Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

Мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніңдегі шартта мыналар көзделуі тиіс:

1.Сенімгер басқарушының барлық құрылтайшылардың мүдделері үшін тиісті мүлікті басқаруды, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылғаннан кейін серіктестіктің мүдделері үшін мүлікті басқаруды жүзеге асыру міңдетті;

2.Жауапкершілігі шектеулі  серіктестікке ол құрылған кезден бастап пайдасына және сенімгерлік басқаруға берілген мүлік осы кезден бастап меншігіне ауысатын адамның құқықтарын беру көзделуге тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда сенімгерлікпен басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс. Екінші жағдай «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» 56-бабында көзделген, ол бойынша, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе оның мүлкі сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мұнда мынаны есте ұстау керек: жауапкершілігі шектеулі серіктестікті заңды тұлға және құқық субъектісі ретінде емес, Азаматтық кодекстің 119-бабында көрсетілгендей, тұтас мүліктік кешен ретінде басқаруға беріледі. Мүлікті басқаруға беру туралы айтқанда, мүліктік кешеннің бір бөлігін ғана беру көзделеді. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы қабылдайды.Үшінші жағдай қатысушының үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігімен байланысты.

Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы заң актілеріңде өзгеше көзделмесе, қатысушы үлесін сенімгерлік басқару құрылған жағдайда жалпы жиналыста оның өнімі ретінде қатысушы атынан сенімгер басқарушы әрекет етуге құқылы. Қатысушының мүдделерін білдіру төртібіне қойылатын талаптар мүлікті сенімгерлік басқару туралы зандарда белгіленеді.

Төртінші жағдай мәжбүрлеп қайта құру кезіңде туады. Егер соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезінде бөлуді, бөліп шығаруды жүргізуге уәкілетті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органдары соттың шешімінде белгіленген мерзімде серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды жүзеге асырмаса, сот серіктестіктің мүлкіне сенімгер басқарушы тағайындап, оған қайта ұйымдастыратын серіктестіктің мүлкі есебінен осы серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды тапсырады. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Сенімгер басқарушы сотта жауапкершілігі шектеулі серіктестік атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны бөлу, бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын серіктестіктердің құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Соттың аталған құжаттарды бекітуі жаңадан пайда болатын серіктестіктерді мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады [23,33].

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік Қазақстан Республикасындағы коммерциялық ұйымдардың өте сирек кездесетін ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады. Көптеген елдердің заңдары серіктестіктің мұндай нысанын мүлде пайдаланбайды. Шын мәнінде, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз – болмашы ерекшеліктеріне қарамастан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі болып табылады. Олардың бәрін белгілі бір заң реттейді. Егер қарым-қатынастардың мәнінен өзге мәселе туындамайтын болса, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке Азаматтық кодекс, «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» заңның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін реттейін «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңының ережелері қолданылады.

Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауы, сондай-ақ «қосымша жауапкершлігі бар серіктестік» немесе «ҚЖС» аббревиатурасы болуы тиіс. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді.Сонымен қатар, құрылтайшылардың салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады делінген. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.

Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.

Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады. Шаруашылық серiктестiктi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады. Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттiк немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс [24,45].

Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам қол қояды. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестігін қоспағанда, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиіс. Құрылтай шартында құрылтайшылар өз мойындарына келесідей міндеттемелерді алады:

1.Құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртiбiн белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беруге;

2.Серіктестік қызметiне қатысуға;

3.Құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсуге;

4.Серіктестік қызметiн басқаруға;

5.Серіктестік құрамынан шығуға;

6.Құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы;

7.Құрылтайшылардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi туралы;

8.Құрылтайшылардың салымды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;

9.Жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады [25].

Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.

Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі, басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері, серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар арасындағы өзара қатынастар [26,13].

Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Сонымен қатар, жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін.

Заң актiлерiмен құқық берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың сот тәртiбiмен талап етуi бойынша Қазақстан Республикасы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңында көрсетiлген шарттар болмаған жағдайда құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылады. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң заңда көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актiлерiнде анықталады. Шаруашылық серiктестiктерді мемлекеттiк тiркеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiндегi шаруашылық серiктестiктерi туралы деректердi заңды тұлғаларды тiркейтiн органдар ресми баспасөзде ұдайы жариялап тұруға тиiс. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысқан шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi. Қызметі серіктестікке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың ақшасы мен басқа мүліктерін тартуға негізделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серіктестігі нысанында құрылады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауы Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық жағдайына арналған. Осы тақырыпты жан-жақты, толық зерттеп, мазмұнын ашуға тырыстық деген ойдамыз.

 

 

1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі

Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды. Яғни, ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына жоғарыда атап өткендей салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн. Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.

Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі. Баланста көрсетілген заттар шаруашылық серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі Азаматтық кодекстің 2-бөлігінде баянды етілген. Баланста көрсетілген қалған активтер, мүліктік құқықтар болғандықтан, серіктестікке меншік құқығына тиесілі болмаса да, шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіреді. Меншік иелері мен олардың мүлкін айқын жіктеу заңгерлердің маңызды міндеті болып саналады. Даулы жағдайларда мүліктің меншік иесін анықтау қажет болады. Әрбір меншік иесі өз мүлкінің кездейсоқ жойылып кету қауіпін сезеді және тек өз борыштары бойынша және тек өз мүлкімен жауап береді. Іс жүзінде, өкінішке қарай, бұл қағида кейде бұзылып жатады. Мысалы, мемлекет кейде өзі қатысатын коммерциялық ұйымдарды әлде бір іс-әрекеттер жасауға міндеттейтін шешімдер қабылдайды [27,38].

Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады. Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi.

Жарғылық капиталға құрылтайшылардың заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

Барлық несие берушілер жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда несие берушілер тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы. Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбiр түрлерi үшiн заңда және басқа заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi.

Жарғылық капиталды заңда белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады. Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн. Серiктестiктiң құрылтайшылары осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады. Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi жарғылық капиталдағы салымдарына тең болады. Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы. Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгiленедi [28,100].

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы