Уголовно-правовая характеристика кголовной ответственности за организацию преступного сообщества

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 12:12, творческая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықта мүлікті біреудің меншігіне беру міндеттемелерімен қатар, мүлікті біреудің иелігіне, уақытша пайдалануына беру міндеттемелері де кездеседі. Аренда, яғни мүлік жалдау азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңінен тараған түрі болып табылады. Ол өмірдің кәсіпкерлік, тұрмыстық және басқа да салаларында қолданылады.
Мүлік жалдау шарты (аренда) құқық тарихындағы ең ежелгі шарттардың бірі болып табылады. Бұл шарт өзінің ең алғашқы сипатында XII кесте заңдарының өзінде белгілі болды және классикалық рим құқығында өте қарқынды дамыды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат.pptx

— 108.80 Кб (Скачать документ)

Мүлікті жалға алу шарты (жалдау)

 

Орындаған: Қалымжан Б.М. 3-207

    •     Азаматтық құқықта мүлікті біреудің меншігіне беру міндеттемелерімен қатар, мүлікті біреудің иелігіне, уақытша пайдалануына беру міндеттемелері де кездеседі. Аренда, яғни мүлік жалдау азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңінен тараған түрі болып табылады. Ол өмірдің кәсіпкерлік, тұрмыстық және басқа да салаларында қолданылады. 
      Мүлік жалдау шарты (аренда) құқық тарихындағы ең ежелгі шарттардың бірі болып табылады. Бұл шарт өзінің ең алғашқы сипатында XII кесте заңдарының өзінде белгілі болды және классикалық рим құқығында өте қарқынды дамыды.
    •   Барлық мүлік жалдау шарттарының ішінен ерекшеленген заттарды жалдау шартына қазіргі кездегі мүлік жалдау шартының барлық сипаттары тән болды. Бұл шарт рим заңгерлерімен толық зерттелді. 
      Бүгінгі күні кодификацияланған құқық елдеріндегі сияқты ағылшын-американдық құқық жүйесі елдерінде де мүлік жалдау шарты азаматтар мен ұйымдар үшін өте маңызды және кең таралған шарттардың бірі болып табылады. 
      Бұл шарт жерді, сауда-өндірістік кәсіпорындарды, машина-техникалық құрылғыларды, үйлер мен ғимараттарды, көлік құралдарын пайдалану және жүк тасымалдау қатынастарында кеңінен қолданылады.
    •     Негізінен «аренда» және «мүлікті жалдау» бір-біріне синоним болып келетін ұғымдар. Заңнамаға бет бұрсақ, олардың «арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін байқаймыз. Аталмыш терминдерді қолдану мұндай шарттардың арасындағы өзгешеліктермен емес, белгілі бір салалардағы атауының қалыптасқан тәжірибесімен байланысты. 
         Аренданың күнделікті өмірдегі жоғары ролі оның тиімділігімен түсіндіріледі. Оны жасауға екі тараптың да ықыласы бар. Себебі көп жағдайларда жалға алушы шартта көзделген мүлікті уақытша ғана керек етеді немесе оны сатып алуға жағдайы келмейді. Жалға берушіде мүлікті біреуге уақытша пайдалануға беру арқылы пайда кіргізу мақсаты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлейді.

 

Шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған. Мүлік жалдау барлық құқық жүйелерінде бар, құқықтық институттарының көне түрлерінің біріне жатады. Сонымен қатар ол экономикалық, саяси және құқықтық жағдайына қарамастан барлық мемлекеттермен танылады. Қандай да, англо-саксондық немесе романо-германдық құқық жүйесі болмасын, мүлік жалдауды естіген кезде оның негізгісінде қателесуге болмайды. Жалпы, мүлік жалдау шарты кез келген қоғамда ең көп тараған шарттардың бірі болып отыр.

 

    • Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгі шарты ____________________________________ 
      (объектінің атауы)
    • _____________қ.    №_____      20___ жылғы "____"____________________ 
        
      Бұдан әрі "жалға беруші" деп аталатын  
      _____________________________________________________________________ 
                       (жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы) 
      атынан__________________________________20 жылғы "________"__________ 
      №____________ бекітілген  
      __________________________________________туралы 20___________жылғы 
      "_______"__________ №_________Ереженің негізінде әрекет ететін басшы  
        
      _____________________________________________________________________ 
                                  (Тегі, аты-жөні) 
        
      бір тараптан және бұдан әрі "жалдаушы" деп аталатын  
      _______________________________________________________________атынан 
                        (жалдаушының (жалға алушының) атауы) 
      _____________________________екінші тараптан, бірлесіп "тараптар" деп  
                (Тегі, аты-жөні) 
      аталатындар, төмендегі туралы осы шартты жасасты.

 

 

    • Тараптардың құқықтары мен міндеттері
    •       7. Жалға берушінің: 
            1) баланс ұстаушымен келісім бойынша объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жалдаушыға жазбаша рұқсат беруге; 
            2) жалдау ақысын аударудың уақытылылығына бақылауды жүзеге асыруға; 
            3) жалдау ақысын уақытылы енгізілмегені үшін өсімпұлды есептеуге; 
            4) тараптардың келісімі бойынша шартты ұзартуға, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға; 
            5) объектінің мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.
    •       8. Жалдаушының: 
            1) жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге; 
            2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат үшін жалға берушіге өтініш жасауға; 
            3) жалға берушіге шарттың мерзімін ұзарту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе бұзу туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
    • 9. Жалға беруші: 
            1) шарттың жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен астам емес мерзімде қабылдап алу-беру актісі бойынша жалдаушыға баланс ұстаушының объектіні беруін қамтамасыз етуге және оны бекітуге; 
            2) шартпен белгіленген тәртіпте жалдаушының объектіні иелену және пайдалануына кедергі келтірмеуге; 
            3) шарт талаптарын немесе жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай бұрын жалдаушыға хабарлауға; 
            4) жалдаушыға жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге міндетті. 
            10. Жалдаушы: 
            1)________________________________________кешіктірмей ай сайын  
               (жалдау ақысын төлеу мерзімдері)  
      жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдерді (айыппұлдарды, өсімақыларды) төлеуге; 
            2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің) көшірмесін бере отырып, тоқсан сайын жалға берушімен есеп айырысуға салыстыруды жүргізуге; 
            3) қабылданған объектіні шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға; 
            4) объектіні тиісінше тәртіпте ұстауға, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді жасамауға;

Информация о работе Уголовно-правовая характеристика кголовной ответственности за организацию преступного сообщества