Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Осы мәселеге байланысты тағы бір айт кететін жағдай бар. Көптеген ғалымдар (М.Г. Авдюков, А.Т. Боннер, А.А. Мельников) тараптардың жоғарыдағы айтылған әрекеттерді жүзеге асырғанда, осы әрекеттермен (диспозитивтік принцип) соттың белсенділігі принципы тығыз байланысты деп көрсеткен. Олардың ойларынша, диспозитивтік принципқа сәйкес тараптар өәрекеттерін соттың араласуымен жүзеге асырады. Сот тараптардың әрекеттеріне кей жағдайларда ғана араласа алады. Нақтылап айтсақ, сот заңды бұзушылықтың болмауын немесе басқаның құқықғына нұқсан келмеуін бақылайды және тараптарға сот ісін жүргізудегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

Сонымен қорыта келе мынадай тұжырым жасауға болады. Егер мүдделі тұлға өз құқығын сот арқылы қорғау туралы мәселені шешуде еркіндікке ие болса, онда осы құқықтарды қорғаудағы іс жүргізулік әрекеттерді пайдалануда да ерікті болуы керек.

Диспозитивтік принциптың мазмұны іске қатысушы жақтар мен басқа тұлғарларға заңмен бөлініп берген кең құқықтармен анықталады. Диспозитивтік принциптың көрініс табу шеңберінің кеңдігі соншалықты, азаматтық іс жүргізу заңының бір бабына жинақтау мүмкін емес. Бұл принциптың жеке бөліктері, аспектілері АІЖК-нің 8, 32, 49, 51, 55, 56, 140, 150, 156 және  тағы басқа да баптарында көрініс табады. Осы кодекске сәйкес іске қатысушылар әртүрлі іс жүргізулік өкілеттіктерге ие болады. Бірақ диспозитив принциптың мазмұнына олардың ішіндегі сот қызметі пәнімен және іс жүргізутің жылжуына әсерін тигізетін өкілеттіктер ғана енеді.

Диспозитивтік принциптың негізгі мазмұны адамның сотпен қорғану құқығы болып табылады. Сол сияқты диспозитивтік принцип мазмұнына мүдделі тұлғаның істі қозғау, оны жалғастыру мен аяқтау және сотпен қорғану көлемін анықтайтын құқықтарды жүзеге асыру кіреді.11

Диспозитивтік принцип мазмұнына тараптардың өз құқықтарын қорғау үшін материалдық құқықтар мен іс жүргізу құралдарды пайдаланумен байланысты жүзеге асыратын өкілеттіктері енеді. Кейбір авторлардың айтуы бойынша, тараптардың өз құқықтарын қорғау үшін материалдық құқықтар мен іс жүргізу құралдарды пайдаланумен байланысты іс жүргізу құқықтарға мыналар енеді: талап қою және қарсы талап қою; өтініштер, шағымдар, аппеляциялық, кассациялық шағымдар келтіру; қарсылықтар мен талаптың көлемін анықтау; оларды өзгерту мүмкіндігі; талаптың негізін және нысанын анықтау, өзгерту; талаптан бас тарту; талапты мойындау; бітімгершілік келісімге келу.12

Осы мәселеге байланысты В.М. Семенов соттың белсенділігі туралы сөз қозғаған. Ол диспозитивтік принцип мазмұнына соттың мынадай міндеттерін еңгізген: заңда белгіленген тәртіппен келіп түскен талап-арызға байланысты азаматтық істерді қарауға кірісу; іске қатысушы тұлғаларды анықтау; істің нақты жағдайын анықтау мақсатымен іс материалдарының толықтығын қамтамасыз ету; іске қатысушы тұлғалардың өздерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету; іске қатысушы тұлғалардың субъективтік материалдық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру. Осы айтылған міндеттерді диспозитивтік принцип мазмұнына кіргізгеніміз қате болады. Өйткені диспозитивтік принциптың мазмұны адаманың, мүдделі тұлғаның сотпен қорғану құқығы болып табылады. Ал соттың бұл міндеттерін осы мүдделі тұлғаның сотпен қорғану құқығын қамтамасыз ететін құрал деп түсінуге болады.

Нақты азаматтық іс бойынша іс жүргізудің туындауы мүдделі тұлғаның өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жолдануымен байланысты. АІЖК-не байланысты сотта азаматтық істі мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады: азаматтардың өз құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жолдануы бойынша (АІЖК 8 б.); прокурордың арызы бойынша (АІЖК 8, 55 б.); мемлекеттік билік органдары және жекелеген азаматтар, ұйымдар басқа біреудің құқығын қорғау үшін қойған талабы бойынша (АІЖК 56 б.).

Осыған байланысты тағы бір айта кететін жағдай, қазіргі азаматтық іс жүргізу кодексі мен ҚазССР-нің АІЖК-ің салыстырсақ, ескі кодексте жоғарыдағы айтылған негіздерді бір бапқа еңгізіп көрсеткен. Сонымен қатар ескі кодексте үшінші негізге кәсіподақтар, қоғамдық бірлестіктер, кооперативтер және колхоздар мен тағы басқа да  тұлғаларды еңгізген. Ал қазіргі кодекс бойынша бұл аталған тұлғалар тізімнен аланып тасталған.

Сонымен азаматтық тек заңда көрсетілген мүдделі тұлғаның талап етуімен туындайды. Кейбір авторлардың айтуы бойынша мәмілелерді қорқыту, алдау, адастыру арқылы жасаған жағдайда немесе осындай мәмілелер жеке тұлғаға және мемлекетке нұқсан келтіргенде сот өз бастамасы бойынша істі жүргізе алады деген. Бұл жерде олар түскен пайданы немесе жеке басына пайдаланған материалдық құндылықты мемлекетке алып қою үшін жасаған әрекеттерді көрсетіп өткен.

Сот істі қозғай алмағанымен кейбір жағдайларда іс  барысына әсерін тигізе алады. Мысалы, ажырасу туралы талапты қанағаттандырған кезде сот қажетт жағдайда кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке қабілетсіз жұбайының мүддесін қорғайтын шаралар қолданады, яғни осы аталған тұлғаларды күту үшін алимент өндіру туралы «жарияаланбаған талапты» қарап, шешеді. Ал ата-анасының екеуі де ата-аналық құқықтан айрылғанда, сот баланы қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншылығына беру туралы мәселені шешеді. Баланың ата-анасында қалуы қауіпті болған жағдайда баланы алып қою және оны қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылығына беру туралы шешімді судья ата-аналық құқықтан айыру туралы мәселеден тәуелсіз шешеді.

Еңбек қатынастары бойынша заңсыз жұмыстан шығарылған немесе ауыстырылған жұмысшыны жұмысқа орналастыру туралы істі қарағанда, сот өз бастамасы бойынша заңсыз жұмыстан шығарған лауазымды адамды үшінші тұлға ретінде іс жүргізуге қатыстыра алады. Міне, соттың іс барысына әсерін тигізуін  жоғарыдағыдай түсіндіруге болады.

Іс жүргізу туындауы үшін, яғни талап сотпен қабылдану үшін талапкерде нақты іс бойынша нақты тұлға иеленетін талапқа құқығы болуы керек.13 Талапқа құқық дегеніміз, бұл мемлекетпен қамтамасыз етілген және заңмен бекітілген талапкердің бұзылған субъективтік құқығын және заңмен қорғалатын мүддесін соттан қарап және шешіп беруін сұрау. Осы талап қою құқығын жүзеге асыру нәтижесінде іс қозғалғаннан кейін, азаматтық істің жылжуы, оның бір сатыдан екіншісіне өтуі мүдделі тұлғаның еркінің нәтижесінде жүзеге асатын әртүрлі билік ету сипатындағы әрекеттермен байланысты болады. Тараптар әрбір іс бойынша іс жүргізу барысын өзгертуге мүмкіндік беретін кең көлемді құқықтарды иеленеді. Осы тараптардың билік ету сипатындағы әрекеттері, яғни талапкердің талаптан бас тартуына, жауапкердің талапты мойындауына не себеп болды, бітімгершілік келісімге негізінде не жатқанын тексеруді керек ететін сот бақылауында болады.

Диспозитивтік принцип мазмұнын ашып көрсетуде, басқа елдің де азаматтық іс жүргізуін алып қарауға болады. Мысалы, Чехияның азаматтық іс жүргізуінде алғашқы және маңызды диспозитивтік әрекет, ол талап қою немесе іс қозғау туралы арыз беру. Диспозитивтік тұрғыдан алғанда талап екі жақты әрекетке ие. Біріншісі, талап қою іс бойынша өндірісті қозғауға себеп болады. Чехияның азаматтық іс жүргізу құқығына сәйкес іс бойынша өндіріс талап қойылған күннен басталады. Екіншіден, талап арызда талап пәні анықталады. Талап пәні өтіну бөлімінде көрініс табады. Соттың сұрау бөлімінен шыға алмауы, талап пәнін пайдаланумен байланысты диспозитивтік принципның қолданылуы көрініс табады.

Барлық талап өндіріс іс қозғау туралы арыз берумен басталады. чехияның азаматтық іс жүргізу құқықғы кейбір істерді арызсыз қозғауды қарастырған. Бірақ бұл істер талап өндірісіне жатпайтын талапсыз өндірістерге ғана қатысты. Міне Чехияның іс жүргізудегі іс жүргізулік ерекшеліктері жоғарыдағыдай деп атауға болады.

Азаматтық іс жүргізу азаматтардың бұзылған немесе бұзылу қауіпі төнген субъективтік құқықтарын қорғауды қаматамасыз етуде қызмет етеді. Осыған байланысты талап қоюға өзінің бұзылған құқықтарын қорғағысы келген кез-келген тұлға құқылы. Бұл тұрғыда талап қою құқығы негізгі азаматтық-құқықтық нормада, яғни АІЖК-де тікелей көрсетілген.

Ендігі кезекте диспозитивтік принцип мазмұнына байланысты заң оқулықтарында қолданалатын «іс жүргізулік легитимация» ұғымына тоқталып өтейік.

Талап қою құқығы және іс бойынша өндірісті жүргізу іс жүргізулік легитимация деп аталады. Іс жүргізулік легитимацияны тараптар өздерінің субъективтік құқықтарын қорғау үшін жеке мүдделері және жеке өздері үшін пайдаланады. Бірақ іс жүргізулік легитимацияны пайдалану үшін іс бойынша сәйкес шешім шығарғанда талапкердің заңды мүддесінің болуы керек. Ол осы мүдде арқылы сот шешімінен құқықтық немесе нақты фактілі пайда табуы мүмкін, яғни шешім құқықтық мәселені шешуге қатысты шығады.14

Іс жүргізулік легитимацияға байланысты Чехияның азаматтық іс жүргізуіне қайта оралайық. Чехияның АІЖК-де мойындау талабы бойынша болып жатқан сот өндірісінде талапкердің заңды мүддесінің болу қажеттілігі тікелей көрсетілген. Бұл жерде талапкер өзінің істегі заңды мүддесін дәлелдеуі міндетті. Ал басқа талаптар бойынша, әсіресе орындау талабы бойынша заңды мүдденің нақты болуы қажет емес. Бірақ бұл жерде заңды мүддені қорғауға артық болады деп түсінбеу керек.

Іс жүргізулік легитимация талап қою құқығы секілді талапкердің өз құқығын қорғауды талап ету мүддесімен байланысты. Кейбір жағдайларда басқа біреудің бұзылған немесе бұзылу қаупі төнген құқықтарын көздейтін басқа субъектілер де іс жүргізулік легитимацияны бөліседі. Чехияның азаматтық іс жүргізу құқығында осындай «іс жүргізулік легитимацияның» екі түрі көрсетілген.

Біріншісі, азаматтық сот өндірісіне прокурор мен ұлттық комитеттің араласуы. Заңдылықты сақтауды қадағалау шеңберінде прокурор азаматтық сот өндірісінде іс қозғау туралы арыз беруде іс жүргізулік легитимацияға ие болады. Осы құқыққа ұлттық комитет те ие болады.

Екінші топқа материалдық құқық субъектілерінен басқа ерекше жағдайдағы нақты талап бойынша басқа субъектілердің іс жүргізулік легитимацияны бөлісуі кіреді. Диспозитивтік принцип тұрғысынан қарағанда, айтылған жағдайларға қатысты осы субъектілерге іс бойынша өндірісте билік ету құқығы берілгенімен, осы өндірістегі талап пәніне билік ету құқығы берілмеген. Сонымен қатар талап қоюда және сот әрекетіне шағымдануда іс жүргізулік легитимация басқа субъектілерге де берілген. Бірақ талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісімге келуге қатысты бұл субъектілер іс жүргізулік легитимацияға ие бола алмайды. Тағы айта кететін мәселе, құқық субъектісінен іс жүргізулік легитимация субъектісінің айырмашылығы, біріншісі даулы қатынас субъектісі болмағандықтан сот өндірісіндегі дау пәніне билік ете алмайды.

Бұл іс жүргізулік легитимацияның жалпы сипаттамасы Чехия Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша беріліп отыр. Осы іс жүргізулік легитимация субъектілерін Қазақстан Республикасының АІЖК бойынша мынадай үш түрге бөлуге болады. Біріншісі, құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері жағдайда сотқа қорғау үшін жолданған тұлғалар. Бұл тұлғалар іске аңғұрлым мүдделі болғандықтан, іс жүргізулік легитимацияға басымдықпен ие болады. Екіншісі, арыз-талаппен жолданған прокурорды айтуға болады. Ал үшіншісі, басқа біреудің құқықтарын қорғау үшін сотқа жолданған мемлекеттік билік органдары, ұйымдар мен басқа да жеке тұлғалар. Соңғы екі түрге субъектілердің іс жүргізулік легитимацияны иеленуде шектеулерге тап болады.

Диспозитивтік принциптың мазмұнына қайта оралатын болсақ, осы принциптың мазмұнына ғылымда ортақ көзқарас жоқ. Сол көзқарастардың бірін алып қарастырсақ, А.А. Мельников диспозитивтік принцип мазмұнына тараптардың іс жүргізу құқықтарымен қатар олардың материалдық құқықтарын және осы құқықтарды қорғау үшін іс жүргізу құралдарды пайдалануды да еңгізген.

Әрбір нақты азаматтық істе іс жүргізу құқықтары шеңберінде тараптардың билік ету сипатындағы әрекеттер көрініс табады. Бірақ диспозитивтік принцип мазмұнын анықтайтын жағдай, бұл материалдық құқықтарды пайдалану болғандықтан, осы құқықсыз іс жүргізулік нысан мазмұнсыз және мәнсіз болып қалады. Диспозитивтік принцип мазмұны іске қатысушы тараптарға және басқа да тұлғаларға кең көлемдегі іс жүргізу құқықтарды заңмен бөліп беру арқылы анықталады. Диспозитивтік принципқа сәйкес дәлелдемелер мен нақты фактілерге сілтеме жасау тараптардың құқығы. Сот ұсынылған дәлелдемелерді негізсіз жоққа шығармай, олардың заңдылығын тексеріп, дұрыс баға беруге міндетті. Бұл жерде диспозитивтік принциптың мазмұны азаматтардың белсенділігі принципымен байланысты. Бұл принцип заңда, жаңа оқулықтарда нақты көрсетілмеген. Бірақ кеңестік ғалымдар бұл принцип азаматтық іс жүргізуде бар және бұл принцип диспозитивтік принципымен тығыз байланыста болады деп санайды.

Ендігі кезекте осы авторлардың диспозитивтік принцип мазмұнына кіргізген іске қатысушы тұлғалардың құқықтарына жекелеп тоқталып өтейік.

Талап беру құқығына мынадай сипаттама беріп өтуге болады. Сот берілмеген талапты шешпейді, қарамайды. Диспозитивтік принцип мүдделі тұлғаның сотқа жолдануымен көрініс табады. Соттың бастмасымен азаматтық іс қозғау заңмен көрсетілмеген. Заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес қойылмаған талаптың шешілуі мүмкін емес. Азаматтық іс жүргізу сатыларында соттың іс жүргізуге өкелеттігі жоқ тұлғаның берген талабынан бас тартуы, ал мұндай талапты қателікпен қабылдаған жағдайда соттың талапты қараусыз қалдыруынан диспозитивтік принцип көрініс табады деп айтуға болады. Бұлай айтатын себебіміз, диспозитивтік принципқа сәйкес, талап беруге тек әрекет қабілеттілі талапкер ғана құқылы.

Азаматтық іс басқа тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік басқару органдары мен өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар мен басқа да тұлғалардың арыздары бойынша да басталуы мүмкін.15 Басқа тұлғаның құқығын қорғау арқылы қозғалатын азаматтық істің тізімі заңда онша көп емес.

Басқа тұлғалармен қозғалатын азаматтық істердің бір-екеуіне тоқталып өтейік. «Неке және отбасы туралы» заңда ата-аналық құқықтан айыру тәртібі көрсетілген. Ата-аналық құқықтан айыру туралы талапты мүдделі тұлғалардан басқа тұлғалар да бере алады. Негізінен ата-аналық құқықтан айыру туралы талапты қорғаншы және қамқоршы органдар, сонымен қатар жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия да бере алады. Ата-аналық құқықтан айырмай ақ баланы ата-анасынан алып қою туралы талапты заңда көрсетілген негіздер бойынша қоғаншы және қамқоршы органдар береді.

Ал еңбекті қорғауды бақылайтын мекемелер мен лауазымды тұлғалар жұмысшылар мен қызметкерлердің мүдделерін қорғау үшін сотта өкілдік ету құқығы берілген.16

Талап қою құқығы, талап қоюға құқылы тұлғалар туралы айта келе, келесідей қорытынды жасауға болдаы. Басқа біреудің құқығын қорғау үшін прокурор және басқа да мүдделі тұлғалардың талап қою құқығы басқа тұлғаның көзқарасымен байланысты. Әрбір адам өз құқығын жүзеге асыруда еркіндікке ие болады.

Келесі кезекте қарастыратынымыз, талап негізін және нысанын өзгерту. Мүдделі тұлғаның талап қою құқығын еркін пайдалануы, талап негізін және нысанын (пәнін), талап бойынша жауапкерді өз еркімен көрсетуімен байланысты. Іс жүргізу кезінде талапкер талап негізін және пәнін өзгертуі мүмкін. Осыған байланысты талапкер талап негізін және пәнін өзгертумен қатар талап көлемін ұлғайтуға немесе кемітуге құқылы.

Мүдделі тұлғалардың дау пәнін анықтаумен талапкердің талап негізін және пәнін өзгерту құқығы байланысты. Талапкер талаптың кез-келген элементін өзгерте алады. Талаптың кез-келген элементін өзгерту туралы М.Г. Авдюков мынадай пікір айтқан.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман