Кен орны туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны да жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасының Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

М-най мен газ -ндіру -нерк-сіпті- е- бір ма-ызды салаларыны- бір.doc

— 565.50 Кб (Скачать документ)

Тәуліктің статикалқы деңгейі - 16 метр тереңдікте орналасқан.

Суы тұздылау, минералдығы 1,7 г/дм3.

Төменгі туран-сенонды субергіш комплексі кенінен таралған. Сулар жасыл-сұр жөне сұр құмдардың ішінде орналасқан, орналасу тереңдігі 270 метрге дейін. Суы тұщы, минералдығы 0,6 г/л.

Палеогенді, неогенді 1/4 субергіш шегінділері аудан бойынша анықталған.Шаруашылық жене ішім су турон-сенон субергіш комплесінен, ал техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман  комплексінен алынады. Апт-альб горизонттағы су қорын қабат қысымын тұрақты ұстп туру үшін қолдану ұсталған.

 

1.5 Құмкөл кен орнын  игерудің тарихы және қазіргі  жағдайы жөніндегі қысқаша мәлімет

Кен орнын игерудегі бекітілген варианттардың негізгі бағыттары мұнай кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте болуы керек.

Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4 қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу скважиналары 300x600 сеткасы бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың қысымының жеткіліксіз болуы.

Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы алынатын өнім 156-568 мың тонна.

Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25 млн тонна мұнай өндірілуі керек.

Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау

Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр  айынан баталады. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ  қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192,43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай, сулану 1,94%, газ өндіру 92,99 млн м3 болады.

1992 жылы 1993,04 мың тонна сұйықтың 1318,5 мың тоннасы мұнай сулануы 3,26%, газ өндіру 87,59 млн м3 болады.

1993 жылы "Южказнефтегаз" өндірістік  бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 1677,5 мың тонна, газ өндіру 111,73 млн м3 болады.

Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі. Терең сораптың НСН-95, 44, 30, 15 және НСН-25, НСН-57, 30 түрлері қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-16) және 2 өлшеу қондырғысы.

2000 жылы 23 жаңа үңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050, 2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002, 1003, 1012, 2018, 2019, 2011).

Механикаландырылған тәсілге 11 ұңғы аударылды: NN 347, 150, 1013, 346, 343, 134, 124, 342, 1009, 135, 340.

1993 жылы су айдау 1207,620 мың м3 болды. Игеру басынан бері 1922,825 м3 . Айдауға керекті судың 3613,6 мың м3 жетпейді, яғни 64,6% сулану 4,8%.

2002 жылы кен орны бойынша 1805,623 мың тонна мұнай, 125,7 млн  м3 газ және 1925,6 мың тонна сұйық өндірді. Кен орны бойынша өнімнің орташа сулануы 70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық қондырғы орташа төуліктік шығымы 2-объект бойынша 37,5 тонна және 3-объект скважинлары енгізілді.

120 ұңғының тәуліктік өнімі 5679 мұнайды құрайды. Бір ұңғының орташа тәулік шығымы 35 тоннаға есептелген. Яғни, шығымның жобадағы деңгейден жоғары болуы 44% құрайды.

Жобаға сәйкес мұнай өндірудің жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.

2001 жылдың аяғында өндіріс объектілерін  тұрғызу 93,3% құрады. Қабат қысымын  ұстау  үшін, игерудің технологиялық  схемасы  қарастырған үш игеру  объектілеріне, тоғыз нүктелі схема  бойынша қабатқа су айдау жүргізіледі. Қазіргі барлық су аңдау қоры 44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу қысымы 10,7-10,8 МПа құрайды.

Жылына ұңғылар бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104, 1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.

Айдау аймағынан алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015, 1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303, 3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999 жылы бойында қабатқа 296,352 м3 су, ал игеруден бастап 5314,44 м3 су айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013,635 м3 су айдалды.

Объектілер бойынша алуды қайтару ретіне 78,8; 58,3; 82,3% құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы, су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.

Кен орны бойынша мұнай өндіруді арттыру негізінен жаңа ұңғыларды енгізу арқасында болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді. Олар бойынша өндіру 462,527 мың тонна мұнайды құрайды. Ал игерудің көрсеткіштерінде мұнай өндірудің төмендеуі көрінеді. Бұл сол уақыттағы Сібір жеңіл мұнайының келмеуіне байланысты ұңғылардың бір бөлігін (2-объектте) тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені Құмкөл кен орнының мұнайы қою, сондықтан Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек. Қаңтар айы бойынша 89 мың тонна мұнай және 95,77 мың тонна сұйық алынады. Ол 2000 жылдың алдыңғы айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.

Айдау ұңғыларының орташа қабылдағышы 2,94 м3/тәу болғанда, қабатқа су айдау 218,6 мың м3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161,4% құрады. Наурыз айында 1-объектінің сулануына байланысты және қысымның көбеюіне байланысты, ұңғы төңірегінің қабылдауы нашарлап, көптеген ұңғыларда сулану артты. Соның есерінен "Мұнай газ ғылыми зерттеу жөне жобалау" институтының ұсынысы бойынша су айдау тоқталды.

Сәуір айынан бастап, тоқтатылған ұңғыларды жұмысқа қосуға байланысты мұнай өндіру өсе бастады. Оның өзінде мамыр айында 194,7 мың тонна деңгейіне жетіп тұрақтанды. Мұнай өндірудің одан өрі өсуі, ай сайын 5-15 аралығында жаңа өндіру ұңғыларының іске қосылуына байланысты болды.

2002 жылы айдауға 10 жаңа ұңғы енгізілді, оның ішінде 1-объектіде 2 ұңғы (N 1009, 1017), 2-объектіде 5 ұңғы (NN 2012, 2061, 2075, 2078, 2802) және 3-объектіде 3 ұңғы (NN 3015, 3017, 3023). Жұмыс істемей тұрған қордан 3 ұңғы іске қосылды.

 

1.6 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы

Құмкөл кен орны бойынша 2001 жылы пайдалану қоры 256 ұңғы болды. Оның ішінде істеп тұрғаны 138, істемейтіні -29, меңгеру және тұрғызуда -25. Істеп тұрған ұңғылар саны: 1-объектіде - 31, 2-объектіде -30, 3-объектіде 17. 2001 жылы 18 өндіру ұңғысы енгізілді. Жоспар бойынша - 50, механикаландырылған тәсілмен 24 ұңғы аударылды.

Пайдалану қоры фонтандық тәсілмен өндірілді. Ол қабат қысымының, онымен қоса қабат энергиясының төмендеуіне әкеліп соқты.

2002 жылы пайдалану - 295, істеп тұрғаны - 141 ұңғы, 84 ұңғы фонтандық тәсілмен, ал 57 ұңғы механикаландырылған тәсілмен өндіреді. Бір ұңғының тәуілігіне беретін орташа шығымы - 54 тонна. 2 және 3 объектілерде күнделікті қабат қысымы 9,7 МПа түсті, оның өзі сұйықты алу қарқынына, су айдау арқылы жетпей тұр. Өйткені, тұрғызу объектілері қанағатсыз жұмыс жасауда.

Ал 2002 жылдың қаңтарының бірінші жұлдызыңдағы пайдалану қорына келетін болсақ, осы уақыт ішінде 160 ұңғы өнім беріп тұр, 101 ұңғы фонтанды, 59 ұңгы механикаландырылған тәсілмен жұмыс жасауда. Меңгеру мен тұрғызуда 80, оның ішінде 47 ұңғыда көтергіш құбыр мен фонтанды қондырғы жетіспейді. Жұмыссызы - 8 ұңғы, өйткені қабат қысымдары қаныққан қысымнан төмен. Консервацияда 50 ұңғы, оның 30-ы жинау қондырғыларынан қашық болғандықтан консервацияланған 20 пайдалану ұңғылары. Оның 10-ы (NN 240, 244, 2070, 2080, 242, 330, 336, 400, 431) меңгерген кезде таза газ шыққан. Сосын 10 ұңғы (NN 1013, 1002, 1003, 152, 240, 2046, 347, 345, 340, 2059) нұсқа үстінде болғандықтан 100 пайыз суланған.

Су айдау қоры 50 ұңғыдан тұрады, оның ішінде істеп тұрғаны 24 ұңғы, қалғандары әртүрлі себептермен тоқтап тұр. Су алатын ұңғылар саны 10, бірақ оның 5-6 ғана тұрақты жұмыс істейді.

Құмкөл кен орнында 2002 жылдың аяғына дейін 457 ұңғы бұрғыланды. Жобамен салыстырғанда 86,3% құрайды. Сол қазылған ұңғылардың 296 - пайдалану, 77 - айдау, 2-газды қабатқа қазылған. 3 бақылау, 15 - су алатын 20 - барлау және 2 уақытша тоқтатылған ұңғылар.

Пайдалануға берген 457 ұңғы орнына 2003 жылдың аяғында шын мәнінде жұмыс істеп тұрған 415 ұңғы, 289 фонтандық тәсілмен және 126 механикалық тәсілмен жұмыс істейді. Қалғандары жұмыс жасамай тұрған 28 меңгерулер жөне тұрғызылған 15 ұңғы. Әр түрлі жағдаймен 43 ұңғы тоқтап тұр, оның өзі пайдалану қорының 16,6% процентін құрайды. Жұмыс істемей тұрған 28 мұнай ұңғысы, оның ішінде 21 фонтандық және штангалы терең сорапты тәсіліндегі 28 жұмыссыз тұрған ұңғының 17-сі газ факторының көбеюіне байланысты тоқтап тұр. Оның 4 ұңғысы (NN 1002, 1030, 2004, 2005) өнімнің азаюына байланысты механикалық тәсілге көшіруге мәжбүр болып тұр. Өндіретін 2 ұңғы фонтадық өндірудің азаюына байланысты айдау ұңғысы көшірілді. 2001 жылы айдау қорында 57 ұңғы, оның 37-сі нақты жұмыс жасап тұр. Тұрғызуды күтіп тұрғаны -16, жұмыссыз тұрғаны -4 (NN 100, 301, 302, 304).

NN 100, 301, 304 ұңғылары апатқа ұшырауларына байланысты тоқтап тұр. Жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғылары. Мұнай шығыны бойынша таралуы келесі түрде көрінеді: кен орны бойынша барлығы -408 өндіру ұңғысы, оның ішінде 52 ұңғының шығымдылығы 10 тонна/тәу дейін, 11-ден 30 тонна/тәулікке дейін 91 ұңғы, 31-50 тонна/тәу 50 ұңғы, 51-70 тонна/тәулікке дейін 80 ұңғы, 20 ұңғы 71-90 т/тәу, 90 тонна/тәуліктен жоғары 8 ұңғы. Игерудің басынан бері кен орны бойынша 610092,3 мың м3 газ өндірілді, оның ішінде 1-объект бойынша - 42273,9 мың м3 , 2-объект бойынша - 379592,9 мың м3, 3-объект бойынша - 179923,9 мың м3, 4-объект бойынша - 8301,6 мың м3.

Қабаттағы қысым мен газды фактордың өзгеруі.

Кен орнында бірінші қатардағы аудандарда мұнай өндіру ұңғылары жылына 395 және 701 мың тонна мұнай береді.

2001 жылы бұл аудандарда кен орындарын игерудің технологиялық схемасының бұзылуына байланысты 1805,623 тонна мұнай алынды.

2001 жылы қабат қысымы 118 ұңғыда тұрақты. Қысымы 258 ұңғыда өлшенді. 8 өндіру ұңғыларына режимдік зерттеу жүргізілді. (NN 232, 234, 239, 333, 339, 1010, 2027, 2081) алынған нәтижелер бойынша индикаторлық қисық тұрғызылуы әсер етеді. Төменде игеру объектілеріндегі зерттеу жүргізілген ұңғылар саны көрсетілген.

· 1-объект 40 ұңғы - 95 ұңғы,

· 2-объект 64 ұңғы - 136 ұңғы,

· 3-объект 14 ұңғы - 24 ұңғы.

Игеру объектілерінде қабат қысымының интенсивтік төмендеуі ұзақ пайдалану бойынша түсіндіріледі. Табиғи игеру режимде және өнім қабатында қабат қысымын қалыпты ұстау үшін системалық әсер етулерді ескертеміз. Кен орнын игерудің процесі N1 бүрғылау (1984) ұңғысын қазған кезде, қабаттарға газдардың бір-бірімен әсеріне байланысты құрылды. Бұл аймақтың құрылысының дұрыстығын анықтайды. Бұнымен байланысты КазНИПИ мұнай институтының N1 ұңғысын жабу жобасы дайындалды. Айдалған судың есебі және сұйықтың шығымын өлшеп, жазып отыру керек. Кейбір техникалық жағдайлар қиындықтар туғызады. Өлшеу приборларының тереңдік манометрлерінің кен орнын игеруді бақылап отыратын арнайы техникалардың жетіспеуі - дәл мәлімет алуға кедергі келтірді.

Сұйықты тым көп алу нәтижесінде үңғы төңірегінде судың жиналуына және әр үңғыдағы судың 95%-ке дейін көтерілуіне себебін тигізді. Мысалы: N135 -30 пайыз, N151 -75 пайыз, N1006 -50 пайыз, N134 -80 пайыз, N134 -84 пайыз, N187 -70 пайыз, N1007 -79 пайыз, N139 - 85 пайыз, N1345 -80 пайыз, N2046 -80 пайыз,N348 -80 пайыз, N1009 -90 пайыз, N143 -90 пайыз, N11013 -95 пайыз.

Ұңғылардағы суланудың тез өсуі мұнайдың шығымын азайтып жібереді. 3-объектіде төмендеу орнын жаңа ұңғыларды енгізу арқылы толықтырылды.

 

1.6.1 Құмкөл кен орнының 1-объектісінен мұнай, газ және  суды өндірудің өзгеруінің динамикасына  және су айдауға талдау

Құмкөл кен орнының 1-игеру объектісі бір өнімді Ю-1 қабатты қамтиды. Мұндағы алғашқы мұнай алу қоры 23,184 млн тоннаны құрайды. Мұнда кен орнының барлық қорларының 23,3 пайызы шоғырланғын. 2001 жылы "Южнефтегаз" өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 259,66 мың тонна, газ өндіру 59,5 млн м3 болды. Қабаттан алынған су мөлшері 15,13 мың тоннаны құрады. Өнімнің сулануы 9,8 пайыз. Мұнай негізінен фонтандық тәсілмен өндірілді.

1-объект бойынша қазіргі барлық  айдау қоры 34 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті СБП (ВРП) бір ББСС (БКНС) және үш сорап арқылы жүзеге асады. Шығу қысымы 9,7-9,8 МПа. 2001 жылы қабатқа 382,563 мың м3, ал игеруден бері 2518,966 мың м3 су айдалды. Су алудын компенсациясын 38,3 пайызды құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай профилактикалық шаралар жүргізіледі.

Ыстық мұнаймен және ыстық сумен өңдеу штуцерлер мен шығу желілеріне ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымдылығының объектіде азаюына себеп болушылар: СКҚ-ның (НКТ) бойына Парафинның жиналуы, су мен газдың көрініс беруі, ұңғы түбіне Құмның жиналуы. Ұңғыны жер асты жөңдеу бригадасы мұндай кездерде ұңғының түбін жауып, құмдардан тазартады.

3-объектіде газ факторы өте  жоғары (83,5 м3 /тәу). Кейбір ұңғыда құбыр аралық кеңістікте газ жиналған. Оның себебі пайдалану тізбегі дұрыс цементтелмеген. МГӨБ-де ұңғыны күрделі жөндеу бигадасы болмағандықтан, оны 2002 жылға құрып, қажетті жұмыстарды жүргізді. Игеруден бастап 2002 жылдың аяғына дейінгі аралықта кен орнының 1-объектісінен 931,147 мың тонна мұнай алынды. Алғышқы қордан өндірілген мұнай 9,2 пайызды құрады.

Жиналған сұйық өндіру 232,967 мың тонна, ал орташа сулану 8,6 пайыз. Қабатқа 298,135 мың м3 су айдайды, бұл жағдайда компенсация 27,2 пайызды құрады. Сұйық бойынша ұңғының орташа шығымы 24,3 т/тәу, мұнай бойынша 23,8 т/тәулікке тең болды. Бір ұңғының орташа қабылдағышы 145 м3/тәу. 01.01.2000 жылға қарағанда игерудің басынан бері кен орнының 3-объектісінен 2546,052 мың тонна мұнай алынған. Бастапқы алынатын қорларға қарағанда қорды игеру дәрежесі 11 пайызды құрайды.

Информация о работе Кен орны туралы жалпы мағлұмат