Колонная головка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 05:30, дипломная работа

Краткое описание

Аяқталған ұңғыманың жабдықтары негізінен оның конструкциясына бай- ланысты болады.
Ұңғымаларды пайдалану, өндіруді интенсификациялау, ұғымаларды жөндеу үшін қолданатын жабдықтар осы конструкцияға байланысты болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа исправленнаяГОТОВО.doc

— 4.45 Мб (Скачать документ)

ларды ұстау плунжердің артық қысымның әсерінен болады.

    Бірақта шешілмейтін  фланецті және өзідігінен тығыздалатын  тізбек бастары- ның конструкцияларының  келесідей жетіспеушіліктері болады:

    - ұңғымада  артық қысым болғанда  өзідігінен тығыздалатын материалдардың саңылаусыздығының төмендігі;

    - якорьды түйіннің  өздігінен ұстап қалуы және  демонтаждау кезінде бөлшектеу  қиынға соғады.

    Бұл өнертабыстың  мақсаты тізбек басының шегендеу  құбырымен қосылысын жақсы саңылаусыздандыру және демонтаждау кезінде бөлшектеуін жеңілдету болып табылады.

    Қойылған мақсат  мыналармен іске асады, өзідігінен  тығыздалатын сыналы  тізбек басының  тұрқыдан, фланецті тізбектен, якорьлеуші  түйінен, негізгі және қосымша  тығыздағыш түйіндерден, якорьлеуші түйінде арнайы сухарлардың ұстап қалмауы үшін механикалық гидроқозғалтқыштан тұрады, негізгі тығыз-  дауыш элемент манжеттен және оған арналған сақиналы арықшадан, грунд- бокстан тұрады.

    Ұсынылған тізбек басының конструкциясы қосымша бетте (қосымша В) көрсетілген. 

    Сыналы тізбек  басы тұрқыдан, тізбекті фланецтен,  якорьлеуші түйіннен, негізгі және  қосымша тығыздағыштардан тұрады.

    Тұрқы бөлшектеліп  жасалған, жоғарға 1 және төменгі  2 бөліктерден өзара резьбалы  қосылыспен жалғанған. Тұрқыда якорьлеуші түйін, екі плунжерден 34, ұядан 5, оның конусты бөлігінде обоймалар 6 орнатылған, оған виттар арқы- лы сухарлар 7 қосылған. Плунжер мен тұрқы арасынды А және Б қуыстары бар, қысыммен берілген сұйықтың әсерінен плунжерлер қозғлады. Тұрқыға тарты- лыс винттар 8 арқылы тізбекті фланец 9 жалғанады. Тізбекті фланецте арнайы негізгі тығыздағыш үшін цилиндрлік  ысырмалар жасалған, олар сақиналы арықшасы бар манжеттен 10, онда басатын сақина 11 және грундбокс  орнатыл- ған, оның функциясын тартатын фланец 12 атқарады. Қосымша тығыздағыш 5 сыңылаусыздағыштан 13, сақиналы арықшады тартатын фланецкпен 12 тұрқының шетіне сүйенеді.

    Тізбек басының  жиналуы келесідей болады. Тізбек  басы жинаулы түрде шегендеу  құбырына орнатылады (қайтатастау жабдығымен бірге). Бұл кезде негізгі тығыздағыштың резеңке манжеті шегендеу құбырын қамтитып фонтанды ағыстың әсерінен тізбектің сыртқы диаметрін және тізбекті флане- цінің ішкі диаметрін тығыздап, флюидтардың ағысын тізхбек басының ішінен ағысын болдырмайды.

    Тартылатын виттардың гайкаларын бұраған кезде фланец шошағымен сақиналы манжетпен түйіседі, бұл шегендеу тізбегі мен тізбек басы арасындағы саңылаусыздықты жоғарлатады. Тізбек басының шегендеу тізбегімен қосылы- сы обоймада орналасқан сухарлардың ұстауынан болады, құбыр денесімен плунжер жұмыс сұйықтығын әсерінен  А қуысына бергенде плунжер қозғалып сухарларды қысады.

    Поршень айдалатын  сұйықтықтың әсерінен төмен қарай  жылжып обоймаға тіреліп оны  сухарлармен бірге конусты ұяшыққа  престейді. Нәтижесінде сухарлар құбырға еніп, тізбек басында оны жақсылап бекітеді. Тартылатын винттардың гайкаларын тарту арқылы тізбек фланці негізгі тығыздағыш эле- ментімен және таптылатын фланецпен тізбек басы тұрқысына қосылады. Бұндай кезде саңылаусыздандырғыш пакерленіп тізбек басының ішкі қуысы мен құбыр арасында қосымша саңылаусыздандырғыш ретінде болады.

    Тізбек басын  шегендеу құбырынан келесідей  шешеміз. Авариялы ұңғыманы өшіріп, тізбек басынан қайтатастау жабдықтарын  шешіп болғаннан  кейін жұмыс  сұйықтығы Б қуысына барады. Пайда болған қысымның әсерінен  төменгі поршень обоймаға әсер етіп сухарларды конусты ұяшықтан көтеріп құбырларды босатады.

     Ойлап табу формуласы. 

     Өздігінен  тығыздалатын сыналы тізбек басы, тұрқыдан, тізбекті фланецтен, якорьлеуші түйіннен, якорьлеуші түйінен, негізгі және қосымша тығыздағыш түйіндерден, якорьлеуші түйінде арнайы сухарлардың ұстап қалмауы үшін механикалық гидроқозғалтқыштан тұрады, негізгі тығыздауыш элемент манжеттен және оған арналған сақиналы арықшадан, грундбокстан, сақиналы ысырмадан тығыздағыштарды орналастыру үшін.   

 

    3.2 Таңдаған тізбек басын модернизациялау

 

    Екі тізбекті байлау үшін арналған тізбек басы  тұрқыдан , шегендеу құбырына бұралған. Тұрқының ішкі беті конусты етіп жасалған, онда сыналар  орналасады, аралық  шегендеу құбырын ұстау   үшін. Тұрқының фланцында катушка орнатылған, құбырға кигізіліп онымен дәнекреленеді. Катушка болттармен тізбек басы тұрқысына қосылады. Тізбек басына задвижкалар қарастырылған, олар құбыраралық кеңістікке жетуді қамтамасыз етеді. Бұл тізбек басында пайдалану тізбегі катушкаға дәнекерлеу арқылы қосылады. Тізбек басының тұрқы кондукторға дәнекерленеді. Бұндай қосылыстар  тізбек байламасының катушкасын ұңғыманы механикалық тәсіл- дермен пайдалану кезінде, модульді ортадан тепкіш сораптар конструкцияның дірілдеуіне, сораптың пайдалану тізбегіне соғылуына алып келеді, сол кезде дәнекерлеу тігістерінде бұзылу байқалады, соған орай дәнекерлеу тігістерін резьбалық қосылыстарға ауыстыруын ұсынамын. Патенттік номері RU 2146000 C1 тізбек басы соңғы пайдаланушы құбырдағы муфтаны арнайы муфтамен ауыстырылуы, сыналы тізбек арқылы пайдалану тізбегін тартып реттеуге болады, ал қайтатастау сақинасы пайдалану кезінде әртүрлі қысымда қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Тізбек басы цилиндрлі фланецті тұрқы  мен қақпақтан  тұрады. Тізбек басы қабырғасындағы  мен қақпақтың  өтпелі тесіктерде, мысалы резьбаға патрубоктар орналастырылады. Тұрқының  жоғарғы жағы конусты  болып жасалған. Тұрқы  ішінде муфта, манжет, жылжымалы төлке, сырты  конусты болады, ол тұрқының ішкі конусті бетімен түйіседі.

    Муфта  мен  тұрқы  арасындағы аралықта  иілгіш манжет , ал оған қақпақ-                                                          тың  сақиналы шошақғы  орнатылған. Тұрқы  мен қақпақ  арасындағы  арықшада металды сақиналы тығыздығыш  бар. Тұрқы  мен қақпақ  айналасында біркелкі шпилькала  мен гайкалар  үшін жасалған тесіктер бар. Жоғарғы манжет  сыртқы конусты беті бар, ол арнайы муфта  мен пайдалану тізбегінің  және ішкі конусты бетпен  қақпақ  арасында болады, ал оған грундбокстың  сыртқы сақиналы шошақғы, болттармен  қақпақтың  айналасында орналасқан тесіктерге тартылады.

    Муфтада   ішкі конусты  бет ретінде  жасалған, ол сыналы асқыштың  конусты  бетімен оның айналасындағы  тесіктермен  түйіседі, ал ішкі тістерімен  ол пайдалану тізбегін  арнайы муфтамен  ұстайды. Арнайы муфтаның  жоғарғы жағында тізбекті фланец  бұрап кіргізілген, ал сыналы асқыштың  үстіне қайтатастау сақинасы  кигізілген.    

    Тізбек басы  келесідей монтаждалады. Тұрқы муфта   резьбасына бұралады. Соңғысына кондуктор  бұрап орнатылады. Манжетпен  жылжымалы төлке   муфтаға  техникалық тізбек  резьба арқылы бұрап тұрқыға орнатылады. Төлкенің  жылжымалы конусты  беті тұрқының  конусты бетімен  түйіседі. Соңғы пайдалану тізбегі  арнайы муфтаға  резьбаға  арқылы бұралады. Цементтеп болғаннан кейін пайдалану тізбегін  тартады, арнайы муфтаға  сыналы асқышты  кигізеді, ол сытрқы конусты  бетімен муфтаның  ішкі конусымен  түйісіп, ішкі тістерімен  арнайы муфтаға  жалғасады. Тұрқы  мен муфта  арасындағы кеңістікке төменгі иілгішті манжетті  орналастырады, арықшыға сақиналы металл тығыздағыш  салады, арнайы муфтыға  қайтатастау сақинасын орнатады.

    Үстіне қақпақты  қойып, шпилькалармен  және  гайкалармен  тартылады. 

    Қақпақ  пен  арнайы муфта арасындағы кеңістікке жоғарғы  манжетті орнатады. Сол кеңістікке  сыртқы сақиналы шошақпен  грундбокс  болт- тармен  қақпаққа  бекітіледі. Пайдалану тізбегінің  арнайы муфтасына  тізбекті фланец  бұралады. Қақпақ  пен тізбек басы  тұрқысында арнайы тесіктер жасалған, ол тесіктерге патрубоктар  орнатады. Ол патрубоктар  арқылы техникалық құбырлар, қысым бақылауыштар мен тығындар орнатылады. Сыналы асқыштағы тесік  арқалы жұмыс ерітіндісі циркуляция жасайды.

    Ұсынылған  тізбек басы конструкциясы кондуктормен  техникалық тізбек  арасындағы саңылаусыздануды арттырады.

    Төменгі иілімді  манжетті   жөндеу кезінде фонтанды  арматураны демонтаж- дайды, ал  жоғарғы манжетті  фонтанды арматураны  демонтаждаусыз ауыс- тыруға болады.

    Пайдалану  тізбегіндегі  муфтаны  арнайы муфтаға  ауыстыру сыналы асқыш  арқылы  пайдалану тізбегіндегін тартып реттеуге болады.

    Қайтатастау  сақинасы  тізбек басын әртүрлі  күштерде пайдаланған кезінде  қауіпсіздікті арттырады.

    Ұсынылған  тізбек басы ұңғыма сағасында  ескі тізбек басын монтаждауда қолданатын құралдар көмегімен іске асырылады.

    Өзімнің   тізбек басында қолданатын дәнекерлеу  тігістерінің орнына резьбаларды  қолдануды ұсынамын.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    4 Монтаждау

   

   4.1 Тізбек байламасының орындалуы мен типтік өлшемдерін таңдау

 

    Тізбек байламасының типтік өлшемдерін және орындалуын ұңғымадағы қысым, оның құрамы, орналасқан ауданына байланысты (ГОСТ 16350 – 80) таңдап алынады. Ұңғы тереңдеген сайын шегендеу құбырларының саны да өседі. Әрбір шегендеу тізбегінің құбыры түсірілетін тереңдіктегін қысым анықтайды, бұл қысымға тізбек басының тұрқы есептелуі керек. Тізбек басы жасалынатын материал әртүрлі коррозиялық қоспалармен, күкірт сутекпен, көмірқышқыл газымен түйісуі мүмкін. Сондықтан  оны беріктігі жоғары материалдан жасайды. Материалдың таңдалып алынуына тағы ауданның қоңырсалқын немесе суық макроклиматы да (У,ХЛ) әсер етеді. Тізбек байламасының  типтік өлшемдері келесі кепілдемелерге сәйкес алынады ОСТ 26-02-775-73 (1.1, 1.2-кесте) техникалық шарты ТУ26-02-579-74, ТУ26-16-183-85, ТУ26-16-133-81.

 

    4.2 Тізбек байламасының мотажға дайындау

 

    Тізбек байламасын монтаждау алдында ұңғы сағасы тексерілу қажет:

     - тізбек басы белгілі қысымға тексеріс өткендігі жайында  құжатта  заводдық ОТК белгісі болуы қажет. Тізбек басының тұрқы сынақтағы қысымның өлшемі  4.1- кесте бойынша анықталады:

 

 

4.1-кесте

Тізбек басының тұрқысының сыналатын  қысымға р сын тексеру

Шегендеу тізбегіне жалғанатын тізбек басының төменгі фланцінің  шартты өту жолы

Жұмыс қысымы, МПа

7

14

21

35

70

105

<350

>350

2p жұм

1.5p жұм

2p жұм

1.5p жұм


 

    - құжат бойынша толық комплект жеткізу;

    - түйіндермен жабдықтарға, тығыздағыштарға,  отырғызу беттері мен резь- баға ерекше назар аудару тиіс. Егер оларда майысу, жарылу, коррозияның ізі байқалса қолдануға рұқсат етілмейді. Техникалық резеңкелерде ауытқулар мен көпіршулер болмауы тиіс.

    Барлық нығыздауыш пен отырғызылатын беттерді майлау қажет, ол тізбек байланысымен комплектте келеді. Резьбалар арнайы СУ– 1 майлау майымен өңделуі тиіс. Егер тізбек басы жинаулы түрде келсе, оны міндетті түрде сақтық ережелерін сақтап барлық жабдықтарын зақымданудан тексереміз.

    Егер тізбек басы жұмсақ фундаментте жүктеме әсерінен шөгу мүмкіндігі бар, сондықтан оның негізін бетондап тастауымыз қажет (4.1-сурет), оның тереңдігін есептеу арқылы табамыз.

    Негізінде 1 тіреу плитасы 2 орналасады, оны фундаменттік болттар арқылы бекітеміз,  оодан плитамен 2 тізбек басы тұрқысына 4 қатты қабырға 3 дәнекерленеді. Терең  ұңғымаларды бұрғылау кезінде тізбек байламасы мен превенторларды бұрғы еденінің астында орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, тереңдігі 0,5-0,8 м, ені 3×3 болатындай етіп шахта қазылады. Бұл шахтаның тереңдігі 1,8 м аспау қажет және ол тізбек байламасының биіктігінен аз болу керек.  Шахта қабырғасының құлауын болдырмау үшін  оны кірпішпен өріп немесе бетонмен қатырып тастайды. ОКБ типтес тізбек байламасының монтажы дәл осы ереже бойынша болады.


    4.1-сурет. Бетон негізге тізбек басын монтаждау

 

 

   4.3 Тізбек байламасын монтаждау

 

    Кондукторды түсіріп  және шегендеу тізбегінің құбырларын цементтеп болғаннан кейін, тізбек басын шегендеу құбырына фланц жазықтығына салыстырмалы қондырамыз.

    Резьбасыз тұрқыны шегендеу тізбегіне орналастырғанда оның жанама жазықтығы ватерпасқа тура горизонталь болғанда оны үш және төтр жерінен шегендеу құбырына дәнекерлеу керек. Ватерпас болмаған жағдайда жанама жазықтығын фланецте құйылған сұйық деңгейімен түзетуге болады.

    Тұрқыны шегендеу тізбегінің құбырына ішінен және сыртынан дәнекерлеу ережесі:

    а)   тігіс орнын алдын ала дайындау. Оны темір шеткамен немесе басқа тәсілдермен коррозиядан, майдан, кірден, қабыршақтан тазалаймыз;

    ә) тігіс болатын орнының ені 75 мм кем болмауы керек, оны кескіш жалынымен немесе дәкерлеуші шаммен 200-300 0С дейін қыздырып, осы температураны дәнекерлеу уақытында ұстап тұру қажет (температураны бақылау үшін арнайы термокрандаш қолданылады);

    б) тігістің тамырын (бірінші екі қабат) диаметрі 3 мм УОНИ-1345 маркалы электордпен дәнекерленеді, соңғысын  (үшінші қабат) диаметрі 4 мм электродпен  пісіреміз;

Информация о работе Колонная головка