Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Азаматтық іс жүргізу принциптері өзара тығыз байланысты және біртұрас жүйе (грекше «принцип» сөзі «біртұтас» дегенді білдіреді) құрайды. А.Т. Боннер принциптер жүйесін азаматтық-азаматтық іс жүргізу принциптерінің өзара қатынасы мен байланысы бойынша жиын деп атады. Принциптердің әрқайсысы бөлек іс жүргізу институтын, бүкіл бөлімді сипаттайды, бірақ азаматтық сот іс жүргізудің мақсаты мен мәселелері біртұтас болғандықтан, принциптер арасында әрине байланыс бар, бір принциптің қызметі екінші принциптің шарты болады. Әлдебір принциптердің мазмұнын ашу үшін, құқық саласында өзге принциптердің мазмұнын ескеру қажет [9, 9-110].

Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін жүйелеу – оларды анықталған критерий, негіз бойынша топтастыру. Азаматтық іс жүргізу туралы ғылыми және оқулық әдебиеттерінде бұндай критерийлер болып:

1. Принциптердің бекітілу  көзі бойынша:

    А. Конституциялық  принциптер

    Ә. Іс жүргізу  заңнамасында бекітілген принциптер

2. Реттеу пәні бойынша:

    А.Ұйымдастыру принциптері

    Ә.Заңдылықты  жүзеге асыру принциптері

3. Функционалдық рөлі  бойынша:

    А.Ұйымдастырушы-функционалды 

    Ә.Функционалды

Ең ыңғайлы және іс жүзінде мағыналы жүйелеу, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін, олардың мазмұны мен әсер ету щеңбері бойынша (жалпы құқықтық, салааралық, салалық принциптер және бөлек құқықтық институттар принциптері) жүйелеу болып табылады.

Жалпықұқықтық принциптер – бұл барлық құқық салаларына тән принциптер, олар азаматтық іс жүргізу құқығына да тән. Бұл демократиялылық, гуманизм, заңдылық.

Салааралық принциптер – бұл азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және кейбір басқа құқық салаларының принциптері, оларға: сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, сотта істі қараудың жариялылығы жатады.

Салалық принциптер – бұл тек азаматтық іс жүргізу құқығына тән принциптер(диспозитивтік, тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы).

Бөлек құқықтық институттар принциптері – азаматтық іс жүргізу құқығында сотта азаматтық істерде(ауызша түрде, тікелей) дауды шешу тәртібін анықтайтын принциптер.

Принциптер жүйесі объективті және біртұтас болып табылады. Оның әрбір элементі басқаларымен тығыз байланысты, осы байланыста олар ашылады және қызмет етеді.

 

2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу  құқығының принциптер жүйесі

 

2.1. Ұйымдастырушы принциптер

Демократизм принципі. Демократизмнің тағы бір нышаны мемлекеттің өз азаматтарына рақымшылдығы мен мейірбаңдығы. Міне осыған байланысты, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.

Қоғамның, мемлекеттің зайырлылығын, демократиялылығын паш ететін, тұңғыш рет, 30.08.1995 ж. Конституциямызға енгізілген елеулі негізге байланысты - ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Себебі, қоғамда қалыптасып, орныққан ізгілік принциптерін: адамгершілік, жақынына мейірімділік, сүйіспенішлік қадір-қасиеттерді қастерлеу, олардың сақтаулы мен нығаюына мүмкіндік туғызу — демократияның нағыз алға қоятын мақсаты болуы керек. Көзделіп отырған мақсат біріншіден осы болса, екіншіден, адамның қылмыс жасауына көпе-көрінеу, себепші болуды жою. Яғни, адамды жақынына қарсы айғақ беруге міндеттеген жағдайда біле тұра жалған жауап беруге мәжбүрлеу сыңайы танытылатыны сөзсіз.

Сондай-ақ, құқықтың қайнар көзі Заң болмақ - деп анықтаған мемлекетте азаматтық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.1

Ендігі жерде судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципі мен демократизм принципі екеуінің ара қатынасын ашатын болсақ, ең бастысы демократизм принципі бүкіл мемлекет пен құқықтың басқарушы және маңызды принципі екенін атағанымыз жөн.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Осы принцип сот билігінің органы соттың ұйымдастырылуы мен қызметін толығымен өзіне бағындырады.

Демократия — халық билігінің түсінігін білдіреді. Ендеше, ізгісі-судьялардың сайлау жолымен өкілеттік алғаны олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін нағыз демократизмнің нышаны болар еді. Мұндай тәртіп Президент пен заң шығарушы биліктің өкілдерін сайлауға байланысты тиімді деп есептелгенде судьяларға да өкілеттік беру тәртібіне қатысты неліктен қолданылмасына? Сот билігінің ең жоғары органы — Республика Жоғары сотының судьяларына өкілеттікті халық өкілдерінің сайлауы жолымен беру тәжірибесін неліктен пайдаланбасқа? Мұндағы көзделетіні жергілікті соттардың судьяларына сайлау арқылы өкілеттік беру тәртібі.

Осылайша, демократизм принципінің идеясы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеп, судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципінін мақсатын белгілейді.2

Яғни, демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі анық.

Ендеше, мемлекеттің ең қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, олардың бұзылуы мәселелеріне байланысты қалпына келтіру, кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану сот билігінің мақсаты етіп қойылады. Бұл мақсаттарды заң сот істерін қарап шешетін сот билігін нақты жургізуші судьяға жүктейді. Қорыта келгенде, тақырыбымыздың атауын белгілегенде судьяның (соттың) тәуелсіздігі әуелі демократияның жетістігі екендігін, мұнымен қоймай, демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінің мәселелеріне даруын, одан қалса, сот билігі принциптеріне де сіңуін негіз етіп алдық.

Азаматтық іс жүргізу құқығының демократиялылығы сонда, азаматтық іс бойынша заңдылықты жүзеге асырғанда, сот азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиісті; ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың заңмен бекітілген құқықтары мен мүдделерін қорғауға тиісті. Соттық қызмет құқықтық мемлекеттің күшеюін, әлеуметтік әділеттікті, демократияны қамтамасыз етуді және халықтың өзін-өзі басқаруының дамуын бағдар ұстау керек.

Гуманизм принципі.

Азаматтық іс жүргізу құқығының гуманизмі келесіде: а) іске қатысушылар мәдениет деңгейіне, білім деңгейіне, әлеуметтік деңгейне, жасына, ұлтына, жынысына және с.с. тәуелсіз тең; ә) кейбір істер категориясы бойынша (алименттер төлеу бойынша, жұмыс орнына қайта қабылдау туралы) талап берушілер сот шығындарын төлеуден босатылады; б) азаматтық іс жүргізу құқығы кейбір істер категориялары бойынша жеңіл соттылықты белгілейді т.с.с.

Судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы.

Бұл принцип қандай да болсын мемлекет үшін өте маңызды принцип болып табылады, сондықтан оған ерекше мән беру қажет.

Судьяның (соттың; істер алқалы құрамда қаралған жағдайларда) тәуелсіздігі, сот билігінің өзекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір принцип ретінде қарастырылады3.

ҚР АІЖК-нің 12 бабына сәйкес, судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Мемлекеттің органдар мен лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың лауазымды тұлғалары, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер, және заңды тұлғалар судьялардаң тәуелсіздің құрметтеуге және оған қол сұқпауға міндетті.

Заңдылықты іске асыруға қол сұғушылық, сотқа немесе судьяға қалай да әсер ету, судьяға немесе сотқа құрметпен қарамау, ауызша, жазбаша не өзге тәсілмен судьяларға зиян келтіру немесе судьялардың белдеуіне зиян келтіру немесе тәуелсіздігіне әсер ету мақсатымен ақпаратты жинау, сақтау, қолдану немесе жаю рұқсат етілмейді және заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Демек, судья тәуелсіз, тек қана заңға бағынышты, мемлекет атынан жеке өзі немесе алқа құрамында, процессуалдық тәртіпте, құқықты қолданып, қажетті жағдайларда заңда қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып, сот істерін қарап шешетін биліктің өкілі.

Сот билігін атқарушы судьяға қатысты берілген осы анықтаумен толық келісуге болады.

Қорыта келгенде, судьяның тәуелсіздігі принципіне мына келесідегі анықтауды беруге болады. Яғни, судьяның тәуелсіздігі деп Конституция мен заңдарда бекітілген, сот билігінің өкілі судьяның, биліктің басты нысаны — сот әділдігін іске асыруы үшін, Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуын, ешкімнен және басқа қандай да болмасын әсерлерден тәуелсіз болуын баяндайтын құқықтық нормаларды есептеген жөн.

Мұның өзі судьяның өзіне заңмен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында қандай да болмасын басқа биліктер мен олардың лауазымды тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот сатыларына есеп бермейтінін білдіреді.

Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай, соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана қолдануға тиісті.

Судьяларға өте жауапты міндеттерді атқару тапсырылған. Бұлардың қатарына, азаматтар мен ұйымдардың елеулі құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты жалпы міндетті шешімдерді қабылдау кіреді. Олардың өздерінен, қабылдаған Шешімдерінен адамның тағдыры, жағдайы және қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпте тікелей байланысты болады.

Судьялар іске асыратын мақсаттар, олардың, яғни судьялар корпусының басқа мемлекеттік мекемелер мен олардың лауазымды тұлғаларынан ерекшеленетін жағдайын көрсетуі керек.

Дербес істерді шешкенде судьялар жоғары тұрған соттардан, тергеу органдарынан, прокурорлардан және сот ісіне қатысушылардың сот ісін жүргізу кезінде ойлары мен пікірлерінен тәуелсіз.

Принциптік түрде қарастырғанда, судъя тәуелсіздігінің Ата Заң мен заңдарда көрінісін табуы, олардың нормаларымен бекуі, оның нормативтік табиғаты төмендегі қағидалармен сипатталуы керек:

1) заңда судьялардың  бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

2) судьяға заңда көзделмеген  соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге, оны қылмыска қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сактау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайтындығымен;

3) сот әділдігін іске  асыру барысында судьяны тек  заңға ғана бағындыра алу мүмкіндігімен;

4) ешкімнің сот төрелігін  жүзеге асыру ісіне араласуға  және судья мен алқа заседателіне  каңцай да бір болмасын ықпал  ету құқығының жоқтығымен және  мұндай әрекеттердің заңмен қудаланатындығымен;

5) судьяның қаралған  немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті еместігімен, кеңесу бөлмесінің  құпиясы барлық жағдайларды қамтамасыз етілуге тиістілігімен;

6) соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз  ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй  беру сот әділдігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізілетіндігімен.

Қорыта айтқанда, заңдылықты жүзеге асыруда судьялардың тәуелсіздік принципі оларға іс жүргізу кезінде өзіндік құқығын береді және сонымен бірге олардан істі объективті, толық, жан-жақты қаралуын, оның қатысушыларының құқықтарын сақтауды, заңды және негізделген шешім қабылдауды міндет етеді.

Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес(АІЖК), соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды.

Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына, Конституциялық заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Ал, Конституция мен аталған Конституциялық заңда Қазақстандағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттар құрайды. Сондай-ақ, елімізде мамандандырылған соттарды құру мәселесі қарқынын жылдамдатуда. Олардың қатарына әскери соттарды және мамандандырылған экономикалық соттарды жатқызуға болады.

Сот әділдігін тек қана соттың іске асыруы принципінің саяси-құқықтық маңызы орасан зор.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман