Франчайзингтің қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:25, курсовая работа

Краткое описание

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтемдi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс.

Содержание

1.ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Франчайзингтің қалыптасу тарихы.......................................................1-4 бет
1.2.Франчайзингтің түрлері..........................................................................4-6 бет
2. ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫНЫҢ МӘНІ
2.1.Франчайзинг шартының нысаны және шарттың елеулі ережелері......................................................................................................7-11 бет
2.2. Франчайзинг шартының тараптары. Франчайзинг шартының мазмұны.......................................................................................................13-19бет
2.3. Франчайзинг шарты бойынша төлемдер..........................................19-22 бет
2.4.Франчайзинг шартын тоқтату............................................................22-24 бет
З.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГ
3.1. Франчайзингтің Қазақстанда қалыптасуы және дамуы..................25-28 бет
3.2.Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың құқықтық реттелуі.......................................................................................................28-32 бет
3.3. Франчайзингтің Қазақстан экономикасын дамытуға қосар үлесі.............................................................................................................32-37 бет
Қорытынды..................................................................................................38-39бет
Сілтеме..............................................................................................................40бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................41бет
Қосымша......................................................................................................42-44бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

франчайзинг шарты.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)
  1. Тауарлық франчайзинг. Франчайзи өндіруші –компаниядан олардың тауарлық белгісі бар тауарларды сату құқығын сатып алады. Тауарлық франчайзингтің прототипі болып 20 ғасырдың басында АҚШ-тарының автомобильдік және жанар жағар май бизнесі болды.
  2. Өндірістік франчайзинг- өндірушінің өз тауар өнімдерін өндіру және одан әрі жаңа рынокта дамыту үшін қолданылады. Өндірістік франчайзинг алкогольсіз сусындар өндіру саласында кеңінен таралған.
  3. Іскерлік франчайзинг- франчайзер жеке адамдарға, өзге компанияларға сол франчайзерлік компанияның фирмалық атауымен дүкен, дүңгіршек, павильон ашуға құқық беретін линцензияны сатады.

Ағылшын авторы Л.Мейтланд франчайзинг түрлерін ажырату  үшін франчайзидің мүмкіндіктері мен  ниетіне назар аудару керек дейді.  Осыған орай ол франчайзингті жеке (дара, дербес) франчайзинг, іскерлік франчайзинг  және инвестициялық франчайзинг деп бөледі.

  • Жеке франчайзинг (job franchise) тауар сату немесе қызмет көрсетуді үй ішінде немесе көлік құралдарын пайдаланып жүргізетін, франшиздік істі жалғыз өзі қалыптастырып, жүргізуді көздейтін жеке адамдарға арналған.
  • Іскерлік франчайзинг (business franchise). Л.Мейтландтың айтуы бойынша бұл- тауарларды сату немесе қызмет көрсетуі бойынша арнайы дүкен немесе офис түріндегі ғимаратты пайдаланатын отбасылық немесе өзге туыстық нысандағы франчайзинг.
  • Инвестициялық франчайзинг- алғашқыда салған капиталды ғана емес, ұзақ мерзімді пайыздарды алуды көздейтін коммерциялық ұйым.

Біздің ойымызға сәйкес, франчайзингті тауардың тектік белгілері немесе франшиздардың бағасына байланысты емес, ал франчайзер мен франчайзидің арасындағы өндірістік-технологиялық және заңдық қатынастарына байланысты классификациялау керек. Француз авторы Ф.Бесси франчайзингтің 3 түрін ажыратады: сервистік франчайзинг, үлестіруші (саудалық) франчайзинг және өндірістік франчайзинг [3]. Франчайзингті осылайша түрлерге бөлу Еуропалық одақтың сотымен негізделген еді.

Еуропалық Одақ сотының № 161 28.01.1986 жылғы шешімі бойынша сервистік франчайзинг - франчайзи франчайзер нұсқауы бойынша  франчайзердің фирмалық атауы мен белгісін пайдаланып қызмет көрсететін шарт. Өндірістік франчайзинг- сот шешімі бойынша,  франчайзи франчайзердің нұсқауы бойынша өзі өнім өнім өндіреді, алайда оны франчайзер фирмасының саудалық таңбасы атынан сататын шарт. Саудалық франчайзинг- сауда орталықтарында франчайзердің фирмалық атауы бар белгілі бір тауарларды белгіленген көлемде франчайзидің сатуы

Франчайзингтің  көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары:

а) аймақтық франчайзинг;

б) дамушы франчайзинг.

Жоғарыда көрсетілген франчайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен айырмашылығы франчайзинг келісімшарттың ұзақтығымен, қарым-қатынастардың деңгейімен және жарналардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі деңгейде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап, франчайзерден көмек сұрайды.

Негізгі франчайзи  аймақтық дилерлік жұмысты ұйымдастыру  барысында франчайзерлерден болашақ  табыстан роялти негізінде өз үлесін келісімшартта көрсетіп алуы қажет. Субфранчайзинг кезінде франчайзи франчайзерлермен шектелген қарым-қатынаста болады. Мысалы: «Дока-пицца» (Ресей) фирмасының жаңа қондырғысы мен технологиясын немесе ТV сервистік қызмет көрсету аймақтық франчайзинг пен субфранчайзинг арқылы іске асырылып отырады.

Авторлық құқығы бар тұлға қолданудан пайда болған табыстан емес франчайзингтің түсімінен өзіне тиесілі бөлігін алады. Сонымен қатар франчайзингтен табылған табыстар келісімдегі өлшемдерге сәйкес франчайзингке қатысатын субъектілерге бөлініп беріледі. Франчайзингтің негізгі ерекшелігі сапалы тауар немесе қызметі ғана емес, франчайзингке қатысушылардың кәсіпкерлік деңгейі нақтылығымен анықталады және олардың қарым-қатынастары келісімшарт негізінде құрылуы қажет.

Бизнесті ұйымдастыру  кезінде жарнама өте үлкен  рөл атқарады. Жарнаманың шығыны өте көп болады. Сондықтан франчайзерге келісімшарт кезінде кететін шығынның көп бөлігін франчайзи жарнама жұмысы атқарады. Сонымен қатар франчайзер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, маркетингтік ақпараттарды жинайды. Франчайзи франчайзерден басқаруға қажетті кеңесті алып нарықты зерттеуді, бизнесті басқарудың басқа да аспектілерін және ақшалай көмек алуға мүмкіндігі болады.

Франчайзингілік бизнестің негізгі ерекшеліктеріне моральдық талаптар жатады. Франчайзердің жетістікке жетуі ілтипаттылығымен, шыншылдығымен, ашық-жарқындылығымен анықталады. Тек қана ақшаға сатылатын франчайзи (көмек) көпшілік жағдайда қажетті нәтижеге жеткізе бермейді. Арамдыққа негізделген франчайзингтің болашағы жоқ. Сонымен қатар, франчайзинг әрқашан да коммерциялық тәуекелге байланысты, сондықтан бір адамның қолынан келген франчайзингілік іс-қимыл екінші адамның қолынан келмеуі мүмкін.

В.Довгань «Бизнес  жолын кеңейтуші – франчайзинг» деп аталатын өз шығармасында: фирмалардың жартысы франчайзингілік жұмыстарын 2-3 жылдан кейін тоқтатуға мәжбүр болады, ал 5 жылдан соң банкроттар саны 70-ке жетіп, бұл франчайзингілік іскерлік қызметте өте нашар көрсеткіш болып саналады. АҚШ-тарында статистика бұған қарама-қарсы, франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтін тек 4 фирмалар ғана жыл сайын жабылады. Бұл фирмалар, негізінен, өз себептерімен жабылғандар. Мысалы, қайта құру, басқа бизнеске көшу, жұмысын тоқтату, т.б. болып табылады.

Халықаралық франчайзингілік ассоциация өз мүшелері арасында банкроттарды өте аз мөлшерде тіркейді, франчайзинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

2. Франчайзинг  шартының мәні

2.1.Франчайзинг шартының нысаны және шарттың елеулі ережелері

 Франчайзинг  туралы арнайы заңы жоқ елдерде   франшиздік келісім нысаны азаматтық  шарттар туралы жалпы ережелерге  сәйкес бекітіледі. Франчайзинг  туралы арнайы заңы бар елдерде  франшиздік келісім нысаны не  тіптен көрсетілмейді, не бір  нысанда қарастырылады, алайда оған деген біркелкі заңдастырылған талаптар қойылмайды.

АҚШ-тарының «Автокөліктік дилерлік франчайзинг» туралы федералдық заңында франшиздік келісім екі жақ тараптарының арасында орнайтын жазбаша келісім шарт делінген. Ал франчайзинг туралы өзге федералдық заңда шарт жазбаша нысанда да, ауызша нысанда да жасалуы мүмкін делінеді.

Еуропалық Франчайзингтік Федерацияның (ЕФФ) Этикалық кодексіне сәйкес Еуропалық Одақтың жалпы рыногіндегі барлық франшиздік шарттар франчайзи орналасқан мемлекеттің ресми тілінде арнайы аудармашылар көмегімен жазылып, қол қойылған соң, бірден оларға жіберілуі тиіс делінген. Сонымен қатар, Кодексте шартта екі жақтың да құқықтары мен міндеттері және қатынастың өзге де елеулі элементтері жазылуы тиіс делінген. Франчайзи өзінің алғашқы салған франшиздік капиталын өтеуге мүмкін болуы үшін, шарттың әрекет ету мерзімі айтарлықтай ұзақ болуы тиіс.

Франчайзинг шартының өзге да азаматтық-құқықтық шарттардың жарамсыз деп танылмауы үшін қажет ережелері болады, бұл белгілері - шарттың елеулі белгілері болып табылады. Франчайзингтің өзі әртүрлі және әртекті болғандықтан, франчайзингтің елеулі ережелері жөніндегі біркелкі заңдастырылған тізім жоқ. Мысалы, АҚШ-тарындағы дәстүрлі франчайзинг түрі- сауда дилерлік шарты бойынша, шарттың елеулі ережелері болып сауда белгісін пайдалану құқығы, франчайзер жеткізетін тауар түрі, саны, бағасы және франчайзидің төлеуге тиіс төлемі табылады.

Еуропалық Одақ Комитетінің (КЕС) франшиздік шарт жөніндегі 1988ж. 30 қарашадағы №4087 Регламенті бойынша шарт өз ішінде мыналарды қамтуы тиіс:

  • Шартта көзделген ортақ пайдаланудағы атау немесе дүкен маңдайшасы жазуыжәне ғимарат немесе көлік құралдарының біркелкі рәсімделуі;
  • Өз ішінде ноу-хау ақпаратты қамтитын франчайзердің франчайзиге хабарламасы;
  • Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде франчайзердің франчайзиге коммерциялық және техникалық көмек көрсету жөніндегі келісімі;

Айрықша құқықтар пакетімен қатар №4087 Регламент бойынша франшиздік щарттың елеулі ережелеріне тараптардың құқықтары мен міндеттері де кіреді.

Франшиздік  шарттың елеулі белгілерінің тізімі кейде авторитеттік франчайзингтік ұйымдардың құжаттарын да қамтиды. Францияның Франчайзингтік Федерациясы (ФФФ) франчайзинг шартының «елеулі элементтеріне» мыналарды жатқызады: айрықша құқықтар; тауар белгісіне лицензия; франчайзердің сауда белгісін пайдалану құқығы; франчайзердің франчайзиге көмегі; ноу-хау; тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығы.

Жоғарыда айтылған еуропалық франчайзинг құжаттарымен салыстырғанда АҚШ-тарының франчайзинг шартында елеулі және өзге ережелер деп бөлмей, жалпы сипатта көрсетіледі. Бұл тізім өте кең. Бұл құжат бойынша келісімде келесідей шарттар болуы тиіс:

    • Шарттың әрекет ету мерзімі мен оны қайта құру мүмкіндіктері;
    • Франчайзидің кәсіпкерлік қызмет ету орны;
    • Франчайзи үшін керек болып табылатын үшінші тұлғалардың мүлкін алуға болады деген франчайзер келісімі;
    • Франчайзи айрықша құқықтарға ие болатын территорияны анықтау;
    • Тауар белгісіне қатысты құқықтық шектеулер;
    • Франчайзиді оқыту;
    • Франчайзи бизнесінің ашылуына франчайзердің көмектесуі;
    • Бизнесті жүргізудегі нұсқаулықтар;
    • Франчайзидің жарнамалық әрекеттері;
    • Франшиздік комитеттің жарнамалық әрекетке бақылау жүргізуі;
    • Роялти шарттары;
    • Франчайзердің франчайзи опрецияларын тексеруге құқығы;
    • Франчайзердің франчайзидің қаржылық жағдайын тексеруге құқығы;
    • Тараптар бәсекелестігінен бас тарту құқығы;
    • Франчайзидің инкорпорациясына рұқсат;
    • Франчайзер тарапынан шартты тоқтату;
    • Франчайзердің франшизаны сатып алуға басымдылық құқығы;
    • Франшизаны сатуға франчайзер рұқсаты;
    • Франчайзердің франчайзиге құрал-жабдықтарды сатуы[4].

Арине, шарттағы ережелер  әртүрлі болуы мүмкін, ол тараптардың заңға қайшы емес негізінде өз еркімен толықтырылып отыруы мүмкін.

Интеллектуалдық меншік- бұл көптеген халықаралық конвенциялар мен көптеген елдердің азаматтық құқығында кездесетін, интеллектуалдық және шығармашылық жұмыс нәтижесіне айрықша құқықтар жиынтығын көрсететін шартты, жинақталған ұғым. Оған өзінің құқықтық режимі бойынша заңды тұлғаларды дараландыру құралдары, өнімдер, жұмыс, қызмет көрсетулер (фирма атауы, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) шығармашылықтың нәтижесі болмаса да теңестіріледі.[5]

Интеллектуалдық меншікке деген  айрықша құқық заттық құқық пен  міндеттемелік құқық сияқты азаматтық  құқықтың ерекше түрі болып табылады. Айрықша дейтін себебі- бұл құқықпен пайдалану үшін оның иесінің міндетті түрде келісімі қажет. Интеллектуалдық меншік иесі коммерциялық мақсатта оны өзге тұлғаларға уақытша пайдалануға беруі мүмкін. Бұл ерекше шарт-лицензиялық келісім негізінде жүзеге асырылады.

Франчайзердің интеллектуалдық меншігі- франчайзидің кәсіпкерлік жұмысы негізделетін басты элемент. Қазіргі франчайзинг концепциясы осындай пайдалану негізінде жүзеге асады. Сондықтан да, франчайзердің франчайзиге интеллектуалдық меншік объектілерін пайдалануға айрықша құқықтар беруі, франшиздік шарттың негізгі орталығы болып табылады. Франчайзидің интеллектуалдық меншік құқығын пайдалану әдістері, сонымен қатар оның мұндай ақпаратты құпия түрде сақтауы (егер ол құпия болса) шарттың елеулі ережесі болып саналады. Сонымен бірге, мұндай құқықтардың нақты бір түрге пайдалану жөніндегі лицензиялық шарты бөлек келісім түрінде немесе франшздік шарттың қосымшасы түрінде рәсімделуі мүмкін.

Айрықша құқықтар объектілері  алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл  – өнертабыс, тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісі, дизайндар мен логотиптер, пайдалы модель, өндірістік үлгілер, фирмалық атау мен тауар белгісінің шығарылған жер атауы, тауарды пайдалану жөніндегі нұсқамалар, компьютерлік программалар, ноу-хау және өзге де объектілер. Мұндай объектілерге деген құқықтың қайнар көзіне өндірістік меншік құқығы жатады, кейбір елдерде- авторлық құқық болып табылады. Өндірістік меншік құқық өз ішінде патентік құқық пен қызмет көрсету немесе тауар өндіретін тұлғаны дараландыратын немесе сол тауарлар мен қызмет көрсету сауда айналымда дараландыратын айрықша құқықтар кешені  кіреді.

Аталған айрықша құқықтар түрлері (патентік, авторлық құқық және дараландыру құралдары) франшиздік шарттың әр түрінде қолданылады. Шарт тараптары  арасында шарттың айрықша құқықтарына қатысты дау туындаса, сол құқық саласындағы нормалармен реттеледі ( патенттік құқық, авторлық құқық).

Өндірістік меншіктің  бір оъектісі- франчайзердің франчайзиге ұсынатын франшиздік тауар немесе қызмет көрсету үшін материал өндіретін фирмалық атауға немесе белгіге құқық. Фирмалық атау франчайзердің жеке басын, кәсіпкерлік істің түрін, ұйымдық-құқықтық нұсқаулықты қамтиды. Фирмалық атау жалпыға белгілі болғандықтан, арнайы тіркеуді қажет етпейді, алайда өзге интеллектуалдық меншік нысандары ретінде заңсыз пайдаланудан қорғалады. Әдетте, франшиздік желінің барлық қатысушылары франчайзердің жалпыға ортақ фирмалық атауымен жұмыс атқарады. Сондықтан да, оған деген құқық тек қана франчайзер мүддесін қорғау құралы ғана емес, сонымен бірге қатысушыларды біркелкі біріктіретін, фирманың сапасы мен франшиздік желінің рыноктік абыройының кепілі болып табылады.

Информация о работе Франчайзингтің қалыптасу тарихы