Африка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:19, курсовая работа

Краткое описание

Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Тұрғыны : 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы - 30500 км.
Африканы эк

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
І тарау Африкаға жалпы сипаттама......................................................4
1.1 Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері.............................6
1.2 Климаты, ішкі сулары......................................................................8
1.3 Топырағы......................................................................................... 17

ІІ тарау Жануарлары мен өсімдік жамылғысы...................................18
Өсімдік жамылғысы.....................................................................
Жануарлар дүниесі.......................................................................

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

АФРИКА курсовой.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

    Оңтүстік Африканың  шөл және шөлейт кеңістіктері  оның ішінде Солтүстік Африка шөлдері де фауна жағына келгенде, материктiң басқа бөліктеріне қарағанда анағұрлым кедей. Тұяқтылардан онда кафр буйволы , зебраның бір түрі (квагта), бөкеннің кейбір түрлері мекендейді. Жыртқыштардан ол жерге кама түлкісі, дала бөрісі, вивераның бірнеше түрлеpi тән. Арыстандар түгелімен құрып біткен десе де болады. Кеміргіштер мен насеком қоректілер, кейбір эндемик түрлері, соңғылардың ішінде әсіресе сарғыш көртышқан қызықты.

    Мадагаскар  фаунасында эндемик формалары  көп, Африкада жыландар сияқты жануарлар тобы мүлде жоқ өзінше бір ерекше дүние. Мадагаскарға лемурлар тән, оның мұнда көптеген туыстары мен түрлері кездеседі және oлap бүкіл аралға кең тараған, өйткені жергілікті халық оларға тимейді, ал кeйбipeулepiн қолғa үйретеді. Жыртқыштардан тек вивера бар. Насеком қоректілер, олардың ішінде эндемик тенректер көп. 

     Осы замандағы құстардын, ең ірісі африка түйеқұсы (Strutһіо сатеlиs) деген бір ғанатүргежатады.Ересек еркектерінің бойынын, биіктігі 260—275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінід сал-мағы 90кг-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерің құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады. Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африканың шөлді — далалы аймақтарында кездеседі. Осы түрге жақын түрлері үшінші дәуірде Оңтүстік Азияда, Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Забайкальеде, Солтүстік Қазақстанда, Украинада (далаларда, шөлдерде, саванналарда) тіршілік еткен. Бірнешеуі бірігіп топтанып, жиі өріс ауыстырып отырған. Өте тез жүгіре-ді, жүгіргенде адымы 2—3 метрді алады. Олардың негізгі қорегі — өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, кемірушілер, рептилилер, насекомдар болып табылады. 
Бұлар әдетте моногамдар. Еркек особьтары шағылысу кезінде, өзінше әрленеді. Ұрғашысы салмағы 1400 г болатын 10—15 жұмыртқа туады. Жұмыртқаны еркегі түнде, ұрғашысы күндіз кезектесіп басады*. Бұл 40 күнге созылады. Жұмыртқадан көзі ашық, мамық жүнді ширақ балапан шығады. Олар тек үш жасында ғана жыныстық жағынан жетіледі.Бұлардың ақ түсті қанаттары мен құйрық қанаттарын әсемдік үшін, ал етін тамақ үшін пайдаланады. Кейбір жерлерде оларды жартылай үй құстары есебінде асырайды.

    Буйвол- африкан  жануарларының ішіндегі анағұрлым  қауіптілерінің бірі. Олар Орталық  Африканың барлық жерлерінде  де кездеседі, бірақ олардың үйірлері бұрынғы кездерге қарағанда қазір анағұрлым азайған. Бұл- қара етті, салмағы тоннаға жуық жануар.

    Окаптар-  Конго өзенінің  маңайындағы  Африканың тропикалық  ормандарын мекен етеді. Бұл- кішкентай өте жасқаншақ, терісінің түсі жөнінен зебрге ұқсас, жираф тұқымдас жануар. Окаптар соншалық сақ келеді,  тіпті оларға  пигмейлер де жақын бара алмайды. Окаптар жүнінің түсі қоңыр, ал аяқтарында қара, ақ қолақтар болады. Олар көп уақыт өздерін тазалайды.

     Орталық  Африкада аса зор адам бойындай  бойы бар құсты осылай атайды. Адам жүрген жерде бұл құс та кездеседі.Селениелерде тауықтармен бірге осы  марабу жүреді. Өзі өте мешкей. Бір кесең ет үшін марабу мал соятын жерде күні бойы күтуге бар. Қалдықтарды да жейді. Марабу- африкандық әр деревняға қадірлі құс: мұқият, тегін санитар. Түнге қарай құстар ағаштың басына қонақтайды, бұйығып отырып, таң атуын күтеді, содан кейін қайтадан санитарлық жұмысқа кіріседі.

    Түйенің  фантастикалық шыдамдылығы туралы аңыздар шындыққа  үйлеспейді. Егер жануарлар апталар бойына  сусыз күнелте алатын болса, онда бұл  оларға шөп организмге қажетті  ылғалды бере алатын  жақсы жайылымды  жерлердегі  жағдайда ғана. Африкандық нар сусыз тек 4 әрі кетсе 5 күн ғана шыдай алады. Керуен дем алуға  тоқтаған әр уақытта түйенің қарқынындағы « цистернаға»  жүз литрге дейін су құйылады.

     Семіз түйенің  қоп-қоңыр өркеші жиналған майдан  тіп-тік  болып көтеріліп отырады. Ал ашыққан кезде өркеші кішірейіп , босаған дорбаға ұқсайды. Түйеге артатын әдеттегі жүктің салмағы 100-500 кг. Осы жүкпен ол күні бойы 100 км дейін жүре алады.

      Африканың  хайуанаттар дүниесімен  Мадагаскардың  ұқсастығы аз. Африка- пілдер, жирафтар, антилопалар, арыстандар, бегемоттар, маймылдар. Ал Мадагаскарда олар  жоқ. Бұл жерде маймылға да, мысыққа да ұқсайтын түн аңы- лемуралар көп. Шын мәнінде бұлар жартылай маймылдар. Арал- олардың бөлінбейтін патшалығы болып табылады, сондықтан Мадагаскарды кейде Лемурия деп те атайды. Лемурлардың көздері дөңгелек, өте үлкен болады және қараңғыда  жалтырап көрінеді, тұмсығы ұзын, созылыңқы, құйрығы ұзын болғанмен маймылдікіндей тұтқыр болмайды, алдыңғы аяқтары қысқа келеді. Даусы жылауық ерке балаға ұқсас, ащы шығады. Орманда түнде « Лемурлардың концерті» естіліп тұрады.Олардың біздің планетамызда өте сирек кездесетініе ескере отырып, Мадагаскар Демократиялық Республикасының үкіметі оларды аралдан басқа жаққа шығаруға қатаң тыйым салды.

      Арыстан — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 метрдей, салмағы 250 келіге жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 метр, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады. Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, бес-оннан да топтанып та жүреді. Олар үш жасында жыныстық жағынан жетіліп, екі жылда бір, 1-6 күшік табады. 30-35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.  ( 2 суретте )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Қарапайым арыстан  ( 2сурет)

 

 

 

 

 

                                          

                                           Африка жануарлар

                                         

                                    Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Қ Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова « Қазіргі дүние географиясы» жалпы білім беретін мектептің қоғамдық- гуманитарлық оқу құралы - 2007ж
  2. Дүйсенбаев С.М Қожабекова З, ЭтильбаеваХ «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы»  – 2003ж
  3. Бейсенбаева А.С Корпеков Х.Д «Қазақстанның физикалық географиясы»- 2004ж
  4. Б Агубаева, Г.Сүлейменова « Қазақстанның физ географиясы» - 2004ж
  5. Гембель А.В «Общая география Мирового океана.» М.Высшая школа – 1982г
  6. Богданов Ю.А «Происхождение и развитие океана М.Межна» – 1978г
  7. Леонтьев Н.А «Физическая география Мирового окенана М.МГУ» 1982г
  8. Гвоздецкий Н.А Михайлов Н.И «Физическая география СССР Азиатская часть М. Высшая школа » 1987г
  9. Мильков Ф.Н Гвоздецкий Н.А «Физическая география СССР Общий обзор.Европейская часть. М. Высшая школа  » 1976г
  10. Альтаев А.М «Физическая география СССР М Высшая школа»- 1973г.
  11. Гришанков Г.Е «Введение в физическую географию. Предмет и метод Учебное пособие. Киев:Знамя» -2001г
  12. Давыдов М.Н «Физическая география СССР  в 2 томах М.Просвешение»-1989г
  13. Вышемирский В.С «Ограничение вешества в Мировом океане Новосибирск НГУ» 1986г
  14. Грумм Гржимайло Г.Е «Описание путешествие в Западный Китай М. Географиздат» -1948г
  15. Рыбчиков А.М «Физическая география материков и океанов М.Высшая школа» -1988г
  16. Лымарев В.И «Основные проблемы физической географии океана М.Минск» 1978г
  17. Замурович Д. «Казахстан фотоальбом Бюро  « Ел »» -1995ж
  18. Романова В.П «Природные ресурсы мира М.МГТУ» -1999г
  19. Хмель Н.Д «Теоретические основы профессинальной подготовки учителей» -1998г
  20. Джаналиева Г.М «Методическая разработка к курсу « Физической географии материков и океанов» - 1990г
  21. Городецкий О.А «Метеорология Методы и технические средства наблюдений »- 1991г
  22. Власова Т.В «Физическая география частей света. М.Просвещение »- 1986г
  23. Галай Й,П «Физическая география  материков и океанов Минск »- 1988г

 




Информация о работе Африка