Рефераты по химии

құрама жем

12 Июня 2015, реферат

Құрама жем — арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән,қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық корекктік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады. Концентратты құрама жем — сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем — құрамында протеин,минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер — биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы.

Құрама жем кәсіпорындары шығаратын өнімдердің жалпы сипаттамасы

10 Февраля 2014, реферат

Ғылыми негізделген азықтандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру мәліметтері негізінде құрылған құрама жемнің маңызы зор.
Жеке азықтар (дән, кебек, күнжара, пішен, сабан, балық ұны және т.б.) немесе біртекті қоспалар (сұлы немесе сұлы ұны, бидай немесе бидай кебегі) малдың қоректік заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл қоспаға кіретін қоректік заттардың құрамы біртекті және организмге қажетті ақуыз, минералды тұздар, витаминдер, аминқышқылдарының толық жиынтығын сақтай алмайды

Ұлпалардың негізгі резерфтік және құрылымдық липидтерінің құрамы мен құрылысы

17 Марта 2014, реферат

Липидтер (грекше lipos - май) дегеніміз – полярлы емес еріткіштерде жақсы еритін төмен молекулярлы органикалық заттар. Химиялық құрылысы бойынша липидтер әртүрлі болады, бірақ олардың барлығы дерлік кез-келген спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар липид молекулаларының құрамына азотты қосылыстар, фосфор қышқылы және көмірсулар енуі мүмкін. Құрамы бойынша липидтердің барлығы жай, күрделі липидтер (липоидтер) және стеридтер болып жіктеледі. Адам мен жануарлар ағзасында жай липидтерден – үшацилглицериндер (бейтарап майлар) , липоидтардан – фосфоглицериндер (лецитиндер, кефалиндер, ацетальфосфатиттер, серинфосфатиттер және т.б.) және сфингофосфатидтер (сфинглмиелиндер), ал гликолипидтерден – цереброзидтер мен ганглиозидтер, стеридтерден – холестеридтер болады.

Әлемдік су ресурстарының жағдайы

22 Января 2014, реферат

Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған.

Өздік жұмыстың анықтамасы

21 Сентября 2013, реферат

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.

Өндірістің жалпы схемасындағы қондырғының маңызы

10 Ноября 2014, реферат

Мұнайды өңдеуді тереңдетудің ең кең тараған тәсілі – бұл мазутты вакуумда айдау. Алынған гудронды жоғары тұтқырлығынан қазандық отыны ретінде пайдалануға болмайды. Гудрондардың тұтқырлығын төмендетудің ең қарапайым тәсілі – бұл висбркинг (терең емес термиялық крекинг). Оны пайдаланса сұйылтқыштардың шығыны 20-25% азаяды. Әдетте висбрекинг шикі заты гудрон болып табылады, тағы ауыр мұнай мазуттары мен басқа да ауыр мұнай өнімдерін өңдеуге болады. Висбрекингті термиялық крекингке қарағанда қатаңдау жағдайда қолданады.

Өсімдік негізіндегі көміртекті сорбенттерді ағызынды суларды ауыр металдардан тазарту үшін пайдалану

17 Апреля 2014, диссертация

Түйін сөздер: СОРБЕНТТЕР, МЕНШІКТІ БЕТТІК АУДАН, КАРБОНИЗДЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ, КҮРІШ ҚАУЫЗЫ, КӨМІРТЕК МӨЛШЕРІ, СОРБЦИЯ.
Зерттеу нысандары ретінде: Модельді ерітінділерден ауыр металл иондарын наноөлшемді көміртекті сорбенттермен тазалау.
Жұмыстың мақсаты: Ағынды суды ауыр металл иондарынан нанокөлемді көміртекті сорбенттердің көмегімен тазалау.