Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 10:13, реферат

Краткое описание

«Адвокаттың кәсіби әдебі» ұғымы азаматтармен, мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен, әртүрлі коммерциялық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ адвокатура органдарымен және әріптестіктерімен қарым қатынаста мораль мен адамгершілік мәселелерінің кең ауқымын қамтиды. Адвокаттың кәсіптік мінез-құлқы мәселесі адвокатура туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, адвокаттар алқасы Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік әдеп Тәртіптері шеңберінде реттелмесе, онда адвокат адвокатурада қалыптасқан нормалар мен дәстүрлерді, егер олардың мазмұны заң талаптарына қайшы келмесе және мораль мен адамгершіліктің жалпы қабылданған принциптеріне сәйкес келсе, сақтауға міндетті.