Рекреациялық география

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реакреация удк.doc

— 452.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география.М.1981
  2. Царфис П.Г. Рекреационная география.СССР. М.1979
  3. Казаская Н.С., Морфенин  Н.Н. Сбор рекреацинная география. М. Изд-во “Москва”,1976
  4. Чижова В.П.. Рекреационные нагрузки в зонах отдыха. М.1977
  5. Сайпов А.А. Тория и практика туризма Казахстана. А-А. Академия оброзования РК. 1999
  6. Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туриско-рекреацинного хозайства в Казахстане А.Рауан,1997
  7. Достопримечательные места Казахстана . Алма-Ата,Казгосиздат, 1959
  8. Никалаенко Д.В. Рекреационная география.М.Владос,2001
  9. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстан.А-А.Кайнар
  10. Ердавлетов С.Р. География туризма .Алматы,2000
  11. Ердавлетов С.Р.Казахстан туристский. Казахстан.А-А.Кайнар,1989
  12. Мырзабеков М. Особо охраняемые природные территории Казахстана. Алматы, 2001

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Пән мазмұны

2.1.Тақырыптарды  сағаттар санына байланысты бөлу

 

 

ТАҚЫРЫПТАР

 

Сағат саны

Күндізгі

1

Кіріспе

2

 

1

 

 

 

1

 

 

 

1

2

Рекреациялық географияның зерттелу әдісі және басқа ғылымдармен байланысы

3

3

Рекреациялық ресурс

2

2

4

Рекреациялық сұраныс.

2

5

Рекреациялық  жұмыс оның құрамы мен классификациясы

2

 

1

 

1

 

1

           

6

Реакреациялық аумақтың негізгі типтері

3

1

1

1

6

Рекреациялық  аудандастыру

2

 

2

7

Қазақстандағы рекреациялық жұмыстардың даму бағыттары  және рекреациялық зоналар.

2

 

1

 

1

 

Барлығы

15

6

3

3


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І  С П Е

 

Рекреациялық іс-әрекет – күрделі үрдіс. Оны зерттеуде  жер шарындағы көрікті жерлерді есте сақтау ғана емес сонымен қатар сипаттау да қажет. Мұндай деңгей кезекті демалысын өткізетін жер іздеп жүйелі түрде туристік буклеттерді қарастырып жүрген  адамдарға өте қолайлы. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырушылар тұрақты туристік легті қалыптастыратын демалыс орындарын білуі қажет. Олар тұрақты болмауы мүмкін. 20-30 жыл шамасында демалыс орны болып, кейін түбегейлі өзгеріп кетеді. Бұл өзгерістің өзіндік логикасы бар, оны міндетті түрде түсіну қажет.

Мұндай түсіністік әсіресе  ТМД елдеріне тән. 1991 жылғы оқиғадан кейін бізге көп нәрсе өткен өмірде қалды. Сонымен қатар рекреациялық іс-әрекеттің географиясы да өзгерді. Қашан және қайда демалу туралы жаңа түсініктер қалыптасты, жаңа туристік лег қалыптасты және әлі де жалғасуда. Біздің көз алдымызда өтіп жатқан үрдісті және тұтастай туристік іс-әрекеттің дамуын  түсіну үшін халықаралық туризм географиясы мен тарихына үңілуіміз қажет.

ХХ ғасырда жер шарының  кейбір аймақтарында туризм жалпы құбылыс  болғаны сондай, рекреация ерекше көңіл аударатын пән болды. Экономикаға  ерекше әсер ететін жаңа мамандар мен  зерттеулер пайда болды.

Нарықтық экономика жағдайында туристік бизнесті дамыту үшін рекреациялық ресурс, қаржы қоры, жаңа технология және мамандар қажет.

Экономиканың басқа  салаларына қарағанда туристік ресурс өте көп түрлі. Жаңа технологияның және қолда бар материалдық жағдайдың көмегімен нақты адамдар тобының сауығуы мен демалуын ұйымдастыруға болатын рекреациялық қызметке байланысты тұтынушылық бағасы мен қолайлы жағдайы бар табиғи және  антропогендік геожүйе, табиғи құбылыстар мен артефактілер де кіреді. Туризм саласында қызмет істейтін немесе рекреациялық қызметті ұйымдастыруға және қызмет көрсетуге араласқан адамдар да рекреациялық ресурстің бір бөлігі болып саналады. Туристік бизнестің қарқында дамуы инфрақұрылымның дамуын қажет етеді. Инфрақұрылым дамымай жоғарғы белсенді табиғи және мәдени кешендердің өзін кең көлемде тұтынушылармен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Рекреациялық ресурстарда  басқа ресурстар сияқты шексіз емес. Оларда да  қолдану уақыты, эксплутация  жағдайы, бағасы және  белгілі бір  көлемі болады.

Туристік қызмет үрдісінде  міндетті түрде қоршаған ортаның  өзгеруі жүреді. Туризмнің қоршаған ортаға әсері тура, қосымша, қозғаушы, сонымен қатар оң және кері әсері болуы мүмкін. Туризмнің кері әсері қолданылған территорияның ластануынан, табиғи үрдістердің кейбір қолайсыз жағдайларының артуынан, орманды аудандарда өрттің жиілеуінен, топырақтың тығыздалуы мен өсімдіктердің тапталуынан, жекелеген жануарлар түрінің жойылуы немесе олардың тіршілік етуіне қажетті экологиялық жағдайдың бұзылуынан көруге болады.

Рекреация (латынның recreatіo – қалпына келтіру) – еңбек етіп шаршағаннан кейін тынығу арқылы адамның күш қуатын қалпына келтіру. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер шоғырланған жерлер - Рекреациялық  аудандар деп аталады.

 

Рекреациялық география – жаңа әлеуметтік географиялық ғылым

 

Рекреациялық  іс-әрекет қазіргі кездің әлеуметтік-экономикалық негізгі факторларының біріне айналады. Біздің көз алдымызда белгілі бір ресурстардың жиынтығына сүйенетін, өзінің кадрлары бар, басқа салалармен байланысы бар және белгілі әлеуметтік экономикалық эффект беретін халық шаруашылығының жаңа саласының қалыптасу үрдісі жүріп жатыр.

Рекреациялық іс-әрекеттің  қарқынмен дамуы және үлкен проблемалардың қиындығы өзіне білімнің әр саласындағы  ғалымдарды, сонымен бірге географтарды өзіне тартады. Қандай рекреациялық  жүйеде болмасын қарым-қатынасқа: демалушылар  тобы, табиғи кешендер, техникалық инфраструктура, қызмет көрсету сферасы, еңбек ресурсы, орналастыру жүйесі кіретіндіктен рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді болып табылады.

 Рекреациялық география  пәні материалдар жинауда физикалық  география, экономикалық география, халықтар географиясы, медициналық география және елтану пәндерімен тығыз байланысты.

Рекреациялық географияның қалыптасуына алғашқы үлкен қадамды  В.С.Преображенский жасаған. Халық шаруашылығында рекреациялық жүйе қоғамдық қажетті  рекреациялық функция болып табылады. Рекреациялық жүйеге материалдық өндірістік жүйе (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, аграрлы-өнеркәсіптік, транспорттық) және өндірістік емес сферасының жүйесі кіреді. Рекреациялық географияны оқыту пәні территориялық рекреациялық жүйені оқу болып табылады. Территориялық рекреациялық жүйе - әлеуметтік географиялық жүйе болып табылады. Ол басқа да өзара байланысқан жүйелерден тұрады: табиғи және мәдени кешендер, инженерлік құрылыстар, қызмет көрсетушілер тобы, басқару органы және демалушылар.

«Табиғи және мәдени» кешенің жүйесі ресурстар және рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру талабы болып табылады. Табиғи және мәдени кешендер белгілі бір  сыйымдылығымен, тұрақтылы толық жабдықталғанымен, әртүрлілігімен және тартымдылығымен ерекшеленеді.

“Инженерлік құрылыстар”  жүйесі бір жағынан демалушылардың және қызмет көрсетуші қызметкерлердің  күнделікті өмір іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді, ал 2-ші жағынан демалушылардың ерекше рекреациялық қажеттіліктерін  қанағаттандыру.

“Қызмет көрсетуші” жүйесінің функциясы көбінесе демалушыларға қызмет көрсетуге бағытталған.

“Демалушылар” жүйесі басқа  жүйелерге деген та-лаптарды анықтайды, ол әлеуметтік, жас, ұлттық, региондық  және жеке демалушылардың ерекшелігіне байланысты.

1.Рекреациялық география  мынадай заңдылықтарды көрсетеді: қалыптасу динамикасы, дамуды, әр түрлілікті, территориялық рекреациялық жүйенің (Т.Р.Ж) таралуын, олардың морфологиялық құрылымын, территориялық  дифференциясы және интеграция, ішкі байланыстарды, Т.Р.Ж-ң  бүтіндігін көрсететін,  Т.Р.Ж-ң арасындағы байланыстарын, Т.Р.Ж-ң басқа географиялық жүйелермен байланысын, өзіндік және бағытталған мақсатының жұмысын болжайды, танымдық тәсілдер жүйесін жасайды.

Рекреациялық география  қоғамдық, арнайы географиялық ғылымдармен  бірге мәдениет гоеграфиясы, білім беру, денсаулық сақтау және басқа ғылымдарға жатады. Онда объектінің мақсаттық функциясын және оқу пәні әлеуметтік болып анықталуы мүмкін.

Реакциялық  географияның негізгі түсініктері

 

Реакциялық географияның негізгі түсініктеріне бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм деген түсініктер кіреді. Бос уақыт - рекреациялық үрдістің дамуына қажетті жағдай. Бос уақыт - динамикалық категория, ол белгілі бір дәуірдің, кластың,  әлеуметтік топтың шегін көрсетеді, ол көлемі және мазмұны жағынан да өзгеріп отырады. Бос уақыт жұмыс уақытынан басқа уақыттың бір бөлігі болып табылады. Жұмыс уақытынан басқа уақытты әр түрлі 4 функционалдық топтан тұрады: 1) жұмыс орнына бару уақыты; 2) эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты (ұйықтау, тамақтану, жеке бастың гигиенасы); 3) үй еңбегі және тұрмыстық қажеттіліктер уақыты; 4) бос уақыт болып табылатын физикалық, интеллектуалдық даму уақыты. Бос уақыт 2 бөліктен тұрады: 1) демалу уақыты; 2) жоғары іс-әрекет уақыты.

Демалыс адамның жұмыс, нервтік және психологиялық, қабілеттілігін қалпына келтіреді, ал физикалық еңбектегі адамдардың физикалық  шаршағанын түсіреді.

Адамның іс-әрекеті демалыс  уақытында былай   классификациялануы мүмкін:

1) белгілі физикалық  салмақпен байланысты іс-әрекет (спортпен айналысу, қыдыру);

2) қызығушылықпен айналысуы  – аң аулау, балық аулау,  жидек және саңырауқұлақ жинау,  коллекция жинау және т.б.

3) өнер әлеміне араласу  (театрларға, концерттік залдарға, көркем  суреттік галереяларға, т.б. бару).

4) жоғары мәдениетті  іс-әрекет (өздігінен білім алу, әдебиеттер, газет-журнал оқу);

5) өз қалауынша және  қызығушылық бойынша қарым-қатынас;

6) белсенді (ойындар, би) немесе белсенді емес (кө-рікті  жерлерге бару) көңіл көтеру;

7) қанғаттану үшін  демалыс жасау.

“Рекреация” демалу, көңіл көтеру, спортпен айналысу жиынтығын көрсетеді: recreatіo (лат) - қалпына келтіру, recreatіon (франц) – көңіл көтеру, демалу, іс-әрекеттің өзгеруі.

Рекреация – бұл адамдардың өз бос уақыттарын арнайы тұрғылықсыз  территорияларда сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеру әрекеттер үрдісінде қолданылатын көрініс және ара қатынастар жиынтығы. Рекреацияны ұзақтығына қарай қысқа уақытты жерге демалуға оралу және ұзақ уақытты демалуға тұрғылықсыз жерге оралу. Территориялық қысқа уақытты рекреация қала шетіндегі аймаққа 1-2 сағаттық жаяу немесе транспортпен жүруге шектеледі, ол ұзақ рекреация жасағанда территориясы шектелмейді.

Ұзақ рекреация сыйымдылығы  жағынан туризм түсінігіне сәйкес келеді.

Туризм - бұл адамдардың саяхат және тұрғылықсыз жеріне бару процесінде пайда болатын қатынастар мен көріністердің жиынтығы. Бұдан халықаралық туризм шығады. Ол Римде 1963 ж. Б.Ұ.Ұ-ң халықаралық туризм және саяхат конференциясында тұжырымдалып және Дүниежүзілік туристік ұйым деп танылады. (Д.Т.Ұ)

Халықаралық турист деп - өзінің тұрғылықты жері болып саналмайтын, елде 24 сағат және оданда көп болған  тұлғаны айтады. Турист деп  сонымен қатар шет мемлекетте жүрген студенттер мен оқушылар да саналады.

Туристердің мынадай  топтары анықталған:

а) көңіл көтеру, жанұя жағдайына байланысты және курорттық емделуге, т.б. баратын тұлғалар;

б) конференцияға (ғылыми, әкімшілік, спорттық және т.б.) баратын  тұлғалар;

в) уақыты 24 сағат толмаса  да теңізбен саяхат жасайтын тұлғалар.

Турист деп саналмайтындар:

а) мемлекетке келісім шарт немесе келісім шартсыз жұмыс іздеп келген тұлғалар;

б) тұру үшін келген тұлғалар

в) шекаралық аймақта  тұрып, келесі жаққа жұмысқа баратын  адамдар.

Бір жерге баратын  немесе тұрған аймаққа барып, бірақ  түнеуге қалмайтын тұлғаларды – экскурсанттар деп атайды.

Рекреациялық  потенциал рекреацияның дамуы үшін қажетті жағдай болып табылады. Ол әр түрлі маштабта бағаланады: әлемдік, елдік, аудандық деңгейде және т.б.

Рекреациялық потенциал  былай түсіндіріледі: яғни, белгілі  территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін қажетті табиғи, мәдени - тарихи жерлерді” жиынтығы болып табылады.

Рекреациялық потенциал  құрайтын негізгі бөлігі – рекреациялық ресурстар.

 

Рекреациялық  географияның зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы

 

Рекреациялық геогафияның  жалпы методологиялық негізі диалектикалық  көзқарас болып саналады.  Ол әлеуметтік-экономикалық формацияның негізін, оның негізігі даму заңдылықтарын, қоғамдық ұдайы  өндіс үрдісіндегі табиғат пен  қоғамның өзара әсерін, әртүрі қоғамдық және табиғи құбылыстардың өзара байланыстарын ғылыми негізде  түсіну тұрғысынан ашады. Сонымен қатар географиялық, тарихи, салыстырмалы, картографиялық, аналитико-статистикалық, экспедициялық зерттеулер, математикалық әдістер де кеңінен қолданылады.

Информация о работе Рекреациялық география