Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 10:22, дипломная работа

Краткое описание

Негізгі қорғалатын қағидалар: Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық – географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.
Физикалық – географиялық факторларды жүйелі түрде талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық – механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЗ.ГЕО.Дайын.doc

— 686.50 Кб (Скачать документ)

   Опырмалар мен сырғымалар қаупінің белгілері:

1. Топырақтың шамадан тыс ылғалдануына әкелетін қалың жаңбыр жаууы, қар жамылғысының жедел еруі.

2. Бұрын түскен сырғыма іздері бар, бетінде жарықтары көрініп жатқан борпылдақ жыныс басқан тік тау беткейлері.

3. Сынық материалдар, жарықтар, жел соғуына ұшыраған тау жьныстары бар тік жартасты беткейлер.

Опырмалар мен  сырғымалар ауданында болғандағы қауіпсіздік  шаралары:

4. Таудағы жағдай туралы бұкаралық ақпарат құралдарының хабарларын ұдайы қадағалаңыз.

5. Бүліну, жарылу белгілері бар тік жартастар мен тік тау беткейлеріне жақын жерге тоқтамаңыз.

6. Сырғыма мен опырма жасаған жарлардың шетіне жақындамаңыз.

     Қауіпті  учаскеден бір-бірден, жылдам және  шусыз өтіңіз.

Тас жауған кезде  қабырғаға жабыса қалыңыз 

                         

 

                                               Қорытынды

 

      Арнайы қор көздерінен алынған және тиісті нұсқауларға сәйкес жүргізілген дала зерттеулерінің, гидрологиялық сипаттамалардың нәтижелері бойынша жасалған талдаулар негізінде және таулардың генетикалық түрлері мен олардың геологиялық құрылымымен, геоморфологиялық және гидрогеологиялық шарттармен, геологиялық дамудың тектоникасы және тарихымен байланысын анықтауға мүмкіндік туғызды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде төмендегідей қорытынды айтуға болады.

1. Қазақстанның  таулы аймағындағы қауіпті табиғи  құбылыстар болатын негізгі тауларға Алтай, Жоңғар Алатауы, Сауыр Тарбағатай және Тянь-Шань таулары жатады.

2. Таулы аймақтардағы  барлық процестер мен құбылыстардың  ішінде ең көп кездесетіні  сел тасқыны және қар көшкіні  болып табылады, бұл негізінен  Тянь-Шань, Жоңғар Алатауында жиі байқалады.

3. Тау жыныстары  белгілі бір мөлшерде жарылыстар  мен мүжілу процестеріне төтеп  бере алмағандықтан өзара қатаң  байланысты жоғалтады. Көптеген  күшті сел ошақтары мен жер  көшінділер, сырғымалар мен опырмалар  осындай тектоникалық бүлінушілерге байланысты болады.

4. Таудан кейбір  опырмалар желдің мүжілу процесіне  төзімділігі нашар гранитті тау  сілімдеріне тән болады.

5. Өте жиі  және күшті жер сілкінулер  негізінен жер шарының "жас"  биік таулы аймақтарында болады.

6. Сел тасқыны  мен көшкіндердің пайда болуы тік жарқабақты тау бедерінің борпылдақ тау жыныстары мен ылғалдану көздерінің бар екендігіне байланысты ылғалдану көздері болып табылатын жер асты және жер бетіндегі сулар мен атмосфералық ылғал саналады. Сондықтан мұндай құбылыстардың болу мүмкіндігі мен жиілігі метеорологиялық жолмен анықталады. Өйткені тау бедері мен борпылдақ тау жыныстары барлық уақытта болады.

7. Халық шаруашылығының  көптеген нысандары (объектілері)  табиғи процестер кезінде түрлі  әсерлерге ұшырайды. Сондықтан зерттеу  жүргізілген аумақта бұл процестер әр түрлі геологиялық-географиялық зоналарда жан-жақты тексерілуі тиіс.

8. Қауіпті табиғи  процестер болатын жерлерде тиісті  бұрғылау және геофизикалық зерттеу  жұмыстарын ескере отырып, анғұрлым  ірі масштабта арнайы инженерлік-геологиялық өлшеулер жүргізілуі тиіс.

9. Қар көшкіні  туралы айтсақ, негізінен қар  көшкіні Іле Алатауында жиі  кездеседі. Оңтүстік Қазақстан  облысына келер болсақ негізінен  Талас, Өгем жоталарының орта  және биік тұстары қар көшкіні  қауіпті аймақ болып саналады. Қаратау тауында қар көшкіні айтарлықтай емес. Леонтьевна-Байжансай және Байжансай кеніші автомобиль жолдарын есептемегенде жазықта орналасқан халық шаруашылығы нысандары үшін қауіптілігі аз.

        Келешекте қар көшкіні қауіпті аймақтарының бақылау және Байжансай кенішіндегі алдын алу қызметтерін, сондай-ақ облыс аумағында көшкін әрекеттерін зерттеуді күшейтуді ұйымдастыру қарастырылуда.

       Қазақстанның таулы аймақтарындағы қауіпті табиғи процестердің болу жағдайын анықтау бойынша Қазақстанның таулы аймақтарын үйлестіре отырып және осы негізде аймақтық жоспардағы қорғау сияқты табиғи процестер әрекетіне тап болған нақтылы объектілерді қорғауды іске асыру мәселелері қаралды. Осы жоспар негізінде табиғи процестердің қалыптасу негізі, олардан қорғану және алдын алу сияқты мәселелер қаралды. Сонымен қатар болашақтағы алдын алу, зерттеу мәселесі туралы мәліметтер жүзеге асырылды.

     Қорытындылай келсек, Қазақстанның таулы аймақтарындағы қауіпті табиғи процестерді болдырмау, алдын алу шаралары алі де болса өз жұмысын жақсы атқара алмауда. Бірақ, соңғы кездері экологияға қатысты біраз мәселелер өз шешімін табуда. Экологияны айтқан себебім табиғаттың тосын әрекеті осы экологияға тікелей әсері бар. Өркендеу жолына түскен Қазақстан елінде бұл өз шешімін табады деген сенімдемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

 

Қалиев М., Бейсенова  Ә.   Қазақстанның физикалық географиясы.

     Алматы 1997 – 63 б.

Өтемағанбетов М.   Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы 1967

     102б.

3.  Қожаназарова     Сауыр – Тарбағатай. География  және табиғат.  2008   №1 

4.  Алиев Д.      Физическая география Казакстана.  Алматы. 1998 – 128с.

5. Мариковский  П. И.  В горах Тянь – Шаня. Алматы 1981.

6. Қазақстан  Ұлттық Энциклопедиясы І – IV томдар. Алматы  1998.

7. Гуриков Е.    “Іле Алатауы”.  Алматы 1981

8. Медеу А.     Сел қатерінен сақтандырудағы  маркетингтік зерттеулер.

    География  және табиғат.2006 №3 7б.

9. Тасболат Б., Асқарова М.  Селдік ағындардың  экожүйенің абиотикалық 

    құрлымдарына әсері. География және табиғат. 2006 №1 25б.

10. Ботбаев А.  Сел қауіп қатерінен сақтандыру  нарығын квалиметрлік 

      бағалау.   География және табиғат  2006  №5  10б.

11. Апат айтып  келмейді.  Оңтүстік Қазақстан.  2008 ж  26ақпан  4б. ОҚО

      төтенше жағдайлар департаменті.

12. Арпабеков  С.    Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы 2004 – 61б.

13. Пулатова  С.    Жер сілкінісін болжау.   География және табиғат.  2005 №5 

      26б.

14. Бейсенова  Ә.     Физика – географическая  исследование Казакстана.  1982

      – 124б.

15. Власова Т.     Материктердің физикалық географиясы.  І – том. Алматы

      1984 – 250б.

16. Құсайынов  С.      Жалпы геоморфология.  Алматы.  2006 - 27б.

17. Бейсенова   Ә.     Қазақстанның  географиялық  атласы.     Алматы. 2003 –

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Сурет 1. Алтай тауы

 

 

 

       Сурет 2. Елді мекенді су басу

 

 

 

 

       Сурет 3. Монтайтаста су басқан  үйлер

 

 

 

 

 

 

      Сурет 4. Қар көшкіні

 

 

 

       Сурет 5. Жер сілкінісі болып  өткеннен кейінгі қалған үйлер

 

 

 

      Сурет 6. Тау сырғымалары


 



Информация о работе Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері