Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 10:22, дипломная работа

Краткое описание

Негізгі қорғалатын қағидалар: Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық – географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.
Физикалық – географиялық факторларды жүйелі түрде талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық – механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЗ.ГЕО.Дайын.doc

— 686.50 Кб (Скачать документ)

метеорологиялық   (ауа-райына   тән)   құбылыстар-дауылдар. 
борандар, құйындар;

       -гидрологиялық құбылыстар - топан су басуы, цунами, өзендердегі мұздың  кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;

- табиғи өрттер - орман, дала, шым тезек өрттері;

- жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап 
жайылуы) - эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар.

3ілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын       табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауырпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

      Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісіні, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.

 Каспий  теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

      Жер сілкінісі кенеттен пайда  болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері - дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері болып тұрады.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі ете жойқын болып келеді.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды [14]. 

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын  апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені  Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% - ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.

Жер сілкінісі  қауіпі бар аймақтарда ірі қалалар  мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан.   Тұрғын  үй  алқабының  бұзылуымен тізбеленген объектілерді кейбіреуінің бұзылуы, майтын экологиялық өзгеріске алып келуі Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті. (Сурет 5)

Жер сілкінісі  кезіндегі қондырғы зақымдалуынан  шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.

Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны  және  т.б.   шаруашылыққа  қосымша  залал әкеледі.

Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдың уақытша  тоқтауы, еңбек тарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлауына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады.

Жер сілкінісі  салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады.

Жер сілкінісінің күші екі жағынан сипатталады, 7-суретте  берілгендей оның бірі балмен (бұзылу мөлшері), екіншісі магнитудамен (босаған энергия). Жер сілкінісінің жер бетіне көрініс беру күші және алатын аймағы бірнеше себептерге байланысты: жер сілкіну ошағына, оның тереңдігіне, тау жыныстарының түрлеріне, т.б. Жер бетіндегі сілкінулердің шамасын анықтау үшін ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап арнайы бағаналар пайдаланады. Олардың арасындағы ең белгілісі – он екі балдық Меркали-Канкали шкаласы. Бұл шкаланың қазіргі халықаралық нұсқасы – MSK -64 (Медведев-Шпонхойер-Карник). Осы бағана бойынша бір балдан он екі балға дейін жер сілкінісінің күші өлшенеді. Жер сілкінісінің күшінің өсуінен балл да өседі.

 

Сурет 7.  Жер  сілкіну ошағының схемасы

 

Статистикалық мәліметтерге қарағанда жер бетінде орта есеппен жылына 9 балдық  10 – 15 жер сілкінісі; 8 балдық – 50 – 100; 7 балдық – 300 -500 – ге тарта жер сілкіністері болып тұрады. Күшті және жойқын жер сілкіністерінің қаншалықты алапат апат екендігі туралы тарихи деректерге жүгінсек, 1556 жылы  23 қаңтардағы Қытайдың Шанси провинциясында болған жер сілкінісінің нәтежесінде  830 мың адам қаза болған. Бұл сілікіністің магнитудасы белгісіз. ХVІІІ ғ. бастап қоғамның өзгеруіне байланысты ғылым да дами бастайды. Соның салдарынан сол кезден бастап жер сілкінісінің магнитудасын өлшеуге мүмкіндік болды. Соңғы кезде ең үлкен жойқын жер сілкінісі 2004 жылдың 26 – желтоқсанда Үнді мұхитінда Суматра аралына жақын жерде (Оңтүстік, Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінде ) болған жер сілкінісінің нәтежесінде пайда болған цунаминінің салдарынан 300 мыңнан адам қаза тапты. 

           Қазақстан таулары негізінен жас таулар қатарында болғандықтан мұнда жер сілкіністері жиі болып тұрады. Қазақстан халқының 40 пайызы осы таулы аймақтарда тұрады. Осы аймақтардағы жер сілкіністерді болжау, алдын алу негізгі мәселе болып табылады [15].

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісі  салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту  бойынша жұмыстар жер сілкінісі  қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс  пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады.

 

                               2.4 Жер көшкіні, сырғымалар мен опырмалар

 

       Гравитация күшінің әсерінен тепе-теңдікті сақтай алмай тау жыныстар массалары баурайдан төмен қарай сырғып барып орын ауыстыруы, шөккіндер деп аталады. Бұл құбылыстардың бірнеше себептері болады. Көбіне ол табиғи немесе антропогенді себептері. Табиғи жолда шөккіндер баурайдың етек жағын су орып кетудің салдарынан құламаның тіп-тік жарға айналуынан, жауын-шашын және жер асты суымен аса ылғалдану себебінен жыныстардың босап кетуінен, жер сілкіністер дүмпулердің - әсерінен орын алады. Антропогенді (адамдардың шаруашылығына байланысты ) себептерге баурайдағы баулар мен бақшаларды аса көп суару, жолдар жасағанда геологиялык жағдайларын есепке алмай топырақты алу, тағы басқа құрылыс және шаруашылық жұмыстарын жүргізуі жатады. (Сурет 6).

         Көбіне шөккіндер көктем немесе жаз мерзімдерінде баурайдың ең кіші 20°-тан көп, және жоғарыда айтылған себептері жеткілікті болса кездеседі. Шеккіндердің артуына баурайды құраған материалдар (мысалы, құрамы құм-қиыршық тасты болса) немесе сол бағытты жарықтар кесіп етсе косымша себепкер болады.

      Тау жыныстардың сырғуы баяу да болуы мүмкін, жылына бірнеше    сантиметр    шамасында.    Аса    ылғалданған    балшықты  жыныстардың шөккіні, тас, қар және басқа қатты материалдармен араласып жылжығанда, ол ірі апатқа,адам құрбандарына әкеліп соғуы әбден ықтимал. Өйткені дәл осындай жағдайда шөккіннің жылдамдығы  өте биік, іс лезде өтеді. Ірі шөккіндер әдетте табиғи себептерден болып баурайларда жүздеген метрге созылады, олардың қалыңдығы 10-20 метрге барады. Кейде шөккінге ұшыраған материал біртұтастығын сақтап жеке біртұтас дене сияқты қозғалады. Сырғыған жыныстардын көлемі миллион, керек болса миллиард текше метрді құрайды [16].

         Әрине, шөккіндер құбылыстары осындай салмақтары мен жылдамдылығы арқылы адам өміріне, оның шаруашылығына қауіп төндіреді. Олар байланыс желілерін, туннелдерді, құбырларды, су қойма бөгеттерді бұзып, ауыл шаруашылық алқаптарды, елді мекендерді жойып жібереді, ал кейде тау суларына бөгет болып тау көлдің пайда болуына әкеледі. Бұндай көлдер қашанда болса қауіпті, өйткені су жиналу барысында талай жерді басып кетеді, сондай-ақ көл толысып ақыры бөгетті бұзады да орасан күрделі топан суына айналады. Памир тауларында 1911 жылы күшті жер сілкініс үлкен шөккінді қоздырды, 2,5 млрд.м3 болпыр материал Мургаб өзенді тасалады да ұзындығы 54 км, тереңдігі 300 м шамалас көлді түзді. Көл астында Усай, Сараз деген кишлактар мәңгі қалды.

         Әрине, кенеттен басталатын шөккіндер аса қауіпті. Кейде жылжи бастаған шөккіндердің алғашқы белгілері көзге көрінеді - жердің бет жағында сызаттар пайда болуы, жол үстінің және жағалаудағы бекіністердің жарылуы,  ағаштардың, телеграф бағаналарының қопарылуы, Жалпы, шөккіндер туралы мәліметтерді жинау олардың алдын алу үшін өте маңызды. Шөккіндерді айыра білсек олар ескі және осы заманғы, кіші-гірім дөңесті және ірі дөңесті, жыныстар блогы сырғанақтың үстімен жылжып шөгетін және опырылып құлайтын, тағы да басқа түрлеріне бөлінеді. Жасанды топырақ құрылыстарындағы шөккіндерді - темір жолдағы үйінділерді, террикондар (кеннен әбден тазартылған жыныстар үйіндісі) мен тау жыныстарының үйінділерін-жеке топқа жатқызуға болады.

     Сырғыма - салмақтың күшімен ылғалды топырақ массаларының беткейден сырғанап түсуі.

     Опырма - тау жыныстары мен жекелеген шойтастардың жартасты және біршама құрғақ борпылдық тік беткейлерден құлауы.

     Сырғымалар мен опырмалар іс жүзінде Қазақстанның барлық дерлік таулы аудандарында таралған. Олардың пайда болуының айқындаушы факторы топырақтың жер беті және жер асты суларымен шамадан тыс ылғалдануы, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі. Неғұрлым ірі сырғымалар тектоникалық сынықтардан пайда болады. Осындай учаскелерде пайда болатын сырғымалар жиі жағдайда қуатты көлденең бөгендер жасап, ірі көлдерді бітеп, тау аңғарларын бөліп тастайды. Мұндай көлдерге Күнгей Алатаудағы Көлсай, Есік, Ілі Алатауындағы Үлкен Алматы және басқа көлдер жатады [17] .

     Соңғы жылдары Қазақстанның тауларында барған сайын өсіп отырған техногендік салмақтын салдарынан сырғыма кызметі жанданып отыр. Бұл негізінен саяжай учаскелерінің есебінен орын алуда. Тау беткейлерінің тағандарын кесіп жол салу, саяжай үйлерін салу, су өткізгіштер мен басқа да ғимараттар салу тау беткейлерінің табиғи геоморофологиялық тепе-тендігін бұзады. Жиі жағдайда беткейлердің топырақтары жер суарған сулармен шамадан тыс ылғалданады және мұнымен бір мезгілде топырақ-өсімдік жамылғысы тозады. Опырылмар - ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген  жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі — құлауы.

     Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көл-денең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

      Опырылмалар жылдың кез-келген уақытында, тіктігі   19   градусқа   жуық жарларда   болады. қопарылмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.

      Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы малар   қүбылыс   ерістеген техногендік   жүктемеге байланысты саяжай учаскілерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлеріыің табиғи геоморфоло-гиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суырмалы сумен ылғалданады. Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.


     Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ бұрандыларын жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет. Жиі жағдайда сырғымалар бұрын болмаған жерлерде пайда болады.

Информация о работе Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері