Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 10:22, дипломная работа

Краткое описание

Негізгі қорғалатын қағидалар: Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық – географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.
Физикалық – географиялық факторларды жүйелі түрде талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық – механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЗ.ГЕО.Дайын.doc

— 686.50 Кб (Скачать документ)

                                 1.3  Жоңғар Алатауы

 

      Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тау массивтерінің бірі — Жоңғар Алатауы. Ұзындығы 450 км, ені 100—250 км. Шығыс бөлігі Қытай жеріне өтеді. Көксу, Боротала (Бұратала) өзендерінің, аңғарлары тау жүйесін екі жотаға бөледі. Солтүстік Жоңғар жотасы доғаша иіліп, сыртын оңтүстікке береді, оның шығыс бөлігі биік және мұздықты келеді. Батысында аласарып шағын жоталарға тармақталып барып, Балқаш маңы кұмына тіреледі. Жотаның, солтүстік беткейі сатыланып, біртіндеп аласарып тау алды жазығына ұштасады. Мұнда көптеген шағын тау массивтері (Күнгей, Суықтау, Тастау, Шыбынды т. б.) жатыр. Бұлар өзара тау аралық ойыстармен бөлінген. Оңтүстік Жоңғар жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Бүкіл Жоңғар жүйесіндегі биік Бесбақан шыңы (4464 м) — Солтүстік Жоңғар жотасы құрамындағы Көкжота тауында. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінен Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, оңтүстік беткейден Көксу, Боротала (Бұратала), Қорғас, Үсек т. б. өзендердің аңғарлары басталады. Оңтүстік беткейіндегі өзендердің суы тапшы, тасқыны күшті, ал тау жыныстарының мүжілуі күшті. Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой және Итжон үстірттерін қамтиды, бұларды Іле өзенінің Су Электр Станциясы салынған Қапшағай тау шатқалы бөледі. Іле ойысының Қааақстан жеріндегі ұзындығы шамамен 250 км ені 120 км негізінен қалың борпылдақ шөгінділерге толған, сол жағалауында құмды, құм төбешікті рельеф қалыптасқан. Қапшағай бөгені құрылысының салынуына байланысты Іле аңғарының біраз бөлігі су астында қалды.                       

           Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысына келер болсақ Жоңғар Алатауы — Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бағыт бойында 450 километрге созылып жатыр, ені 100-250 км. Жоңғар Алатауы Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар тауларына бөлінеді [4].

Жоңғар  Алатауы палеозой эрасында пайда  болған гнейс, кристалды тақтатас, кұмтас, мәрмәр жыныстарынан, биік жерлері каледон граниттерінен түзілген. Кей жерлерінде карбон, перм дәуірі жыныстары мен кайнозой дәуірі шөгінділері де кездеседі. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары барланған.

      Жоңғар Алатауының климаты жота үстімен ететін полярлық, орта Азиядан келетін тропиктік ауа массаларының әсерімен қалыптасады. Таудың қысы жылы, жазы салқындау. Қаңтар айында ауаның орташа температурасы — 10°С, — 11°С, шілде айында температура +18°С, +22°С. Солтүстік-батысында жылына 600-800 мм, оңтүстік және шығыс бөлігінде 300-400 мм жауын-шашын түседі.

       Тауда биіктік белдеулік айқын байқалады. Жоңғар Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш Ш. Уәлиханов зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары барланған.

Жоңғар  Алатауы Алакөл қазаншұңқырынан  Іле – жақпарлы - қатпарлы таулы  аумағына дейін созылып жатыр. Тау  алды палеоген, неоген және төрттік шөгінділердің қалдық қабаттарынан құралған. Тау етегіндегі жазықтары мен тау беткейлерінде суармалы және тәлімі егіншілікке пайдаланылады.

 

                          1.4  Тянь-Шань таулар жүйесі

 

     Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары (Қазақстандағы ең биік Хантәңірі шыңы (6995 м) осында) жатыр. Бұл массив жоталары өте күрделі тілімделген және өтуге қиын. Хантәңірі шыңы бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы, ірі мұздықтар да осында шоғырланған.

Қазақстан жеріне Теріскей Алатау жотасының шығыс бөлігінің біраз сілемдері кіреді. Солтүстігін ала Текес және Кеген тау аралық ойысы жатыр, оны солтүстігінен Кетпен жотасы тұйықтаған, биік жері — 3600 м. Мұнда мұздық жоқ, тау бастары жатық, оңтүстік беткейі тік құлама, солтүстігі көлбеу. Көршілес Күнгей Алатау массивінің біраз бөлігінің терең тілімделген солтүстік беткейі Қазақстан территориясында. Тянь-Шаньның солтүстік бөлігіндегі биік тау жотасы — Іле Алатауы, ең биік жері — Талғар шыңы 4951 м. Жота батыстан шығыс бағытқа  50 км-ге созылады. Солтүстік етегінде республиканың ірі қаласы Алматы қаласы орналасқан. Жота шығысында орографиясы біртұтастығын жоғалтып, тау аралық Жалаңаш, Сөгеті ойыстары арқылы тармақталып кетеді. Солтүстік бөлігіндегі Қараш тауы Турген өзені сыртында Бақай және Сөгеті тауларына, одан әрі Бөгеті (Бұғыты) тауына жалғасады. Орта сілемі Сарытау, Торыайғыр жоталарынан, оңтүстігінде Далашық таулы үстіртінен құралған. Батысында Іле Алатауы аласа Кіндіктас тауына ұштасады да одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле сілемі бөлініп шығып, батысында Балқаш маңына дейін созылады. Іле Алатауының оңтүстік беткейі Шілік, Чоңкемин өзендерінің аңғарына тік құлама болып тіреледі. Жалпы Іле Алатауының беткейі терең шатқалдармен және каньондармен тілімделген. Мұнда сел тасқыны, тасты қар көшкіні сияқты құбылыстар жиі байқалады. Іле Алатауы — сейсмикалық өңір және мұнда ірі мұздану торабы (мұнда 393 мұздық, бұлардың жалпы ауданы 469,7 км2, мұзының көлемі 27,7 кмг) бар.

Қазақстан территориясына Қырғыз Алатауының батыс бөлігінің солтүстік беткейі және Талас Алатауының батыс беткейлерінің шеті кіреді. Одан әрі бұлардың солтүстік-батыс жалғасы ретінде Қаратау жотасы созылып жатыр. Бұлар онша биік таулар емес, бастары жайпақ, батыс беткейі көлбеу, шығысы құлама келеді [5].

Географиялық  орны, жер бедері, геологиялық құрылысы бойынша Тянь-Шань таулы өлкесі — Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі. Тянь-Шань деген сөзді Қытай тілінен аударғанда тәңір шыңы, аспан тау деген мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасу бағытына қарай:

Солтүстік Тянь-Шань,

Орталық Тянь-Шань,

Батыс Тянь-Шань,

Шығыс Тянь-Шань деп бөлінеді.

Солтүстік  Тянь-Шаньға  туысқан  қырғыз жеріндегі Ыстықкөлдің солтүстігіндегі тау жоталары, Шу — Іле таулары, Жоңғар, Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы, Тарбағатай-Сауыр жатады.

Орталық Тянь-Шаньға Қырғыз жотасы, Теріскей Алатауы, Кекшалтау, Ферғана жоталары жатады.

Батыс Тянь-Шаньға ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Өгем, Піскем, Сондалаш, Шатқал, Алай, Түркістан, Қаратау жоталары кіреді.

Шығыс Тянь-Шань ТМД елдерінен тыс жерлерде орналасқан. Тянь-Шань таулы өлкесінен Қазақстан жеріне Солтүстік Тянь-Шань түгелімен, Батыс Тянь-Шаньның көп бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның бір бөлігі кіреді. /20/

Тянь-Шаньның  тау жоталары ендік бағыт бойында орналасқан. Қазақ жеріндегі ең биік шыңы — Хан Тәңірі 6995 м. Тянь-Шань тауының геологиялық дамуын екі кезеңге (ежелгі жөне жас) бөлуге болады. Ежелгі даму кезеңі, яғни палеозой эрасы кезеңінде тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде сақталған.

Іле Алатауы  — Солтүстік Тянь-Шаньның қиыр солтүстігіндегі биік таулы жота. Ол шығыстан батысқа қарай ендік  бойында созылып жатыр. Ұзындығы 350 км, ені 30—40 км, ең биік жері — Талгар шыңы (4973 м). Кайнозой эрасының төрттік дәуірі кезінде пайда болған. Гранит, әктас, тақтатастан түзілген. Тау түзілу процесі әлі тоқталмаған жас тау. Жер сілкіну жиі болып тұрады. Биік шыңдарын мәңгі қар мен мұздык басқан. Іле Алатауының етегінде Алматы қаласы орналасқан. Дүние жүзіне белгілі Медеу мұз айдыны, Шымбулақ шаңғы базасы, көптеген санаторий, курорттар мен демалыс үйлері бар. Күнгей Алатауында әсем тау көлі — Көлсай көз тартады. Тау табиғатын қорғау мақсатында Алматы қорығы ұйымдастырылған.

Кетпен жотасы. Тянь-Шань таулы өлкесіне кіретін Кетпен жотасының батыс бөлігі ғана Қазақстан жеріне еніп жатыр. Жалпы ұзындығы 300 км, ең биік жері 3638 м.

Шу-Іле  тауы Іле Алатауының солтүстік-батыс бөлігіндегі жалғасы. Абсолюттік биіктігі 1800 метр келетін, экзогендік процестердің әсер етуінен мүжілген тау, шөгінді және магмалык тау жыныстарынан түзілген.

Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады. Жер бедері күшті тілімделінген. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік шыңы - Батыс Алемендин (4875м). Батыс Тянь-Шаньға ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді. Енді осы Батыс Тянь-Шаньның жоталарына жеке тоқталып, сипаттама берелік.

Талас Алатауы - Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Орташа биіктігі 4000м, (4488м, Қырғыз жерінде). Металломорфтанған тақтатас, құмтас, әктастан тұрады. Талас Алатауының Қазақстан жеріндегі басты сілемдері - Өгем, Майдантал, Алатау, Кіші Ақсу жоталары. Оңтүстік беткейі қатты тілімденген, терең шатқалды өзен аңғарлары көп. Олардан Ақсу, Жабағылы, Майдантал, Жосалы тағы басқа өзендер бастау алады. Батысында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Етегінде дала өсімдігі, бұталар, жеміс ағаштары, тау беткейінде шырша, самырсын, арша, одан жоғарыда субальпі, альпі шалғыны өседі.

Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында 420 км-ге созыла орналасқан. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында жатыр. Оңтүстік батыста Талас және Қырғыз жоталарынан басталып солтүстік-батыс бағытта аласарып, Сарысу өзені мен Шу жазығымен шектеседі. Қаратау, Шу-Талас және Сырдария өзен алыптарының су айрығы жотасы. Ең енді жота Боралдай жотасы 60-80км. Орташа биіктігі 1800м, ең биік жері - Бессаз (мың жылқы, 2176м) тауы Таукент кентіне жақын орналасқан. Қаратау - Кіші, Үлкен Қаратау, Үлкен Ақтау жэне Боралдай жоталарынан тұрады. Жоталар бір-бірінен тауаралық ойыстармен бөлінген. Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды тік жартасты. Геологиялық құрылымы Шығыс қаратау протерезойдың тақтатас пен құмтастарынан, Батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас, конгломерат тастарынан, тау аралық аңғарлари девонның қызыл шөгінді жынысынан тұрады. Жергілікті жер бедері құрғақ климат әсерінен қалыптасқан. Қаңтардың орташа температурасы 10 С, оңтүстік-батысында -6°С. Жазы ыстық әрі қүрғақ, шілденің орташа температурасы 22-26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау бөктерінде 200-400 мм, тауда 400-600 мм. Беткей топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр. Өсімдігінен селеу, сөде, боз, тағы басқа өсімдіктер өседі. Тамырында 35-40% каучук болатын тау сағызы тек Қаратау өңірінде кездеседі. Өзен бойларында тоғайлар еседі Қаратау жерін таутеке, қасқыр, түлкі, тышқан, сарышұнақ тағы басқа жануарлар мекендейді. Жер асты гидрокарбонатты. Кальцийлі су қоры мол 400-500 метрлік тереңдікті алып жатыр. Пайдалы қазбаға бай өлке. Қазақстанның ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б.) кен орындары шоғырланған. Құ рылыс материалдарынан - гипс, цемент өнімдеріне қажетті жыныстар кездеседі [6].

Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымына келетін болсақ, Қаратау жотасы протерезой тақтатастардан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге полезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой - кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Оңтүстік Қазақстан  аумағындағы гидрографиялық желінің  жиелігі біркелкі емес. Өзендер негізінен  аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің ірі салаларының бірі - Арыс өзені, Талас Алатауы мен Өгем таулы жоталарының беткейлерінен басталады. Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы, Иқансу, Көкқиясай өзендері Қарашық, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне қүяды.

Таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан топырақ климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп, ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250-300м.) таудың биік 3500-4000м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ, өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша айтқанда, табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым қажет болса, облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шыңдарына дейін 3-4 шақырым қашықтықтағы бйіктікте көпшілік белдемдер кездеседі. Батыс Тянь-Шань таулы белдеуінде таудың шалғынды-далалы альпілік, субальпілік, таулы-далалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғынды гидраморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі [7].

Қарқаралы таулары  негізінен Қарағанды облысының  жерін қамтиды. Қы-зыларай, Кент, Бұғылы, Арқарлы, Қарқаралы, Ханқашты т. б. жеке таулар-дан құралған. Олар гранитті плитлардан түзілген, жыныстардың көп жылдық үгілуінен рельефтің ерекше пішіндері пайда болған, көпшілік жері орманды. Қарқаралы тауларының шығысындағы Шыңғыстау Сарыарқаның аласа таулы шоқылы өңірін биік таулық Тарбағатай массивімен жалғастырады.

Балқаш маңының  солтүстігінде бірнеше оқшауланған  аласа тау шоғыр-лары бар. Бұлар: солтүстік-батысындағы Шолақ, Кызылсаяң, Қоскеліншек, солтүстік-шығысындағы Қызылтас, Бектауата, Қалмақемел. Берікқара т.б. Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетінде Ұлытау жатыр (ең биік жері 1133 м). Бұдан біраз солтүстікке таман Желадыр, Арғанаты қыраттары, шығысырақ Сарыжал, Шадыралы т.б. таулары қалыптасқан.

2 Таулы аймақтардағы қауіпті табиғи құбылыстар және олардың пайда    болуы 

 

         Қазақстанның таулы аймақтарындағы қауіпті табиғи процестердің болу жағдайын анықтау бойынша ондай процестерге су басу, сел, қар көшкіндері мен қар басу, жер сілкініс мен зілзала, жер көшкіні, сырғымалар мен опырмалар жатады. Мұндай құбылыстардың пайда болу себептері таулы аудандардың физикалық-географиялық ерекшеліктеріне яғни, геологиялық құрылымына, тектоникасына және пайда болу негізіне байланысты.Осыған орай олардың болашақтағы алдын алу, зерттеу мәселесі туралы мәліметтер қарастырылды.

Информация о работе Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері