Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтай құжаттарында анықталады, дегенмен заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңға және «Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік туралы» заңға сәйкес толық серіктестік үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем емес, сенім серіктестігі үшін айлық есептік көрсеткіштің елу мөлшерінен кем емес, шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік үшін жүз көрсеткіш мөлшерінен кем емес болуы тиіс.

Серіктестіктің мүліктік базасының азаюының тағы бір жағдайы серіктестің толық серіктестігінен шығуымен немесе шектеулі жауапкершілікті серіктестікке қатысушының өз үлесін серіктестікке сатуымен байланысты. Егер қатысушы серіктес құрамынан шыққанда толық серіктестік сақталса, шыққан қатысушыға серіктестік мүлкіндегі оның үлесінің құны енгізілген салымға тең және сол шыққан күні жасалған балансқа сәйкес төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісімімен салым толықтай немесе жартылай зат түрінде қайтарылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезеңінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді. Осы тәртіпте толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға мүліктің бір бөлігінің құны да төленеді. Мұндай ереже жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктерге де қолданылады.

Қатысушының үлесін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі сатып алған ретте, ал оны басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң актілері мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға, не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі.

Қатысушының үлесіне толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өндіртіп алуды аударға борыштарды өтеу үшін серіктестіктің басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен, серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен, борышқордың жарғылық капиталындағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп беруге жататын бөлігі немесе оның құны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады.

Шаруашылық серіктестіктің акция шығаруға құқығы жоқ. Мұндай құқық тек акционерлік қоғамға ғана берілген, ол эмиссияларды тіркеудің күрделі процедурасымен, ерекше бухгалтерлік есеп-қисаппен және басқарудың өзіндік жүйесімен байланысты. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері, егер заң актілеріңде оған тыйым салынбаған болса, басқа бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

Сонымен қатар, серіктестікті басқару органы өз мүлкін үшінші жаққа сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұл жерде әңгіме мүліктің бір бөлігі туралы немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын туралы болуы мүмкін. Сенімгерлік басқаруға берудің мұндай мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 79-бабының 2-тармағында тікелей көзделген.

Қызметі серіктестікке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың оның ішінде сақтандыру ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда, ақшасы мен басқа мүліктерін тартуға негізделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серіктестігі нысанында құрылады. Қазақстан Республикасында «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Шаруашылық серіктестіктері нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері, оны құру мен пайдаланудың ерекшеліктері, мүлкінің құқықтық режимі, шаруашылық қызметін шектеу заңмен қатар арнаулы заң актілерімен реттеледі [29,69].

 

 

1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталып кететін болсақ. Жоғарыда айтып өткеніміздей шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңымен қамтылған. Шаруашылық серіктестіктердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңынан бөлек, серіктестіктің құрылтай құжаттарында да көрсетіледі. Сонымен шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары келесідей көрініс тапқан:

1.Құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;

2.Шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;

3.Таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;

4.Шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға;

5.Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың міндеттері:

1.Құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

2.Салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;

3.Шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi;

4.Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.

Шаруашылық серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:

1.Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;

2.Серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;

3.Жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы;

4.Серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;

5.Серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;

6.Нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;

7.Серіктестікті және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;

8.Серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;

9.Аудиторлық есеп;

10.Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;

11.Серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.

Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Қатысушыларға сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат қатысушылардың жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен, шаруашылық серіктестігі соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.

Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.

Толық серiктестiкке қатысушылардың құқықтарына келетін болсақ ол келесідей көрініс тапқан:

1.Серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктi басқаруға, соның iшiнде серiктестiк алған пайданы бөлуге қатысуға;

2.Толық серiктестiктiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде серiктестiктiң бухгалтерлiк және басқа да құжаттамасымен танысуға;

3.Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серiктестiктiң мүлкiндегi өз үлесiнiң мөлшерiне қарай оның қызметiнен пайда алуға;

4.Белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктен шығуға;

5.Толық серiктестiк таратылған жағдайда серiктестiктiң несие берушілерімен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкiндегi немесе оның құнындағы өзiнiң үлесiне сәйкес толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға;

6.Заңда және серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар. Сонымен қатар толық серiктестiктерге қатысушылардың заң актiлерiнде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн. Толық серiктестiкке қатысушылар үшiн көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның iшiнде серiктестiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады [30,150].

Енді толық серiктестiкке қатысушылардың міндеттерін атап өтсек:

1.Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын сақтауға;

2.Толық серiктестiктiң қызметiне құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша қатысуға, соның iшiнде серiктестiктiң атынан iс жүргiзуге немесе қызметiн жүзеге асыруда оған көмек көрсетуге;

3.Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, тәсiлмен және мөлшерде салым салуға;

4.Өз атынан және өз мүддесi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнi болып табылатын iстермен бiртектес мәмiлелер жасаудан бас тартуға;

5.Толық серiктестiк құпия деп жариялаған мәлiметтердi жарияламауға;

6.Серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

Толық серiктестiкке қатысушылар заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттер қабылдай алады. Яғни, заң актілері мен құрылтай құжаттары арқылы құқықтар мен міндеттер тізімі көбеюі мүмкін. Толық серiктестiкке қатысушыларды заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерге кiрмейтiн iс-әрекет жасауға мiндеттейтiн олардың келiсiмдерi жарамсыз болып табылады. Толық серiктестiкке қатысушы басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiн орындамаса, соның салдарынан серiктестiкке немесе оған қатысушыларға зиян келтiрiлсе, басқа қатысушылар мұндай қатысушыдан зиянды өтеуге, ал елеулi зиян келтiрген жағдайда оның серiктестiктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы.

Сенiм серiктестiгi салымшыларының құқықтарына келетін болсақ:

1.Серiктестiк пайдасының бiр бөлiгiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша мүлiктегi және жарғылық капиталдағы өз үлесiне тең мөлшерде алуға;

2.Серiктестiктiң жылдың есебiмен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

3.Мүлiктегi өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн заңда және серiктестiк құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге;

4.Заңда және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша серiктестiктен шығуға;

5.Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;

6.Заңда және серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.

Сенiм серiктестiгi заң актiлерiнде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкiн. Сондай-ақ, сенiм серiктестiгiнiң салымшылары үшiн заң актiлерiнде көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның iшiнде салымшылар мен толық серiктестіктердiң келiсуi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады.

Сенiм серiктестiгiнiң салымшыларының міндеттері:

1.Серiктестiктiң құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;

2.Серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен тәсiлмен және мөлшерде салымдар салуға;

3.Серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көрсетiлген жағдайларда серiктестiң өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның iшiнде серiктестiкке қызмет көрсетуге мiндеттi;

4.Серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерi үшiн тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның iс-әрекетiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда ол мәмiле бойынша несие берушілердің алдында толық көлемде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы заң бойынша өндiрiп алынуы мүмкiн барлық мүлкiмен үшiншi тұлға алдында дербес жауап бередi. Сенiм серiктестiгiнiң салымшылары заң актiлерiнде, серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн [31,100].

Толық серiктестер мен салымшыларының заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiне кiрмейтiн iс-әрекет жасауға сенiм серiктестiгiнiң салымшыларына мiндеттейтiн келiсiмдерi жарамсыз болып табылады. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы заңды орындамау арқылы серiктестiкке немесе оның қатысушыларына зиян келтiрсе, толық серiктестер мұндай салымшыдан оны өтеудi, ал елеулi түрде зиян келтiрсе – оны сот тәртiбiмен серiктестiктен шығаруды талап етуге құқылы.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы