Африканың ұлттық саябақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:18, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Африкадағы ұлттық саябақтардың маңыздылығын және орналасуын, бір-бірлерінен ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;
Африкадағы ұлттық саябақтарды жетік білу, зерттеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Африканың ұлттық саябақтары.doc

— 314.50 Кб (Скачать документ)

 

1.6 Өсімдіктер мен жануарлар әлемі

 

Африканың ылғалды  тропикалық ормандары өзінің түр  құрамының байлығы мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың тропиктік ормандарына қарағанда  біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың  биік ярустарын алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы, шарап пальмасы, сейба, қола ағашы тағы басқалар құрайды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия кофе ағашы өседі. Лианалардың ішінде ерекше орынды ағаш тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы және басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропикалық ормандарынан көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік май береді. 

Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны [8].

Африкада жануарлар  өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетінсүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил,сондай-ақ бегемоттар,  Мадагаскар  аралығындағы лемурды атауға болады.

Құрлықтың жануарлар  дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде  күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қорықшалар  құрылған. 

ІІ. Африканың ұлттық саябақтары

 

Қазіргі кезде  адам баласы Жер шарында табиғатты  қорғаудың қажеттігін жақсы түсінеді. Осы мақсатта барлық материктерде қорықтар (табиғат комплекстері табиғи күйінде сақталатын территориялар) мен ұлттық саябақтар ұйымдастырылуда. Қорықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізетін адамдардың ғана болуына рұқсат етіледі. Қорықтардан өзгеше, ұлттық парктерге оларда белгіленген ережелерді сақтауға міндеттенген туристер бара алады.

Африка елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты  табиғат комплекстерін (ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т.б) қорғауға күш жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер  едәуір жер көлемін алып жатыр. Олар әсіресе Оңтүстік және Шығыс Африкада көп. Олардың бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылдаған шаралардың арқасында ертеректе жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны қазіргі кезде қалпына келтірілген[9].

 

2.1  Вирунга ұлттық  саябағы

 

  Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан. Саябақтың шекарасы 300 километрге созылып жатқан жері Руанда мен Уганданың шекарасымен сәйкес келеді. Ол ең алғаш рет Альберт және Киву деп 1929 жылы аталған болатын. Кейін 1969 жылы Альберт пен Киву территориясынан бөлек Вирунга деп аталатын саябақ бөлініп шықты.  

 

 

4-сурет. Вирунга ұлттық саябағы

 

Вирунга ұлттық саябағының ауданы 790 мың га. Саябақтың  ландшафтысы алуан түрлі. Мұнда  шөптесін және ағаш саванналарын, төмен жатқан ылғалды ормандарды, бамбукты жерлерді, милар (болота), шалғындар, мұздықтар, лавалық жондар кездеседі.

Саябақтың территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып, үш әр түрлі бөліктерден құралған. Солтүстік бөлігі Рувензори таулары мен Семлики жазығы, орталығында Эдуард көлі мен Рвинди, Рутшуру және Ишаша жазықтары орналасқан. Ал оңтүстік бөлігі Ньямлагира мен Ньярагоного лавалық жон мен Вирунга вулканының 1 бөлігі кіреді.

 

 

2.2 Серенгети  ұлттық саябағы

 

 Бұл саябақ  әлемдегі ең танымал саябақтардың қатарына кіреді. Саябақтың ауданы 30000 км2-дей Танзания мен Кения территориясында созылып жатыр. Ол жаратылысы вулкандық топырақта өсетін балауса шөптің өсуімен ерекшелінеді. Серенгети – барлық жануарлар үшін бұл жер жұмақ болып есептелінеді. 

Серенгети ұлттық саябағының қалыптасуының тарихы. Танзания өзінің ұлттық саябақтарымен көзге  бірден түседі. Осылардың ішінде ең қатты көзге түсетін ұлтты  парк Серенгети болып табылады. «Серенгети»  масай тілінен аударғанда «шексіз  жазықтық» деген мағынаны білдіреді. Бұл жер туралы ең алғаш рет еропейлықтар 1913 жылы ғана білді. Өкіншке орай осы саябақтың территориясы Европадан келген аңшылар үшін өте қолайлы болғандықтан, осы жерлердегі бағалы аңдардың санын азайтып, өздерінің пайдасы үшін тек қана аңшылықпен айналысты. Тек 1940 жылы ғана территория ерекше қорғалатын аймаққа айналды. Бірақ материалдық қажеттіліктердің болмауына байланысты бұл тек қағаз жүзінде ғана болды. Ал 1951 жылы территорияға ұлттық парк деген атау берілді. Бірақ нақты қағаз жүзінде бұл атауды тек 1981 жылы ғана алған болатын және осы жылы ЮНЕСКО-ның жарлығымен бұл аймақ дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра деп мойындалды.

Серенгети ұлттық паркінің бағалы аңдарының бірі - арыстан. Ең алғаш рет арыстандар тобын  немесе арыстандар прайдын 2005 жылы байқаған болатын. Бұл прайд 41 арыстаннан тұрады. Оларға жасы 10 жылдан асатын, 3 еркек арыстан басшылық етеді. Африканың ешқандай аумағында арыстандардың  мұнша көп топтары байқалмаған. Көбінесе арыстандар топтары 15-20 арыстаннан тұрады [11]. 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ишкель  ұлттық  саябағы

 

Бұл саябақ Африка континентінің сонау солтүстігінде  орналасқан. Ол Тунистің жергілікті халық  тұратын жерде орналасқан. Бұл  саябақтың құрылудың негізгі  мақсаты – алыстан ұшып келетін  және суда жүзетін құстар үшін су-болоталы жерлердің мекен ету үшін маңызды болып келеді.

Ишкель ұлттық пракінің  құрылуы тарихи деректемелер бойынша 13 ғасырға жатады. Осы кезде  Араб халифатында басшылық еткен  Хафсид әулеті жергілікті жерде, көлдерге аңшылық етуге тйым салған болатын. Тек 1891 жылы ғана бұл аймақ ерекше қорғалатын территорияға айналды. Ишкель да Серенгети ұлттық саябағы сияқты ЮНЕСКО-ның жарлығымен дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра деп мойындалды.

Ишкель ұлттық паркінің жануарлар әлемі. Саябақтың территориясының алуан түрлілігіне байланысты оның жануарлар әлемі де соншалықты бай. Көлдерде балықтардың көптеген түрлері: угрь, кефаль, лаврак, барбус және т.б бар. Тамақтың мол қоры болғандықтан суда жүзетін құстардың көптеген түрлері мекендейді. Көп түрлері осында басқа территориялардын қыстауға ұшып келеді. Саябақтың аймағында сонымен қатар сүтқоректілер де мекендейді. Көлдерде камшат мекендейді. Дикобраз бен мангустардың, генеттің популяцияларын да көруге болады.

 

 

5-сурет.Ишкель саябағы

 

2.4  Найроби ұлттық саябағы

 

Кенияның астанасынан 7 шақырым жерде биік емес шөптер мен сирек ағаштар өсетін кішігірім  саванна орналасқан. Осы жер Найроби  ұлттық саябағы деп аталады. Ауданы 117 км2. Бұл сабақ Кеинядағы басқа саябақтардан біраз ертерек 1946 жылы ашылған болатын. Бұл саябақ әлемдегі адам қолы тимеген, жабайы табиғатпен ләззат алуға болатын, соынмен қатар қаланың бейнесін жоғалтпай-ақ алыстан бақылауға болатын бірден – бір саябақ.

Жануарлар мен  өсімдіктер әлемі айтарлықтай өте  бай болып келеді. Тіпті бұл  саябақтың қала маңында емес, Африканың дәл орталығында немесе оның жүрегінде орналасқан деп ойлауға болады. Саябақта жабайы аңдардан: гепард, арыстан, мүйізтұмсық, керік, антилопаның түрлерін көруге болады. Оның территориясында Атхи өзені ағып өтеді. Онда крокодил мен бегемоттарды, ал маңайдағы ормандардан құстар мен маймылдарды көруге болады. Найроби ұлттық саябағында барлығы дерлік құстардың 400 түрі тіркелген. Саябақтың негізгі ерекшеліктердің бірі – мүйізтұмсықтардың өте көп болуы. Мында басқа саябақтардан гөрі қара мүйізтұмсықты өзінің мекен ететін жерінде көруге болады. Түпкі негізінде бұл саябақ пілдердің мекен етеін жері болған. Бірақ аңшылардың әрекет етуінің нәтижесінде оларды кездестіру өте сирек. Бұл саябақта жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан  жануарлар үшін арнайы баспана бар.

Саябақ Кения  астанасына жақын орналасуы туристердің  көп болуымен ерекшелінеді.  Сонымен  қатар бұл саябақ пілдің сүйегін  жандыратын жер болып ерекшелінеді. Дәл осы жерде президент Мои  пілдердің бағалы сүйегіне  аңшылық  жасамас үшін 10 тонна пілдің сүйегін жандырып жіберуге жарлық етті. Браконьерлерден мүйізтұмсықтардың және пілдердің мүйіздерін конфискациалағаннан кейін дәл осындай әрекеттер тағы да 2 рет қайталанды[12].

 

2.5 Масаи  Мара ұлттық саябағы

 

  Серенгети жазығының (Кеиня бөлігі) солтүстік бөлігі. Ауданы 1510 км2, 1650 м биіктікте орналасқан. Климаты өте жұмсақ және жылы болуымен ерекшелінеді. Әлем бойынша Масаи Мара ұлттық саябағы әр түрлі популяциялардың көптігімен ерекшелінеді. Фауна мен флорасының байлығымен тек қана Серенгети мен Нгоронгоро ұлттық саябақтарымен салыстыруға  болады. Саябақ Кенияда жабайы табиғаты бар саябақ болып табылады. Ландшафт көбінесе жазықты.

Саябақтың атауы 2 сөзден құралған. Масаи деген бұл  осы жерде өмір сүрген  тайпа, ал «мара» масаи тілінде «алапес» деген мағынаны білдіреді. Шынымен де биіктіктен қараған кезде ағаштардың әркелкі орналасуына байланысты бұл жер алапес болып көрінеді.

Масаи Мара ұлттық саябағының фаунасы. Жабайы аңдардың: антилопа гну, зебра, масай керіктерінің  өте көп болуымен ерекшелінеді. Қоныс аудару құрғақ ауа орнаған кезде қаңтар айында басталып шілде-тамыз айында  аяқталады. Көктемгі жауыннан кейін өсіп шыққан шөптерге антилопа гну мен зебралар қызығады. Бірінің артынан бірі шөп қорларын жеп болғаннан кейін Серенгетиға қайта қоынс аударады. Қайта оралу кезеңі қазан айында. Масаи Мара қаражалды арыстандардың отаны болып есептелінеді. Бірақ ең басты мақтанышы, байлығы - «үлкен бестікке» кіретін буйвол, арыстан, піл, керік және мүйізтұмсық. Арыстандар саябақтың барлық территориясында мекен етеді. Және олардың аңшылық еткенін байқауға болады. Пілдер, бизондар, зебралар және антилопаның көптеген түрлерін территория аймағында көруге болады.

Масаи Мара территориясынан 2 өзен ағады: Мара және Талек. Еңісті төбешікті  жазықтар мен акациямен араласқан  орманды аймақ осы өзендермен соызылып жатқан ормандармен бөлінеді. Мара және Талек өзендері жануарлар әлемін тамақпен және сумен қамтамасыз етеді. Өзендер жыл сайын суға толы. Туристтар бұл жерде крокодил мен гипопатамның түрлерін байқай алады[14].

 

2.6  Килиманджаро ұлттық саябағы

 

Бұл саябақ 1973 жылы құрылған болатын. Ауданы  756 км2. Таудың баурайы теңіз деңгейінен 1829 м биіктікте орналасқан, ал Кибо шыңы  5895 м биіктікте. Осындай биіктікте Килиманджаро ең үлкен аркалық таулардың бірі болып есептелінеді. Килиманджаро ұлттық  саябағы 1987 жылы әлемдік мұраға кіргізілді.

Килиманджаро–ШығыАфрикадағы жанартаулық массив, Танзания мемлекеті аумағында орналасқан. Сөнген үш жанартаудан – Кибо (5895 м), Мавензи (5355 м) және Ширадан (4006 м) тұрады. Етегінен 1000 м биіктікке дейін саванна, одан жоғары тау гилеясы, папоротник, тропиктік биік таулық және шөлге төзімді өсімдіктер өседі. 1000 – 1800 м биіктік аралығында кофе, банан плантациялары бар. Тау бастарында мұздықтар жатады.

 

 

8-сурет.  Килиманджаро жанартауы

 

Ұлттық саябақтың  жануарлар әлемі өте бай: солтүстігінде  арыстандар, пілдер, мүйізтұмсықтар, леопардтар, ал оңтүстікте - маймылдар, африкалық  лемурлар мекендейді.  Құстары да жануарлардан кем емес: мүйізтұмсық  құстар, бүркіттер және т.б. Сонымен  қатар өзінің алуан түрлілігімен шіркейлер де ерекшелінеді[15].

 

2.7 Крюгер  ұлттық саябағы

 

Оңтүстік Африкада орналасқан көлемі жағынан ең үлкен  саябақтардың бірі. Көлемі бойынша Израиль мен Уэльстің территориясын қоса есептегенде тең. Оның ауданы 20000 км2. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 км., батыстан шығысқа қарай 60 км-ге Мозамбик шекарасымен шеттесіп, Крокодиловая мен Лимпопо өзендеріне дейін созылып жатыр. Сонымен қатар Крюгер саябағын үлкен 4 өзен кесіп өтеді де, белгілі бөліктерге бөледі.

Крюгер ұлттық саябағы 1898 жылы Трансвааля президенті П.Крюгердің ұсынысымен құрылды. Ұлттық саябақ атауын 1926 жылы алды да ЮНЕСКО-ның әлемдік табиғи және мәдени мұрасының қатарына кірді.

Ұлттық саябақ жануарлар мен өсімдіктер қоры жөнінен  алдыңғы қатарлардан ғана көрінеді. Саябақта піл, бегемот, мүйізтұмсық, керік, антилопаның 17 түрі, арыстан, леопард, қолтырауын және т.б түрлері өте көп.

Крюгер ұлттық саябағының туризмі. Саябақта экологиялық  туризмге көп көңіл аударылады және қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Туристер үшін Крюгер саябағында бірнеше лагерьлер бар. Бұл лагерьлер қоршаған ортаның өсімдіктері мен жануарларына байланысты орналастырылған.

Курстық жұмыстың тақырыбын мектепте қолданылуы. «Африканың ұлттық саябақтары» сабақ  жоспары

 Тақырыбы: Африканың ұлттық саябақтары

 Мақсаты: Оқушыларға Африканың саябақтары жайлы білім беру, Африка материгінің басқа материктен ерекшеліктерін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі – оқушыларға Африканың ұлттық саябақтары жайлы білім бере отыра оларға әрбір саябақтың қандай жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен ерекшелінетінін түсіндіру.

Тәрбиелілігі – қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер мен жануарларды аялау.

Информация о работе Африканың ұлттық саябақтары