Контрольная работа по "Физике"
Контрольная работа, 09 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
I нұсқа Төмендегі сөздердің физикалық дене және зат ұғымдарына қатыстысын ата: ұшақ,кітап, мыс, қалам, форфор, су.
Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсіңдіресің.
0,8м =? см
2.9 дм=? м
380 м=? км
II нұсқа Төмендегі құбылыстардың қайсысы физикалық құбылысқа жатады:
а) автомобильдің қозғалысы;
ә) жапырақтың сарғаюы;
б) мұздың еруі;
г) доптың ұшуы;
д) найзағай жарқылы;
Сынған қарындашты қайта біріктіруге болмайды. Оның себебін түсіңдір.
0,4м =? см
2.5 дм=? м
250 м=? км
Прикрепленные файлы: 1 файл
7 сынып өзіндік жұмыстар.docx
— 56.01 Кб (Скачать документ)Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар
Өзіндік жұмыс
I нұсқа
- Төмендегі сөздердің физикалық дене және зат ұғымдарына қатыстысын ата: ұшақ,кітап, мыс, қалам, форфор, су.
- Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсіңдіресің.
- 0,8м =? см
2.9 дм=? м
380 м=? км
II нұсқа
- Төмендегі құбылыстардың қайсысы физикалық құбылысқа жатады:
а) автомобильдің қозғалысы;
ә) жапырақтың сарғаюы;
б) мұздың еруі;
г) доптың ұшуы;
д) найзағай жарқылы;
- Сынған қарындашты қайта біріктіруге болмайды. Оның себебін түсіңдір.
- 0,4м =? см
2.5 дм=? м
250 м=? км
Қозғалыс және күш
Физикалық диктант
- Механикалық қозғалысқа мысал келтір.
- Механикалық қозғалыс кезіндегі жүрілген жолды есептеуге арналған формуланы жаз.Жол қандай бірліктермен өлшенеді?
- Бір қалыпты қозғалыстың жылдамдығы қалай анықталады?
- Қозғалыстың жылдамдығын анықтайтын формуланы жаз.
Жылдамдықтың өлшем бірліктерін көрсет.
- Автомобиль 120 км кашықтықты 2 сағатта жүріп өтті.Автомобильдің жылдамдығы неге тең?
- Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз.10 км;126 км,30 дм, 1220 мм.
- Жылдамдықтың берілген сан мәндерін м/с-пен өрнекте:
а) 72 км/сағ; ә) 100 см/с; б) 36 м/сағ
- Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол тұрып өтті.Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтеді?
- Поездың қозғалыс жылдамдығы 20 м/с дегенді түсіндердің.
Өзіндік жұмыс
I нұсқа
- Коньки тебуші екі бала қарама-қарсы бағытта 8 м/с және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті.Қай баланың массасы артық және неше есе?
- «Алмастың тығыздығы 3,5 г/ см3; граниттің тығыздығы 2600 кг/м3 ; ауаның тығыздығы 1,29 кг/м3 дегендерді қалай түсінесің?
- 8 кг керосин сиятын құтының көлемі неге тең?Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3
II нұсқа
- Массалары 10 кг және 20 кг болатын екі дене өзара соғылысты.Сонда денелердің қайсысының жылдамдығы көп өзгереді және неше есе өзгереді?
- Тығыздығы сан мәндерін кг/м3пен өрнекте:
2,5 г/см3; 0,07 кг/дм3 ;0,8 кг/л.
- Көлемі 10 см3 болаттың массасы 78 г.Көлемі 20 см3 болаттың массасы неге?
Бақылау жұмысы
I нұсқа
- Ұшқыш 100 км, қашықтықты реактивті ұшақпен 2,4 минутта ұшып өтті.Ұшықтың орташа жылдамдығын тап.
- «Запорожец» автомашинасының бензин құтысының (бензобак) сыйымдылығы 30 л.Оған толтыра құйылған
бензиннің массасын есепте.Бензиннің тығыздығы 710 кг/м3
- Балғаны қалай саптайды?
II нұсқа
- Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жыдамдықпен жүріп өтті.Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.
- Атомды «Ленин» мұзжарғыш кемесі тәулігіне 200 г уран пайдаланады.Уранның тығыздығы 18,7 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?
- Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң біраз уақыт айналып тұрады?
Физикалық диктант
- Төменде келтірілген құбылыстардың қайсысына ауырлық , тартылу ,серпімділік күштері әсер етеді:
а) қабырғаға соғылған доп кейін қарай ұшады;
ә) жоғары лақтырылған тас қайта жерге түседі;
б) үстел бетінде кітап жатыр.
- 1 Ньютон күшті 0,5 см етіп алып,бір нүктеге бір бағытта әсер ететін 4 Н-ға және 8 Н-ға тең күштерді график түрінде кескінде.
- Массасы 1 кг дененің салмағы неге тең?
- 1-суретке қарап қайсысы денеге әсер ететін ауырлық күші,қайсысы дененің салмағы екенін анықта.Осы суреттердегі шардың салмағы неге тең?Аспада пайда болатын серпімділік күшінің бағытын анықта.
- Тең әсерлі күштердің модульдерін анықта (2-сурет). Масштаб:1 Н- 1см.
- Дене : а) ілгері; ә) кейін; б) оңға; в)солға қарай қозғалады.Дененің қозғалу бағытына қатысты үйкеліс күштерінің бағыттарын ата.
- Тарту күші мен үйкеліс күші бірін-бірі теңестірсе, дене қалай қозғалады?
- Салмағы 9,8 Н дененің массасы қандай?
- Дененің массасын қандай құралмен өлшейді?Дененің салмағын ше?Ауырлық күшін ше?
- Физикалық шамалардың (дененің массасы,ауырлық күші, салмағы) қайсысы Жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда өзгермейді?
Бақылау жұмысы
I нұсқа
- Автомобильдің тарту күші 3000 Н, ал қозғалысқа қарсы әсер күші 100 Н.Осы күштердің тең әсерлі күшін графикпен кескінде.
- Күй табаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді.Егер иненің ұшының ауданы 0,0003 см2 болса,оның күй табаққа түсіретін қысымы қандай?
- Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.
II нұсқа
- Салмағы 4000 Н жүкті көтергіш кран жоғары көтереді.Жүк салынған контейнердің салмағы 500 Н.Көтергіш кранның болат арқанына қандай күш әсер етеді?Осы күштерді графикпен кескінде.
- Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н.Әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ені 6 см.Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын тап.
- Көлемі 25 л бензиннің салмағын есепте.Бензиннің тығыздығы 700 кг/м3.
Сұйықтар мен газдардың қысымы
Өзіндік жұмыс
- Келесі құбылыстардың қайсылары Паскаль заңымен түсіндірілмейді:
а) сабын көпіршігінің пішіні шар тәріздес болады;
ә) пішіні әр түрлі болып келген ыдыстарға сұйық құйылған;
б) футбол добының камерасы ішіне ауа үрлегенде ,пішіні шар тәріздес болады.
- Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыстың пішініне, ыдыс түбінің ауданына,сұйықтың тығыздығына?
- Бірдей бес ыдыс бар.Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншісі сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған.Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді?
- Гидравликалық машина құрылысының сызбанұсқасын сыз.Осы машинаның іс-әрекетін Паскаль заңы негізінде түсіндір.Гидравликалық машина жұмыс істегенде күштен ұтатынымызды дәлелде.
- 1 м тереңдіктегі судың қысымын есепте.
- Ауданы 5 м2 болатын бактың түбіне керосиннің түсіретін қысымын есепте.Бактағы керосин массасы 500 кг.
Өздік жұмыс
I-нұсқа
- Газдың көлемін тұрақты етіп алып қыздырса, оның қысымы температура жоғарылағанда қалай өзгереді?Себебін түсіндір.
- Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма?Неге?
- Торричелли тәжірибесінің мазмұнын қысқаша жаз.Атмосфералық қысым 100 кПа дегенді қалай түсінесің?
II-нұсқа
- Тұрақты қысымдағы газдың көлемі температура жоғарылығанда қалай өзгереді?Газ поршеньді ыдыста тұр.
- Атмосфералық қысымды сұйық бағанының қысымын есептегендей жолмен анықтауға болмайды,неге?
- Поршеньді насостың құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндір.Осындай насос ауасыз кеңістікте жұмыс істей ала ма?
Өзіндік жұмыс
Эксперименттік тапсырма
I-нұсқа
- а) Металл шарды мензуркадағы суға батырып,шарға әсер ететін кері итеруші күшті тап.
ә) Шар ас тұзының
судағы ерітіндісіне
Қажетті құралдар мен заттар: ыдыс, жіп байланған болат шар, су, ас тұзы.
- Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына арналған кестелерді пайдаланып , алюминийден,темірден,еменнен жасалған көлемдері бірдей денелердің қайсыларының суда жүзе алатынын түсіндір.
Қажетті құралдар: А.В.Перышкинн,Н.А.Родина, 7-8 сыныптарға арналған физика оқулығы,42 бет
II-нұсқа
- Мына құралдардың жәрдемімен металл шардың көлемін анықта; ішіне су құйылған мензурка,динамометр,ілгегі бар шар.
- Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына арналған кестелерді пайдаланып, парафиннен,мыстан, қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей денелердің сыныпта қалай орналасатынын тағайында.Себебі неде?
Қажетті құралдар: А.В.Перышкинн,Н.А.Родина, 7-8 сыныптарға арналған физика оқулығы,42 бет
Өзіндік жұмыс
I-нұсқа
- 4-суретте кескінделген көлемдері бірдей денелердің қайсысына Архимед күші көбірек әсер етеді?
- Таразының бір жағына фарфор,екінші жағына темір кір тастары ілінген.Екеуінің массалары бірдей .Егер кір тастарын суға батырсақ тепе-теңдік бұзыла ма?
II-нұсқа
- Әр түрлі заттан жасалған көлемдері бірдей екі денеге әсер ететін Архимед күші де бірдей бола ма (5-сурет)?
- Бұрқақтың жұмыс істеу принципін түсіндір.
Бақылау жұмысы
I-нұсқа
- 6-суретте керосин құйылған цистерна көрсетілген.Керосиннің цистерна түбіне түсіретін қысымын есепте.
- Футбол добын үрлеу барысында қандай заң орындалады?
- Көлемі 4 м3 бетон суға толық батырылған.Оған су тарапынан әсер етуші Архимед күшін тап.
II-нұсқа
- Не себепті поршень жоғары көтерілгенде ,оған ілесе су да жоғары көтеріледі (7-сурет)?
- Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10 см2 , оған 200 Н күш әсер етеді.Ал үлкен поршень ауданы 200 см2.Үлкен поршеньге әсер ететін күштің шамасын есепте.
- Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады.Осы тереңдікте адамға әсер ететін судың қысымын есепте.Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.
ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҚУАТ.ЭНЕРГИЯ
Өзіндік жұмыс
I-нұсқа
- Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында дене механикалық жұмыс істейді:
а) трактор жер жыртып жүр;
ә) бала шанамен таудан сырғанап келеді;
б) адам қоржын көтеріп тұр;
в) оқушы мазмұндама жазып отыр;
- Денені үстел үстімен : а) 1 м қашықтыққа жылжытқанда; ә)1 м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты тап.Күш 5 Н.
- Трактордың жер жыртқандағы тарту күші 10000 Н, ал оның қозғалыс жылдамдығы -7 км/сағ. Трактор двигателі 8 сағатта қанша жұмыс істейді?
II-нұсқа
- Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында жұмыс істелінбейді,себебін түсіндір:
а) жүкті жұмысшы көлбеу жазықтықта ұстап тұр;
ә) Автомобиль жолмен қозғалып келеді;
б) Ғарыш кемесі инерциямен;
в) жүк жіпке ілулі тұр.
- «Дененің істеген жұмысы 1 Дж»- дегенді түсіндір.10 Н *м неше джоуль болады?
- Массасы 200 кг жүкті 30 м/мин жылдамдықпен 10 с жоғары көтеріп шығаруға болады.Осы кезде қанша жұмыс істелетіндігін есептеп шығар.
ФИЗИКАЛЫҚ ДИКТАНТ
- а) Жұмыстың; ә) қысымның; б) қуаттың өлшем бірліктерін жаз.
- а) Механикалық жұмысты; ә) қуатты; б) жүрілген жолды; в) жылдамдықты; г) тығыздықты; д) қысымды анықтайтын формулаларды жаз.
- Механикалық жұмыс істеуге қажетті жағдайларды атаңдар.
- Техникада қолданып жүрген жай механизмдердің түрлерін ата.Оларды сызбанұсқа арқылы кескіндеп, тіреу нүктелерін (0), күш иіндерін (l1,l2) көрсет.
- Рычаг тепе-теңдікте тұр,рычаг иіндеріне әсер ететін F1 және F2 күштері неге тең?
- Механизмнің пайдалы әсер коэффициенті дегеніміз не?ПӘК-тің 100% –тен артық болуы мүмкін бе?
- Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуына мысал келтір.