Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге осы заманның азаматтық іс жүргізу құқығы әдебиетінде айтысу принципінің мәні мен оның азаматтық іс жүргізудің және өзге принциптерімен қатынасы жайлы түрлі пікірлер бар.

Расында да, айтысу субъектері болып іске қатысатын тұлғалар немесе олардың өкілдері болады. Олардың барлығы субъективтің құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында, өздерінің құқықтық көзқарастарын негіздеу үшін іс жүргізу құралдарын қолдануға бірдей мүмкіндіктері бар. Тараптарға бірдей іс жүргізу құқықтарын беру оларға сот алдында айтысуға рұқсат береді.

Азаматтық іс жүргізудің айтысу нысаны бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді іс жүргізу өкілеттіктердің анықталған жүйесін құрайды. Олардың іске асырылуы бір жақтан мүдделі тұлғаларға өздерінің талаптары мен қарсылықтарын негіздеуге, екінші жақтан – сотқа азаматтық іс бойынша объективтік шындықты табуға мүмкіндік береді.

В.В. Комаровтың ойынша, айтысу принципі іске қатысушы тұлғалардың әрекеттерінің айтысу нысанында болуын, соттың құқықтарды жүзеге асыруы мен істі шешу үшін қажет болған жайттарды анықтау қызметін, осы жайттарды растайтын немесе растамайтын дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау қызметін білдіреді.

90-жылдардың басында  азаматтық іс жүргізу құқығында  айтысу принципінің түсінігі  құрылды, оған үш компонент кірген: а) әр тарап өзінің талабы мен  қарсылығын негіздеу керек, сотта  өз пікірін қорғау керек; ә) сот  қажет жағдайда дәлелдемелер толық болмағанда, оларды толықтырып отыруы қажет; б) азаматтық іс жүргізудің айтысу нысаны, оған сәйкес дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу ғана емес, барлық азаматтық сот ісі дау нысанында, тараптардың және іске қатысатын өзге тұлғалардың айтысуы нысанында өтеді.

Сотта дәлелдемелерді өз бастауы бойынша жинау құқығының болмауын, оны тараптардың қолында әрекетсіз «қару» деп санау қате. Іске қатысты жайттар бойынша соңғы шешім қабылдау, шындықты орнату тек сотқа тиесілі. Штефан М.И. айтысу принципін қарастырып, «іс жүргізудің айтысу нысаны дәлелдеу пәнін анықтайтын, қажет жағдйда керек дәлелдемелерді жинауға көмектесетін соттың әрекетімен қамтамасыз етіледі» дейді.

Ол іс жүргізуде айтысу мен тергеудің бастамаларын біріктіріп, айтысу принципі бір-бірімен байланысты екі құралдан тұратындығын анықтады -

белсенді әрекет пен өзіндік әрекет тараптердың жеке-құқықтық жағы ретінде және соттық басқару жалпылық ретінде. Солай бола тұра сот іске қатысушылардың қызметін шекті түрде басқарады. Оның ойынша ең тиімді болып аралас текті іс жүргізу болып табылады – тергеу элементі бар айтысу принципі. 31

Сондықтан айтысу демократиялық іс жұргізулік негіз ретінде шындықты орнату үшін өте ыңғайлы. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Айтысуды аксиома деп санайтын принциптер, іс жүргізу құқығында дербес ережелер ретінде қарастырылған. Осындай бір аксима, қазіргі кездегі айтысу принципінің алғашарты болған «necssitas probandi incumbitu gui aget» - «дәлелдеуді талап беруші жүзеге асырады». Тарихи дамуда күрделі өзгерістерден өтіп, ол соған жақын түрде қазіргі заңнамаға түскендігін көреміз – «талап беруші, өзі сілтеме жасайтын жайттарды дәлелдеуі қажет». Қызығы жалпы іс жүргізу құқығы ғылымының дамуына байланысты, бұл институтта субъект бұрын «талап берушіден», «тарап» деп өзгерді.

Сонымен, азаматтық іс жүргізудің айтысу принципу деп, тараптадың өз талаптары мен қарсылықтарын негіздеу үшін, өздері сілтеме жасайтын жайттарды жеткізуді түсіну керек. Осы міндетті жүзеге асыруда тараптар қызметі айтусы нысанына ие болады, ал оның бастамасы бәсекелестік. Бұл принципті міндет деп қарастырсақ, әрине осы міндеттерді орындамау тараптар үшін ұнамсыз іс жүргізу санкцияларын қолдануды білдіреді.

 Тараптардың тең құқықтылығы.

Азаматтық іс жүргізуде құқықты жүзеге асыру мен қорғаудың және іске қатысушы бір тараптың екінші тарап алдында, бір тұлғалардың екінші тұлғалар алдында қандай да басымдылыққа ие болмауын қаматмасыз ететін, азаматтық іс жүргізу құқығындағы басты ережелерінің бірі, тараптарға заңдылықты жүзеге асырғанда сот алдында тең іс жүргізулікті қамтамасыз ететін, нормативтік-басқарушылық бастау, тараптардың тең құқықтылығы принципі болып табылады.

Бұл принцип ең басты АІЖК-нің 15 бабында бекітілген. Оның мәні тараптардың азаматтық іс жүргізуде тең(бірақ бірдей емес) іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие. Талап беруші мен жауапкер іс құжаттарымен танысуға, қажет жерлерін жазып алуға, шешімдердің, анықтамалардың нұсқасын жасап алуға т.с.с., сот отырысына қатысуға, дәлелдемелерді ұсынуға, шешімдерге шағым жасауға с.с. құқықтары бар.

Тараптар тек тең құқықтар ғана емес, сонымен бірге тең міндеттерге ие: олар берілген іс жүргізу құқықтарын шынайы пайдаланулары керек.

Бұл принцип соттардың азаматтық істерді қарастыру мен шешулері қызметінің сипатын көрсететін, азаматтық іс жүргізудің спецификалық(функционалдық) принциптеріне жатады, және азаматтардың сот алдынағы жалпы, ұйымдастырушы-функционалды, конституциялық принциптеріне негізделеді. Сонымен бірге ол соңғы принциптің азаматтық іс жүргізуде жеке көрінетін қасиеті болады. 

Барлық азаматтардың заң алдында бірдей негізінде заңдылықты жүзеге асыру сотпен барлық азаматтарға қатысты бір құқықтық жүйенің нормаларын қолдануын білдіреді. Сот ісіне қатысушы азаматтардың жеке немесе әлеуметтік айырмашылығына байланысты, сотпен заңнын қандай да ережелерін алып тастауы немесе қолданбауына жол берілмейді. Сот жеке-дара азаматтық істі осы принципқа сүйене отырып, барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер барлық соттар үшін міндетті екендігін ескере отырып шешеді.

Сонымен іс жүргізудегі тең құқықтылық принципінің мазмұнына: заңнамада бекітілген тараптардың тең іс жүргізу құқықтары мен міндеттері; іс жүргізуде құқықтарды жүзеге асыруды және міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеін, іс жүргізулік кепілдігі; соттың тең іс жүргізулік көмегі. Іс жүргізудің тең құқықтылығы принципі диспозитивтік және айтысу принциптерімен тығыз байланысты, бірігіп олар азаматтық іс жүргізуде нағыз теңдікті қамтамасыз етеді. Сот пен прокурор осы принципті қамтамасыз ету үшін заңмен білгеленген барлық құралдарды қолданулары міндетті.

Сот ісін ауызша жүргізу.

Істерді қарастыру ауызша өтеді. Бұл принципті қолданбау жайлары заңмен белгіленген.

Істі ауызша жүргізу принципі – бұл азаматтық заңнамада бекітілген негізге идялардың бірі, оның мәні барлық азаматтық іске қатысушылар сот алдында өз ойларын, куә мен қорытындыны ауызша түрде береді. Іс бойынша дәлелдемелер сот отырысында ауызша түрде талқыланады және зерттеледі.

Бұл принцип сот іс жүргізуінде соттың іске қатысушылармен «тығыз және тез арада» қатынасуын, сол залында отырған азаматтар мен іске қатысушаларды сот әрекеттерінің мазмұны мен мақсаттарынан хабардар етуді қамтамасыз етеді. Істің жариялылық нысаны түрінде бұл сот ісінің тәрбиелік әсері үшін маңызды. Ауызша нысан сот ісіне қатысатын тұлғалардың және соттың дәлелдемелерді тез арада қабылдауларын, істі қарастыру процесін жылдамдатады.

Істі ауызша жүргізу нысаны, кейбір іс жүргізу әрекеттерін жазбаша нысанда жүргізілу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Одан әрі, кейбір әрекеттер, заң бойынша тек жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

Сонымен, азаматтық іс жүргізуде ауызша және жазбаша нысандардың арақатынасы туралы айта келе, жазбаша нысан екі рөл ойнайды. Бір жағынан олар жария етіледі. Жазбаша материалдар, тек сотқа және іске қатысушы тұлғаларға ауызша түрде жеткізілсе ғана маңызды болады.

Екінші жақтан – олар ауызша өтетін іс жүргізуді бекітудің маңызда құралы болып табылады. Ауызша жарияланған материалдар сот отырысының хаттамасында бекітіледі.

Сонымен, ауызша нысан арқылы, заңды шешім шығару үшін, материалдарды жинау жеңілдірек екеніне күмән жоқ.

Сот отырысында қарастыруды тікелей жүргізу.

Сот отырысында қарастыруды тікелей жүргізу принципі азаматтық сотпен материалдарды зерттеу мен қабылдау тәртібін белгілейді. Бұл принципке сәйкес бірінші сатыдағы сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге міндетті: іске қатысушы тұлғалардың куәларын, куәгерлердің куәларын, сарапшылардың қорытындыларын тыңдап шығуға, жазбаша дәлелдемелермен танысуға, заттық дәлелдемелерді қарап шығуға міндетті.

Бұл принцип істі шешу үшін қажетті, шын фактілерді орнатуға мақсатталған, дәлелдемелік қызметке қатысты. Ол келесі шарттардан құралады:

а) сот өз шешімін тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелермен негіздеуі міндетті, өйткені тек бұл жағдайда ғана шешім негізделген болады;

ә) іс бойынша жайттарды зерттегенде сот мағлұматтарды тек тікелей қайнар көзден алу керек. Бірінші сатыдағы сот істі қарау кезінде дәлелдемелерді тікелей зерттеуге міндет: іске қатысатын тұлғалардың куәларын тыңдауға, куәгерлердің куәларын, сарапшылардың қорытындыларын тыңдап шығуға, жазбаша дәлелдемелерді зерттеуге және заттай дәлелдемелерді қарап шығады. Мағлұматтарды осындай нысанда қабылдау шартында шешімнің шындығы қамтамасыз етіледі;

б) сот тек анықты фактілердің әсер етуіне байланысты пайда болатын дәлелдемелерді(мысалы, куәгер болған жайтты өз көзімен көрді) қолдануға тырысу керек. Тікелейлік принципі бастапқы дәлеледемелерді қолдануды міндеттейді, бірақ олардың басқа дәлелдемелерден «жақсырақ» екендігін білдірмейді. Бұндай көзқарас феодализм кезінде болған формалдық дәлелдемелер теориясының қайта өрлеуіне әкелер еді.

Сонымен бірге, кейде сотпен материалдарды тікелей қабылдау мүмкін емес, және дұрыс болмайды да. Осындай жағдай болған жерде заң тікелейлік принципін шектейді. Мысалы, егер іске қатысатын тұлғалардың немесе куәгерлердің қасыбірі, істі қарастыратын сот орналасатын ауданнан тыс тұруына байланысты, сот отырысына келе алмаса, олардан сот тапсырмасы бойынша тұрғылықты жері бойынша куәлік алынуы мүмкін. Егер куәгер қарттылығынан, аурудан немесе өзге зор себептермен азаматтық істі қарастыратын соттың шықыруы бойынша келе алмаса, онда кугер өзі орналасқан жерінде куә беруі мүмкін. Бұндай жағдайда сот дәлелдемелерді тікелей емес, сот отырысында жарияланған хаттамалардан алады.

Сот құрамының міндеті, егер істі сот алқасы қарастырса, онда сот құрамы істің басынан аяғына дейін өзгермеуге тиіс. Егер істі бір судья қарастырса, іс басынан аяғына дейін тек сол судьяның қатысуымен өтуі тиіс. Тек іс бойынша жайттарды зерттеген судьялар ғана қорытынды құжат – шешім немесе қаулыны шығаруға қатысады. Егер судьяға(судьяларға) қарсылық білдіру қанағаттардырылса немесе судья(судьялардың біреуі) бір себеп бойынша(ауру, жұмыс бойынша кету т.с.с.) іс жүргізуге қатыспай қалса, онда осы істі қарастыру басынан басталады.

Сонымен, сот отырысында қарастыруды тікелей жүргізулік принципіне сәйкес, сот шешімі тек тікелей қайнар көздерден алынған және сот отырысында тексерілген дәлелдемелер негізінде шығарылуы тиіс.32

 

 

3 Тарау. Азаматтық іс жүргізу  құқығының принциптері(мәселелері  мен болашағы)

3.1. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері

Азаматтық іс жүргізу принциптерінен, оның маңызды институттарының демократиялық сипаты және жалпы құқықтық мақсаты көрінеді, осыған байланысты олар, осы құқық саласының мәнін, қоғамдық сипатын және дербес институттарын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Азаматтық сот ісінің демократиялық негіздері, азаматтардың құқықтары мен мемлекетік мүдделерді қорғауға қажет шарттарды қамтамасыз етеді. Азаматтық іс жүргізу құқығының дерлік барлық принциптері демократилық, бірақ олардың негізі, әрине Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген принциптер болады. Оларға жатады:

  • сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы(75-ші баптың 1 бөлігі);
  • халықтың алқалар арқылы сотта заңдылықты жүзеге асыруға қатысуы, азаматтық іс жүргізу құқығында жүзеге асырылмаған(75-ші баптың 2 бөлігі). Азаматтық істерде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібіне сәйкес кәсіби судьялармен жүргізіледі, ал заңдылықты жүзеге асыруда халықты тарту демократизмді күшейтуге, істе объективтік шындықты орнатудың және дұрыс шешілуінің кепілдігін, заңдылықты, негізділікті қамтамасыз етуге, сот шешімдерінің тәрбиелік маңызын арттыруға оң әсерін тигізер еді;
  • сотқа халық өкілдерінің қатысуы, оған сенімділікті күшейтеді және тұлғанық бостандығы мен құқықтың басымдылығының негізгі институттарының бірі болып табылады. Сот билігінің барлығы мүмкін, деңгейге тәуелсіз, кәсиби заңгерлердің қолында болмауы керек. Азаматтың сот билігін жүзеге асыруға қатысуы тиіс, бұл әрине демократиялық идеал болар еді;
  • судьялардың тағайындалуы және сайлануы(82-ші бап). Судьяларды сайлануы және тағайындау принципі судьяларды ауыстыратын құқықтық жүйелерді толықтырады. Шет елдердің заңнамасында судьяларды ауыстырудың екі жүйесі бар – сайлау және тағайындау. Сайлауға бүкіл халық, жалпысаяси жиналыс, жоғарғы соттардың сот коллегиялары, арнайы органдар қатысады. Тағайындауды жүзеге асырады: халықтың пікірін немесе конкурсық бағаға байланысты жоғарғы соттың сот коллегиясының пікірін ескере отырып, орталық үкімет және жергілікті атқарушылық органдар. Заңи әдебиеттерде судьяларды ауыстырудың ең тиімді сайлау әдісі деп жазады;33
  • заңдылықты бір судьяның немесе судьялар алқасының жүзеге асыруы(75-ші баптың 2 бөлігі);
  • судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы (77-ші баптың 1 бөлігі);
  • заңдылық (76-шы баптың 1 бөлігі);
  • барлық іске қатысушылардың сот пен заң алдындағы теңдігі(14-ші баптың 1 бөлігі);
  • адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау(13-ші баптың 2 бөлігі);
  • қоғамның азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысуы(32-ші бап);
  • жариялылық(20-шы баптың 1 және 2 бөлігі);
  • адамның жеке өміріне қол сұғылмаушылық(18-ші баптың 1 бөлігі);
  • меншікке қол сұғылмаушылық(26-шы баптың 3 бөлігі);
  • азаматтың жеке және жанұялық өмірін қорғаушылық(15-ші баптың 1 бөлігі, 25-ші баптың 1 бөлігі).

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман