ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................................3

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері.........................12
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі.....................14

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы
(«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы .......................................................................................................................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39
2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

3. Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары

3.1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

Қорытынды...........................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80
Қосымша....................................................................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС-1.doc

— 618.00 Кб (Скачать документ)

Банктік есеп айырысудың (оның ішінде тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың) қазіргі заманғы нормативтік құқықтық базасының негізінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да нарықтық экономикаға тән есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері қалыптастырылған.

Банктік есеп айырысуды  ұйымдастыру принциптері мынадай көрініс табқан:

  1. банк клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының 
    тиісті сомасын тек клиенттің өкімі негізінде шығарады;
  2. банк клиенттері мен олардың контрагенттері қолма-қол 
    ақшасыз есеп айырысу нысандарын өз еріктерімен таңдай алады;
  3. банктік есеп айырысу-төлем жасау мерзімі тиісті шарт- 
    тар мен ресми құжаттарда нақтылы белгіленеді;
  4. банктік есеп айырысу-төлемдік операциялары тиісінше 
    келемде клиенттердін банктік шотына түсіп отыратын немесе 
    түскен ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі;
  5. барлық заңды түлғалар — ұйымдар мен кәсіпорындар өз 
    ақша қаражаттарын өздерінің ұйымдастыру-құқықтық нысан- 
    дарына қарамастан қалаған банктегі тиісті банктік шоттарда 
    сақтауға міндетті;
  6. банктің есеп айырысу (төлемдік) операциялары тек банк 
    клиенті кәсіпорыннан алынған ақшалай есеп айырысу құжат- 
    тарына сәйкес жүзеге асырылады;
  7. шаруашылық және өзге де экономикалық байланыстары 
    бар кәсіпорындар арасындағы ақшалай есеп айырысулар колма- 
    қол ақшасыз есеп айырысу жолымен тек банктер арқылы жүргізіледі.

Ақшалай есеп айырысуды  жүзеге асыру барысында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы өздерінің клиенттеріне өзара банктік шартқа сәйкес қатаң сипаттағы белгілі бір міндеттемелер жүктейді.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ –да өзге банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен олардың клиенттері арасындағы банктік қатынастар, онын ішінде есеп айырысу қатынастары, егер тиісті заңнамада өзгеше көзделмесе, тек банктік шарттар негізінде жүзеге асырады.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу қатынастарын реттеу кезінде шарт бойынша банктік есеп айырысуды уақтылы орындауға, есеп айырысу құжаттарының сақтанымдылығын қамтамасыз етуге, банктің өз клиентінен алған ақпарат кұпиясын сақтауына, есеп айырысуға орай клиентіне сапасыз қызмет көрсеткен банктің жауапкершілігіне қатысты құқықтық нормалар пайдаланылады.

Қолма-кол ақшасыз  банктік есеп айырысу нарықтық қатынастар аясының барлық субъектілері  арасындағы есеп айырысуларды қамтиды.

Қолма-қол акшасыз  банктік есеп айырысу барысында  туындайтын банк аралық есеп айырысулар әрбір банктің балансында ашылатын корреспонденттік шот арқылы жүргізіледі.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-ы да Қазақстан Республикасынын аумағындағы банктік есеп айырысулар кезінде төлемдік тапсырманы табыс ету, чектер беру, төлемдік талап-тапсырманы табыс ету, инкассалық өкімді табыс ету, вексель беру тәсілдері қолданылады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу құжаттарында мынадай реквизиттері көрсетіледі:

1)есеп айырысу  құжатының атауы;

2)есеп айырысу құжатының нөмірі;

3)төлемнің түрі;

4)банк клиенті  телеушінің атауы, оның банктік  шотының 
нөмірі, салық төлеуші ретінде тіркеу нөмірі;

5)банк клиенті  төлеушінің атауы және орналасқан жері, оның банктік біріздендіру коды (ББК-БИК), корреспонденттік шоттың немесе субшоттың нөмірі;

6)төлеуші аударған  қаражатты алушының банкі орналасқан  жер және банктің атауы, алушының  ББК-ы, корреспонденттік шоттын (субшоттың) нөмірі;

7)төлемнің бағдары-бағыты;

8)төлемнің сомасы  және кезектілігі;

9)операциялардың  түрі, уәкілетті тұлғалар қойған қолтаң- 
балар және мөрдің таңбасы болуға тиіс.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының құрылымы субъектілері, объектісі және мәні сияқты үш негізгі элементтен тұрады.

Банктік есеп айырысу  құқықтық қатынастарының субъектілеріне қаражаттарды аударушы (төлеуші) және өнімін өткізген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен немесе өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырған алушы; төлеушіге (өз клиентіне) және алушыға қызмет көрсеткен банк; Қазақстан Ұлттык Банкінің есеп айырысу желісі; басқа коммерциялық банктер, клиринг жүргізу орталықтары жатады.

Аталмыш құқықтық катыснастардың объектісі банк клиентінің есеп айырысуға қатысты ақша қаражаттары болып табылады.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-ы банктік есеп айырысу байланысындағы банк клиенті төлеуші (каражаттарды аударушы) мен оның контрагенті қаражаттарды алушы:  

  1. есеп айырысу нысанын еркін тандауға;
  2. банкпен жасасылатын шартта есеп айырысу нысанын нақтылы бекітуге;
  3. банк арқылы өзара талаптарын есепке жатқызуға;
  4. банктерге тиісті көлемдегі ақша қаражаттарын аудару 
    жөнінде орындалуы міндетті өкім етуге;
  5. банктің есеп айырысуға байланысты заңнамада немесе 
    шартта көзделген тәртіпті бұзғаны үшін оған талап қоюға не 
    болмаса сотқа жүгінуге құқылы.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу барысында банк клиенті:

  1. өзінің ақша қаражатын заңнамада немесе шартта айқын- 
    далған мән-жайлар мен тәртіп негізінде банктегі тиісті банктік 
    шотта сақтауға;
  2. есеп айырысуға байланысты өзі мен банктің арасында 
    туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық 
    актілердің талаптарын орындауға;
  3. өзі мүдделі есеп айырысу операцияларын жүзеге асырушы банкке сый ақы төлеуге міндетті.

Есеп айырысу  операциясын жүзеге асыру кезінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы:

  1. өз клиентіне есеп айырысудың барынша пайдалы нысанын ұсынуға;
  2. заңнамада тікелей көзделген негіздерге орай шотындағы 
    қаражатынын тиісті сомасын шығарып тастауға;
  3. өз клиентіне қосымша қызметтер көрсетуге;
  4. корреспонденттік шоттарды пайдалану арқылы банк аралық есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға құқылы.

Сонымен қатар  банктік есеп айырысу кезінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы :

  1. клиенттерінің  банктік шоттарын жүргізуге;
  2. есеп айырысу қатынастарын регламенттейтін нормативтік 
    құқықтық актілердің талаптарын орындауға;
  3. шаруашылық байланысындағы клиенттерінің шарттық 
    сипаттағы қатынастарына араласпауға;
  4. есеп айырысуға байланысты банктік операцияларды тек 
    клиентінің өкімі негізінде орындауға;
  5. клиентінің ақша қаражатын оның банктік шотында сақтауға;
  6. тиісті есеп айырысу операцияларын уақтылы және дұрыс 
    жүргізуге;
  7. есеп айырысу құжаттарын заңнамада белгіленген талаптарға сай дұрыс ресімдеуге;
  8. өз клиентіне ашылған банктік шотқа келіп түсіп жатқан 
    ақша қаражаттарын уақтылы және дұрыс есептеуге міндетті.

Рпнпщшгоршщолщз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы

 

Нарыққа көшу жағдайында экономикалық механизмді жетілдіру, ақша айналымы жүйесінің қызмет етуіне, жеке тұлғаларына кассалық-есеп айырысу қызметін ұйымдастырылуына анағұрлым жоғары талаптар қояды. Төлем айналымының өсуі және шарттасылған шығын айналымының өсуі еңбек шарттарын қысқарту мен бір мезгілде шығын айналымдарының төмендеуіндегі қаражат қорының айналымын жеделдету мен тез өсіп келе жатқан төлем қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, ақша айналымының негізінде жаңа механизм құру қажеттілігін көрсетеді. Осы мәселе қолда бар ақша формаларын жаппай қолдану кезінде шешілуі мүмкін емес, өйткені табиғатынан олардың өзгермелі шегі бар, қаржылық есеп айырысудың жоғары еңбек сыйымдылығын ескертеді, есеп айырысу тізбегінің үздіксіздігін қамтамасыз етпейді және өз қозғалысын бақылауды қиындатады. Оны шешудің негізгі жолы қолма-қолсыз ақшаны айырбастау тәжірибесінде кен колданылатын нарықтық экономикалы индустриалды дамыған елдердін озық тәжірибесі негізінде «қағазсыз» технологияны пайдалану және оларды автоматтық өңдеу үшін арнайы техникалық құрылғыларды құру. (Кесте __)

Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы 2009 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2008 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 49,3%- ке өсіп,  253,1 млрд.теңге болды. Шығыстар сомасы 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 48,1%- ке өсіп, 208,9 млрд.теңге болды.

Қазіргі уақытта  құрылымды реформа қаржылық сектордың  барлық сегменттерінде орындалған. Қазақстанның банк жүйесі негізгі банк жұмыстарының халықарарлық стандарттарына негізделген. Елде инфрақұрылымы дамыған қаржы нарықтары қызмет көрсетеді. (Кесте __)

Оның ішінде экономиканың үш сценардық варианттар қарастырылды (мұнайға жоғары, төмен, орта бағалар жағдайларда), негізгі вариант ретінде мұнайға орта бағалар жағдайы алынды.

Осындай негізгі  вариант жағдайында қолма-қолсыз есеп айырысу саясаттың негізгі мақсаты инфляцияны елдің 2007-2009 жылдардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспар бойынша бекітілген шектерінің арасында ұстау болы табылады (2007 жылы – 4,9-6,5%, 2008 жылы – 4,8-6,2%, 2009 жылы – 4,1-5,5% арасында).

Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық Банк қолма-қолсыз есеп айырысу нарыққа әсер ету шараларын күшейтеді, қажет жағдайларда оны мейілінше қатал ұстайды. Ақша-несиелік саясатты қаталдату Ұлттық Банктің мөлшерінің нарық мөлшеріне әсердің бағытын өзгеруді қарастырады.

Пластикалық кәртішке-пайдалану  түріне, кәртішкелер арқылы көрсеті-летін  қызметтің жиынтығына, сонымен қатар  өзінің техникалық мүмкіндіктеріне  және оларды шығаратын ұйымдарға  байланысты кәртішкелердің барлық түрін  білдіретін жалпылама ұғым. Барлық кәртішкелердің маңызды ерекшелігі-оларда түрлі қолданбалы бағдарла-маларда колданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығы сақталады. Көрсеткіш- ғимаратқа кіру рұқсат қағазы, компьютерге ену құралы, телефондық сөйлесулерді төлеу құралы, жүргізуші куәлігі болуы мүмкін. Есеп айырысуға арналған барлық пластикалық кәртішкелер жеке және корпорациялық болуы мүмкін. Банктер жеке кәртішкелерді жеке тұлғаларға: өздерінің төлеуге қабілетігі клиенттеріне, сонымен қатар сол банкте ағымдағы есеп-шот ашқан және соңғылардың «несиелік тарихын» сараплтаудан кейін, не сақтандыру депозитін енгізген басқа да тұлғаларға береді. Корпорациялық кәртішкелер өздері кепіл болатын және қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға, сонымен бірге заңды тұлғаның төлеу қабілеттігін сараптағаннан кейін беріледі. Корпорациялық кәртішкелерді кәртішке алған ұйымдардың қызметкерлері қолдана алады. Қазіргі уақытта дүниежүзінің 200-ден астам елі несие кәртішкесі негізінде банктің қызмет көрсетулерді дамытуда, ал тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз ақшамен төлеу- көптеген елдерде барлық ақша операцияларының құрылымында 90 пайызға жетті.

Карточканың кез-келген иесіне оның несиелік есеп шотына байланысты несиелік лимит тағайындалады. Ол банк клиентінің кәдімгі ағымдағы немесе жинақтаушы және тағы басқа да есеп шотынан тәуелсіз болып келеді. Бұл карточкалар үшін есепшот банктің арнайы бөлімшелерінде жүргізіледі. Онда есептесу несие карточкаларын пайдаланып ұйымдастырылады. Карточканы он сегізге толған кез-келген азамат пайдалана алады. Және одан оның атына банктен ағымдағы есепшоттың ашылуын талап етпейді. Сондықтан да несие карточкасын ағымдағы есеп шоты мен банкте жинақ ақшасы бар адамдар да қолдана алады.Банк немесе компания несие карточкасын берместен бұрын клиенттің арнайы форманы толтыруын ұсынады. Ол клиенттің өзі туралы, оның қаржылық жағдайы мен бұрынғы несие операциясы туралы сұрақтарды қамтиды. Одан кейін осы деректерге сүйене отырып, банк клиенттің есепшотындағы қаржы, болашақта түсетін қаржы мен есепшоттан алынған қаржыға байланысты сальдо бекітеді. Егер клиенттің қаржылық жағдайы дұрыс болса, онда оған несие карточкасын беріп, несие лимитін анықтайды.

Әйгінің көлеміндей ғана несие карточкасында клиенттің  несие төлей алатындығы, аты-жөні, оның банктегі есепшотының нөмірі, осы сынды карточкалар пайдаланылатын электронды төлеу жүйесінің символдары, голограмма, қолдану мерзімі туралы деректер болады және де артқы жағында - магнитті жолақта клиенттің қолы тұрады. Несие карточкалармен тауар сатып алуға, қызмет ақысын төлеуге, жүйенің мүшесі болып саналатын, аталған карточка қызметі жүретін кез-келген банктен өз қажетіне жарататын несие немесе аванс ала алады. Көптеген карточкаларды банкомат арқылы елімізде немесе шетелдерде несие  карточкаларын қолданатын аталған жүйенің құрамындағы кез-келген банктен қолма-қолсыз ақшамен ақша алу үшін қолдануға болады.

Карточканың жағымсыз жақтарын қарастыра келіп, екі пробламаны айта кеткен жөн: біріншіден, құжат  айналымының қағаз көлемі азаймайды. Екіншіден, карточканы әкілетсіз қолдану  деңгейі тым жоғары және де алаяқтық пен қолдан жасауы да мүмкін. Соңғы жылдары орындалған операциялардың өсуі мен іс-қағаздар көлемі көбеюіне байланысты әкімшілік шығын мен қызмет көрсететін адамдар саны көбейді. Бұл проблемаларды шешу мақсатында сауда болған жерде электронды операциялар жүргізуді шешіп отыр.Алаяқтық проблемасы - екінші үлкен қиындық. Шетелдерде жоғалған карточканы басқа біреу қолданбауы үшін осы сынды карточкалардың тізілімі жасалуда. Карточкасының жоғалғанын байқаған адам бірден банкті хабардар етуі тиіс. Банк сол заматта бұл ақпаратты карточканы қабылдайтын барлық өндірістерге хабарлайды. (Осы тұста Қазақстанда банк пен клиентің қарым-қатынасын реттейтін заңның жоқтығын атап өту керек. Ал шетел банк тәжірибесінде клиент карточкасын жоғалтып алғаннан кейін жауапкершілікті мойнына алудан бас тартқан оқиғалар кездескен).

Информация о работе ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны