Салықтық міндеттемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:41, доклад

Краткое описание

ҚР заңи ғылымының құрамдас бөлігі болып табылатын салықтық құқық ғылымының өзекті мәселесіне айналуына орай көптеген жылдар бойы зерделеніліп-зерттелген салықтық міндеттеме институтының бүгін де осы ая бойынша жасалынған ғылыми қорытындылар мен тұжырымдамалардың нәтижесінде салық кодексінің жалпы бөлімінде орын алуы салық салу аясы мен қоғам үшін аса маңызды және айтарлықтай оқиға болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

баяндама салык.doc

— 75.50 Кб (Скачать документ)

Салықтық міндеттемелер.

ҚР заңи ғылымының құрамдас бөлігі болып табылатын салықтық құқық ғылымының өзекті мәселесіне айналуына орай көптеген жылдар бойы зерделеніліп-зерттелген салықтық міндеттеме институтының бүгін де осы ая бойынша жасалынған ғылыми қорытындылар мен тұжырымдамалардың нәтижесінде салық кодексінің жалпы бөлімінде орын алуы салық салу аясы мен қоғам үшін аса маңызды және айтарлықтай оқиға болып отыр.

Бұл жерде айта кететін жайт, міндеттеме ұғымы қалыптасқан дәстүр бойынша тек азаматтық құқықтық ұғым,  яғни цивилистикалық заңы-техникалық құрал, сондай-ақ азаматтық-құқықтық міндеттеме ретінде белгілі бір келісімге келудің және шарт жасаудың нәтижесі болып табылады. Ал салықтық міндеттеме қазіргі қоғам қажеттілігіне сай келетін салық салу жүйесін құру ісіне ат салысуы арқылы салықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қатаң айқындауға қол жеткізетін және ұлттық табысты қайта бөлуге қатысты экономикалық мән-жайлары мен өктем билік тұрғысынан ерекшеленетін құқықтық құрал ретінде танылады.

Салықтық міндеттеменің  түсінігін заң шығарушы мына келесідей жолдар бойынша айқындалған:

  • тиісті заңдарға (салық) сәйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салықтық міндеттеме б.т.
  • салықтық міндеттеме талаптарына сай салық төлеуші:

салық органында тіркеу есебіне тұруға: салық салу объектісімен салық салуға байланысты объектіні  айқындауға: салықтар мен бюджетке бөлінетін басқа да міндетті төлемдерді есептеп шығаруға, салық есептілігін жасауға, оны белгіленгшен мерзімде табыс етуге және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті;

  • мелекет өзінің салық органдары арқылы төлеушіден салықтық міндеттемелерді толық көлемде орындауын талап теуге құқылы;
  • салықтық міндеттемелер орындалмаған немесе айтарлықтай орындалмаған жағдайда мемелекет салық кодексінің тиісті баптарында көзделген негіздерде салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы;

бұл жерде түсінікті  болуы үшін былай тұжырымдауға болады:

1. салықтық міндеттеме  салық төлеушінің мемлекет алдындағы бір жақты міндеттемесі, яғни түпкілікті нәтижесі өзіне тиесілі салық төлемінің сомасын мемлекет кірісіне аудару, енгізу міндеттемесі.

2. Салықтық міндеттеме бойынша салық төлемінің сомасын өзінің пайдасына төлеуді салық төлеушіден талап ету жөніндегі мемлекеттің құқығы.

Міне салық төлеушінің өзіне жүктелген (тиісті заңына сәйкес) салық төлеу жөніндегі біржақты міндеттемені саналы түрде, сондай-ақ мәдениеттілік пен белсенділік таныта отырып, белгіленген тәртіп негізінде уақтылы және толығымен орындауы, мемлекеттің салық төлеушілерден белгіленген салықтарды өзіне төлеуін талап етуі құқығымен ұштаса отырып салықтық құқықтардың басты материалдық мәніне айналады.

Салықтық міндеттеме (өзің экономикалық және құқықтық табиғатына сай):

1( тек мемлекеттің  еркіне және әмірлі талабына  сай туындайды;

2) әрдайым мерзімді  сипатта болады.

3) өзінің сипаты бойынша  мемлекеттік (қоғамдық)- құқықтық  тұрғыдан ерекшеленді.

4) салықтық төлемдердің  сомасына байланысты көбінесе ақшалай көрініс табады.

5) өзінің мән-жайына  қарай біржақты міндеттеме болып  табылады.

6) оның айтарлықтай  деңгейде (тиісінше) орындалуы мемлекеттің  мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз  етіледі.

7) міндеттеме бойынша  салықтың ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне аударуға байланысты салық төлеуші тұлғаның белсенді іс-қимылдармен сипатталады.

8) құрылымдарына салықтың  заңи құрамының мұқият белгіленген  элементтерінің болуы оның тиісінше  орындалуының негізі б.т.

9) әрбір жекеленген салықтарға тән салық төлеу объектілерімен, салық салуға байланысты объектілерімен, салық базасымен, салық ставкасымен және салық кезеңділігімен мазмұндалады. Салықтыө міндеттемесінің объектісіне міндетті тұлға салық төлеушінің мемлекетке салық төлемінің сомасын тапсыру кезіндегі іс-қимылдары жатады. Ал салықтық міндеттеменің нысаны нысаны мемлекет (мемлекеттің салық органдары) пен салық төлеушілер – заңды және жеке тұлғалардың арасындағы байланыстың сыртқы көрінісі б.т.

салықтық міндеттеменің  құрамы:

1) салықтық міндеттеменің объектісі

2) салықтық міндеттеменің субъектісі

3) салықтық міндеттеменің  мән-жайы.

Осыған оай айта кететін  бір жайт, мына: салық төлеуші; салық салу объектісі, салықтың заты; салықтың масштабы; салық базасын есепке алу әдісі; салық кезеңі, салық саду бірлігі, салық стаыкасы; салықты есептеу тәртібі; есепті кезең, салықты төлеу (ставкасы) мерзімі; салықты төлеу тәсілі мен тәртібі сияқты элементтер ҚР республикасы салықтың заңдарындағы бастаушы ережелер болып табылады, сондай-ақ оларсыз ешбір салықты есептеп шығарудың, төлеудің және олардың төленуін талап етудің мүмкіндігі болмайды.

Салықтың заңи құрамының  элементін белгілеу салықтық міндеттеменің  туындауына себебін тигізеді немесе оны орындау тәсілінің негізі б.т.

Салық кодексінде салықтық міндеттеменің субъектілік құрамында салық төлеуші мен мемлекет көрсетілген.

Салық салу объектілері  мен салық салуға байланысты объектілер ретінде мүліктер және іс-әрекеттер  белгіленген. Осы мүліктер мен іс-әрекеттердің болуы салық төлеушіге қатысты салықтық міндеттеменің болуы салық төлеушіге қатысты салықтық міндеттеменің туындауына негіз болады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық салу объектілері мен алықсалуға байланысты объектілер салық кодексінің ерекше бөлімінің тиісті баптарында жан жақты айқындалағн.

Салық базасы салық салу объектісі мен салық салуға айланысты  объектінің құнының, физикалық жай-күйінің немесе өзге де мән-жайларының сипаттамаларын білдіреді. Олар салқы салуға байлагысты салық салу затын саны жағынан көрсете отырып, салықтың негізі ретінде бюджетке төленуге тиіс салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасын айқындайды. Демек, салықтық төлемдер сомасы салық базасына белгіленген салық ставкасын қолдану арқылы есептелінеді.

Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне деген салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Былайша айтқанда салық  салу нормасы, яғни салықтың заң жүзінде белгіленген шамасы .т. Салықтың салық төлеушіге түсіретін салмағын ағалау үін жеңілдіктерді есепке ала отырып толық салық базасына қатысты есептелген салық сомасы ретінде салықтың нақты ставкасы қарастырылады.

Салық ставкасы салық  базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

Салық кезеңі жекелеген  салықтар мен бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі .т., сондай-ақ ол аяқталған кезде салық баасы айқындалып, бюджетке төленуге тиіс салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептелінеді.

Осыған байланысты салық  кезеңі деп тиісті заңдарға сәйкес салық төлеуіге арналып, оның салықтарды есептеуіне және төлеуіне, сондай-ақ салық есебін жүргізуіне, салықтық бақылауды жүзеге асыруына қажетті есептеулер мен декларацияларды тапсыру үшін белгіленген уақыт бөлігі.

Салықтық міндеттемені орындау оыс міндеттеменің әрбір субъектісінің міндеттерін құрайтын белгілі бір іс-қимылдарды тиісінше жүзеге асыру болып табылады.

Салықық індеттеме мемлекет ойынан шығатындай, тиісінше және айтарлықтай  деңгейде орындалуға тиіс.

 

Салықтық міндеттемені орындау мақсатында салық төлеуші мынандай әрекеттерді міндетті түрде жүзеге асырады:

1) салық салу органында  тіркеу есебіне тұрады.

2) салық салу объектілері  мен салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді.

3) салық салу объектілері  мен салықсалуға байланысты объектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізіне ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті тһөлемдердіәң сомаларын есептеп шығарады.

4) салық есебін жасайды  және оны белгіленген тәртіп пен мерзімдерде салық органдарына табыс етеді.

5) салықтық заңдарда  белгіленген тәртіп негізінде  және қатаң айқындалған мерзімдерде  салықтар мен бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің  есептеп шығарылған және есептелінген  сомаларын, сондай-ақ салықтық  міндеттемені орындамаған жағдайда  айыппұл мен өсім пұлдарды төлейді.

Салықтық міндеттемелердің орындалатын уақыты, орны, тәртібі  және тәсілдері күні бұрын әрі  нақты белгіленетінін біуіміз қажет.

Салықтық міндеттеменң орындау уақытына жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысы, яғни олардың салық салу объектілерін айқындау, тиісті бюджетке аударылатын салық сомасын есептеп шығару және салық сомасын иөлеу үшін салық заңында белгіленген уақыт кезеңі немесе шекті мерзім жатады.

Салықтық міндеттемені орындау уақыты қатаң айқындалған  уақыт ауқымы болып табылады.

Салықтық міндеттемені орындау орны салық төлеушінің салық төлемінің тиесілі сомасын мемлекетке тапсырған жері т.б. Әдетте, салықты төлеу орны ретінде салық төлеушіге немесе салық агенттеріне лолардан алынған ақша қаражаттарын төлемдік құжаттыр негізінде тиістьі бюджетке аудару жөнінде қызмет көрсететін банк мекемелері көрініс табады. Салық төлеушінің бюджетке тиісті соманы аудару жөніндегі төлемдік тапсырманы банк мекемесіне тапсырған күні салықтақ міндеттемені орындау болып есептелінеді.

Салықтың міндеттемені орындау  тәртібі салық төлеушінің мемлекет алдындағы өзінің салықтық міндеттемесін орындауға бағытталған, белгілі бір белгілеу механизмдері мен кезектіліктерді ұстана отырып жүзеге асыратын іс қимылдары болып саналады.

Салық төлеушінің қолма-қол ақшасыз  толеу нысанында орындалатын  салықтық міндеттемесі банктпен немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына төлемдік тапсырма акцептін алған күннен бастап, ал қолма қол ақша нысаныда – саылқ төлеуші аталған сомаларды банкке немесе уәкілетті органға төлеген кезден бастап орындалды д.е.

Салық төлеушінің салықтық агенті атқаратын салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі сол салық төлемінің сомасын  ұстап қалған күннен бастап орындалаған д.е.

Салық төлеушінің салықтарды төлеу  жөніндегі салықтық міндеттемесі бюджетпен  кезекті есеп айырысу кезінде  салықтар мен басқа да бюджетке төленетін  міндетті төлемдердің артық төленегн сомаларын есепке жатқызу жолымен орындалуы мүмкін.

Салықтық міндеттемені орындау тәсілдеріне салық заңдарында белгіленеген, салықтарды төлеуге және мәжбүрлеп төлетуге байланысты жолдар мен әдістер жатады.

Осы тәсілдердің заң жүзінде  қатаң көрініс табуын тиісті салықтық төлем сомаларының мемлекет кірісіне уақтылы және толығымен түсуін ерікті түрде немесе мәжбүрлеу арқылы қаматамсыз етуге негіз болып табылады әрі кепілдендіоеді.

Сонымен, салықтарды сомалы түрде, салықтық-құқықтық мәдениеттерін көрсете отырып өз беттерімен және өз еркімен төлеу салықтық міндеттемені орындаудың 1 тәсілі болса, отанына, егемен еліне деген патриоттық сезімі оянбаған және салықтық мәдениеті қалыптаспаған жоқтағынан салық төлеуден жолтартушыларға, уақтылы және толық мөлшерде төлемейтіндерег мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен, олардан салықтарды, салық берешектерін, заңды негізде белгіленген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есепке алу салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату т.б.

Салықтық міндеттемелерді  тиісінше, өз бетімен және ерікті орындау  мына тәсілдер:

1) салықтарды декларация (оңайлатфлған декларация) негізінде  төлеу.

2) салықты патент алу жолымен төлеу

3) салықты біржолғы  талон негізінде төлеу

4) салық төлемінің  сомасын енгізу жолымен төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Салықты табыс төлеу  кезінде ұстап қалу, салықтық міндеттемені орындау жөніндегі салық хабарламасы  негізінде салықты төлету, салық  төлеуден жолтартушы тұлғалардан салықты  мәжбүрлеп алу салықтық індеттемені  мәжбүрлеп орындату тәсілдеріне жатады.

Салық органының салықтық міндеттемені орындау қажеттілігі  жөнінде салық төлеушіге жіберген жазбаша хабары салық хабарламасы.

Салық хабарламасында салық  төлеушінің аты-жөні немесе толық аталуы, салық төлеушінің тіркеу номірі, салықтық міндеттеменің санасы, салықтық міндеттеме орындау жөніндегі талап, хабарламаны жіберуге орай негіздеме, шағымдану тәртібі көрсетіледі. Салық хабарламасының нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Салық хабарламасы салық  салу аясындағы мән-жайларға байланысты әртүрлі көрініс табады және салық төлеушіге мынандай мерзімдерді:

1) салық заңдарын бұзушылықты  жою туралы оларды анықтаған  күннен бастап бес жұмыс күнне  кешіктірмей;

Информация о работе Салықтық міндеттемелер