялар кестесі (таблица операций; operation table) — машиналық командалардың, ассемблер командаларының және макрокомандалардың мнемоникалық кодтарынан тұратын кесте.

 

       Өту кестесі (таблица переходов; transition table) — амал символы және транслятормен жасауға болатын түрлендірулер арасындағы сөйкестік кестесі. Бұл кесте өрнектерді түрлендіру үшін қолданылады.

Пайдаланушылар профилъдері кестесі (таблица профилей пользователей; user profile table) — уақыт бөліктенген жүйелерде — әр активті өзгерту үшін оның жүмыс сеансы басталғанда алынған ақпарат бойынша жасалған белгілер кестесі.

 

      Парақтар кестесі (таблица страниц (пёреадресации страниц, страничных блоков); page (frame) table) — виртуаль адрестерді нақты жадтың адрестерімен байланыстыратын және жедел жадта қандай парақтар бар екендігін көрсететін операцияйық жүйенің кестесі.

 

      Пунктті енгізу-шығару кестесі (таблица ввода-вывода пункта; step input-output table (siot) — құрылғыларды үлестіруде пайдаланылатын мәліметгер жиынтығына қажетті құрылғылар жайлы ақпараттан тұратын басқару кестесі.

 

      Пішімдер кестесі (таблица формата; format table) — шығарылу тізбегіндегі оны жөндестіруде қолданылатын мәліметтер пішімдерінің спецификациялар жиынтығы.

Реттелген кесте (упорядоченная таблица; sorted table) — жолдары бір немесе бірнеше өрістері бойынша реттелген кесте.

   

         Сегменттер кестесі (таблица сегментов; segment table) — виртуаль жад сипаттамасының жоғары деңгейі. Мұнда таблицаның әр кірісі жеке сегмент үшін парақтар кестесінің ұзындығын, орнын және оған қатынау мүмкіндігін анықтайды.

 

    Тапсырманы енгізу-шыгару кестесі(таблица ввода-вывода задачи; task input-output table (тi/от) — мәліметтерді басқару блогын мәліметтер жиынтыгына бөлінген құрылғымен байланыстыруға арналған басқару кестесі.

 

          Терминал кестесі (таблица терминалов; terminal table) — жүйе құрылғыларының алмасу арналарын, құрылғылардың өзін және хабарлама беретін немесе қабылдайтын қолданбалы программаларды біркелкілеу кестесі.

          

           Түстер кестесі (таблица цветов; color table) — қызыл, жасыл, көк түстердің индекстік нөмірлері бойынша дисплей экранында керекті түс алуға арналған графикалық адаптерде аппаратты түрде іске асырьшған кесте.

       

       Үлестіру кестесі (таблица распределения; allocation table) — есептеу жүйелері ресурстарының сипаттамаларынан және олардың процестер немесе программалар арасында бөлінуі жайлы мәліметтерден тұратын кесте.

 

        Файлдарды орналастыру кестесі (таблица размещения файлов; file allocation table (fat) — дискінің жүйелік аймағында орналасқан және оның қай фрагменттері (кластерлері) бос емес, қайсылары бос және зақымдалу туралы ақпарагган түратын диск картасы.

 

            Шартты атрибуттар кестесі (таблица условных атрибутов (групповая таблица); bundle table) — кескінді бейнелеуде шартгы атрибуттарды нақтылы атрибуттарға түрлендіруді анықтайтын кесте.

          Шешімдер кестесі (таблица решений; decision table) — мәселелерді қарастыру барысында қажет боларлық барлық жағдайлар және сол жағдайларға байланысты іске асырылуға тиісті әрекеттер көрсетілген кесте.

 

        Экрандық кесте (экранная таблица; screen table) — өзгертудің сұранысы жазылатьш дисплей экранында кесте түрінде берілетін өзгертудің жүйемен сұқбатын ұйымдастыру формасы.

 

            Электрондық кесте (электронная таблица; spreadsheet) — кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеудің интерактивті жүйесі. Кесте үяшықтарына сандар, жолдар немесе үяшық мәнінің басқа ұяшықтардан тәуелділігін анықтайтын формулалар жазылады. Қолданушының ұяшықтарға мәліметтер жазу, ұяшықтардан мәліметтерді оқу, оларды өзгерту, сол сияқты мәліметтердің берілу пішімін көрсету, оларды іздестіру және реттеу жүмыстарын орындау мүмкіндіктері бар

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Microsoft EXСEL  кестелік процессордың  мүмкіндіктері

 

Microsoft EXСEL  - Windows ортасы  үшін бірден- бір танымал пакеттер, кестелік процессорлар деп аталатын  класқа немесе электрондық кестелерге  жатады. Бірақ EXСEL    жай бағдарлама  емес, ол көптеген математикалық  амалдарды, күрделі есептеулерді  көрнекі етіп әр адамға түсінікті  түрде жүргізе алады. EXСEL    мүмкіндіктерінің көпжақтылығы  оны тек математика саласында  ғана емес экономикалық және  инженерлік есептерді шешуге, яғни  формулалар мен функциялар пайдаланып, түрлі диаграммалар мен графиктік  тәуелділікті тұрғызуға, сонымен  қатар мәліметтер қорын жасап,  олармен жұмыс істеуге, сандық  эксперимент өткізуге т.б мүмкіндіктер  береді. Электрондық кестелермен  жұмыс істеуді игеріп алсаңыз,  сіз әртүрлі есептерді өз бетіңізше  шешу және басқа да қажетті  мақсаттарда қолдану мүмкіндігіне  ие боласыз. Компьютерлік технологияда  электрондық кесте біздің елімізде 80- жылдардан бері қолданылып  келеді. Бұрын MS DOS- та мәтіндік  режимде жұмыс істейтін кестелік  процессорлар көп қолданыс тапқан. Ал қазіргі компьютерлерде электрондық  кестелерді өңдеуге арналған  таңдаулы бағдарламалардың бірі- графиктік режимде  Windows –тың  басқаруымен жұмыс істейтін MS EXСEL  бағдарламасы.  EXСEL құжаты жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы кестелік құрылымынан тұратын жұмыс парақтары жиынтығынан тұрады. EXСEL бағдарламасының құжаты терезесінде жұмыс істеп отырған ағымдағы жұмыс парағы ғана көрінеді. Парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұр. Экономикалық, техникалық, жоспарлау есептерін шешуде, бухгалтериялық ведомость құруда және т.б көптеген жағдайларда берілгендерді кесте түрінде дайындап, өңдеу қажет. Кестенің бағандар мен жолдық қатарлардан тұратыны белгілі. Кесте ұяшықтарына сан, мәтін, формула және т.б берілгендер енгізілуі мүмкін. Мысалы, сынып журналы бетінің әр жолының ұяшықтарына оқушының аты-жөні, оның сабаққа қатысуы жөнінде белгілер не күнделікті оқу үлгерімі, ал, әр баған тақырыбына сабақ өткізілген датасы жазылады. Microsoft Excel электрондық кестесі. «Электрондық кесте» деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген мағынаны білдіреді. Microsoft EXСEL  кестелік процессоры әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:

 

1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауды;

 

2.  Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды;

 

3. Кестеге жол, баған немесе ұяшық қосуды;

 

4.  Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардыы алып тастауды;

 

5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыруды;

 

6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды;

 

7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып есептеу жүргізуді кірістіруді;

 

8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді;

 

9.     Кестеге графикалық  обьектілерді, яғни стандартты суреттер  қорынан суреттер кірістіруді; 

 

10.  Кестелерді баспаға,  яғни принтерге шығаруды.

 

MS EXСEL кестелік процессорының  жалпы сипаттамасы

 

Мәтіндерді өңдеу құралдарынан кейінгі жиі қолданылатын қолданбалы программаларға электрондық кесте  процессорлары жатады.

 

Электрондық кесте – магниттік  тасыуыштарға орналастырылған екі  өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер.

 

Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс  істеуге арналған программалар жиынтығы.

 

Алғашқы кестелерді өңдеу  бағдарламалары 80-жылдардың басында  пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор – MS Excel-ді жасады. Электрондық  кестелерді қолдану мәліметтермен  есептеу жұмыстарын жеңілдетеді, есептеу  қортындыларын арнаайы программалаусыз  алуға мүмкіндік береді. Электрондық  кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады.

 

Электрондық кестелер

 

- мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;

 

-   қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;

 

- есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;

 

-  тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;

 

-   параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;

 

-   кестелік құжаттар дайындау үшін;

 

- берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.

 

Қазіргі уақытта кеңінен  қолданылатын кестелік процессор Microsoft Excel-де жұмыс істеу негіздерін қарастырайық.

 

Microsoft Excel – мәліметтердің  екі өлшемді кестелерімен жұмыс  істеуге арналған. Электрондық кестелер  құруда  келесі қадамдар орындалады:

 

-    мәліметтерді (мәтіндік, сандық, формула) енгізу;

 

-   редакциялау;

 

-    пішімдеулер жүргізу;

 

-   қағазға басу (жариялау).

 

Microsoft Excel бағдарламасы Windows жүйесінде бағдарламаларды іске  қосудың және жабудың тәсілдеріне  сәйкес іске қосылады және  жабылады.

MS Excel құжаты Жұмыс кітабы (сурет 1) деп аталады. Жұмыс  кітабы әрқайсысы бір электрондық  кестеден тұратын Жұмыс беттерінен  тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері  болуы мүмкін).  Әрбір жұмыс  бетінің атауы бар, ол бет  жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына  тышқанмен түрту арқылы олардың  бірінен-біріне көшуге болады. Беттің  атауын өзгерту үшін жарлығына  екі рет қатарынан түртіп, жаңа  атау теру керек. Жұмыс беті  жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы  мүмкін), жолдар реттік сандармен,  бағандар латынның бас әріптерімен  нөмірленеді. Ұяшық және оның  адресі. Баған мен жолдың қиылысуында  орналасқан элементті ұяшық деп  атайды, ұяшық – мәліметтерді  кестеде сақтаудың ең кіші  элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында  орналасқан баған мен жол атауларынан  тұратын адресімен анықталады, мысалы  – А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі  бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді. Ұяшықтар диапазондары. Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15. Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК –де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:

 

1)  бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек;

 

2) жолды ерекшелеу үшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек;

 

3) ұяшықты немесе диапазонды ерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек;

 

4)  егер іргелес емес бірнеше ұяшық диапазондарын ерекшелеу қажет болса, мысалы А1:А5 және С1:С5, онда А1:А5 ерекшелеп, сонан кейін CTRL батырмасын басып отырып екінші С1:С5 диапазонын ерекшелейді;

Информация о работе Функция