Физика пәні бойынша функционалдық сауаттылыққа байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 14:58, творческая работа

Краткое описание

Біздің бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін меңгеру, алған білімдерін қорыта білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновациялар меңгеру қабілеттеріне үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Физика пәні бойынша функционалдық сауаттылық.docx

— 20.91 Кб (Скачать документ)

Физика пәні бойынша функционалдық сауаттылыққа байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындау

Біздің бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін меңгеру, алған білімдерін қорыта білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновациялар меңгеру қабілеттеріне үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті. Президенттің сөзі бойынша «Қоғамда инновациялық, креативті мінез-құлық басым болу керек». Сол себепті жас ұлттың қызығушылығы мен талаптарын мүмкіндігінше қанағаттандыратын білім берудің озық жүйесін құру- Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұны болып табылады. Осыған байланысты, білім беру жүйесінің алғашқы міндеттерінің бірі болып ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде, ғылым мен тәжірибе жетістігі негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына жағдай жасау; жеке дара тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы ой-өрісті кеңейту; бала тұлғасын әлеуметтік өмірге бейімдеу, мектеп бітірушінің қоғам мен еңбек нарығының ауыспалы қажеттіліктеріне жылдам бейімделуіне себеп болатын функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Бүгінгі күнгі мектептерде білім беру тұлға мен тәжірибе бағытталып, тұлғаның өзін –өзі дамытуына, өзін- өзі жетілдіруіне мүмкіндігінше көңіл бөліп, мәселелі шығармашылық сипатта болуы керек. Алайда осы уақытта аталған инновациялық үрдістердің ингибиторы болып білім мазмұны мен оқушыларға білім беру ерекшеліктеріне байланысты мәселелер қалып отыр: - ғылым негіздерінің жеткіліксіз тәжірибелік бағыты, олардың шынайы өмірден алшақтығы ; - бағдарламалар мен оқулықтарда оқу материалдарының көп болуы, білім академиалығыны артықтығы; - жалпы білім беру мен зияткерлік дағдыларды қалыптастыруда жеткілікті көңіл бөлінбеу; - оқушылардың түрлі мазмұн мен формадағы (мәтіндер, суреттер, сызбалар, графиктер) ақпаратты ұғыну дағдыларын дамыту мен қалыптастыруға, оларды шынайы уақиғаға жақын түрлі жағдайларды шешу үшін бағалау мен қолдануға жеткіліксіз көңіл бөлінуі.

Аталған мәселелер шешімінің негізі болып білім беру үрдісіне құзіретті амал- тәсілдерді енгізу мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Білімнің дағдыға тәуелділігі, өмірдің түрлі саласында кездесетін шынайы және өзекті мәселелерді шешуге үшін білімнің бейімделуі - бұл негізгі мектеп бітірушінің оқу және оқудан тыс кездерде тиімді жұмыс жасай білуге мүмкіндік беретін белгілі білімділік деңгейі. Функционалдық сауаттылықты бір кезеңде анықтауға, бағалауға және қалыптастыруға тәжірибелік- бағытталған, бейімделген тапсырмалар мүмкіндік береді. Олар түрлі өмір саласы мен түрлі қызметтерде стандартты емес тапсырмаларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған. 2012жылдың 27 қаңтардағы мемлекет бағдарламасының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сәйкес, үкіметке «оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту» туралы тапсырма берілді. Аталған жоспарда оқу жетістігін бағалау жалпы орта білім деңгейі оқушылардың функционалдық сауаттылығының, атап айтқанда математикалық, жаратылыстану, оқу және жазу сауаттылығының қалыптасу деңгейлерінің анықтау бағыттары атап көрсетілген. Функционалдық сауаттылықты арттыру бағыттарды шешу үшін оқушылар бойында төмендегі құзіреттіліктерді қалыптастыру керек. Бұл құзіреттіліктер білім алушының әлеуметтік ролін жүзеге асыруында ықпалы зор.

Жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі сабақта нені оқыту керек? Педагогикалық қызмет – өз уақытының экономикалық, саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарына сәйкес өскелең ұрпақты өз бетінше қызмет етуге дайындауға саналы түрде бағыттаған ересек адамдардың қоғамдық-пайдалы қызметінің ерекшеліктерін үйрету керек. Сол үшін қазіргі сабақты бес проекцияда түрінде көрсеткен дұрыс болар еді:

  • 1-проекция. Қазіргі сабақта пәндік білімді нақтылаудан бас тартып, «табиғат-қоғам-адам» координаттарында әмбебап дүниетанымның іргетасын қалауға ұмтылу керек.
  • 2-проекция. Қазіргі сабақта жалаң білімді меңгеру жүйесінен бас тартып, білімдер рухын меңгеру жүйесін басшылыққа алу керек.
  • 3-проекция. Қазіргі сабақта білімді «шайнап» бермей, оқушыға білімді өз қажеттіліктерінің шегінде өзі алуға мүмкіндік беру керек.
  • 4-проекция. Қазіргі сабақта білім беру емес, тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыру керек, оқушыны университетке түсуге емес, өмірге дайындау керек.
  • 5-проекция. Қазіргі сабақта білімді жинақтауға емес, әлеуметтік даналыққа әкелу керек. Сондықтан әр тақырыпты меңгеруту сапасы төмендегі кесте бойынша қалыптастыру қажет

 


Информация о работе Физика пәні бойынша функционалдық сауаттылыққа байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындау