Функция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 12:44, реферат

Краткое описание

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.Одан кейін программаның ішкі объектілерінің Сипатталу бөлімі жазылады және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.docx

— 76.44 Кб (Скачать документ)

                             Функция.

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.Одан кейін программаның ішкі объектілерінің Сипатталу бөлімі жазылады және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.

 

                             Стандартты функциялар

Турбо Паскаль тілінде  алдын ала программалары жасалып  стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын Объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

Енді программаларда жиі  пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.

1. Арифметикалық функциялар

2. Типтерді өзгерту функциялары.

Арифметикалық функциялар

 

Математикада жазылуы  Паскаль тілінде жазылуы Атқаратын  қызметі Функция типі

|x|

arctg x

cos x

sin x

e x

[x]

 

Inx

П

х 2

х

Abs (x)

Arctan (x)

Cos (x)

Sin (x)

Exp (x)

Frac (x)

Int (x)

Ln (x)

Pi

Sqr (x)

Sqrt (x)

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

е-нің х дәрежесі

х-санының бөлшек бөлігі

х-санының бүтін бөлігі

х-санының натурал логарифмі

п-дің мәні

х-тің квадраты

х-тің квадрат түбірі

х-тің типіндей

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты (бүтін)

нақты

 

х-тің типіндей

нақты

Стандартты типтердің  сипатталуы

Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.

Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:

атау1, атау2, ...., атауn: тип;

мұнда тип орнында бүтін  типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte

Арифметикалық амалдар.

Белгілер Операциялар  Операндтар типі Нәтиже типі

+ қосу Екеуі де бүтін,  не біреуі

Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақты

- азайту Екеуі де бүтін,  не біреуі

Бүтін, біреуі нақты Бүтін, нақт

* көбейту Екеуі бүтін  немесе екеуінің

біреуі нақты Бүтін, нақты

/ бөлу Бүтін немесе нақты Нақты

Div Бүтін бөлу Бүтін Бүтін

Mod Бүтін қалдық бүтін бүтін

 

Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін  мән береді:

Abs(x) – бүтін х санының  абсолют шамасы

Sqr(x) – бүтін х cанының квадраты

Trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі

Round (x) – нақты х саны  дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді.

Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін  санды береді.

Pred(x) – х-тың алдындағы  бүтін санды береді.

 

                                  Файл. Типтелген файлдар.

      Файл  дегеніміз – сыртқы сақтау құрылымында белгілі бір атпен аталып, жазылатын мәліметтер жиыны.Файл компоненттерін қарастырудың үш жолы бар: компоненттерін  біртіндеп қарастыру, белгілі бір компоненттеріне тікелей шығу, компоненттерге реті арқылы өту. Әрбір уақытта файлдың бір компоненті ғана іске қосылады.}Кез келген типтегі деректер тобын файл деп атауға болады. Программаға қажетті деректер немесе программада есептелетін нәтижелер және программаның өзі де файл болып табылады. Практикалық есептерді шығарғанда бкрілгендерді және өңделетін мәліметтерді компьютердің сыртқы құрылысына жазып қоюға тура келеді. Бұл жағжайда деректер сыртқы файл түрінде көрсетіледі. Сыртқы құрылғылар ретінде магниттік дискілерді, дискеттерді т.с.с. қарастыруға болады. Турбо Паскаль тілінде бір типтегі тізбектерді файл деп атайтын болғандықтан файл массивке ұқсас болады.Файлдың массивтен айырмашылығы:Файлда жазылатын ақпараттың саны көрсетілмейді.Әр элементтің өзінің индексі бойынша анықталмайды. Сондықтан қажетті элемент оның алдындағы элементтерді қарастырғаннан кейін ғана алынады.

 

Паскаль тілінде жазылған әр файлдың аты жазылады.

 

Файлдарды баяндау.Программаның type бөлімінде файлдың баяндалуы:

 

Type           N Type=File of TC;

 

Мұнда N Type файлдың идентификаторы, ТС – базалық тип. Кез — келген қарапайым немесе күрделі тип, файл тілінен  басқа барлық типтер.Файлдық типін немесе файлдық типтегі айнымалыны келесі үш әдістің біреуі арқылы анықтауға болады.

 

N Type= file of TC;

 

N Type=TEXT

 

N Type=File

 

Мұнда текст (TEXT) текстік файлдардың стандартты аты. Баяндау әдісіне байланысты Турбо паскаль тілінде файлдардың үш түрі бар:

типтелген файлдар;

текстік файлдар;

типтелмеген файлдар;

       Файлдармен жұмыс жасау.Паскаль тілінде мәліметтер тілінің бірі болып сыртқы жады құрылғысында орналасқан бірдей типті компонентер тізбегін құрайтын файлдық айнымалылар ақпараты енгізу – шығару үшін қолданылады. Енгізу- шығару  іс — әрекетін орындамас бұрын файлдық айнымалыны Assign стандартты процедурасы көмегімен нақты қандай да бір сыртқы файлмен байланысу қажет. Мұндай файл ретінде магниттік дискідегі файл сондай – ақ есептеу кешеніндегі құрылғы (клавиатура, десплей экранан принтер және т.с.с.) сосын ол файл оқуға немесе жазуға ашық болуы керек. Осыдан кейін енгізу шығаруды ұйымдастыруға болады. Файлмен жұмыс жасап біткенен кейін соң  оны close стандартты процедура арқылы жабу керек. Файлдармен жұмыс жасау үшін келесі жалпы стандартты процедуралар  мен функцияларды қолдану кажет.Assign (f, name) – f файлдың айнымалыны name сыртқы файлмен байланыстыру қолданады. Мұнда name файлдың атын немесе логикалық құрылғыны анықтайтын текстік өрнек. Егер текстік өрнек бос

 

 

 

 

 

 

 

         Қолданушының компоненттерін құру

 

Визуалдық  компоненттерді қолданудың негіздері.

Визуалдық компоненттер жиынағының  (VCL) құрамындағы барлық компоненттердің алғы буыны ТControl класы деп саналады.  Осы класс компоненттің    мекен – жәйын, мөлшерін, оның тақырыбын, түсін және басқа да сипттамаларын қамтиды. Сипаттамаларымен  бірге аталған класқа барлық визуалдық компоненттердің ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері жатады. Визуалдық компоненттерді екі үлкен топқа бөлуге болады: терезелік және де терезелік емес.

Терезелік компоненттер -  белгілі бір қажеттілікке арнайы даярланған  терезе. Оларға командалық батырмаларды, редакторлау терезелерін, қарап шығу белдеулерін және т.с.с  жатқызуға болады.  Терезелік  элементттер  TWinControl (Tcontrol класының  туындысы) түріне жатады. Терезелік элементттерге фокусты беру төменгі екі әдістің біреумен орындалады:

Редакторлаудың көрсеткіші арқылы;

Төртбүрыштың көмегімен.

Edit  және Memo - ге фокусты бергеннен (пернелер тақтасымен байланыстырғаннан) кейін енгізу жолында редакторлау көрсеткіші жыпылықтап тұрған тік сызық түрінде  пернелер тақтасынан символды енгізетін  позицияны көрсетіп тұрады. Осы көрсеткішті   жылжыту пернелер тақтасындағы көрсеткішті басқару пернелерінің көмегімен орындалады.

Мәліметті редакторлау әрекеттерімен  байланыспаған компоненттерге фокусты  бергенде, көрсеткіш қара төртбырышпен  бейнеленеді. Мысалы,  төртбүрыш  Button  батырмасының сыртында орналасады, ал ListBox  тізімінің таңдалған бір жолын белгілеп (бұл жол басқа түспен боялады, мысалы көк түспен ) тұрады.

Терезелік емес басқару элементттерінің  негізі болып TControl - дың туындысы TGraphicControl түрі саналады. Терезелік емес басқару элементттеріне фокус берілмейді және оларды контейнер ретінде қолдануға болмайды. Терезелік емес басқару элементттерінің артықшылығы - дескриптордың қажеті жоқ болғандықтан, осындай элементтке  кететін  компьютердің ресурстары  біршама төмен болады. Мысалы, программада құралдар  тақташасын құрастыру үшін  стандартты Button  батырмасының орнына SpeedButton - жылдам батырмалардың орнатылғаны жөн.

Визуалдық компоненттердің  көптеген ортақ қасиеттері, оқиғалары  және әдістері болады.

Қасиеттері

Программа  құрастырылғанда  және  орындалғанда компоненттің сыртқы көрінісін және бет алысын қасиеттер  арқылы басқаруға болады.  Компоненттің көптеген қасиеттерін Объектілер бақылаушысы арқылы форманы қалыптастыру кезеңінде анықтауға болады. Жалпы компоненттің қасиеттер мәнін меншіктеу операторымен  анықтауға да болады.

ТCaption түріне жататын Caption қасиеті компонентің атын (тақырыбын) жазатын жолдан тұрады. Caption - String түрімен ұқсас деп саналады.  Тақырыптағы кейбір символдардың асты сызылып тұруы мүмкін, олар жедел қол жеткізу пернелерінің қисындастыруын көрсетеді. Көрсетілген символдың Alt пернесімен бірге басылуы осы элементтті тышқан тетігімен басуымен бірдей деп есептеледі.   Пернелердің қиылысуын анықтау үшін тақырыптағы сәйкес символдың алдына   & таңбасы қойылады.

TAlign  түріне  жататын Align қасиеті контейнердің  ішіндегі компоненттің тегістеуін қамтиды.  Тегістеу тәртібі контейнердің мөлшері өзгертілгенде интерфейстік элементттің контейнер ішінде  белгілі бір орынды алып тұруын  қамту қажеттілігіне пайдалынады.  Кейбір компонентердің, мысалы Button батырмасын осы қасиетіне тек қана программа орындалып жатқанда жол ашылады.

Компоненттің түсін кейбір тұрақтылар  арқылы анықтауға болады. Ол тұрақтылар экран қасиеттерінің  Оформление – безендіру   бетбелгісімен  анықталған  Windows ортасының жүйелік палитрасының құрамындағы элементтер   түстері.  

Boolean түріндегі Ctl3D қасиеті арқылы визуалдық компоненттің көрініс түрін анықтауға болады. Егер Ct13D  - ның мәні False болса, онда көрінісі екі өлшемді, ал True болса, онда үш өлшемді болады. Үш өлшемді көрініс элементттің жаңа ашылған эффекті арқылы  беріледі. Бұл қасиет кейбір компоненттерде болмайды, мысалы Label - де ол жоқ.

TCursor  түрінің Cursor қасиеті тышқан көрсеткішінің көрінісін анықтайды. Мысалы, crDefault мәні көрсеткіштің түрін келісімше (әдетте тілсызық) қалтырады, crNone  - көрсеткіш көрінбейді, crHourGlass - көрінісі  құм сағат түрінде шығады.

Boolean  түріндегі Enabled - компоненттің екпінділігін,  яғни тышқаннан немесе пернелерден түскен хабарға сезіну қабылеті бар екендігін көрсетеді.  Егер қасиеттің мәні True болса, онда компонент екпінді деп саналады,  False болса, онда компоненттің көрінісі  бозарып, екпінді емес күйде болады. 

Integer түріндегі Height және  Width қасиеттері компоненттің контейнердегі биіктігін және ұзындығын көрсетеді.  Форма өзі экранға орналасқан  компонент деп саналады және оның координаттар нөмірі экранның жоғарғы сол жақ бұрышынан басталады. Integer түріндегі Left және Top компоненттің  контейнердегі жоғарғы сол жақ бұрышын анықтайды.

String  түріндегі Hint қасиеті арқылы көрсеткіш белгілі бір компонент аймағында жылжымай орналасып тұрғанда  еске түсіретін хабар шығарылады.  Ол хабар Hint қасиетінің  оң жақтағы бос жолына енгізіледі. Енді хабар шығып тұруын қамту үшін Show Hint  := True деп анықтау керек.  Әдетте  келісімше Show Hint  мәні False болып тұрады.

TMainMenu түрінің MainMenu туындысы арқылы формаға меню жүйесін орнатуға болады. Меню құрастырушысы мәтіндік редакторға ұқсас және онымен жұмыс атқару  ыңғайлы және жеңіл түрде орындалады.

TPopupMenu түрінің туындысы PopupMenu  арқылы белгілі бір компоненттің аумағында тышқанның оң батырмасын басқанда  жергілікті контекстік (тақырыпқа байланысты ) меню жүйесін шығаруға болады.

TabOrder қасиеті арқылы Tab пернесі басылғандағы  объектілерге фокусты беру реті анықталады. Келісімше бұл тізбек форманы құрастырғанда оған орнатылған элементтер  реті бойынша анықталады, ең алдымен орналастырылған компоненттің TabOrder қасиеті 0 болады, екінші болып орнатылған компоненттің TabOrder тең 1-ге және т.с.с.

Жалпы компоненттердің Parent параметріне   ұқсас TComponent түріндегі Owner  - иесі қасиеті болады.  Әдетте формаға орналастырылған компоненттердің иесі - Form деп саналады. Егер компоненттердің иесі жойылса, онда оған орналастырылған барлық элементтер де жойылады.

 Программаның орындалу  барысында белгілі бір компоненттің  орналастыруы Create (self) функциясы арқылы орындалады.

DragMode  қасиеті программалау кезеңінде объектілерді жылжыту амалдарымен байланысты Drag – and - Drop  тәсілін қолдануда пайдаланылады және басқару элементтін тышқанмен жылжытқандағы бет алысын анықтайды. DragMode мәні dmAutomatic  және dmManual  болады. Келісімше DragMode  мәні dmManual болып тұрады. Бұл тәртіпте BeginDrag  әдісі шақырылмағанға дейін басқару элементтін жылжытуға болмайды. Егер  қасиеттің мәні dmAutomatic болса, онда объектіні кез келген мезгілде жылжытуға болады. Объектіні жылжыту амалдарын орындау үшін DragMode мәнін анықтаумен бірге жылжыту амалдары орындалғандағы  оқиғаны өндеуші үзіндісін көлтіруді қажет етеді.

Информация о работе Функция