Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Химия пәнінің жаңа буын оқулықтары «әдістемелік нұсқау», «жұмыс дәптерлері» және есептер жинағымен бірге беріліп отыр. Оқулықтардағы жаттығулар, есептер әр- түрлі деңгейлерде. Бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушы өз білімін шынайы бағалайды. Сонымен бірге химия тілін пайдалана отырып, тақырып бойынша типтік есептер шығару дағдысы қалыптасады.
Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
• ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;
• химия тілін меңгеру;
• химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;
• оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану.doc

— 176.50 Кб (Скачать документ)

Химия тілін пайдалана білу үш топқа бөлінеді:

  1. грамматикалық сипаттағы біліктер: таңбаларды жазу және оқу, құру және түрлендіру ережелерін пайдалану, химиялық таңбалармен операциялар. Бұл біліктер алгоритмдердің көмегімен репродуктивті деңгейде қалыптасады;
  2. таңбалар семантикасымен байланысты түсініктер қалыптасуын қамтамасыз ететін біліктер. Олар репродуктивті деңгейде меңгеріледі, алгоритмделеді және жартылай автоматтандырылады;
  3. шығармашылық іс-әрекеттің элементтерін қамтитын күрделі біліктер: таңбалардың өзіндік интерпретациясы, символиканың негізінде болжау және модельдеу, жалпылаушы кестелер мен сызбаларды құру. Олар эвристикалық іс-әрекет барысында қалыптасады және білім мен білікті шығармашылық қолдануға бағытталған.

Информация о работе Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану