Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады. Сенім серіктестігінің ісін оның толық серіктерінің басқару және жүргізу тәртібін олар толық серіктестік туралы ережелер бойынша белгілейді. Салымшылардың сенім серіктестігі ісін басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім серіктестігі салымшыларының серіктестік ісін басқару жөнінде толық серіктестердің әрекеттеріне дау жасауға құқығы жоқ.

Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Сенім серіктестігі толық серіктестікті тарату үшін көзделген негіздер бойынша да таратылады. Салымшылар сенім серіктестігі таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылғаннан кейінгі қалған серіктестік мүлкінен салымдарды алуға толық серіктестер алдында артықшылық құқығы болады. Сенім серіктестігінің бұдан кейінгі қалған мүлкі толық серіктестер мен салымшылар арасында, егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, олардың серіктестік мүлкіне қосқан үлесіне қарай бөлінеді [42,88].

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен ортақтасып жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің жарғылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушалардаң тұратын шаруашылық серіктестігі сенім серіктестігі деп танылады. Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктестердің құқықтық жағдайы және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді.

«Шаруашылық серіктестік туралы» заңның толық серіктестік туралы нормалары сенім серіктестігіне қолданылады, өйткені бұл сенім серіктестігі туралы ережелеріне қайшы келмейді. Сонымен сенім серіктестігі салымшыларының құқықтары мен міндеттеріне тоқталып өтсек. Сенім серіктестігі салымшыларының келесідей құқықтары бар:

1.Серіктестік пайдасының бір бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша мүліктегі және жарғылық капиталдағы өз үлесіне тең мөлшерде алуға;

2.Серіктестіктің жылдың есебімен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге;

3.Мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін заңда және серіктестік құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беруге;

4.Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша серіктестіктен шығуға құқығы бар;

5.Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға құқығы бар.

Ал, енді міндеттеріне келетін болсақ, сенім серіктестігінің салымшыларының міндеттері:

1.Серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;

2.Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен тәсілмен және мөлшерде салымдар салуға;

3.Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестің өз қызметін жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның ішінде серіктестікке қызмет көрсетуге;

4.Серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

Сенім серіктестігінің салымшысы шаруашылық серіктестік туралы заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзінің міндеттерін орындамау арқылы серіктестікке немесе оның қатысушыларына зиян шектірсе, толык серіктестер мұндай салымшыдан оны өтеуді, ал елеулі түрде зиян шектірсе – оны сот тәртібімен серіктестіктен шығаруды талап етуге құқылы.

Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы. Қатысушылардың сенім серіктестігінің мүлкіндегі үлесі. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы толық серіктестер мен салымшылардың салымының құралады және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгіленген елу есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесінің жиынтық мөлшері елу пайыздан аспауы керек. Бұл ретте сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серіктестіктердің салымын төлеу жөніндегі міндеттері көзделуі мүмкін. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері, оны құрау тәртібі мен мерзімі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сенім серіктестігі құрылтай құжаттарының мазмұны – сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетілуге тиіс, оңда: толық серіктестердің бәрінің есімі, сондай-ақ «сенім серіктестігі» деген сөздер не болмаса, «және компания» деген сөздер қосылған кемінде бір толық серіктестің есімі, сондай-ақ «сенім серіктестігі» деген сөздер болады.

Сенім серіктестігінің ісін басқару. Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Сенім серіктестігінің ісін оның толық серіктестірінің басқаруы мен жүргізуінің тәртібін олар толық серіктестік туралы ережелер бойынша белгілейді. Салымшылардың сенім серіктестігінің ісін басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім серіктестігі салымшыларының толық серіктестік ісін басқару жөніндегі іс-әрекетін даулауға құқығы жоқ.

Салымшының сенім серіктестігінің мүлкіндегі өз үлесін басқа салымшыларға, толық серіктестерге немесе үшінші тұлғаларға беруі, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, толық серіктестдің барлығының келісуімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Үлесі басқа салымшыларға, толық серіктестерге немесе үшінші тұлғаларға берілген кезде сенім серіктестігінен шыққан салымшыға тиесілі барлық құқықтар мен міндеттер жиынтығы осымен бір мезетте соларға өтеді. Сенім серіктестігінің салымшысы қаржы жылы аяқталған соң серіктестікке қатысудан бас тарту жөнінде мәлімдеп, одан шығуға құқылы.

Салымшы өзінің сенім серіктестігіне қатысудан бас тартуын, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын мәлімдеуге тиіс. Несие берушінің серіктестіктің мүлкіндегі салымшының үлесіне өндіріп алуды қолдану тәртібі шаруашылық серіктестік туралы заңымен белгіленеді.

Толық серіктестіктер серіктестіктің жарғылық капиталына өздерінің мүліктік жарнасын толық салмаған жағдайда бір немесе бірнеше салымшыны толық серіктестердің барлығының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша сот тәртібімен шығарылуын талап етуге құқылы. Сенім серіктестігінің шығарылған салымшыға, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестіктің жарғылық капиталына енгізген салымдарының сомасы төленеді. Егер салымшы сенім серіктестігінің жарғылық капиталына ешқандай салым енгізбесе, оңда серіктестіктің құрылтай құжаттарында салымдар еңгізу үшін белгіленген мерзім біткен күннен бастап отыз күн өткен соң, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестікке мүшелігі тоқтатылады. Сенім серіктестігінің салымшысы-заңды тұлға, тоқтатылған немесе серіктестік салымшысы азамат қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның құқығын иелену Қазақстан Республиқасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қатысушылардың қайсысын болмасын серіктестіктің пайдасын бөлісуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келісімге жол берілмейді. Салымшылар сенім серіктестігінің міндеттемелері бойынша серіктестіктің жарғылық қорына өздері енгізген салымдар сомаларының шегінде жауап береді.

Сенім серіктестігін тоқтатудың ерекшеліктері. Сенім серіктестігі одан барлық толық серіктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Егер құрамында ең болмағанда бір толық серіктес пен бір салымшы қалса, сенім серіктестігі сақталады. Сенім серіктестігінде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың ішінде немесе серіктестікте қалған салымшылар соңғы толық серіктес шыққан мезеттен бастап алты айдың ішінде серіктестікті сақтап қалу мақсатында оңда жоқ салымшылар немесе толық серіктестер ретінде серіктестікке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серіктестер немесе салымшы азаматтар сенім серіктестігін толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы [43,97].

Сенім серіктестігі таратылған кезде салымшылар оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған серіктестік мүлкінен салымдарды алуда толық серіктестерге қарағанда басым құқыққа ие болады. Сенім серіктестігінің осыдан кейін қалған мүлкі, егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, толық серіктестер мен салымшылар арасында олардың серіктестік мүлкіне қосқан үлесіне тең бөлінеді.

 

 

2.3 Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жəне серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тəуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі және «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» заңы реттейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жəне заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша əрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады [30,160].

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Осы ережеден өзгеше жағдайлар Азаматтық кодексте және заң актілерінде көзделуі мүмкін. Мұнда, әңгіме, негізінен алғанда, серіктестіктің әрекеттері үшін қатысушылардың жауапкершілігі жөніңде болып отыр. «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның міңдеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады» деген ереже осыған жақын келеді. Жауакершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының саны шектелмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:

1.Серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;

2.Серiктестiкке қатысушылардың олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi немесе аты-жөнi, тұратын жерi жəне жеке басын куəландыратын құжаттың деректерi көрсетiлген тiзбесi;

3.Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мəліметтер;

4.Серіктестік органдарын құру тəртібі мен олардың құзыреті;

5.Серіктестікті қайта ұйымдастыру жəне оның қызметін тоқтату ережелері;

6.Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тəртiбi;

7.Серіктестікке қатысушыларға жəне үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тəртібі жəне мерзімі;

8.Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс.

Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тəртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мəні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.

Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшылар анықтайды және ол серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тапсыру кезіндегі жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомадан кем болмауы тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының кепілдеуші маңызы бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәлімдеген жарғылық капиталы іс жүзіндегі нақты жарғылық капиталдан артық болатын жағдайда серіктестік несие берушілер алдында серіктестіктің борыштары бойынша жарғылық капиталдың өз капиталынан артық сомасында ортақ жауапты болады [44,158]. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларынын төрттен үш көпшілік дауысымен қабылданады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. Азаматтық кодексінің 79-бабына сәйкес бірқатар мәселелерді жалпы жиналыс ғана шеше алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне мыналар жатады:

1.Серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту;

2.Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын белгілеу;

3.Серіктестіктің қаржылық есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;

4.Серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

5.Серіктестіктің байқау кеңесін және тексеру комиссиясын сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестік тексеру комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;

6.Ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту;

7.Серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бірлестіктерге қатысуы туралы шешім шығару;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы