ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................................3

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері.........................12
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі.....................14

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы
(«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы .......................................................................................................................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39
2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

3. Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары

3.1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

Қорытынды...........................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80
Қосымша....................................................................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС-1.doc

— 618.00 Кб (Скачать документ)

Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері ұйымдастырылатындықтан да, олардың  кең көлемде қолданылуына банктердiң  торабының ықпалы, сондай-ақ, олардың дaмуынa деген мемлекеттiң мүддесiнiң ықпалы болады. Өйткенi, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар мен төлемдердің іске асатын орны. Банктегi ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегi ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейдi.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай  қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың  шоттарына байланысты жазбаша түрде  жасалатын ақшалай есеп айырысуларды бiлдiредi.

Шаруашылықтағы  қолма-қолсыз есеп айырысулар белгiлi бiр жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар жүйесi - бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдaстырy қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжaт айналымына байланысты есеп айырысу әдiстерi мен формаларының жиынтығы.

Қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысуды ұйымдaстыpy мынадай  талаптарға сәйкес келуi тиіс.

Бiрiншiден, өнiмдi сатудың үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн бiрқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екiншiден, белгiленген мерзiмде төлемдi жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;

Үшiншiден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиiстiгi.

Бiздiң елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесiн  ұйымдастыру негiзi КСРО тұсындa 1930-32 жылдары несиелiк реформа барысында жасалған болатын. Содан берi, яғни 1993 жылдарға дейiн елiмiздегi қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизмiне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршiл әдiстерiне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегi жұмыc жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесi, бiрiншi кезекте, өндiрiске және өнiмдi жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесiне қызмет еткен. Ол жүйедегi қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қaтaң қағидаларының сақталуы кәсiпорынның өзiнің алдындағы келісімшарттың орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен міндеттемелерінің жауапкершілігінің жоқтығы біршама дәрежеде орнын  толтыруға мүмкiндiк бередi. Бұл қағидалар әcipece мыналарға қaтaң қарайды:[6.479б.]

    • mөлеу орны - банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
    • төлеу yaқыты - өнiмдi тиеген соң немесе қызметтi көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қaтaң тыйым салынды;
    • төлеушiнiң келiсiмi (акцепт) – төлеудiң негiзiне жатады;
    • төлеу көзi - сатып алушының меншiктi қаражаты немесе банктiк несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
    • қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын-ала анықталады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бiрдей банк iшiндегi айналымда жүретiн төлем құжaттapы негiзiнде жүзеге асырылады.

Бiрақ, аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабiлетiн және несиелiк қабiлетiне қойылатын талаптарды ескермедi, соның нәтижесiнде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегiнiң бұзылуы кepi әсер етедi.

Кейiннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтyi барысында қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдiстерi, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді.

Қазiргi қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:

Бipiншi қағидасы - барлық шаруашылық субъектiлердiң ақшалай қаражаттары банк мекемелерiндегi шоттарда сақталып қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негiзiнде жүзеге асырылуын көздейдi.

Мұндa, клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшiн шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегi бiрiншi қағидадан айырмашылығын, барлық кәсiпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргiзiлуге мiндеттiлiгiнен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегi шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкiмшiл-әмiршiл әдiстер арқылы басқаруға ұқcac болып келедi.

Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектiлердiң экономикалық дербестiгiн және олардың өздерiнiң ic-әрекеттерi үшiн материалдық жауапкершiлiгiн eскepyi тиіс.

Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды бiрiншi қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендiгiн ескерсек, өткен жүйедегi қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегi алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғaнa қатысты болғандықтан айта кету керек.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшiншi қағuдасы – Hapық субъектiлерiнің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын талдаудағы epкiн және оларды банктiң араласуынсыз шаруашылық келiсiмшарттарында бекiтудi көздейдi.

Бұл қағида меншiк формаларына байланыссыз кез-келген нарық субъектiлерiнiң келісімшарттың және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижесі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестiгiн сипаттайды. Бұл жерде банктiң рөлi тек қaнa төлемдердi жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.

Сонымен қaтap, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдас-тырудың мынадай eкi қағидасы қолданылады:[7.57 б.]

    • mөлемнiң мерзiмдiлiгi;
    • mөлемнiң қамmамасыз еmiлуi.

Төлемнің- мерзiмділік қағuдасы - шаруащылық несuелік сақmандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасының  қаржы мuнuсmрлiгiнің нұсқауларында көрсеmiлген мерзiмдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.

Бұл қағиданы бекiтудiң  экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғaнa емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.

Төлеу мерзiмдiлiгiнiң  қағидасын енгiзудiң тәжiрибелiк  маңызы бар десе болады. Кәсiпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектiлерi төлемдердiң мерзiмдiлiгiнiң дәрежелерi туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген кажеттiлікті турa анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.

Мерзiмдi төлем  мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

сауда-саттық операцияларының  басталуына дейiн, яғни жабдықтаушының тауарын жiбергенге немесе қызметiн  көрсеткенге дейiн, яғни аванстық төлем  түрінде;

сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейiн, яғни төлеушінің төлем  тапсырмасы арқылы;

сауда-саттық операциясын аяқталғаннан кейiн, бiршама уақыттан кейiн қарыздың мiндеттемесiз немесе вексельдi пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

Ic жүзiнде мерзiмiнен бұрын,  мерзiмi кешiктiрiлген және мерзімі  өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.

Мерзiмiнен бұрынғы mөлемдер - бұл келiсiлген мерзiмiнен бұрынғы ақшалай мiндеттеменің орындалуын бiлдiредi.

Мерзiмi кешiкmipiлген mөлемдер - бұл көзделген уақытта қарыздық мiндеттемесiн орындай алмауына байланысты бастапқы мерзiмнiң уақыттың ұзарту, яғни жаңа мерзiмдi белгiлеудi бiлдiредi.

Мерзiмi өmкен mөлемдер –  бұл төлеушiде төлейтiн қаржы болмауына  байланысты туындайды, сөйтiп төлем  мерзiмi жеткен кезде төлеушiнiң банктiк  немесе коммерциялық несие алу мүмкiндiгiнiң  жоқтығын сипаттайды.

Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзiмдiлiк қағидамен тығыз байланысты. Себебi, төлемнiң қамтамасыз етiлуi төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтiмдiлiк қаражаттардың кепiлдеме ретiнде болуын бiлдiредi. Өтiмдiлiк қаражаттарынының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнiң қамтамасыз етiлуi бiр-бiрiнен өзара ажыратылады.  Төлемнiң жедел түрде қамтамасыз етiлуi, төлеушiде бiрiншi класстың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестiгiн сипаттайды. Бұл жерде банктiң рөлi тек қaнa төлемдердi жүзеге асыруда делдал ретінде көpінеді.[8.]

Бұл қағиданы бекiтудiң экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін  қаражатты қалаған уақытта ғaнa емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін  түсіндіреді. Кәсiпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектiлерi төлемдердiң мерзiмдiлiгiнiң дәрежелерi туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттiлiктi тура анықтайды және өз баланстарының өтiмдiлiгiн басқара, өтiмдi қаражаттар сомасының болуын түсiндiредi. Бiрiншi класты өтiмдiлiк қаражаттарға ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi және қысқа мерзiмдi сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.

Төлемдердiң жедел түрде қамтамасыз етiлуiнiң біp түрлi формалары болады (оның iшiнде клиенттiң немесе банктiң есебiнен қосқан қаражаттар түpiндe ).

Төлемдердiң алдағы уақыттарда қамтамасыз етiлуi төлемдi кепiлдендiредi, шаруашылықтағы төлем тәртiбiн, cонымен қатар, есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабiлетi мен несиелiк қабiлеттiгiн нығайта түседi.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған  қағидалар бiр-бiрiмен өзара тығыз  байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың  бiреуiнiң бұзылуы басқаларының бұзылуына жол бередi.

Демек, қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысу қағидалары – бұл  қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструтивтік қасиетін немесе қолма-қолсыз есеп айырысуда  ақшалардың төлем құралы ретінде  қызмет етуін білдіреді.[9.627 б.]

 

 

 

1.2 Қолма-қолсыз  есеп айырысудың  түрлері

 

Hgyghijjkl;,lp

Банктердiң қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларың түрлеріне : инкассо, аудару және акредитив болып  табылады.

а) Инкассалық есеп айырысу.

Инкассо - әр түрлi құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердiң ақша түcipy операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.

1996 жылдан Халықаралық   сауда палатасы шығарған инкассо   бойынша Үйлестірілген бiріңғай  Ерже қолданылады. Онда инкассоның мәні және  түрлері анықталған; вексельдерді, чектерді, инкассолық тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.[10.432 б.]

Инкассалық операцияның  екі түрі бар .

Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші  жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуды қолданылады.

Құжатты инкассо  – үшінші жаққа клиенттен алған  құжатты (негізінен тауарды реттеуші ) көрсету және оны тек төлемді  қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде  банктің жүргізетін операциясы.

Аудару операцияларында  клиент банкіне өз шотынан белгілі  бір соманы көрсетілген жаққа  аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммиссиялық ақы алады.

в) Аккредитивтік  есеп айырысу.

Аккредитив (латын сөзi- "ceнeмiн") - бiр банктiң екiншi банкке аккредитивте көрсетiлген шарттарды орындағанда белгiлi бiр соманы жеке немесе занды тұлғаға төлеу жөнiнде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтердің  келесі түрлері бар:

  1. орны толтырылған аккредитивтер банк эмитент төлеушінің өз құралдарын немесе оған берілетін несиені банк жеткізушіге аударады;
  2. орны толтырылмаған аккредитивтер- екі банк бір-біріне корреспонденттік шот ашқан кезде қолданылады. Осы кезде аккредитив атқарушы банкте осы банкке банк эмитенттің шотынан аккредитив сомасын  есептеген шығару құқығын беру жолымен ашылады.
  3. кері шақырып алу аккретитив-банк эмитентінің шақырып алуға  құқығы бар аккредитиві;
  4. жауапсыз аккредитив-келісімнің барлық шарттарын орындағанмен банк-әлимент қайтарып алу құқұғына не бола алмайтын аккредитив.

 Есептеу  қарым қатынастарында құжатталған аккредитив деген түсінігі де бар.

Құжатталған аккредитив – сатып алушының нұсқауы бойынша  банк құжаттар көрсетілген бойда  сатушыға белгілі бір соманы төлеуге  міндеттелетін коммерцилық аккредиттің пішімі.

 Осындай  есептеу пішімдерінің артықшылығы  құралдарды алушы (тауар беруші) өз ақшасын тауар жіберілген  күні де алатынынасенім білдіреді.

Аккредитивтiң  негiзгi түрлерi: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда белгiленген мерзiм iшiнде аккредитивте көрсетiлген соманы түгел немесе бөлiп-бөлiп оны иемденушiге төлеу жөнiнде корреспондент банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – көлемі, ол бойынша эмитент-банк клиенттiң нұсқауымен және оның өтiнiшi бойынша үшiншi жаққа төлемдi жүргiзу немесе оның үкімі бойынша төлеуi немесе ол берген аударым вексельдi акцептеуi, құжаттарды есептеуi немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетiлген операциялардың кез-келгенiн жүргiзу өкiлдiгiн басқа банкке (орындайтын) беруiне болады.[11.236,]

Электронды  техниканық жетiстiктерiнің, банк операцияларын  автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесiнде ХХ ғасырдың 70-жылдарының екiншi жартысында электрондық төлем жүйесiн колдануға мүмкiндiк туды. Электронды  төлем жүйесi - ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жiберу арқылы ақша сомасын аудару, банктiк шоттардың жағдайын бақылау, несиелiк және есеп айырысу операцияларын жүргiзу үшiн қолданылады.

Информация о работе ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны