Физикалық география

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 21:02, реферат

Краткое описание

Физикалық география – қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейтін, оны іс жүзінде пайдалану жолдарын көрсететін ғылым. Ол – қазіргі жаһандық деңгейде көтеріліп отырған “Жаратылыстану” білімінің негізін салушы. Табиғат – Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандырушы болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі – қоршаған ортаны құрайтын, бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын табиғат болмысы. Оларды зерттейтін ғылым – география. Табиғатты тану – қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты игеруі де біртіндеп күрделене түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 31.18 Кб (Скачать документ)

 

Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Капшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарының егілуі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқтырды. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай елінің алып қоюы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы әбден мүмкін. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына көп қолайсыздық туғызуда.

 

Әлемде климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды. 1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 500-ге жуық ядролық сынақ жарылыстары жасалды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйеге айналдырды. Одан миллиондаған адам тұратын елді мекендер әлі зардап шегіп отыр. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққаны анықталған.

 

Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасы қолдап отырған экологиялық білім беру ісін жүйелі түрде іске асыру қажет. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді жоғары деңгейге көтеру парыз.

 

Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар ғылымда жоқ емес. Оларды пайдалану табиғатты сақтауда, шығынды азайтуда едәуір көмектесе алар еді. Кез келген құрылысын, шаруашылық нысандарын, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардың экологиялық шығынының бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет. Бұл ретте олардың жергілікті тұрғындардың денсаулығына  тигізетін зардабы басты назарда болуы тиіс.

 

Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған экологиялық проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген. Қарағандыдағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы т.б. қалалардағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел. Бұл – өндіріс орындарының топырақты, ауаны ластауын болдырмау үшін жергілікті жер ерекшеліктерін ескермегендіктен туындаған мәселе. Бұл орайда атом стансаларын жобалау кезінде адамдардың қауіпсіздік жағын қорғау жан-жақты есептелуге тиіс.

 

Шаруашылыққа байланысты болжаулардың қажеттілігі ірі су алаптарының (Арал теңізі, Балқаш көлі) тартылуы, климаттың өзгеруі, техникалық фактор негізінде топырақ, жер беті қабаттарының бүлініп бұзылуы, биік таулардағы (Іле, Жоңғар Алатаулары) мұздақтармен байланысты жағдайлар, апатты құбылыстар, мемлекетаралық өзендерді (Ертіс, Іле) пайдалану жағдайы әлемдік мәселелерді шешуде өзек болып тартылуы тиіс. Мемлекетаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша түрлі ұсыныстар мен болжаулар халықаралық, мемлекетаралық деңгейде есептеліп, ескерілуі қажет.

 

Шаруашылық әрекеттердің қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын-ала жасалатын болжамдар жан-жақты ғылыми тұжырымдар негізінде жасалуы тиіс. Экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты адамға тиетін зиянды әсерді және одан айықтыру мәселелерін қадағалауда жатыр.

 

Қазақстанда экологиялық білім беруге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Даму стратегиясы негізінде айрықша назар аударылуы тиіс. Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша менің басшылығыммен “Мектептерде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру” (1991), “Қазақстанда эколог мамандар дайындау тұжырымдамасы” (1995), “Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) сияқты бірсыпыра құжаттар дайындалды. Алматы, Орал, Семей, Петропавл қалаларында “Эко­логиялық білім беруді жақсарту жолдары” атты ғылыми-практикалық конферен­­циялар өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде елімізде бірінші рет география-экология факультеті ашылып, онда “география-экология”, “география-туризм”, “халықаралық туризм” мамандықтары бойынша кадр тәрбиелеу ісі қолға алынды. Бұл бастама республиканың басқа да оқу орындары тарапынан қолдау тапты.                    Бұл осы саладағы мемлекеттік сұранысқа алғашқы жауап болып отыр. Республика бойынша жоғары, арнайы және жалпы білім беретін оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-әдістемелік бірлестігі мен үйлестіру орталығы – “Ландшафтар экологиясы және табиғат қорғау” зертханасы осы оқу орнында ашылды.

 

Университетімізде барлық мамандықтар бойынша “Экология”, “Қазіргі экологиялық жағдайлар”, “Экологиялық білім мен тәрбие беру” сияқты арнаулы курстар оқытылады. Факультет ұжымының ғалым-ұстаздары ТМД елдерінің экология және табиғат қорғау ұйымдарымен, республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, ли­цей, колледж және жалпы білім беретін мектептермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Зерттеу тақырыптарының ішінде “Үздіксіз экологиялық білім берудің теориялық негіздері”, “Экологиялық білім мен тәрбие беруді жақсарту жолдары”, “Техникалық лас суларды тазалаудың микробиологиялық жолдары”, “Алматы облы­сының ландшафтық-экологиялық картасы” сияқты маңызды тақырыптар бар.

 

Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекттік деңгейге көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.

 

Экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыра аламыз. Сол арқылы еліміз халық шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге көмектесеміз. Экологиялық және табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестілігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету, тағы басқалар осы саладағы негізгі міндеттер қатарына жатады.

 

Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралған. Одан соң ол Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Ол бағыттар: биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңда (1997), Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында (1997), Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында (1998), Экологиялық білім бағдарламасында (1999) қарастырылған.

 

Экологиялық білім мен тәрбие беру ісі оқу орындарында білім деңгейіне қарай жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар мен бастауыш мектептерде ол қоршаған ортамен таныстыру, адам мен табиғаттың бірлігі мен өз үйіндегі, ауласындағы табиғат бөлшектеріне (егілген ағаш, қораға өскен шөп, бау-бақша) қамқорлық жасау қажеттігін ұғындыру арқылы өтеді.                    Содан біртіндеп табиғаттың сыртқы көріністеріне қарай ауысады. Мұның өзі, белгілі дәрежеде, бала бойына саламатты өмір салтын орнықтыруға көмектеседі. Бұл саладағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық дүниелер, ойындар, т.б.

 

Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарындағы экологиялық білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене дамытылады. Бұл кезеңде компьютерлік моделдерді қолдану да тиімді. Экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғау сезімі мен жауапкершілікке баулу, экологиялық білім жетістіктерінен хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу, негізінен, мектеп қабырғасында жүзеге асады. Оларда оқытудың, үйретудің әдіс-тәсілдері де әрқилы болмақ (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, пікір сайыс, КВН, викторина, т.б.). Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның зардаптарын талдау, табиғаттағы өзгерістерді салыстыру ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы элементтері есебінде баланың ізденуіне жол ашады. Сонымен бірге оқушыларға білім беретін факторлардың ғылымилығын, табиғат компоненттерінің (ауа, су, топырақ, өсімдік, жан-жануарлар, т.б.) өзара байланысын, табиғаттағы тепе-теңдікті, балаларды табиғатты сүюге, оған қызығуға баулуды, экологиялық білім беретін пәндердің (гео­графия, биология, химия, математика, физика, әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) үйлесімділігін, көрнекілік ұстанымдарын іске асыру да түпкі мақсатқа жетудің айла-амалдары есебінде қолданылады.

 

Білім жүйесін оңтайландыру жағдайында экологиялық білім берудің ең ұтымды және экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру – қазіргі мектеп алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Экология пәнін барлық сыныпта өту мүмкін емес. Біз жинақтаған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру, пәндерді экологияландыру, факультативтік сабақ­тар өту, содан кейін барып жоғары сыныптардың бірінде (9 сынып) пән ретінде оқыту тиімді екенін дәлелдеп отыр. Пәндерді экологияландыру жаңа буын оқулықтарға негізгі мақсат болып қойылады. Экологияға жақын пәндер оқулықтарында экологиялық материалдар берілмек. Бұл салада пәндерді эко­логияландыру арқылы экологиялық проблемаларды түсіндіруді үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім беретін курсты қалыптастыру міндеті қойылады. Қазіргі кезде осы екі бағыттың іске асуында елеулі қиындықтар кездесіп отыр. Оған пәндерді экологияландыруға белгілі бір пән мұғалімінің білімінің жетімсіздігі, ал пән ретінде экологияны оқытатын мамандардың жетіспеушілігі себеп. Сондықтан, бұл жүйеде жұмыс істейтін ұстаздарға экология ғылымының теориялық негіздерін оқып-үйрену, пәндер (география, химия, биология т.б.) негізінде экологиялық проблемаларды интеграциялау, биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастығын, оның антропогендік әсерлердің әрекетімен болатын өзгерісін өзара байланыстыра қарап оқыту міндеттері жүктеледі. Жаратылыстану пәндері балаларға экологиялық білім берудің негізгі саласы болуға тиіс. Экологияны факультативтік курстар арқылы оқыту, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, экологиялық сабақтарды табиғат аясында өткізу жобалары Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында (2002) толық айтылған.

 

Кәсіптік білім беретін арнайы оқу орындары мен жоғары мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің де өз жүйесі бар. Бұл саладағы ең маңызды мәселе – экология пәнінің мұғалімдерін, табиғат қорғау мамандарын дайындау. Оларға қойылатын талап үлкен. Олар әлеуметтану мен адам экологиясының негіздерін, қоршаған ортаның проблемаларын меңгеріп, негізгі экологиялық көрсеткіштерді өздігінен анықтай алатын маман болуға тиіс. Бұл жағдайлар Қазақстанның физикалық географиясы, қоршаған ортаны сақтау, экология проблемаларының өзара байланыстылығын, оларды жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды да қауымдаса  іске асыру қажеттігін бай­қатады. Бұл проблемалардың қайсысына болса да ғылыми көзқарас, негіз керек.


Информация о работе Физикалық география