Франчайзингтің қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:25, курсовая работа

Краткое описание

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтемдi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс.

Содержание

1.ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Франчайзингтің қалыптасу тарихы.......................................................1-4 бет
1.2.Франчайзингтің түрлері..........................................................................4-6 бет
2. ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫНЫҢ МӘНІ
2.1.Франчайзинг шартының нысаны және шарттың елеулі ережелері......................................................................................................7-11 бет
2.2. Франчайзинг шартының тараптары. Франчайзинг шартының мазмұны.......................................................................................................13-19бет
2.3. Франчайзинг шарты бойынша төлемдер..........................................19-22 бет
2.4.Франчайзинг шартын тоқтату............................................................22-24 бет
З.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГ
3.1. Франчайзингтің Қазақстанда қалыптасуы және дамуы..................25-28 бет
3.2.Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың құқықтық реттелуі.......................................................................................................28-32 бет
3.3. Франчайзингтің Қазақстан экономикасын дамытуға қосар үлесі.............................................................................................................32-37 бет
Қорытынды..................................................................................................38-39бет
Сілтеме..............................................................................................................40бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................41бет
Қосымша......................................................................................................42-44бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

франчайзинг шарты.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

1.ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1. Франчайзингтің қалыптасу тарихы.......................................................1-4 бет

1.2.Франчайзингтің түрлері..........................................................................4-6 бет

2. ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫНЫҢ МӘНІ

2.1.Франчайзинг шартының  нысаны және шарттың елеулі  ережелері......................................................................................................7-11 бет

2.2. Франчайзинг шартының тараптары. Франчайзинг шартының мазмұны.......................................................................................................13-19бет

2.3. Франчайзинг шарты бойынша төлемдер..........................................19-22 бет

2.4.Франчайзинг шартын тоқтату............................................................22-24 бет

З.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГ

3.1. Франчайзингтің Қазақстанда қалыптасуы және дамуы..................25-28 бет

3.2.Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың құқықтық реттелуі.......................................................................................................28-32 бет

3.3. Франчайзингтің  Қазақстан экономикасын дамытуға  қосар үлесі.............................................................................................................32-37 бет

Қорытынды..................................................................................................38-39бет

Сілтеме..............................................................................................................40бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................41бет

Қосымша......................................................................................................42-44бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтемдi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс.

Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі  тиімді.Бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жоспар бойынша жұмыс істеу негізінде аталған тақырыпты толықтай ашу. Франчайзинг ұғымына, шарттың мазмұнына, франчайзинг шартының әртүрлі факторлар негізінде ажыратылған түрлеріне тоқталу және қазіргі таңда франчайзингтің даму қарқынына баға беру. Франчайзингті ірі және шағын бизнесті үйлестіру негізінде жұмысты тиімді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі екенін хронологиялық деректерге сүйене отырып дәлелдеу.Франчайзингтік қатынастардың  құқықтық  реттелуінің реті мен негізін заңнамаларға сүйене отырып көрсету.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанда және шет елде франчайзингтің даму ерекшелігін көрсету. Оның Қазақстандағы даму салаларын, ел ішіндегі даму аймағын және ел экономикасының дамуына қосар үлесін айқындау. Қазақстанда арадағы 15 жылда франчайзингті қолдау жөніндегі мемлекет тарапынан жүргізілген құқықтық шараларға тоқталу.

Курстық жұмыстың орындалу тәсілі: Барынша нақты деректерді пайдалану. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қатар, шет ел заңнамаларын қолдану. Халықаралық ұйымдардың қабылдаған шешімдерін ескеру. Статистикаға және тарихи деректерге сүйену негізінде франчайзингтің даму қарқынын көрсету.

 

 

 

 

1.Франчайзинг мәні

1.1. Франчайзингтің  қалыптасуы мен дамуы

Франчайзинг XX ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты, бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерде елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да, франчайзинг XXI ғасырдың ұғымды, оңтайлы іскерлік модель үлгісі болмақ.

 «Франчайзинг» сөзі ағылшын терминінен аударғанда қандай да бір қызметті жүргізудегі еріктілікке құқықты анықтау мағынасын білдіреді. Орта ғасырларда мұндай артықшылықтарды кез келген тұрпаттағы коммерциялық қызметке франшизаны беру жолы арқылы корольдер иемденген. Франчайзинг (ағылш. franchising – құқық, ерекшелік) кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде, ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар сауда-саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген территорияда өзара шартпен анықталған бір мерзімге және белгілі бір шартта қызметтерді ұсынады.

«Франчайзинг» терминінің екінші балама түсінігі француздың «franchise» – жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан  босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген.

Дамыған елдерде  франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі  қызметтерге деген қажеттіліктерін  қанағаттандырудың құралы ретінде  жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Қазіргі кезеңде  Еуропада франчайзингті таза американдық  қалыптасушылық деп танылуда. Бірақ  оның тарихына көз жіберсек, ол өз бастауын Еуропа елінде, нақтырақ айтсақ, ортағасырлық Францияда пайда болған. «Френчайз» – жалғасынша барлық Еуропа бойынша және көптеген қала басшылары франшизаны нарықтық саудагерлерге белгілі бір нарықтық шекте қандай да бір тауарға қатысты сауда жүргізуге ерекше құқықты ұсыну. 1840- жылдары немістік сыра өндірушілер осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің символикаларын қолдануға рұқсат берген. Соңында 1851 жылы атақты немістің «Зингер» тігін машинасын өндіруші компаниясы өзінің өнімдерін арнайы таңдап алынған дистрибьюторларға ерекше құқықты ұсыну арқылы сатуға рұқсат еткен. Франчайзингтің бүгінгі таңдағы формасы осындай құбылыстардан бастау алды. 1880-жылдардан бастап ерекшеліктер мен жеңілдіктер автомобильдік, құрылыстық, су құбырлары, көгілдір отын, электр қуаттылығы компанияларында қолданыла бастады.

Франчайзингті дамытқан келесі ірі корпорациялардың бірі - «Дженерал моторс». Ол 1898 жылдан бастап өздерінің автомобильдерінің өтімін көтеру үшін тәуелсіз делдал фирмаларды өзіне тарта бастады. Делдал фирмалар сатып алушыларға көрсетілетін қызмет жоғары дәрежеде болуы үшін және өндіруші фирманың бедел-бейнесін сақтау үшін алғашқы өзіндік капитал енгізуі тиіс болды.  Сонымен қатар олар өздеріне берілген территория шегінде өзге өндірушілердің автомобильдерін сатуға құқығы болмады. Соның негізінде «Дженерал моторс» өз желісін өз капиталынан қаражат жұмсамай дамытқан болатын. 1899жылы «Кока-кола» корпорациясы франчайзингті қолдана бастады.

Кейіннен 20-ғасырдың басында франчайзинг АҚШ-тарының сұранысы жоғары таураларды бөлшектеп сату өрісіне кеңінен енді. Атап айтқанда, франчайзинг негізінде «Вулворт» жалпыұлттық әмбебап дүкендер желісі құрылды. Кейін франчайзинг тұрмыстық қызмет көрсету саласына толығымен енді. Жалпыұлттық жаңа желілер пайда болды, олардың қатарына балмұздақ сату жөніндегі  «Баскин Роббинс» дүкендер желісі, А.Мюррейдің хореография залдары, кілемдерді тазарту орталықтары және т.б.

Франчайзингтің  жоғары серпінде дамуы 1950 жылдардың басынан басталады. Халықтың жаппай автомобилизациялануы, штаттар арасында жоғары сападағы автомагистральдардың салынуы, көші-қон және туристік ағымдардың көптігі жаңармай қоймасы жүйесінің, көлік жөндеу орталықтарының, демалу, тамақтану орындарының құрылуын қажет етті. Сондықтан да франчайзингтің әйгілі де кең тараған нысандарының осы жылдарға сәйкес келеді. 1950 жылдары әлемге әйгілі қоғамдық тамақтандыру жөнінендегі «империялар» пайда болды. Олар «Макдональс», «Кентаки Фрайд Чикенс», «Севен-ап», «Вимпи» сияқты мықты франчайзирелер бірігуінен пайда болған алып империялар. Қонақ үй бизнесінде кең танымал болған франчайзингтер «Хилтон», «Шератон», «Холидей -инн».

1988 жылы АҚШ-тарында экономиканың 45 саласында жұмыс істейтін 3000 франчайзер-компаниялар тіркелген болатын. Олар өз ішінде 416878 бөлімшелерін біріктірді.

Сондай бөлімшелер ішінде – бензин құйып алатын станциялар, автошеберханалар, автомектептер, әртүрлі техниканы прокатқа беру пунктері, әмбебап және арнайыландырылған дүкендер, құрылыс-жөндеу кәсіпорындар, сервистік, кәсіпорындарға арналған маркетингтік және консалтингтік агенттіктер, емдеу-сауықтыру орталықтары, сән үйлері мен комсетикалық орталықтар, дәріханалар, жұмыскерлерді қайта даярлау орталықтары, жеке меншік жұмысқа орналастыру және тыңшылық орталықтары, үйде қызмет көрсету агенттіктері, мектепке дейінгі дайындық орталықтары, саяхатқа жіберу агенттіктері, химиялық тазарту және кір жуу орталықтары, риэлтрлік агенттіктер, қорғаныс бюролары,  компютерлік қызмет көрсету орталықтары, электронды техникаларды жөндеу орталықтары, бөлшектеп сату дүкендері және т.б. Олардың бәрі франшиздік одақтың орталығы болып табылатын фирма атынан немесе коммерциялық атау атынан жұмыс жасайды.

АҚШ-тарынан тыс франчайзинг Канадада кеңінен тарады. 1986 жылы Канадада 60000 франчайзиді біріктірген 1440 франчайзингтік компаниялар жұмыс жасады (олардың 240 америкалық)[1]. Сонымен бірге франчайзинг кең тараған елдер қатарына Япония, Франция, Ұлыбритания, Испания, Германия, Италия кірді.

Голландия мен  Финляндия сияқты елдерде франчайзинг айналымы миллиардтаған долларға тең ауылшаруашылық кооперативтерін біріктірді. Австралияда жедел қызмет көрсету саудасының 90% астамы франчайзинг шарттары бойынша жүзеге асырылды.

Өткен жүзжылдықтың айналымын құраған мұнай және мұнай өңдеуші компаниялары, автомобиль зауыттары өз өнімдері мен қызметтерін өткізуде ерекше құқықты ұсына бастады. Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде өндірушілер тауарды сатып, таратуға құқықтарды беруге ынталылығымен сипатталады. Америкада франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған американдық солдаттардың экономикалық сахнаға қайта оралуымен және сол кездегі «балалар бумымен» байланысты, он мыңдаған американдықтар әйгілі американдық компаниялардан франчайзиды қолданып, өздерінің меншікті бизнестерін құра бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті табысты бастаудың жаңа формасы болды.

Франчайзинг Американың көптеген жұмысшылары мен қызметкерлері  үшін шағын бизнес саласын ірі  табыс көзі ретінде танытты. Жыл  сайын Америка Құрама Штаттарында  франчайзингтік кәсіпорындар желісі арқылы өнімдер мен қызметтерді өткізуден түсетін табыс 760 миллиард долларды құрайды. Бүгінгі таңда АҚШ-та жүз компанияның әр үшеуі франчайзи бола отырып, осы азғантай ұлттық бизнестің үш пайызы АҚШ территориясындағы барлық сатылым көлемінің 34%-ын құрайды.

Франчайзинг идеясы бүкіл әлемдегі талапты, іскерлі, болашаққа сенімділікпен қараушы адамдардың көңілін аударуда. Тек АҚШ пен Канадада бүгінгі таңда әлемнің барлық құрлықтарының ондаған елдерінде 600000 өкілдік франчайзиін иемденуші 3200 франчайзер-компания (2400-ге жуығы АҚШ-та) қызмет атқарады.

Жұмыссыздық ұлттық деңгейдегі ауыртпашылық болып саналатын  Ұлыбританияда франчайзинг тек  өткен ғасырдың 70-інші жылдарында тәжірибелене бастады. Әлемнің барлық елдерінде 30000 франчайзиді иемденуші 600 франчайзер компания 26000-нан астам жұмыс орнын құрды. Ағылшын франчайзиінің жылдық айналымы 6,5-ден 7 миллиард фунт стерлингті құрайды.

Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі ретінде Жапонияның, АҚШ-тарының заңдарын алуға болады. Соңғы он жылда америкалық, еуропалық, канадалық, жапониялық, аустралиялық франчайзерлер өзінің франшиздік желілерін шет елдерде, әсіресе үшінші әлем елдерінде дамыта бастады. Мұндай қарқынды дамудың себептері ретінде зерттеушілер негізгі 4 себепті айрықша бөледі[2]:

  1. Соңғы 30 жылда франчайзинг қиын емес, қол жетімді, шет елде бизнес ұйымдастырудың қолайлы түрі ретінде танылады;
  2. Жарнаманың көмегімен шет елдік тауарлар мен қызметтер өзінің пайда болған елдер шекарасынан асып, әйгілі болуда; сөйтіп, бұл қызметтер мен тауарларды сатуға болатын жаңа рынок  дайын тұрады, себебі тұтынушылар бұл тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты жарнама көмегімен алды деп есептеледі.
  3. Франчайзерлердің ұлттық рынкі соншалықты канық болуына байланысты, олар өз тауарларын өткізу мүмкіндіктерін шет елдерден іздей бастайды.
  4. Халықаралық франчайзинг мемлекеттік экономикасы бар елдермен қатар, үшінші әлем елдерінің экономикасының дамуына үлесін тигізеді.

Осы аталған  факторлар негізінде франчайзинг  қазіргі таңда әлемнің 80 елінде дамуда.

1.2.Франчайзингтің  түрлері

Кәсіпкерлік бизнесте франчайзингілік іс-әрекеттер үлкен және шағын компаниялардың арасында жүргізіледі. Сонымен қатар негізгі келісімшартпен бірге субфранчайзингілік келісімдер болуы мүмкін. Бұл келісімдер франчайзерлердің рұқсатымен франчайзингке тән талаптардың орындалу негізінде басқа тұлғаларға қайта берілуіне рұқсат етеді. Ұйымның өзіндік ерекшеліктері мен қызметтік бабына орай франчайзингтің бірнеше түрлері ажыратылады. Мұндай ажыратулар жөнінде бірыңғай тұжырым жоқ, алайда әйгілі орыс кәсіпкері В.Довгань франчайзингтің үш түрін ажыратады:

Информация о работе Франчайзингтің қалыптасу тарихы