Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Химия пәнінің жаңа буын оқулықтары «әдістемелік нұсқау», «жұмыс дәптерлері» және есептер жинағымен бірге беріліп отыр. Оқулықтардағы жаттығулар, есептер әр- түрлі деңгейлерде. Бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушы өз білімін шынайы бағалайды. Сонымен бірге химия тілін пайдалана отырып, тақырып бойынша типтік есептер шығару дағдысы қалыптасады.
Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
• ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;
• химия тілін меңгеру;
• химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;
• оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану.doc

— 176.50 Кб (Скачать документ)

         

«Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану»

Химия пәнінің жаңа буын оқулықтары «әдістемелік нұсқау», «жұмыс дәптерлері» және есептер жинағымен бірге беріліп отыр. Оқулықтардағы жаттығулар, есептер әр- түрлі деңгейлерде. Бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушы өз білімін шынайы бағалайды. Сонымен бірге химия тілін пайдалана отырып, тақырып бойынша типтік есептер шығару дағдысы қалыптасады.

Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:

  • ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;
  • химия тілін меңгеру;
  • химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;
  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.

Осы арнаулы курсты меңгерген оқушылар химиялық теңдеулер, химиялық формулалар, ғаздардың көлемі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарын есептерді шығаруда дұрыс пайдалана біледі деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар құру критериі

 

 

Төменгі – қабылдап, алғанын  қайталау

деңгейі – А

Орта – дәстүрлі жағдайда

 еңбек ету деңгейі  – В

Жоғарғы – дәстүрлі емес

жағдайда еңбек ету

деңгейі – С

1. Анықтама беру.

2. Оқулықтан мысал келтіру.

3. Оқулықтағы үлгі бойынша  сипаттау.

4. Алгоритм бойынша жауап  құру.

5.Типті есептер шығару.

6.Сөйлемдегі босатылған  әріптерді,белгілерді қою.            

7. Үлгі бойынша мазмұнын  айту.

8. Қарапайым жоспар бойынша  мазмұнын айту.

9. Жіберілген қателерді  табу.

1. Қатені тауып, түзету.

2. Бірнеше тақырыпты логикалық  түрде айту.

3. Қатені мысалдармен  әрлендіру.

4. Тапсырмаға өз мысалын  келтіру.

5. Белгілі ақпараттың  хронологиялық тізбегін  құру.

6. Типті есептерді ойлап  табу.

7. Әр түрлі құбылыс, анықтама, мысалды салыстыру.

8. Мәтінді өз қалауынша  өзгерту (аяқтау, қысқарту, қосымша  деректер қосу).

9. Дидактикалық материалды  бағалау.

1. Мәтінге, тақырыпқа сұрақтар  құру.

2. Мәтіннің   мазмұнын,  сызбанұсқа түрінде көрсету.

3. Мазмұнның ең бастысын көрсету.

4. Жүйесін, түсінік ағашын  құру.

5. Дәстүрлі емес есептер  шығару.

6. Әр түрлі  жағдайда  алған  білімін қолдана білу.

7. Қайшылықты  анықтап,  ізденіс арқылы шешу.

8.Тапсырмаға деген көзқарасын  білдіру.

9. Пәннің тақырып ерекшелігіне байланысты өз мәтінін, тапсырманың

нұсқасын дайындау.


 

 

 

 

№1. тақырып «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауы

(4 сағат)

Химиялық формулалар бойынша есептеулер:

 

Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлесін анықтау алгоритмі:

Күрделі заттың формуласын жаз.

Құрамындағы химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасын (Аr) анықта.

Күрделі зат салыстырмалы молекулалық массасын (Мr) есепте.

Химиялық элементтердің массалық үлесін мына формула:

          

   

 бойынша немесе пропорция  көмегімен есептеу.

             

№2. тақырып «Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.» тақырыбына есептеулер

(4 сағат) 

Бұл есептерді шығаруда қолданылатын формулалар:

 

   мұнда   (ню) – зат мөлшері

      m – зат массасы  

М – мольдік масса 

немесе

   - атом не молекула саны

                         - Авогадро саны

 

№3. тақырып. Газдардың молярлық көлемі.  (2 сағат)

 

№ 2.   метанды толық жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) оттек газы қажет?

 

Берілгені:

Шешуі:

              х 

     

Т/к:


Жауабы: V( )=10

№4. тақырып. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

(6 сағат)

 

   1.Реагенттердің не  өнімдердің біреуінің берілген  мессасы немесе мөлшері бойынша қажетті зат массасын не мөлшерін анықтау алгоритмі:

2. Химиялық реакция теңдеулерін  құру, теңестіру.

3. Реакцияға қатысқан  қажетті заттардың массасын, зат  мөлшерін есептеу.

4. Есептің шарты бойынша  берілген зат массасын не зат  мөлшерін зат формуласының үстіне жазып, анықтайтын затты «х»-пен белгілеу.

5. Іздеп отырған зат  мөлшерін формула немесе пропорция  арқылы анықтау.

 

№5. тақырып. Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару алгоритмі:

(6 сағат)

Химиялық реакцияның теңдеуін құру.

Формулалардың үстіне берілгенін жазу

Формула астына заттардың мөлшерін көрсету.

Есептеуге қажетті заттардың Mr; M; m  анықтау.

Қоспанң массасын анықтау.

Бастапқы заттың таза массасын есептеу.

Реакция өнімінің массасын есептеу.

 

№6. тақырып. Берілген заттың артық массасын анықтау алгоритмі:

(4 сағат)

Химиялық реакция теңдеуін құру.

Есептеуге қатысты заттардың формуласының үстіне берілген шаманы жазу.

Зат формулаларының астына мөлшерін көрсету.

Әр заттың есепке қажетті Mr; M; m  анықтау.

Мөлшері келе зат бойынша өнімнің массасын есептеу.

 

№7. тақырып. Ерітінді. Ерігіштік.

(4 сағат)

Бұл тақырыпқа берілген есептерді шығару үшін «ерітінді», «еріткіш», «еріген заттың массалық үлесі» ұғымдарын жақсы игеріп, оларды анықтауда формуланы дұры қолданабілу керек:

 

  ω – еріген заттың массалық үлесі (%)

m(е.з.) – еріген заттың  массасы

m(ер-ді) – ерітіндінің  массасы

 

      V(ер-ді) – ерітінді көлемі

 ρ  - тығыздық

m(ер-ді) – ерітіндінің массасы

 

 

ерігіштік (S) – еріген заттың белгілі температурада зат массасының 100 г. еріткіштен массасы, немесе зат массасының еріткіштің 1000 мл. көлеміне қатынасы.

 

№8. тақырып. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

(4 сағат)

 

С. Күкірт пен көмірдің 3 г. қоспасын жаққанда күкірт оксиді мен көміртек (IV) оксидінің 9г. қоспасы түзілді. Бастапқы қоспадағы күкірт пен көмір массаларын есепте.

Шешуі:

   x y 3-х 9-у

  S  +  O SO  С  +  О    СО

1моль 1моль        1моль 1моль

32г/моль       64г/моль       12г/моль 44г/моль 

    Пропорция құрамыз:

1. х -------- у

   32у------64х

  

2. екінші пропорциядағы  х-тің орнына 0,5у қойып, пропорцияны  шешеміз.

 

3-0,5у ------------- 9-у

  12----------------44   бұдан

44(3-0,5у) = 12(9-у) 

   132-22у  = 108-12у

          10у  =  24

у = 2,4

       х=0,5 2,4=1,2г

m(S)=1,2г

m(C)=3 - 1,2=1,8г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл бағдарлама химия ғылымына оқушылардың қызығушылығын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, олимпиада тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне жағдай жасау мақсатымен оларға әр түрлі іс тәсілдерін үйрету. Химия тілін меңгерте отырып, оқытудың әр түрлі ғылыми деректерді іздеп, жинақтау мақсатында оқулықтармен жұмыс істей білу біліктерін қалыптастыру, есептерді шығару әдістері көрсетілген. 

Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептеу шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

           

 

Терминология ғылымындағы химиялық терминдердің ролі

Жалпы сөздіктегі ғылыми анықтаманың мәтініне осы сөздікке кірмейтін сөздерді алуға болмайды. Бұл - анықтамалар үшін маңызды қағида. Осындай жағдайға байланысты, мысалы, химиялық не математикалық терминдерге анықтама беруде қиындық туындайды.  Мұндай терминдердің ғылыми анықтамасына «ішкі аударма» жасау, оны әдебилендіру өте қиын. Және бұл процесте терминнің бастапқы ғылыми мәнін жоғалтып алу қаупі бар. Мысал ретінде инверсия деген химиялық терминді алайық. Терминнің энциклопедиядағы мағынасы: «қышқылдардың судағы ерітінділері мен ферменттердің (энзимдердің) жасайтын әсерімен «дисахаридтердің моносахаридтерге» айналуы». Сөздікте болмайтын дисахарид пен моносахарид терминдерін онда бар қанттар деген терминмен ауыстыруға тура келеді. Сонда «қанттың күрделі түрлерінің оның күрделілігі аздау түрлеріне айналуы» болып шығады. Бұл - лексикографиялық апроксимацияның сәтті тәжірибелерінің бірі. Ал, гидролиз терминінің анықтамасын апроксимацияның осы түрімен берген кезде, біз мәнді жоғалтып алуымыз мүмкін. Терминнің ғылыми анықтамасы мынадай: «гидролиз - түрлі заттар мен су арасындағы иондық алмасу реакциясы». Бұл реакцияның мәні: зат пен судың бір-біріне әсер етуі кезінде зат та, су да ыдырайды, осы реакция кезінде пайда болған жаңа затта Н және ОН элементтері байқалады. Істің мәні осылардың арасындағы иондық алмасуда. Түсіндірме сөздікте «гидролиз – заттың судың әсерімен химиялық ыдырауы» деп беретін болсақ, мұнда иондық алмасу туралы дерек болмай қалады. Демек, гидролиз сөзін түсіндіруга қажетті иондық алмасу тіркесін беру үшін сөздікке ион сөзін де алуға тура келеді. Сондықтан, жалпы тілдік сөздіктердің барлық түрлеріне ортақ болып келетін маңызды мәселелердің бірі – терминологиялық лексикаға жасалатын апроксимацияның мөлшерін белгілеу болып табылады. Мәселен, үлкен академиялық сөздік үшін мұндай мөлшерді қолдану деңгейі аз болса, кіші сөздіктерде көп болады. Бұл  – адресатқа, сөздіктің оқырманына да байланысты мәселе. Қалай болғанда да, негізінен алғанда, бір сөздіктің әр жерінде апоксимация мөлшерінің әр түрлі болуы – кемістік. Алайда, апроксимация деңгейінің тілдегі нақты ғылым салаларының даму дегейі мен дәрежесіне байланысты әр түрлі ғылым салалары үшін әралуан болуы мүмкін. Лексикографиялық апроксимация тұрғысынан, салалық терминологиялық жүйе мен жалпы тілдік лексикалық жүйені «сәйкестендіру» мақсатында бірқатар құрылымдық-семантикалық мәселелерді шешуге тура келеді. Мәселен, ғылым саласы мен оның терминологиясындағы терминнің кіретін категориясы мен лексикалық құрамдағы бөлшектенетін тілдік семантикалық топтардың (әсіресе есім сөздердің) кіретін категориясының сәйкес келмеуі мүмкін. Тілдік және ғылыми сипаттағы мұндай жіктеулер зат, форма, қозғалыс, процесс, құбылыс тәрізді категорияларда түйіседі. Алайда, ғылым мен техникадағы категориялар тілдегі категориялардан, олардың сөз жүзіндегі мәндерінен ерекшеленеді.

 

Иманмәлік Нұғыманұлы – Қазақстандағы химия тілін қалыптастырушы ғалым ретіндң

Ұрпақ тәрбиесіне бар денін, зейінін арнаған И. Нұғыманұлы осы істеген еңбектерінің нәтижелерін, тәжірибесін отандық және шетелдік әріптестерімен бөлісе білді. Бауырлас елдерде және өзімізде өткен талай педогогикалық оқуларда, мұғалімдер съездерінде нақты ғылымдардың көлеңкесінде қалған оқыту әдістемесін ғылым қатарында тануға ден салды. Ресейде қазан революциясынан кейін ғана орта мектептердің оқу жоспарынан химия өзіне лайықты орын алды. Кеңес мектебіндегі оқыту сипатының сол кезеңдегі жалпы бағыттарына сәйкес химия курсының мазмұнын анықтау 1933-34 жылдары қолға алынды. Ал Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі 1940 жылдардан бастау алды. Әдістемеден зерттеу жұмыстары 1950 жылдарда Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының химия кафедрасы, республикалық педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институты жанынан аспирантура ұйымдастырылғаннан кейін жандана түсті. И.Нұғыманұлы осы оқу орнында өзі қызмет ете жүріп, химияны оқыту әдістемесіне, оның тілі мен химиялық номенклатурасына өте көп көңіл аударды.

Химия ғылымының сан ғасырлар бойы жинаған мол білім қазынасы тілі арқылы тіркеліп, ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Ғалым химиялық тілдің маңызын, мәнін, оның химия саласындағы таным мен қатынастың құралы екенін көп жылдар бойы ғылыми тұрғыда зерттеді. Иманмәлік Нұғыманұлының ғылым саласындағы зор баға жетпес еңбегі осы химия тілінің табиғатына терең үңілуінде еді.  Химия ғылымының тарихи даму кезеңдерінде қалыптасқан арнайы тілі бар. Ол жалпы халықтық ұлттық тілдің, яғни табиғи тілдің негізінде пайда болған. Ғалымның зерттеуі бойынша химиялық тіл заттар мен құбылыстарды белгілеу үшін жасалған арнайы таңбалар жүйесі. Ол химиялық символикадан, номенклатурадан және терминологиядан тұрады және әр бөлігінің өзіндік мағынасы, құрастыру тәсілдері, танымдық қызметі бар. Химиялық тіл арқылы оқушыларға жаңа білім беріледі, алған білім бекітіледі және білімі тексеріледі. Химиялық тіл мектептегі химияны оқыту үрдісінде жан-жақты дидактикалық қызмет атқарады, сондықтан мұғалім химиялық тілдің табиғатын, оқушыларға үйрету әдісін жете меңгеруі тиіс. Осы орайда ғалым 1970-80 жылдар аралығында химиялық тілге және химиялық символика мен номенклатураны оқытуға байланысты ғылыми әдебиеттердің тапшылығын ескеріп, мектеп мұғалімдеріне және ЖОО студенттеріне арналған бірнеше әдістемелік оқу құралдарын шығарды. Санамызды орыс тілі билеп тұрған заманда ана тілімізде жарық көрген бұл оқу құралдарының маңызы аса зор болды. Бұл кітаптар қазақ тіліндегі оқу әдістемеліктерге зәру болып, сусап отырған ауыл мектептерінің мұғалімдеріне кішкентай қанатымен су тасыған қарлығаштай болды. Химиялық тілді жете меңгермейінше орта мектепте өтілетін химияның негізін саналы түрде игерудің мүмкін емес екенін ғалым көре білді. Күнделікті және қорытынды, ауызша және жазбаша сұрау кезінде оқушылар өз білімін химиялық тіл арқылы баяндайды. Демек, химиялық тіл  оқушылардың химиялық сауаттылығының маңызды көрсеткіші. Осы орайда ғалым бұл кітаптарда оқушыларға ғылыми тілді қалай меңгерту, оны қалай дұрыс ғылыми қатынас құралы ретінде сабақта пайдалану керектігін ғылыми тұрғыда және көрнекі мысалдармен түсіндіріп берді. Оқу құралдарында химия тілінің семиотикалық мәселелері талданды. Содай-ақ химиялық символика мен номенклатураны оқыту әдістемесі жеке тақырыптар бойынша қарастырылды. Химиялық тілге байланысты сыныптан тыс жұмыстар жүргізілетін материалдар келтірілген, мұғалімнің күнделікті оқыту үрдісінде пайдаланатын бейорганикалық қосылыстар номенклатурасының ережелері берілген. Бұл оқу құралдарының тағы бір маңыздылығы  күнделікті жиі қолданылатын кейбір химиялық өнімдердің тұрмыстағы атаулары ұсынылған. Бұл мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де қызықты әрі пайдалы білім. Ғалым бұл оқу құралдарын өзінің көп жылғы тәжірибесі мен байқауларының негізінде жазды.

Информация о работе Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану