Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 21:55, реферат

Краткое описание

Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

arhivteu_programmalary.doc

— 183.50 Кб (Скачать документ)

INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпеи жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса, "skubа" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда еягізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).

Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

INTERNЕТ-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNЕТ-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNЕТ -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

-  қосылып түратын тікелей  байланыстар (кіру жолдары);

-  тұрақты қосылып тұрмайтын  байланыстар (кіру жолдары);

-  почталық байланыстар.

Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.

Тұрақты қосылып түратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған (Тransmission Соntrol Ргоtосоl/ Іnternet Рrotocol - жеткізуді басқару

протоколы/интержеді протоколы) түрінде  болады, бұл INTERNЕТ -тің бір щеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар  мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNЕТ -ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Іnternet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Іnternet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.

Қосылып тұратын  тура байланыс көбінесе SLIР, Роint-TOРOINT Рrotocol немесе РРР деп аталады (Sегіа1 Linе internet Protocol— тізбекті желі үшін Іnternet хаттамасы, Соmpessed S1ір — тығыздалған S1ір, Роіnt-TOPOINT Ргоtocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал ХRеmоtе деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/IР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын  байланыс кымбаттылығына қарай әр комПьютерге  қойылмайды да, оның орнына S1ір (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, S1ір-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

Почталық байланыс. Іnternet-пен косыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері СоmpuServe болып келген компьютерлер бірден Іnternet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Іnternet-ке беріп, одан да бірнеше хат-хабар ала береді. СоmpuServe жүйесінде почта адресі аддына Іnternet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Іnternet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ  ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUСР деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.

2. Іnternet-пен қатынас құру

Бізге кеягттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге  белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін  программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы  мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мүндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (Ғilе Тгansfer Protocol— ҒТР). Практикада ҒТР немесе ftр термині жиі ұшырасады. Каталогга немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftр жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін ҒТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. ҒТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген ҒТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftр деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nаmeid) және/немесе паролін (раssword) білу қажех болады.

ҒТР-серверінің мәліметтерімен қатынас кұру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір  мысалы мынадай болуы ықтимал:

ореn ftр.геlсоm.su nаmeid раssword — ҒТР-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мүндағы:

ореn ҒТР-сервермен қатынас құру сұранысы;

ftp.геlсоm.rsu — ҒТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;

nameid — пайдаланушының кіру аты немесе аnоnіmus;

раssword — сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-mаіІ) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, ҒТР-сервер тек  шектеулі командалар жиынын орындай  алады, атап айтқанда:

hеlр — сервер командалары бойынша анықтама беру;

quіt — сеансты аяқтау.

Пароль меи атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

Сd  каталог_аты — каталогты ауыстыру;

сd.. — жоғарғы деңгейдегі каталогқа қайту;

get файл_аты — ҒТР-серверден файл алу;

bіnаrу — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, сот, аг}), гаг, tаг, zір және т. б.)

dir— ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

ҒТР-сервермен байланысу сеансында  пайдалануға болатын командалар жиынтығын НЕLР командасы арқылы алуға болады.

ҒТР-серверден файлдар алу кезіндегі  әдеттегі командалар жиынтығынан мысал  келтірейік.

сb рub/ — барлық ҒТР-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану;

dіг — сол каталог файлдар тізімін беру;

get ОЗndех.txt — ҒТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

bіnаrу  — екілік файлдарды өңдеуге өту;

get fаг 140.ziр — ҒТР-серверден екілік файл алу;

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар  алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.                    ;

Netscape Navigator және Іnternet Ехрlогег тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Мicrosoft  Іntегпеt Ехрlогег 3.01 программасын 1 пайдалану кезіндегі ҒТР-сервермен ftр://ftр.rеlсоm қатынас құру сеансын талқылап шығайық.

Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іntегnеt Ехрlоrеr пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.

 

Бұл мысал Іnternet Ехрlоrеr жұмысын Windows 98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялык жүйеге сәйкес баяндалады (Windows З.х ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезеңдері мен орындалатын әрекеттері бірдей).

Іnternet Ехрlоrеr-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезеге мәліметгер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іnternet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

Егер барлық әрекеттер  дұрыс орындалса, экранға Іnternet Ехрlоrеr терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Батырмалар   астындағы   жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басуы керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде| оқып   үйрену   оңай   емес,   өйткені   желідегі   байланыс орнатылған  сәттен   бастап,   ол   біткенше  уақытқа  ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, Бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: ftр://ftр.геlсоm.ru

Адрес терілген соң, "Еntеr" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернeлер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

Адрес енгізілген сәттен бастап, Іnternet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілгш сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Іntегnеt Ехрlоrег эмблемасына айналуы ҒТР- сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.

Internet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында ҒТР-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Құрал-саймандар тақтасындагы "Тоқта" (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, ҒТР-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, "Алға"және "артқа" батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. "Таңдамалы" (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен ҒТР-сервермеи сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай қарап шығуға болады.

"Баспа" батырмасы экранда көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қаріп мөлшері ұнамаса, онда "Шрифт" батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.

Релком желісінің серверлерімен  жүмыс істегенде ҒТР-сервері мен  өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Windows жүйесі 1251 шарттаңбалау төсілін, ал РЕЛКОМ желісі КОІ8г кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары кодтары түрлендіру үшін басты меню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюдің "Түр" (Вид) пунктінің "Параметрлер" жолын таңдап алсақ, сол командаға сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі "Қаріп" батырмасын басу керек те, "МІМE кодтары" параметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.

Мұның себебі кодтардың  стандартты кестесінде кириллица әріптері (орыс, қазақ әріптері) жоқ, сондықтан  әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы осыған өз "үлесін" жалықпай қосып келеді). Мысалы, КСРО төңірегінде аддымен КОИ8г кодтары қабылданған еді, Міcrosoft оған қоса екі балама кодтар даярлаған болатын — біріншісі, 886 кодтар МS DОS-қа арналған да, екіншісі, 1251 кодтар Windows жүйесіне бағытталған болатын. Қазіргі ТМД елдерінде осы үш кодтау тәсілі қатар қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шарттаңбалар тандап алынған соң, барлық ашық терезелерді ОК батырмасын басу аркылы жауып қою керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.

Керекті файлды не каталогты  алу (көру) үшін курсорды сол файл (каталог) атына алып бару керек, сол сәтте  курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетуге бағытталған қол бейнесіне  айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың (каталогтың) мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі (ал каталог болса, ашылып толық көрсетіледі). Жоғарғы деңгейдегі каталогқа өту керек болса, "Артқа" батырмасын басамыз немесе жоғары жақтағы "бір деңгей жоғары піығу" батырмасын басу жеткілікті.

Экранда көрінбей одан тысқары  тұрған мәтін бөліктерін көру үшін көлденең немесе тік жылжу сызықтарын пайдалану керек, олар Іnternet Ехрlоrеr терезесінің оң жак және төменгі шеттерінде орналасады ("лифт"деп те аталады).

Браузер арқылы кез-келген уақытта басқа ҒТР-серверге ауыса  аламыз. Ол үшін "Адрес" деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Еnter пернесін басу қажет немесе "Адрес" өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырманы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жөн. Керекті адресті "Таңдамалар" батырмасы арқылы да тізімдер ішінен тауып алуға болады.

 

Браузермен жұмысты  аяқтау үшін "Файл" менюінің "Жабу" пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы "X" батырмасын пайдаланса да болады.

Информация о работе Файлдарды архивтеудің қажеттілігі